Сценарийі пролог. Сахналық көрініс. «Ата мен немере»


ӘН. «Ұстазым». 5-сынып оқушылары



бет4/4
Дата18.10.2022
өлшемі22,09 Kb.
#153644
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
ұстаздар күні

ӘН. «Ұстазым». 5-сынып оқушылары.
Жүргізуші:
Мұғалімнен өнеге — білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез — келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Ұстаз «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»,…..
Жүргізуші:
Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
ӘН. Ұстаз бен шәкірт
Жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
Жүргізуші:
Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
Жүргізуші:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


Жүргізуші: Осымен бүгінгі оқушылар дайындаған «Ұстазыңды ұлықта!» атты мерекелік іс шарамыз өз мәресіне жетті. Үйрете жүріп, ізгілікке үйренетін ұстаздарымыз көбейе берсін. Сау-саламатта болыңыздар!
Естелік суретке түсуге шақырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет