29билет
1
. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
[өңдеу]
Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол
табыс баянды
бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл
күреске Ресей империясы да тартылды.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Əбілқайыр қазақ
хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы
Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл
атқарды.Əбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп,
оның қол
астына өту туралы өтініш білдіру арқылы əрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді.
Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.
1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен əскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Əбілқайыр өз уəдесінде
тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу
мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Əбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет
Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына
жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.Бұл жолы Əбілқайырдың елшілігіне зор құрмет
көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең
қолайлы сəті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына
Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі
косылған болатын.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол
астына алу туралы грамотаға
(ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.
Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге жəне башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ
төлеп тұруға міндетті болды.Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл
жасауға тыйым салынуы тиіс болды.Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл
жасай қалған жағдайда
Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.Төртіншіден, Əбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған
тұтқындардықайтаруы, ал қалмақтармен жəне башқұрттармен тату-тəтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.
Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті.
Екі жақ та
өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: