Ежелгі Египет - әлемдік өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен ежелгі мәдениеттердің бірі. Б.з. дейінгі 3000 жылы перғауын патшалар басқаратын ерте құл иеленуші, орталықтандырылған озбыр формадағы мемлекет пайда болды. Египеттің жоғарғы билігін құрған негізгі принциптер оның мызғымастығы мен ақылға сыйымсыздығы болды.
Ежелгі египеттіктер мәдениетінің маңызды қасиеті мәңгілікке ұмтылу болды, оның белгісі «өлген адамға табыну» сенімінің болуы, оған сәйкес өлім өмірдің аяқталғандығын білдірмейді және мәңгілік өмірлік күш – «ка» ұзарады, және де тек жерлеу жорасын толық сақтаған жағдайда. Өлген адамның денесін сақтау қамы мумиялар жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың денелері бальзамдалып, пирамидаларға салынды. Пирамидалардың ішіндегі ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға көтеріліп бара жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі және өлшемі бойынша едәуірі – Хеопс пирамидасы.
Діни табынуда перғауынды құдай деп тану басты орын алды. Ол күн құдайы Ра тәрізді болды. Осирис - өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы. Исида – Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы. Маат – шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды. Аменхотеп ІV перғауын (Эхнатон) (б.з. дейінгі 1419-1400 ж.ж.) Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды.
Египет мәдениетінің маңызды құрама бөлігі иероглифтер – суретті символдық хат болды, онымен храмдар мен сарайлар алдындағы жоғары ескерткіш тастарды жазды, олар кейіннен буын жүйеліге айналды.
Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің жауһарыТутанхамон перғауынның әйелімен бақшадағы барельефі, Аменхотеп ІV әйелі – Нефертитидің скульптуралық портреті, Аменхотеп ІІІ мүсіні болды. Ежелгі Египеттің бейнелеу өнеріне фигураларды жазық бейнелеу, статикалық, канондық шарттылық тән. Ерлердің денесі қызыл түспен, әйелдердің түсі қызғылт түспен, ал шаштары қара түспен, киімдері ақ түспен бейнеленген. Өнер мелшиіп тұру сипатында болады.
Египеттің көркем әдебиетінің ең ерте ескерткіштері б.з. дейінгі ІІ мыңжылдыққа жатады. Бұл – патшалар мен даналардың ұлдарына ақыл айтуы, ғажайыптар, сиқыршылар туралы көптеген ертегілер, повестер. Ежелгі Египет әдебиетінің ұзын сонар, дерексіз шығармаларының бірі – «Көңілі қалған адамның өз жанымен әңгімесі» («Беседа разочарованного со своей душой»).
Ежелгі Египет өркениеті б.з. дейінгі XVI-XV ғ.ғ. Жаңа патшалық кезеңінде өркендеудің жоғары дәрежесіне жетті.
Б.з. дейінгі IV-III мыңжылдықта Қос өзен территориясы – Тигр және Ефрат өзендерінің аңғарында Египтеттегі мәдениеттегідей жоғары мәдениет пайда болып, орнықты. Алайда мыңжылдықтар бойы бір ғана мемлекет – Ежелгі Египет қана болған Ніл аңғарынан ерекшелігі Қос өзенде (Месопотамияда) бір-бірін әр түрлі мемлекеттер ауыстырып отырды, оның ішінде Шумер, Аккад, Вавилония, Ассирия, Иран. Қос өзен тарихы мен мәдениеті Египеттегіге қарағанда динамикалы болды.
Қос өзеннің ежелгі мәдениеті – шумер-аккадтық. Шумерлер вавилон мәдениетінің рубасылары болды. Олар тарихта бірінші рет «Алтын ғасыр туралы» поэма шығарды, бірінші элегиялар жазды, бірінші кітапханалық каталог құрастырды, олар бірінші медициналық кітаптардың авторлары болды, егіншінің бірінші күнтізбесін жазды және т.б.
Бұл халыққа дүниедегі алғашқы жазу – шумер сына жазуы жатады, бұл белгілері сына тәрізді сызықшалар топтарынан тұратын белгілер жазуы, олар ылғалды сазға басылып жазылды.
Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық ортасында Хаммурапи патша кезінде (б.з. дейінгі 1792-1750 ж.ж. ережелері) Вавилон қаласы өз маңында Шумер мен Аккадтың барлық облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік тас бағанаға сына жазумен жазылған белгілі заңдар жиынтығы пайда болды. Бұл заңдарда Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымы бейнеленді, олардың мүдделері нақты шындыққа көңіл аударып, маңындағы тайпалармен үнемі күресу қажеттігімен анықталды.
Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының сенімінде су мен аспан шырақтарына табыну үлкен роль атқарды, ол астрономия мен математиканың тез дамуына әкелді. Осылай алты ондық жүйесі құрылды, ол қазіргі уақытқа дейін уақыт есептеуі – минутада, секундта бар. Вавилон астрономдары Күннің, Айдың айналуын және күн тұтылуының қайталануын бірінші болып есептеп шығарды. Вавилон ғалымдарының барлық ғылыми білімдері магиямен және балгерлікпен байланысты болды.
Вавилон абыздарының іліміне сәйкес адамдар Құдайларға қызмет ету үшін саздан жасалған. Құдайлар көп болған, ең бастылары мыналар: Шамаш – Күн құдайы, Син – Ай құдайы, Әйел құдай Иштар – махаббат құдайы, Нергал – өлім құдайы, Ирра – соғыс құдайы. Құдайлар патшаның қорғаушысы ретінде бейнеленеді, ол күшті патша билігіне бас иеді.
Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының діни сенімдері олардың монументтік өнерінде бейнеленді. Қалаларда құдайларға арналған храмдар салынып, олардың жанында зиккурат – террасалармен қоршалған жоғары мұнара тұрғызылды, олар көлемі жағынан кертпеш кертпешпен азаяды, зиккураттың жоғарғы ярусы алтын күмбезмен аяқталады. Вавилон сәулетшілері Ежелгі Рим, одан кейін Орта ғасырлық Европаның құрылыс өнерінің негізі болып табылатын сәулет формаларын жасаушылар болды.
Вавилон мәдениетін, діні мен өнерін ассириялықтар пайдаланып, дамытты. Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың (б.з. дейінгі VII ғ.) Ниневиядағы сарайының қирандыларынан ғалымдар үлкен кітапхана тапты, ол он мыңнан астам сына жазбалы мәтіндерден тұрады. Шумер әдебиетінің маңызды ескерткіші – Гильгамеш туралы аңыздар циклі.
VI ғасырда Вавилон мен Ассирияның орнына Иран империясы келді. Иран өнері зиялы және байсалды болды, онда ассириялықтардың өнеріне тән мейірімсіздік болған жоқ. Бірақ мәдениет сабақтастығы сақталады. Бейнелеу өнерінің маңызды элементі жануарларды – қанатты өгіздерді, арыстандарды, грифондарды бейнелеу болып қала берді.
Б.з. IV ғасырда Иранды Египет сияқты Александр Македонский жаулап алды және эллинистік мәдениет әсерінің сферасына кірді.
Б.з. ІІІ ғасырында әулет билеушісі Сасанидтер болады. Сасанидті Ирандағы мемлекеттік дін зороастризм (осы діннің негізін салушы Заратуштра есімімен, европа транскрипциясында Зороастра) болды. Зороастризмнің бастапқы ережелері отқа бас ию және жақсылыққа сену болды. Зороастризмнің қасиетті кітабы – «Авеста». Ежелгі ирандықтардың діні пұтқа табыну емес, олар жеке заттарға емес, жалпы затқа табынады.
Билік жүргізуші діннің ауысуы VII ғасырға жатады, онда Иранды арабтар жаулап алып, жаңа сенім – ислам діні тарады.
Достарыңызбен бөлісу: |