Анасы: Соны айтсайшы.
Ұлы: Сіздер, ештеңе де түсіңбейсіздер. Бұл үлкен ЖИҺАД
(Осы кезде тағы да үрейлі музыка естіледі) .Мен онда баруға міндеттімін!
Әкесі:Не үшін міндеттісің?
Ұлы: Мұсылман бауырларыма көмектесу үшін.
Анасы:Жарығым-ау, Сирия қайда, біз қайдамыз?Болмаған соғысты ашып...Қой,дұрыс киімдеріңді ки.Соғысы да Сириясы да құрысың. Қазір үйге әкеннің туған күніңе қонақтар келеді...
Әкесі: Отырып барлығымыз... (дей бергенде..)
Ұлы: Қайдағы мереке? Қайдағы туған күн?Ана жақта біздің бауырларымыз қантөгуде...
Әкесі:Бауыршыл бола қалғанын өзі! Қазақ қашаннан бері жат елге барып соғысқан?Ата-бабамыз ашпаған соғысты сен кімге ашпақсың?...
Ұлы:Өйтіп айтпа.Ата-баба жолымен мұсылмандар үшін соғыс ашамын.
Әкесі: Ата-бабаларымыз белгілі бір жаумен соғысса сен кімге оқ атпақшысын, жазықсыздан жазықсыз? Мына әкеңді тыңдасаң ешқайда да бармайсың!
Ұлы: Жоқ,әке!Біз бүгін ұшамыз.Мені жиһад жолында ешкім де тоқтата алмайды.
(Осы кезде кетіп бара жатқан баласының алдына жүгіріп шығып...)
Анасы: Балам! Тоқта балам! Тоқташы айналайын, жарығым-ау! Түн ұйқымды төрт бөліп,саған осыншама жақсылық беріп, осыншама дүние жинағанда, сен не істеп бара жатырсың?Аяғыңа жығылайын! Қалшы,жарығым!Ең болмаса,мына анаңды,мені кімге тастап бара жатырсың? Кімге? ...
Ұлы:(жерде тізерлеп отырған анасын тұрғызып алып, құшақтап тұрып, Бір аллаға аманат! дейді.)