Сабақ тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан Қисықтарды редакциялау Жалпы мақсат



Дата17.06.2018
өлшемі362,06 Kb.
#42909
түріСабақ

25.02.2015

Информатика

7-сынып

Сабақ тақырыбы:

Менің Отаным – Қазақстан

Қисықтарды редакциялау



Жалпы мақсат:

 Менің Отаным – Қазақстан тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін жүйелеу. CorelDraw, Adobe Photoshop графикалық редакторларында, Астана қаласының көрнекі жерлерін қисықтарды пайдалану арқылы салу.

Оқу нәтижесі:

  • CorelDraw, Adobe Photoshop графикалық редакторларында жұмыс істей алады(барлығы);

  • CorelDraw, Adobe Photoshop бағдарламаларындағы құрал – саймандардың атауларын ағылшын тілінде оқи алады, мағынасын біледі (барлығы);

Сабақта қолданыла-

тын материалдар:

ДК, интерактивті тақта, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер,тараптпа карточкалар, My test, CorelDraw, Adobe Photoshop бағдарламалары, ноутбуктер, пазлдар,

Оқыту әдістері:

Сұрақ-жауап, жобалық іс - әрекет, практикалық жұмыстар, топтық жұмыс.

Дерек көздері:

  • Оқулық

  • Сілтемелер

  • Электронды оқулықтар

Тапсырмалар:

топпен жұмыс, тест тапсырмасы, жобалық іс – әрекет.


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

І. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден өзгеше сабақ болады. Бүгін бізде ағылшын тілі мен информатика пәнінен кіріктірілген сабақ өтеді және де бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысады.

I’m glad to see you again. There is the bell, and we can begin our lesson. It will be a very interesting lesson.  Today we have an unusual lesson, a combined lesson of English and Information Technology. We’ll speak about the world around us, about our environment with the help of computing. Be attentive, please! Now tell me, please, who is on duty today? What date is it today? Put down the date on the blackboard, please. Who is absent today? Why? What’s wrong? Thank you! Sit down, please.

Орындарында отырып, тыңдайды, сабаққа дайындалады.




ІІ. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. (3 мин)

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бір қысайын.

Амандасып өзіңменен,

Құшақтап бір алайын.

Орындарынан тұрып, жұппен тақпақтағы іс – әрекеттерді орындайды.

тұсаукесер, интерактивті тақта

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин )

Бағалау парақтарын таратып, түсіндіремін. ДК-де My test бағдарламасында өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмасын орындайды.

Тест

  1. Компьютерлік графика қолданылу әдісіне қарай қанша топқа бөлінеді?

A) 4

Б) 3

В) 2

Г) 5

  1. Екі өлшемді графика түрлерін атаңыз?

A) Растрлық

Б) Векторлық

В) Растрлық және векторлық

Г) Растрлық, векторлық және фракталдық

  1. Геометриялық фигуралардан тұратын графика түрі?

A) Растрлық

Б) Векторлық

В) Фракталдық

Г) Үшеуі де

  1. Adobe Photoshop бағдарламасы қай графика түріне жатады

A) Растрлық

Б) Векторлық

В) Фракталдық

Г) Растрлыққа және векторлыққа

  1. Есептеу жұмыстарын жүргізуге арналған графика саласы?

A) Растрлық

Б) Іскерлік

В) Фракталдық

Г) Ғылыми

  1. Әр түрлі кескіндерді компьютер көмегімен алуды қарастыратын информатика саласы?

A) Мәліметтер базасы

Б) Мәтідік редакторда

В) Компьютерлік графикада

Г) Компьютерлік желіде

  1. Пиксель сөзінің мағынасы:

A) сызық

Б) нүкте

В) теңдік

Г) доға

  1. Векторлық графикаға жататын бағдарламаны көрсетіңіз

A) Adobe Photoshop

Б) CorelDraw

В) Photofinish

Г) Adobe Image Ready

  1. CorelDraw қай графика түріне жатады?

A) Растрлық

Б) Векторлық

В) Фракталдық

Г) Үшеуі де

  1. Расторлық графикаға жататын бағдарлама түрін көрсетіңіз:

A) Adobe Photoshop

Б) CorelDraw

В) Micrografx Draw

Г) Adobe illustrator

ДК-ге отырып, тест тапсырмасын орындайды, бағаларын бағалау парақтарына қояды.


  1. А;

  2. Г;

  3. В;

  4. А;

  5. В;

  6. В;

  7. Б;

  8. Б;

  9. А.

ДК - лер, My test бағдарламасы, бағалау парақтары.

IV. Топқа бөлу

(2 мин)

2- суретті бала санына байланысты қиындыларға бөлемін де, балаларға таңдатқызамын. Топ ішінде рөлдерге бөлінуін қадағалаймын

Оқушылар қолындағы қиындылардан 1 сурет құрып, сол суреттің иелері бір топ құруы тиісті. Топ ішінде міндеттерін бөліп алады (көшбасшы, таймкипер, хатшы, бақылаушы)



V. Жобалық іс - әрекет

(15 мин)

Екі топқа тапсырмалар беріледі. Астана қаласының көрнекі жерлерін Corel Draw немесе AdobePhotoshop бағдарламаларында суретін салады.

Екі топ тапсырмаларды орындағаннан кейін, тақтаға шығып жұмыстарын қорғайды, бір-бірлеріне сұрақтар қояды.



Сұрақтар:

  1. Суретті қандай бағдарламада салдыңдар?

  2. Бұл сурет компьютерлік графиканың қандай түріне жатады?

  3. Сурет салу барысында қандай құралдарды пайдаландыңдар?

  4. What country do you live in?

  5. Where is Kazakhstan situated?

  6. Name the capital of Kazakhstan?

  7. Do you love our country?

  8. Who is the president of Kazakhstan?

Ноутбуктарда Corel Draw немесе AdobePhotoshop бағдарламаларын пайдаланып, Астана қаласының көрнекі жерлерін салады. Командалар бір – бірлеріне сұрақтар дайындайды.

Ноутбуктер, Corel Draw, AdobePhotoshop бағдарламалары.

VI. Сергіту сәті.

(2 мин)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

видео, ЭО, интерактивті тақта.

I. Бекіту

(5 мин)

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!


(Қ. Мырзалиев)

Ой шақыру «Құпия сөздің сырын ашу»

Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару керек.



Г

Р

Я

Ү

С

Р

А

С

Т

Р

Қ

Ф

Ы

Е

Р

А

И

К

А

Е

Л

А

М

Е

З

М

С

У

Р

Е

Е

Е

К

Е

Т

М

Л

П

Т

О




Графика графика graphics ,

Түс – цвет – coler;

Растр – растр – raster;

Қалам ручкаpencil;

Терезе – окно – windows;

Мемлекет – страна – country;

Сурет рисунок picture .



Интерактивті тақта, тұсаукесер

VIІI. Үйге тапсырмасын беру

(2 мин)

CorelDraw, Adobe Photoshop информатикалық ребус жасау.







IX. Бағалау

(2 мин)





Бағалау парақтарына бағаларын қойып, парақтарын тапсырады.

бағалау парақтары

Х. Рефлексия

(2 мин )




Тақтаға кезекпен шығып, бір кубикті басады.

Тұсаукесер, интерактивті тақта.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет