Ќазаќ фольклорында “шыбынныњ басына баќ ќонса,сам±рыќ ќ±с сєлемге келер”деген мєтел бар



бет37/53
Дата04.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#108976
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Байланысты:
Мәдениеттану

Ойына келген асын жейтұғын


Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң тойынды,

Ойыл көздің жасы еді.

Ойында кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің.

Елбең – елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

Екі семіз қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген

Еділ деген қиянға

Еңкейіп келген тар жерге,

Мұнда кеңес қылмадың…


Асан атына байланысты кең тараған сөздің бірі – кейін Бұқар шешті дейтін қысқа толғау. Мұнда Асанның өз тобының мүддесін көздегенін көреміз.

Қазтуған жырау (XV ғасыр)

Қазақ әдебиеті төлбасыларының бірі - Қазтуған жырау Сүйінұлы шамамен 15 ғасырдың 20–30 жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туады. Көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры болады. Дешті– Қыпшақта 15 ғасырдың ұзына бойына созылған бұлғақ кезінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз.


Қазтуған – ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы, әрі нәзік лирик ақын болған. Қазтуған өз артына өмір туралы, ата мекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан мазмұнды туындылардан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталған. Қазтуғанның біздің дәурімізге жеткен жырлары табиғат арасындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жырау қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі қазақ поэзиясының биік өресін,өзіндік сыпатын танытады. Қазтуғанның ұлттық баяуы қанық, афоризмдерге, көркем тіркестерге бай, өр рухты толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Қазтуған Сүйінішұлының тек қана ақындығын ғана біз айтпай–ақ, ол өз заманының әрі батыры, әрі күйші, әрі биі, әрі шешені болған. Сегіз қырлы, бір сырлы. Мұның бәрі өзі туралы бір толғам жырдан айқын көрініп тұр:

Бұдырайған екі шекелі,



Мұздай үлкен көбелі,

Қары ұнымы сұлтандай жүрісті,

Адырнасы шайы оққа кірісті,

Айдаса қойдың көсемі,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені,

Ұстаса қашағанның ұзын құйрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы,

Билер отты би соңы,

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің

Арасын бұзып өтіп дінді ашқан –

Сүйінішұлы Қазтуған !!!”.

Бұл нағыз керемет терең ойлы да, “таза далалық поэзия!” – дейді жазушы, әрі зерттеуші Мұхтар Мағауин. Иә, бұл жолдар тек қазақ тілінде ғана сұлу, қазақ оқушысына ғана түсінікті. Мұздай ызғарлы ауыр сауыт киген батыр көтермелеу үшін өзін номадтың түсінігіндегі ең әлуетті, ең құрметті деген заттарға балайды.

Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ орданы сүйеп тұрған әшекейлі сырық, жас бураның тал қайзар өткір азуы, қыранның жембасар тырнағы,-алтын да, күміс те, алмас та емес, бірақ алтыннан да, алмастан да салмақты, іріктеліп, екшеліп алынған образдар. Осы жылдардан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы көрінеді. Сонымен бірге жыраудың эпосшы болғандығы да аңғарылады. Қазтуған – Қазақ эпосын жасаушылардың бірі.

Бұлт болған айды ашқан,



Мұнар болған күнді ашқан”,-

деп шалқыған Қазтуғанның білегінің күші қаншалық болғанын біз білеміз, ал ақындығына келсек, оның мұндай сөздерді айтуға толық хақысы болғандығы көрінеді. Шығармалары сақталмай, біздің заманымызға аттары ғана жеткен, өздері аңыз кейіпкеріне айналған ұлы жырау Кекі–Бұға, Жұма- Құл, Сыпыралардың поэзиясы жайында ештеңе айта алмаймыз. Бізге шығармаларымен жеткен бірінші ақын – осы Қазтуған. Қазтуғанға дейінгі жыраулық поэзия қандай дәрежеде еді, оның туу, қалыптасу, даму кезеңдері қандай болды – бұл жөнінде, өкінішке қарай, белгілі бір пікір айту мүмкін емес. Алайда тақырға шөп шықпайтыны сияқты суреткер де өз бетімен, өзінен өзі туа салмайды.

Қазтуған нәр алған әдебиет - әрине, көшпенділердің көне поэзиясы, Кекі–Бұға, Сыпыра жыраулардың жалғаулары.

Қазтуғанның нақыл тақпақ, жыраулық ой тұрғысынан келетін:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет