Сценарийі пролог. Сахналық көрініс. «Ата мен немере»



бет1/4
Дата18.10.2022
өлшемі22,09 Kb.
#153644
түріСценарий
  1   2   3   4
Байланысты:
ұстаздар күні


«Ұстазыңды ұлықта!» ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі


ПРОЛОГ. Сахналық көрініс. «Ата мен немере».
(Сахнада ата шөп орып жүреді немересі су әкеледі)
Ата: - Бақытты бол, балам мектепке қашан баратын едің жарқыным,кешігіп қалма жарығым..Білім алтын киелі орынға ұстазыңнан бұрын барып отырсаң қандай ғанибет.!
Немересі: Кешікпеймін ата.Ата сіз менің ұстазымды танисыз ба?
Ата: - Әрине танимын. Мен жердің диқаншысы болсам, сенің ұстазың мынау елдің диқаншысы.
Немересі:-Жоқ ата, менің ұстазым сіз сияқты орақ,тырма, күрек ұстамайды ғой.Ол қалай диқаншы болады?
-Мәселен менің ұстазым қолына қалам, кітап, қағаз ұстап жүреді.
Ата:-Балам,мені жақсылап тыңдап ал кейін қасыңдағы достарыңа айтарсың.
Ұлы жаратушы жансызға жан бітіріп, бір кесек етке үрлеп,жан салғаннан кейін,одан ата-ана атты мейірім иесін дүниеге әкеліп,бағып ,қағып, адамзат атты нәзік көшіне қосатын – ол ұстаз.Ұстаз адамзат елшісі,ғылым мен білімнің елшісі,адамдықтың елшісі.Ұстаз адамдықтың диқаншысы деген мен емес ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткен.Ұстаз ел мен елдің, жер мен жердің, шөлейт пен шөлдің тілін біледі. Оның еңбегі мен сияқты қара шаруа диқаншыдан кем түспейді.Даналар осының бәрін біліп айтқан екен ғой.
Немересі:Жақсы ата , түсіндім бірақ ата сіз күз келгенде мынау қырманан қырман-қырман өнім аласыз, жемісін көресіз.Ал сонда менің ұстазым қандай өнім жинайды.
Ата: Ұстаз бағбан сендер секілді дәннен өскен талдың жапырағы жас талға айналғанша ұзақ күтеді.Шәкірттері адам болып,азамат болса,елінің болашағы үшін үлес қоса білсе,адамдық қасиеттің таразысында тәрбиесі басым түсіп жатса,ол ұстаз еңбегінің нағыз жемісі.Болашаққа көпір салатын,ұрпақ тәрбиесіне нағыз жауапкер – диқаншы.
Немересі:Ата, мен енді әбден түсіндім.
Біздің елде ұстаздарым кәделі,
Олар сондай мейрімді.
Он жыл емес өмір бойы шіркін -ай,
Сондай жанға шәкірт болғым келеді.
Атасы: Міне,балам, жақсы жолды таңдадың,
Қыран құстай биік болсын арманың,
Адам деген туындысы құдайдың,
Ұстаз деген шығармасы ғаламның.
(Осы кезде жүргізуші «Ұстазым» әнінің алғашқы куплетін жанды дауыста айтып, сахнаға шығады. Әннің толық караоке нұсқасын барлық залдағы қатысушы қосылып айтады)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет