реттегіш (нормативтік) функция ең алдымен, қоғамдық және жеке қызметтің алуан жақтарын, түрлерін реттеумен байланысты. Тұлға аралық қатынастар еңбегінің, тұрмысының сферасында мәдениет адамдардың мінез-құлқына әсер етеді және олардың әрекеттерін, материалдық және рухани құндылықтарды таңдауды реттейді.
Осы аталғандармен коммуникативтік, белгілік функция тығыз байланыста болады, ол бірінші кезекте, адамдар қатынасының басты құралы болып табылатын тілдің көмегімен жүзеге асырылады. Табиғи тілмен қатар мәдениеттің барлық облыстары – ғылым, өнер, техниканың өзіндік тілдері бар, онсыз мәдениетті игеру мүмкін емес. Шет тілдерін білу басқа ұлттық мәдениеттерге және барлық әлемдік мәдениетке жол ашады.
Тағы бір функция – құндылық, немесе аксиологиялық – үлкен мәнге ие. Ол адамда құнды қажеттіліктер мен бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, жақсы мен жаманды, жақсылық пен жамандықты, әдемілік пен ұсқынсыздықты айыруға мүмкіндік береді. Мұндай айырмашылықтар мен бағалаулардың критерийі адамгершілік және эстетикалық құндылықтар болып табылады.
Мәдениеттің шығармашылық функциясы айрықша көңіл аударуды қажет етеді, ол жаңа құндылықтар мен білімді, нормалар мен ережелерді, салттар мен дәстүрлерді құруға, мәдениетке сыни қарап, қалыптастырудан, жаңартудан тұрады.
Соңында мәдениеттің ойын түріндегі, компенсаторлық функциясы маңызды мәнге ие, ол адамның дене және рухани күштерін қалыптастырумен, бос уақытын өткізумен, психологиялық жаттығумен байланысты.
Мәдениеттегі дәстүрлер, жаңашылдықтар және нормалар. Жаңашылдық пен дәстүрлер – мәдениет дамуы процесінің екі жағы. Мәдениет тұрақты және өзгермелі моменттерден тұрады. Мәдениеттегі тұрақтылық, «инерциялық» - бұл дәстүр. Дәстүрде мәдени мұрагерлік элементтері – идеялары, құндылықтар, дәстүрлер, салттар, дүние тану тәсілдері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Дәстүрлер рухани мәдениеттің барлық формаларында болады. Ғылыми, діни, моральдық, ұлттық, еңбек және басқа дәстүрлер туралы айтуға болады. Соның арқасында қоғам дамиды, өйткені жас ұрпақ велосипедті ойлап табумен айналыспайды, адамның қол жеткізген тәжірибесін, мәдениет нормасын игереді.
Дәстүрлер жүйесі қоғамдық организмнің тұтастығын, тұрақтылығын бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік және күрделі механизмдері бұзылуы мүмкін. Ескі рухани құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес.
Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. Дәстүрлер мен жаңарулар бірлігі – кез-келген мәдениеттің универсалды сипаттамасы.
Мәдениетте дәстүрлер мен жаңарулардың, шығармашылықтың әр түрлі ара қатынасы қоғамдар үшін дәстүрлі және қазіргі негізді береді. Бірінші дәстүрлерде шығармашылыққа билік жүргізеді. Мәдени үлгілер бастапқы түрінде өндіріледі. Өзгерістер жүйесіз және кездейсоқ жолмен дәстүрлер шеңберінде енгізіледі. Нормадан ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады.
Мәдениет нормалары – нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, бекітіледі. Осы деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз сәттер үлкен роль атқарады. Қабылдау дәстүрлері мен тәсілдері жылдар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Қайта өңделеген түрінде мәдени нормалар идеологияда, этикалық ілімдерде, діни тұжырымдарда іске асырылған.
Мәдениеттің нормативтілігі адамдардың тұлға аралық, көпшілік қарым қатынастары және әр түрлі әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі арқасында қолдау табады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани тәжірибені жеткізуде білім беру жүйесі орасан зор роль атқарады. Онда өмірге аттап басқан индивид тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, қоршаған ортаны түсіну және қатынас жасау принциптерін, нормаларын алады.
Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |