Сценарийі пролог. Сахналық көрініс. «Ата мен немере»


( Ортаға әртүрлі мамандықта киінген жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)



бет2/4
Дата18.10.2022
өлшемі22,09 Kb.
#153644
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
ұстаздар күні
МАЛИКАЖДАРОВА АЛТЫНАЙ, 1 сабак Кмж, 7 сынып әдебиет 2-тоқсан
( Ортаға әртүрлі мамандықта киінген жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)

1 — оқушы:


Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 — оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 — оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
4 — оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
5 — оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.

Фанфармен жүргізушілер шығады.
Жүргізуші:
........, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
Жүргізуші:
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Құрметті ұстаздар!
Жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет