«Қазақ халқының діни ұстанымы және салт-дәстүрі»



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі448,37 Kb.
#33553
  1   2
«Қазақ халқының діни ұстанымы және салт-дәстүрі»

(композициялық қойылымдар байқауы)
20 қазан,2016 жыл

Өтетін орны: № 16 орта мектебі

Қойылымның ұзақтығы-7минут
Қатысатындар:

1.Қазыбек

2.Әлихан

3. Елдос


4.Әбдіжәлел

5.Дәурен


6.Әділет

7.Аружан Биртаева

8.Аружан Советбекова

9.Арай Құттыбаева



(Музыка әуенімен слайд көрсетіліп жатады) Слайдтан Елбасы, «2030», «2050» стратегиялары, Саммит, қандастарымыздың оралуы, Астана салынуы, өнім өндіру, емханалар,мектептер, университеттер көрсетіледі.

Сахна сыртынан- Қазыбек:

Биыл біз үшін ерекше қастерлі жыл.Біз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Біз осылайша аз жылда алапасы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында...



Бірақ, қазіргі қоғамдағы бітеу жара-жастарымыздың қатарынан теріс ағымның жетегінде кетіп,жақынын жат көріп,ата-бабадан келе жатқан ұлттық құндылықтарды тәрк етіп, қара ниеттілердің соңына ілескендері кімді болса да алаңдататыны анық.
Көрініс. Адасқандар

(Ролдерде: Әкесі-Қазыбек,шешесі-Аружан Советбекова, жігіт--Әлихан, жігіттің сақалтай досы-Әбдіжәлел)
Анасы үйдің ішінде ынылдап ән айтып, шан сүртіп жүреді. Есік қоңырауы соғылады.

Анасы: Есік ашық кіре бер!

(Есіктен сөмкесін асынған баласы кіріп келеді.Қабағы қатулы. Өте асығыс көрінеді.)

Анасы: О,балам келдің бе? Балам... сен бір жаққа жиналдың ба? Мына сөмкеңді қой балам.Жұмысыңның бәрің таста! Бүгін әкеннің туған күні! Ол келгенше бәрің дайындап қояйық.Әкең 63-ке толды. Пайғамбар жасыңа келді.

Ұлы: Астафиралла,Пайғамбарымыздың туған күнің тойлау бидағат.Кім айтты сендерге Пайғамбарымыз туған күн тойлаған деп...

Осы кезде үйге кірген әкесі таң қалып тұрып қалады да...

Әкесі: Енді балам-ау, жоқ 63-ке келдім... Пайғамбар жасына келдім деген соң...

Ұлы: Тоқтаңыздаршы.Білмейтін болсаңыздар кез-келген жерге Пайғамбарымызды кірістіре бермеңіздер!

Анасы: Балам-ау, саған не болған?

Әкесі: Не болды? Не болды?

(Осы кезде баласы есікке қарай кетуге бет алады.)

Анасы: Тоқта қайда барасың?

Ұлы: Сирияға!

(Осы кезде үрейлі музыка естіледі.Әкесі мен анасы таң қалып қалады...)

Анасы: Сириясы несі?

Әкесі: Сирияға?

Анасы: Әкесі сен не түсіңдің? Балаң не деді?

Ұлы: Қысқасы мен Сирияға АХИ бауырларыма барамын.

Әкесі: Сен не айтып тұрғаңынды білемісің? Сириясы несі?

Ұлы: Әке, мұсылман мұсылманға бауыр. Олар қиналып жатқанда біз бақытты өмір сүре алмаймыз. Олар біздің көмекке зәру!

Әкесі: Зәру?Құдайым-ау,Сирия, мына сенің көмегіне зәру болып қалып па?

Анасы: Соны айтсайшы.

Ұлы: Сіздер, ештеңе де түсіңбейсіздер. Бұл үлкен ЖИҺАД

(Осы кезде тағы да үрейлі музыка естіледі) .Мен онда баруға міндеттімін!

Әкесі: Не үшін міндеттісің?

Ұлы: Мұсылман бауырларыма көмектесу үшін.

Анасы: Жарығым-ау, Сирия қайда, біз қайдамыз?Болмаған соғысты ашып...Қой,дұрыс киімдеріңді ки.Соғысы да Сириясы да құрысың. Қазір үйге әкеннің туған күніңе қонақтар келеді...

Әкесі: Отырып барлығымыз... (дей бергенде..)

Ұлы: Қайдағы мереке? Қайдағы туған күн?Ана жақта біздің бауырларымыз қантөгуде...

Әкесі:Бауыршыл бола қалғанын өзі! Қазақ қашаннан бері жат елге барып соғысқан?Ата-бабамыз ашпаған соғысты сен кімге ашпақсың?...

Ұлы:Өйтіп айтпа.Ата-баба жолымен мұсылмандар үшін соғыс ашамын.

Әкесі: Ата-бабаларымыз белгілі бір жаумен соғысса сен кімге оқ атпақшысын, жазықсыздан жазықсыз? Мына әкеңді тыңдасаң ешқайда да бармайсың!

Ұлы: Жоқ,әке!Біз бүгін ұшамыз.Мені жиһад жолында ешкім де тоқтата алмайды.

(Осы кезде кетіп бара жатқан баласының алдына жүгіріп шығып...)



Анасы: Балам! Тоқта балам! Тоқташы айналайын, жарығым-ау! Түн ұйқымды төрт бөліп,саған осыншама жақсылық беріп, осыншама дүние жинағанда, сен не істеп бара жатырсың?Аяғыңа жығылайын! Қалшы,жарығым!Ең болмаса,мына анаңды,мені кімге тастап бара жатырсың? Кімге? ...

Ұлы:(жерде тізерлеп отырған анасын тұрғызып алып, құшақтап тұрып, Бір аллаға аманат! дейді.)

Осы кезде есік қоңырауы соғылып,Сақалтай кіріп келеді...

Сақалтай: бауырым,сен неге кешіктің?Біз сені күтіп отырмыз ғой...

Әкесі: Мынауың кім?

Анасы: бауырың мынау ма?

Сақалтай: Бауырым, уақыт тығыз.Бізге кету керек. Атысу керек. Кеттік болды...

Анасы: Мықты болсаң өзің кете бер.Менің балам ешқайда да бармайды!

Ұлы: Былай тұрыңдар,жолымды бөгемеңдер!

(Осы кезде ұлы тағы да есікке бет алады. Ал анасы оның алдына тізерлеп отыра қалады...)

Анасы: Тоқта! Ешқайда бармайсың! Кететін болсаң менің өлігімнен аттап кет! Мұсылман бауырларың үшін кетеді екеңсін.Айтшы қане,анасынан аттаған қай мұсылман бар? Қолыңды қанға бояғың келсе,бірінші мені өлтір.Өлтір!...Өлтіріп кет мені...

Әкесі: Ал,анаң аздық етіп жатса, мына мені қоса өлтір! Сені өзге елге жібергенше, өлгеніміз артық!...

(Ұлы ата-анасын итере-итере кетіп қалады...)

Анасы: Жоқ!Жоқ!Жарығым-ау!
(Анасы мен әкесі бірін бірі демеп тұрғызып, ұлдарының соңынан айғайлай жөнеледі...)

 Сахна сыртынан қойылым аяқтала бере Дәурен мына өлең жолдарын ерекше тебіреніспен оқиды.


Мұсылман болып бір беті,

Кәпір болып бір беті.

Өзгеріп кетті бүгінде,

Қазағымның келбеті.

Қайда кетіп барасың,

Мұхаммедтің үмбеті.

Орындалмай жатыр ғой,

Пайғамбардың сүннеті.

 

Қайда кеткен халқымның,



Құранға деген құрметі.

Жұртыма менің жұқпасын,

Күпірліктің індеті.

Мойынсыну Аллаға -

Мұсылманның міндеті.

Мұсылманды түбінде,

Мойындайды жер беті.

(Өлең оқылып жатқанда балалар ақырын сахнаға шығып домалана тұра қалады)

Үгіт-насихат
Әбдіжәлел: Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,

Дініңді сен ардақтағын, құнтта!

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа!

 

Аружан С : Қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт-дәстүрлеріміздің ара-жігін ажырату,олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды толық танып білу қиындай түсуде.


Елдос: Басқа ағымның жетегінде кеткендер ата-аналарын сыйламай,оларды «кәпірсің», «намаз оқымайсың» деп кіналап, ауыр сөздер айтып,бір шаңырақтың астында тұрудан бас тартып,туыстарымен қатынаспай жанұясын да тастап кетуде. Бұл жағдай-әкесін баласынан, қызын анасынан ажыратуда.
Аружан Биртаева:

Дәстүрлі Ислам мұндай іс-әрекеттерді мүлдем құптамайды. «Ана алдында –құрмет,ата алдында-қызмет» деген атадан қалған сөз бар. Мұны Құрандағы ол екеуіне сыпайы сөз сөйле, кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей, Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!»,-де»,-деген аяттан аңғаруға болады.

 

Қазыбек : Пайғамбарға тән мінез ата-ананы қадірлеу,
Үлкен күнә, әрине, ол жандарды жәбірлеу.
Жан-тәніңмен оларды құрметтесең, бауырым,
Қолымыздан келеді жәннаттан орын әзірлеу.
Әділет: Жат ағымдарға ерген азаматтар Мемлекеттік Әнұранды тыңдамай, кеудеге қол қоймай, туға құрмет көрсетпей, "жер бетінде шекара болмауы керек" деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деп ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы да естен шығаруда. Өйткені,оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды.
Әбдіжәлел: Дәстүрлі ислам дінінде бейбітшіліктің қадірі аса жоғары бағаланады. Дәстүрлі діннің басты ұстанымдарының бірі-халықты елдікке,бейбітшілік пен келісімге шақыру.Бұл ұстаным қазақтың ұлттық құндылықтарымен үйлесім табады. Оған бабалардың «Ынтымағы мол елден ырыс кетпейді» немесе «Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол» деген секілді қанатты сөздері айғақ болмақ.
Аружан С: Бақытты боп жүргенім ,сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім, құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын,жүрегімсің сен, Отан!

 

Әлихан: Теріс бағыттағы «Салафиттер» немесе «Салафилер» ұйымы 7 шелпек пісіруге,бейіт басына баруға, ата-баба басында құран бағыштауға қарсы.
Аружан Советбекова:

Қазақта «Өлі разы болмай,тірі байымас» деген сөз бар.

Ата-баба, ағайын-туыс, жора-жолдас, дін бауырларымыздың қабірлерін зиярат етіп, олар үшін Алладан истиғфар тілеп, дұға ету, Құран оқып сауабын бағыштау, Алладан мейір шапағат тілеу өмірдегі мұсылманның міндеті.
Елдос: Қоғамда үлкен дау туғызып жүрген «балақ түру», «хиджаб кию» мәселесі. Жалпы, хиджаб кию мұсылманға парыз ба, әлде жәй еліктеушілік пе?

Арайлым: Хиджаб – жамылғы деген мағынаны білдіреді. Бұл – арабтардың киімі. Себебі олар ислам дінінен бұрын осы киімді киген. Ал ниқаб, пәренжені Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран халықтары қолданады.
Бұл ретте қазақтың киімі де ислам мәдениетімен тығыз байланысты. Қазақтың бұрынғы киімінде кеудесі ашық, немесе етегі тізеден келетін киімдер болды ма? Жоқ. Демек, қазақтың киімінің шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ деген сөз. Қазақтың қыздары қызыл көйлек, қызыл камзол, үкілі бас киім киген. Кейін заманға лайық етіп қызыл орамалмен ауыстырған.
Қара – қайғының белгісі, сондықтан одан қазақ қыздары қашық болған. Қазір де көп жерде осы дәстүр сақталған. Сондықтан хиджаб кигенше, өз ата - салтымызды дамытқанымыз дұрыс.

Құран Кәрімнің «Нұр» сүресінің 31-ші аятында бүркеніп жүруді айтты,бірақ, «беттеріңді тұмшалаңдар», «қара киініңдер» деген сөз жоқ.


 Әлихан:  Алла ақиқат, Аллаға сенім етем,

                 Адалдық пен ақиқат серігі екен.

                 Адаспаймын, Аллама сеніп өтем,

                 Арамдыққа баспайтын жолы бөтен.

 
 

Дәурен:  Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

                    Өлмейтін, өшпейтін күнім білем,

                    Алла есімі – жүрегім жұдырықтай,

                    Жүрегімнің соққанын біліп жүрем.

 

Әділет:  Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

                Мұхаммедтің үмбеті мұсылманмын,

                Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

                Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.




Әлихан: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған. Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.


Дәурен: Ислам діні өгейленіп барады,

Тоқтатуға қандай амал табамын?

Тіл шұбарлап,дінің сатқан пенденің

Күннен күнге көбеюде санағы.

Неге дінім өгейленіп барады?

Әділет: Дін – ғылымның атасы деп жырлаған,
Мұқағали ақылсыз емес еді.
Солардың да барлығын толғандырған,
Соңындағы ұрпақтың келешегі.

 Әбдіжәлел: Адалдық, адамдық жол Құраннан басталады.


Хормен: Салт-дәстүрімізге, дінімізге адал болайық!
Аружан Б: Алла тағала бүгінгідей берекелі де бейбіт заманымызды мәңгілік етсін.

Хормен: Мәңгілік Елге-мәңгілік татулық,мәңгілік дін тұрақтасын!
Хормен: Дініміз мәңгілік болсын!


Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – Ұлты, Діні және Отаны. Міне, осы үштаған, сіздің үш тірегіңіз. Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде ұлтым – Қаза

Ал енді ұлттық салт–дәстүрлер туралы айтар болсақ, олар Исламға дейінгі заманнан бастау алып, Ислам арқылы шариғат пен сүннетке негізделіп күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздің өмір сүру дағдымыз болып табылады.



Халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқаны
Халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз. Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесік пен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің Исламнан нәр алғанын байқайсыз. 
Біздің қазақтың ұлттық және діни дәстүрлерінің саналы әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі ұшан–теңіз.

Тәрбие ана құрсағынан басталып–ақ кетеді дейді ғылыми тұжырым. Олай болса, бала дүниеге келмей тұрып басталатын «Құрсақ шашу», бала дүниеге келе салысымен болатын «Сүйінші сұрау», «Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» – бәрі–бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені анық

. Бөкейхан - Тәуелсіздіктің жаршысы Ә. БӨКЕЙХАН – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ Адиет К.Б., Дүкенбаева З.О. Астана қ., Қ.Р. БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты «Тірі болсам хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.» - Әлихан Бөкейхан Қазақ азаттық қозғалысының ең салмақты және күрделі кезеңі өткен ғасырдың алғашқы ширегінде дүниеге келді. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. БіріБұқарменТүркістан өлкесінебет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл - қазақтың тарихи зердесіндегі ұлт зиялыларының отарлық езгіге түскен халықтың бостандығы мен ұлттық рухын қалпына келтіруге тырысқан қоғамдық – саяси іс-әрекеттері болатын. Осы ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей зиялылар тобын баулыған – Ә. Бөкейхан еді. Ә. Бөкейхан баулыған ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары қай жерде жүрсе де, қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды бір сәт те ұмытқан жоқ. Ұлттық мемлекет құру Әлихан Бөкейхан және сонынан ерген буржуазиялық-демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Ә.Бөкейхан ұлт мәселелерінің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Оқуын бітіріп,Омбығаоралғанда Ә. БөкейханРесей империясыныңқазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода»(Халық бостандығы) партиясыныңқатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуынаОмбыдағыкүндері ерекше ықпал етеді. Әсіресе ұлт көсемінің Омбы бөліміндегі қызметі туралы тоқтап кетуге болады. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға буржуазиялық қатынастардың енуі, ұлттық буржуазия мен интелегенцияңың қалыптаса бастауы, жалпыхалықтық ояну жағдайында ұлттық-мемлекеттік бірлік мәселесі күн тәртібінде қайтадан қойылды. Мемлекеттік билік қажеттігін бүкіл елдік көлемде түсіну, есею жолындағы барлық халық басынан кешіретін тарихи кезең екендігі мәлім. Осы тарихи кезеңдегі ұлттық саяси элитаның мемлекет туралы ұғым-түсінігін, бағыт-бағдарын Ә. Бөкейхан Ұлттық еркіндік пен дамудың алғышарты ұлттық мемлекеттің болуы деп түсінді.[1] Ә. Бөкейханның саяси өмірбаянында 1916-жылдың дүрбелеңі және майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады. Қазақ халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісіне Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялыларының «Қазақ» газеті арқылы үзілді-кесілді қарсы шығуы да ұлтты жаппай қырғыннан аман алып қалудың саяси бейбіт жолын ұсынуынан еді. Ә. Бөкейхан Ақпан төңкерісіненүлкен үміт күтеді. Осы кезден бастап Ә.Бөкейхан Уақытша үкіметтің саяси өміріне белсене араласа бастайды. Бірақ ол үміті ақталмайды.Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген «Қазақ» газетіне берген мақаласында: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де, жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді», - дей келе: «Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық»,-дейді.[2] Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйымАлаш партиясынұйымдастыруға кіріседі. Артынша,1917 ж. желтоқсанындабүкіл қазақтардың құрылтайындаАлаш автономиясыжариялады. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.[3] Өз кезегінде Ә. Бөкейхан үшін кадет партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік егемендікке жету жолында жасалған келесі саяси қадам еді.   1917 жылғы 20 – 21 шілдеде Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезде қалыптасты. Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд партияға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...». Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12 – 20 аралығында партияның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев,  ал Торғай обкомының төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.[4] Алаш орда үкіметінің құрылуына тікелей түрткі болған, 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен Қазақ мемлекеттілігі туралы мәселе қаралған ІІ Жалпықазақ – қырғыз съезінің ұйымдастырушылар - Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М. Дулатов болған. Съезге қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан – 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан – 8 делегат және арнайы шақырумен – 15 адам,  ұйымдастыру  комитеті съезге келген делегаттардың тізімін алып барлығы барлық жиын - терісі  81 делегат тіркейді. Әр уезден 2 ақсақал, әр облыстық қазақ комитеттерінен 2 өкіл және арнайы шақырылған 30 адам: олардың қатарында  Ғұмар Қарашұлы, Қайырша Ахметжанұлы, Ғабдолла Ешмұхамбетұлы, Ахметжан және Қожахмет Оразайұлдары, Құрманбет Бірімжанұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұстафа Шоқай, Уәлихан Танашев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар, Бақтыкерей Құлманов, Шәңгерей Бөкейұлы, Есенғұл Маманұлы, Мұхаметжан Тынышпаев, Салық Қарпықұлы, т.б. болды. Ендігі мәселе Алашорданың (Алаштың ордасы және өкіметінің) төрағасын балама негізде сайлау басталады: Үкімет төрағасына 3 қайраткердің – Ә. Бөкейханның, Б.Құлмановтың және А.Тұрлыбаевтың кандидатуралары ұсынылды. Жасырын дауыс нәтижесінде Әлихан Бөкейхан – 40 дауыс, Айдархан Тұрлыбаев – 20, Бақтыгерей Құлманов – 19 дауыс алды. Көп дауыс алған Ә. Бөкейхан Алаш автономиясының өкіметі – Алаш орданың төрағасы болып сайланды. Алғашқы баяндаманы Ә. Бөкейхан жасап, ол жөнінде: «Алашорда бүгіннен бастап қазақ – қырғыз халқының билігін өз қолына алады»-деп қаулы қабылдады.[5]  Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы болды. Ең бірінші – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен жер болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейханның ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер – Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Үшінші ұстанымы –қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, ділі өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек. [6, М. Қойгелдиев «Ұлттық саяси элита» Алматы, Жалын, 2004, 170-178 бет]  Алаш қозғалысы 1917-1919 жылдары халықтың ықыласына ие болған, қазақ қоғамын дүр сілкіндірген, ел азаматтарының Алаш партиясы, Алашорда үкіметіне ризашылығын білдіріп, құптап қол соққан кезі болды. Қазақ автономиясы мәселесін тұңғыш көтеріп, оны іске асырған Ә. Бөкейхан найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған үкіметке қызмет етуден бас тартады. Ә. Бөкейхан бастаған қазақ зиялы қауымы таптық мүдде емес, тұтас ұлт мүддесін қорғады. Осы қылығы үшін 1920-22 жылдары «ұлтшыл» деп жала жабылып, Мәскеуге жер аударылды. Большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Әлихан Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Кеңес билігі тұсында да елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан жоқ. Кеңестік үлгідегі Казақ автономиясы құрылған кезде, Әлихан Бөкейханның тікелей кеңесімен Әлімхан Ермеков Қазақ автономиясының территориясы туралы баяндамаға дайындыққа кірісті. (Голощекин Қазақстанда жер мәселесін анықтау комиссиясының мүшесі Әлихан Бөкейханға барып жолығуына мынадай баға береді: «Қазақ қайраткерлері, министрлер Алматыдан шығып Мәскеуге барады да, пойыздан түсіп Кремльге бармай бірден Әлихан Бөкейханға барып, содан кейін ғана Кремльге келеді. Бұл масқара емей не?»)[7]  Қазақ елінің мүддесіне төнген қауіпті тура түсінген Әлихан Бөкейхан осы тұста жаңадан отарлау саясатына жол бермеу үшін қазақтарға қажет жер нормасын анықтауда белсенділік танытады. Ә. Бөкейхан сыртта жүрсе де қазақ ұлтының дамуы мен мүдделі мәселелерін, соның ішінде ел мен жер тағдыры шешілетін саяси шаралардың қарсаңында, мысалы солтүстік және оңтүстік облыстардағы шекаралық межені халық санағын жүргізу арқылы белгілеу науқаны алдында тиісті мағлұматтарды баспасөз арқылы қалың қауымға жеткізіп отырған. Сөйтіп кеңес өкіметінің өз баспасөзін пайдалана отырып «астыртын нұсқау» берген. Түркістан мен Қазақ автономиясының, Қазақ автономиясы мен Батыс Сібір өлкесінің шекарасын анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылған тұста «Еңбекші қазақ» газетінің 1924 жылғы 28 қазандағы санында М.Дулатовтың тапсырмасымен «Қазақ қанша?» атты шағын шолуын жариялады.[8]  Онда әр сөз бен сөз тіркесіне саяси, тарихи, ұлттық, экономикалық, мемлекеттік мағына мен астар берді. Әсіресе, қоныстанушылар қордалана орналасқан, қара топырақты солтүстік облыстардың шекарасын анықтауға және оларды қазақ жерінің құрамында қалдыруға жанкешті дәлелдер іздестірілді. Ал жер жөнінде, соның ішінде солтүстік облыстардың жер, экономика, шаруашылық, этникалық құрамы мен мәдени шоғырлануына баға беруде сол кездегі кеңес өкіметі ғалымдарының ішінде Ә. Бөкейханмен теңдесетін маман да, ғалым да, саясаткер де жоқтың қасы болатын. Одақтас республикалардың ғалымдары мен саясаткерлері Жер туралы заң мен қаулы-қарар қабылдар алдына Әлихан Бөкейханның пікіріне жүгініп барып талқыға ұсынып отырған.[9]  Баяндамашы Әлімхан Ермеков Қазақ ревкомы мен Ұлттар жөніндегі халық комиссариатының ұсынысына жүгіне отырып: Астрахань, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана облысы мен губернияларын қамтитын жалпы көлемі 3 467 922 шаршы шақырым жерді Қазақ республикасының құрамына  беруді ұсынды. Көрсетілген жердің 81%-ын жан саны 5,5 миллион болатын қазақтар пайдаланатынын, бұл бүкіл тұрғындардың 54% - екенін атап өтті. Сөйтіп, 10 тамыз күні комиссия төрағасы А.З.Каменский барлық ескертулер мен ұсыныстарды қорыта келе: «Қазақ республикасын құру- шешілген мәселе, қорытындысы дайындалып, тиісті мекемелер өкімет билігін республиканың басқаруына берудің жолдарын қарастырсын»,- деп жариялады. Бұл үлкен жеңіс еді.Алайда бұл жеңісті тиянақты ету үшін автономияның территориясы мен тұрғындары туралы ұсыныстарды Лениннің алдында қорғап шығуы тиіс болды. Ленин мен Әлімхан Ермековтің көзбе көз тілдесуінің нәтижесінде бүгінгі бүткіл казақ өңірі Қазақстанның құрамына мәңгілік қосылды. Автономия мен территория мәселесі 14, 16-17 тамызда талқыланып,  24 тамызда тағы да Лениннің қатысуымен өткен ең соңғы шешуші мәжілісте түбегейлі бекітілді.[10]  «Тір болсам хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.»-деген өзінің айтқан сөзіне адал болып, туған халқына ақтық демі біткенше қызмет етіп өтті. Ұлы қайраткердің соңына ерген інілері, азаттықтың құрбаны болған Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ»-дегенде, асыра айтып қателескен жоқ еді. Қошке Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде былай деп жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған – Әлекең»-деп халқына қалтқысыз еткен қызметіне әділ бағасын берген. Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі, Демейді қандай қазақ оны оң көзі. Семей тұрсын, жеті облыс – бар қазақтан, Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, – деп С.Торайғыров айтқандай,  Әлихан әрқашан да қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек. Осындай жүрегі елім-жерім, халқым деп соққан, бүкіл саналы ғұмырын ұлтының бостандығы мен дербестігі үшін арнаған асыл азаматтарымыздың ұлтжанды пікірлері, әрекеттері жас ұрпаққа үлгі, өнеге. Ел еркіндігі мен ұлт бостандығы үшін құрбан болған ұлт зиялыларының артына қалдырған асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғасары анық. Әдебиеттер тізімі 1.  Ә. Бөкейхан «Таңдамалы» Алматы, Қазақ энциклопедиясы , 1995, 31-б. 2.  Әшкеев Н. «Ә.Бөкейхановтың ұлттық мемлекет құрудағы ұстанған негізгі принциптері» // Ақиқат , 2002 , №3, 50 -55 б. 3.  Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы»  Алматы, Санат, 1995, 23-28 б. 4.  Нұрпейісов К. «Алаш Һәм Алашорда»  Алматы , Ататек, 1995, 156 б. 5.  Марат Ескендірұлы Әбдешев «Алаш Орда министрлері» Алматы, Раритет, 2008, 3-6 беттер 6.  Қойгелдиев М. «Ұлттық саяси элита» Алматы, Жалын, 2004, 170-178 бет 7.  Сонда, 163-165 бет 8.  Тұрсын Жұртбай «Ұраным-Алаш» Алматы, Ел шежіре, 2011, 9.  Қозыбаев М.Қ. «Ақтаңдақтар ақиқаты.»  Алматы, Қазақ Университеті  1992, 68 -71 б. 10.  Тұрсын Жұртбай «Ұраным-Алаш» Алматы, Ел шежіре, 2011 Деректер:  «ШОҚАН ТАҒЫЛЫМЫ – 17» атты  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  материалдары 24-26 сәуір 2013 жыл, 101-105 бет Пікірлер Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз ҚАЗАҚСТАНИКА РУХАНИ МҰРА ГЕОГРАФИЯ АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕР ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕСТЕР ОДАҒЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ӨМІРБАЯН Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫ ҰСЫНУШЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ ЕСІМНАМА ТАРИХИ БІЛІМ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ ҰБТ СҰРАҚТАРЫ БІЛІМ БЕРУ, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ ҰЙЫМДАРЫ «EDU.E-HISTORY.KZ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖУРНАЛЫ ЖУРНАЛ «MANGI EL» АТАМЕКЕН 3D ИНТЕРАКТИВ САУАЛНАМА ТАРИХИ СЕЙСЕНБІ БАЙҚАУЛАР ОЙЫНДАР ӨЗ ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР ДИСКУССИЯ ОНЛАЙН ТОП-5 МУЛЬТИМЕДИА ФОТОГАЛЕРЕЯ БЕЙНЕГАЛЕРЕЯ АУДИО ИНФОГРАФИКА Е-РЕСУРСТАР Е-КІТАПХАНА ЭЛЕКТРОНДЫ МҰРАҒАТ ХАЛЫҚ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА АРНАЙЫ ЖОБАЛАР

Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1398
© e-history.kz

Баспасөз беттерінде өзін «қыр баласы» деп таныстырған, көпшілік жұрт оны «ұлт көсемі» деп білген, қазақ ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, «тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген  Әлихан Бөкейхановтың туғанына биыл 150 жыл. Мерейтой Юнеско шеңберінде осы жылы кең көлемде атап өтілмек. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның 18 қарашада Парижде өткен Бас конференциясының 38-ші сессиясында жария етілген болатын. Юнеско аясында «Бүкіләлемдік дара тұлға» деп танылған Әлихан Бөкейханов қазақ үшін кім? Бұл сұраққа өзімізше жауап беріп көрелік. Алғашқы баспалдақ Әлихан Нұрмұхамедұлы 1870 жылы бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында) дүниеге келген. Ұлт көсемі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымынан. Әкесі Әлиханды тоғыз жасында молдаға оқуға бергенімен, зерделі бала молдадан гөрі мектепте білім алуды жөн көріп, үш кластық мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, үздік бітіріп шығады. Он алты жасында Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Оны да жақсы бітіріп, жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтына түседі. Сабағымен қатар, саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына араласып, студенттік толқуларға қатысады. Қараңғылықтан көзі ашылмаған халқына білім мен мәдениеттің қажеттілігін елі мен жері үшін қабырғасы қайысқан, кеудесінде сәулесі бар азамат жастайынан ұққан. Екі қолын бос қоймай, оқуды бітіре салысымен Омбыға келіп, қаланың саяси-әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарына белсене араласты. «Народная свобода» партиясының қатарына өтіп, қазақ зиялылары арасында партияның шағын тобын құрады. Ол өзін осы шақтан бастап саяси тұлға ретінде қалыптастырады. Ұлт көсемінің алғашқы баспалдағы осылай басталады.   Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы «Тіл үшін күрес неге жүріп жатыр? Қазақ тілі деген не? Қазақ тілінің ар жағындағы жатқан мәселе – жер. Біз мына жерді қазақ болып, қазақша сөйлеп қана қорғай аламыз». Бұл Алашорда өкіметінің төрағасы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың айтқаны. Жалпы, Әлихан Нұрмұхамедұлының негізгі бес ұстанымы болған екен. Оның өзі жеке басына қатысты емес, ел мен жерге қатысты ұстаным еді. Оны жазушы, тарихшы Тұрсын Жұртбай былай деп баяндайды. -  «Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды. Ең бірінші – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы керек. Жерсіз Отан жоқ. Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі керек. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. «Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс». Үшінші ұстанымы – Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек. Яғни, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс болған. Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Бұл идеологиялық ұстаным болатын. Ал, бесіншісі - ең негізігі ұстанымы бойынша  ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек». Осы ұстанымы негізінде дербес мемлекет құруды көздеген Әлихан Бөкейхан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастырады. Артынша, 1917 жылы желтоқсан айында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясын жарияланып, Ә.Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (перзиденті) болып сайланады. Осындағы Алаш деген сөздің мағынасын «Түрік баласы» (лақап ат) 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді»  делінген. Әлихан Бөкейхан руға, жүзге бөлінуге жаны қас. Адамның әлеуметтік жағдайына немесе біліміне қарай қарым-қатынас жасамаған. Халықты біртұтастай көруге тырысқан. Ол Қазақстанда демократиялық сайлау дәстүрінің негізін қалаған тұлға десек артық болмас. Алашорда әскері Қазақтың соңғы ханы Кенесары хан бұ дүниеден қайтқаннан кейін, қазақ әскері бытырап, жасақ болудан қалған еді. Тек әр жерде Ресей билігіне қарсы шыққан кішігірім күш болмаса, әскери құрып, қару ұстауға қақы жоқ болатын. Осындай алмағайып заманда ұлттың қорғаушысы қара күш емес, оқыған, білімді азаматтар еді. Әлихан Бөкейхан бастаған бір топ зиялылар қазақ балаларының әскер қатарына алдырудың түрлі амал-шарғыларын қарастырған. Аумалы-төкпелі заманда дүниеге келген Алашорда үкіметінің бір тірегі әскери күші болатын. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда ІІ жалпықазақ құрылтайы өтетіндігін жарты айдан астам уақыт бұрын «Қазақ» газеті арқылы қазақтың игі жақсыларына хабарландыру айтылған. Жеделхат түрінде берілген үндеуде Ресейдің саяси тұрақсыздық жағдайында қазақтың елдігі мен жерін қорғау үшін «қазақ милициясын құру» (әскерін) және тағы басқа өзекті мәселелер қаралатыны айтылды. Дәл осы жиында Алаш автономиясы және Алашорда ұлт кеңесі құрылды. Бірақ, ұлт зиялылар Ресейдегі саяси ахуалға байланысты автономияны ресми түрде бір айдан соң жариялаған жөн деп шешті. Ондағы тағы бір мақсат Түркістан губернияларындағы қазақтардың қосылуын күту. Әрі Алашорданың ұлт кеңесін үкімет ретінде Ресейдің жалпы құрылтайында ресми түрде таныту еді. Алайда, алаш зиялылары үлкен үміт еткен Петербордағы Бүкілресейлік құрылтайды Ленин бастаған большевиктер күшпен таратып жібереді. Автономия жарияланбай қалады. 18 қаңтарда Орынборды большевиктер басып алады. Алаш зиялылары Семей қаласына қарай ойысады. ІІ жалпы қырғыз-қазақ съезінің қаулысымен Семей Алаштың уақытша тұратын орны болып белгіленеді. Семейдегі жайды Жүсіпбек Аймауытов: «Алаш қаласында қазақ басшылары жиналып. Алашордасын көтеріп, қызметке кірісе бастады. Алашорданың қазіргі мақсаты – қазақты жұрт қылып, автономия алу. Алашорда милициясын жасап, қазынасын толықтыруға кірісіп жатыр» деп жазған. 1918 жылы 8 қыркүйекте көптен күткен сәт келіп жетеді. Уфада ашылған Ресейдің мемлекеттік құрылтайы Алаш автономиясын ұлттық республика ретінде таныды. Сол жиыннан Әлихан Бөкейхан сүйінші сұрап, жеделхат жолдайды: «Құрылтай уәкілігінің комитеті Алашты автономиялы жұрт деп таныды. Бар күшті ұлт әскерін жасауға салыңдар. Алаш – Россиядағы одақтас мемлекеттердің бірі. Сондықтан тіреудің бір ұшы – Алаш әскері. Алаш полкіне не керегін тауып беріп, таратпаңдар. Керек нәрсені, қаншама болсын, қарыздануға қорғанбаңдар. Жетік, білікті қару алсын. Алаш отрядының Орал, Торғай бөлімдерінде әскери жасау жұмысы жалғассын. Оралда қазақ офицерлерін шығармаңыз. Алашорда бастығы Бөкейханов» («Абай», 1918, 25 қыркүйек, № 10). Бұған дейін де Семейде 1918 жылдың қаңтар айынан бастап әскер құру жұмыстары тыңғылықты жүргізіліп жатты. Семей жұртшылығы арасында Алаш атауымен белгілі бола бастаған қала маңындағы қырда Алаш атты әскер полкі жасақталып, жаттыға бастады. Алаш жасағының алғашқы құрамына қаланың студенттері мен жастары (М. Әуезов, Ж. Аймауытов сынды) өз еріктерімен кірген. Семейдегі атты әскердің жаттығу жұмыстары өзге саяси-әскери күштерге Алаштың кәсіби әскерінің құрылғанын көрсетті. Ресей құрылтайында қол жеткізген одақтастық келісімдер нәтижесінде, Алашорданың Торғай бөлімшесіне 1918 жылы қыркүйекте 300 берденке, 20 мың патрон және көп мөлшерде киім-кешек бөлінді. Қостанай мен Ырғыз уездерінде екі атты полк құруға атаман Дутов көмек қолын созды. Қостанай бөлімшесіне Бейімбет Майлин сияқты оқыған жастар кіре бастады. Б.Майлин қаруланып үлгермегендіктен қызылдарға қарсы ұрыстарға қатыса алмады. Алаштанудың негізін салушы Кеңес Нүрпейстің еңбегінде капитан Х.Тоқтамышевтың Уақытша Сібір үкіметінің соғыс министрі атына жазған хатында: «Семейде құрамында 750 жауынгер мен 38 офицер бар Алаш полкі құрылып, Зайсанда қазақ милициясының 200, Павлодарда – 150, Қарқаралыда – 250, Өскеменде – 250 адамнан тұратын бөлімдері жасақталғанын, бірақ, оларға қажетті қару-жарақ пен киім-кешек жоқ екенін, ақша тапшылығы орын алып отыр деп көрсетілген. Бұл дерек айтыскер, зерттеуші Қалихан Алтынбаевтың «Қалбатау» (Алматы, «Мерей», 1997) кітабында көрсетілген. Ал, зерттеуші Марат Әбсәметов Алаш әскерінің өзіндік формасы болғанын алға тартады. Оның жазуына қарағанда, форма «жағасына жүні өсіңкі емес тері жүргізіп, пішінін мұсылман шәкірттерінің камзолына ұқсатып тіккен». «Бірақ бұл форма барлық Алаш әскерлерінде болмаған сияқты. Мысалы, Батыс Алашорда әскерлері бешпент, түйе шекпен, қызыл бөрік, қысқа тон киген. Ұлттық әскердің тұңғыш негізін салушы Алаш әскерінің туы ақ түсті, орта-сында киіз үйдің суреті және «Жасасын, Отанның адал Ұлдары!» деген жазу болған», – деп жазады Сейітқали Дүйсенов. Оның деректеріне қарағанда, Семейде 1918 жылдың қаңтар және мамыр айларында бірінші Алаш атты әскер полкі жасақталады. Оны ұйымдастыру мен жабдықтауда Ә.Бөкейханов, капитан Хамит Тоқтамышев, Семей уездік земствосының төрағасы А.Қозыбағарұлы, М.Тынышпаев, Р.Мәрсеков көп еңбек сіңірген. Семей өңірінің қалталы азаматтары да көмек қолын ұсыныпты. Үржар ауданының Көктерек ауылының тарих мұғалімі Рамазан Нүсіпов («Абай», 2010, сәуір) Алаш полкінің Тарбағатайдағы іс-қимылы туралы ел арасында біраз естелік әңгімелер жинаған екен. Сол мұғалімнің жинақтаған жазбасында: «Алаш сарбаздары аттың түсіне қарай сапқа тұрады екен. Олардың атпен сүйрейтін үш доңғалақты 14 зеңбірегі болған. Көшпелі асхананы да атпен тартып жүрген. Андреевка түбіндегі шайқаста Алаш полкі қатты шығынға ұшырағанда Анненковтың тың әскері жетіп, шабуылдағы қызылдарды қырып өтеді. Большевиктерге жергілікті мұжықтар болысқан екен. Сарбаздар Алаш гимнін шырқағанда Әлихан мен Анненковтың есімін де әнге қатар қосқан көрінеді: Анненков – атаман, Қолдай гөр жасаған. Алашпыз жауынгер, Қорықпаймыз жауыңнан, – деп келсе, әрі қарай: Біз Қали Арыстан, Долданса қоймайтын. Алға ұмтыл, ер алаш, Елің бар қорғайтын! Әлихан, Әлихан – Алаштың серкесі Ел қамын ойлайтын!» – делінген. Алаш әскері Алтай губерниясындағы Рубцовск майданында большевиктерді қудалайды. Олардың қатарында Алаштың ерікті ақ гвардияшыл атты әскер полкының бас қолбасшысының көмекшісі қызметін атқарған Халел Ғаббасов та болған. Оған полковник шеніндегі Қараевпен бірге алғыс жарияланды. Алаш әскері орыс офицерлерінің басқаруымен Андреевка, Үржар, Ново-Покровка, Лепсі, Сарқан және Покотиловка сынды жерлерде қызылдармен қызу шайқасты. Оғландардың шайқасы мен ерлігі турасында «Сарыарқа» газетінде «Қазақ қалай соғысады?» деген мақалада жазылған. Алашорданың көрнекті қайраткері Отыншы Әлжанов осы ұрыста жақтастарымен бірге Көктұма-Бақты шекара қақпасын асып өтіп, жолай тұтқындалған Шәкәрім Құдайбердіұлын босатып алады. Келе жатып олар Үржардың жанындағы Науалы ауылында қызылдармен кездесіп, соғысады. Барлық жақтастарынан айырылып қалған Отыншы жаралы Шәкәрімді құтқармақ мақсатта ағаш диірменді пана ғып, бір жеңіл пулеметпен қарсы жақты жасыта береді. Амалы қалмаған партизандар диірменді өртеп жібереді. Отыншы осындай жағдайда қазаға ұшырайды.   Алашорда қайраткерлерінің ұлы күресте жеңіл табуына қазақтан шыққан большевиктердің үлкен әсері болған екен. Қазақтың бөлінбей бір болуына нұқсан келтірген де сол большевизм идеясы еді. Алайда, бұл жеңіліс алашты жасытпады. Керсінше жігерлендірді. Бұл тәуелсіздік жолындағы күрестердің бірегейі болатын. Алашорда әскері ұлтымыздың нағыз ерлері деуге лайық. «Сталин Не Шешер Дейсің?»          «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп жазады Әлихан Бөкейханов. Ұлттың намысын алға қойған Әлихан ел мен жер мәселесіне келгенде мінез танытудан тайынбаған. Рухы биік, өресі жоғары Әлихан Бөкейханов «не ойы, не білімі көлемді емес», деп есептейтін Сталинмен кездесуден бас тартқан.  Ол туралы Әлімхан Ермеков естелігінде: «В.И.Ленин өзі төрағалық еткен алғашқы мәжілістің аяғында: «Автономияны кұру жөнінде қазір Сталинге барып пікірлесіңдер, оның дайындаған жобасы бар, сонымен танысып, бар ойларыңызды түйістіріңіздер»,- деп кеңес берді. Мәжіліске қатысушылар үзілісте түгелдей дәлізге шықтық. Қазақстандық делегацияның құрамы 15-тей адам болатын. Бәріміз Әлихан Бөкейхановты тостық. Әлекең Ленинмен оңаша пікірлесіп, әңгімелесіп қалған болатын. 15-20 минуттен кейін ол кісі де шықты. Біз: «Сізді Сталинге бірге кіру үшін тосып тұрмыз»,- дедік. Әлихан бәрімізге салқындау қарап: Сталин не шешер дейсің, оның не ойы, не білімі көлемді емес, қанша бір жетіскен жоба бар дейсің. Онан да өзіміз жеке шешкен дұрыс, - деп жүріп кетті» дейді. «Ұлт көсемінің» үш мінезі Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай Әлихан Бөкейхановтың үш түрлі мінезін ерекше атап өтуге болады дейді. - Біріншісі оның турашылдығы. Екіншісі болмысынан алдына келген жанның мысын басатын өзгеше жаратылыс иесі екендігі. Бұл жайлы Әлкей Марғұлан, Қалижан Бекхожин, Ғалым Ахмедов, Мариям Мұқанова, Валентина Николаевна Әуезова естеліктерінде ашық жазған.Тіпті тұтқындауға келген Мәскеудің үлкен лауазымды тергеушілерінің өзі тұтқындайтын кезде артық мінез көрсете алмаған. Лиза Әлиханқызы Бөкейханова былай деп еске алады: «Әкемнің мысы кез-келген адамды басып тұрушы еді. Әкем өзін тұтқындауға сауылдап кіріп келген тергеушілерді көргенде саспастан: «Лиза, шай қой. Қонақтар келді. Бұл Мәдениетті кісілер, дәстүр аттамайды», - деді. Олар үндей алмай қалды. Сол паузаны пайдаланып: «Кешіріңіздер, телефон шалуға бола ма?» - деді. Олар рұқсат берді. Көршісі, аса белгілі кеңес ғалымы трубканы алғанда: «Вася! Мен ұзақ командировкаға кетіп барамын. Лизаны саған тапсырдым. Аманат!» - деді де маған қарап: «Лиза! Сен анда-мұнда жүгірме. Одан ештеңе шықпайды. Бұл «барса-келместің» командировкасы» - деді сабырмен. Тергеушілер мұның бәрін үнсіз тыңдап тұрды, үндеуге бата алмады. Мен соған таң қалдым. Әкемнің салауаты оларды еш оғаш қылық көрсетуге мүкіндік бермеді». Бұл әңгімені Лиза Кеңес тұсында Алаш тарихынан жабық тақырыпта докторлық диссертация қорғаған тарихшы Жақсалиевке айтып берген. Әлекеңді көрген адамдар: «Біз Бөкейхановпен еркін сөйлесе алмаймыз. Оның мысы басып тұрады және астарлап сөйлейді», - дейді екен. Әлекең өзінің сырын санаулы ғана адамдарға айтқан. «Мен тек Байтұрсыновпен, Дулатовпен ғана ұлт туралы ашық сөйлесе аламын», - дейтіні сол. Үшінші қасиетін айтар болсақ, сондай Ұлы тұлға нәзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал болған. Лиза Бөкейханқызы: «Әкем Смағұл қайтыс болғанда қатты қайғырды. Өзі барып, оның денесін көрқаптан алып, мәйітін медициналық тексеруге апарды. «Өндірістік улану» деген диагноз қойыпты. Денесін крематорииге өртеді. Бұл оның жанына қатты батты», - деп еске алады. Менің ойымша Бөкейханов Смағұл Сәдуақастың қазасына тек күйеу баласы ретінде қабырғасы қайысып отырған жоқ, өз идеясын, Алаш идеясын алға апаратын үмітті шәкіртінен айырылған ауыр қайғыдан егілді. Алаш идеясы өлген сияқты көрінді. Міне, осындай жаны нәзік адам. Осы үш мінез Әлихан Бөкейхановтың күрескерлік тұлғасынан бөлек, адами болмысын тереңірек танытады.   Соңғы сапары 1920 жылы Алаш автономиясы тарих сахнасынан біржолата жоғалып, оның мүшелері қудаланады. 1922 жылы Әлихан Бөкейханов Семейде ұсталып, Мәскеуге жер аударылып, сонда 10 жыл бойы үй қамақта отырады. Үйқамаққа алынғанымен Әлихан Нұрмұхамедұлы ұлттық идеядан айныған емес. 1932 жылы Алаш зиялыларының үстінен сот болар алдында, темір жол вокзалынан оларды күтіп алған Әлихан Бөкейханов: «Жігіттер, сендер не үшін сотталып бара жатқандарыңды білесіңдер. Сендерді соттап отырған жүйені де білесіңдер. Ешкімнің алдында кінәларың жоқ! Сендер ел үшін сотталып бара жатқан азаматсыңдар! Мұңаймаңдар! Бастарыңды төмен түсірмеңдер! Алда жақсылық болады» - деп шығарып салған екен. Бұл Жұмахан Күдериннің айтқан естелігінен. Сол сөзді естігеннен кейін, азаматтар көңілдері марқайып, күліп-ойнап барған екен.  Бөкейханов 1937 жылы 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіледі. Әлиханның қабірінің қайда екені жайлы мағлұмат  айтылмайды. Тек 2007 жылы ғана жария етілді. Ол Мәскеудегі Дон бауырластар зиратына көмілген. Әлихан Бөкейхановтың жары Яков Севостьяновтың қызы Ольга болған. 1903 жылы қызы Елизавета, ал 1910 жылы ұлы Өкітай дүниеге келеді. Бөкейхановтың қызы Смағұл Сәдуақасовқа күйеуге шыққан. 1957 жылы ұлы Өкітай жұмбақ жағдайда өмірден озған. Қазақ үшін қабырғасы қайысып, тек тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің, мәдениеттің тәуелсіздігіне ұмтылған тұлғаның ғұмырнамасы осылайша аяқталған. Әлихан Бөкейханов айтқан, әрі істеген істері жетерлік. Көшірмеге қайта келу

Источник: https://sarbaz.kz/history/16621158-aelihan-boekeyhanov---ult-koesem%D1%96/ Сарбаз © sarbaz.kz



Білімділік мақсаты: имандылық тәрбиесін беру арқылы келер ұрпақты Мұхаммед пайғамбардың хадистері мен сүннет қағидаларыда баяндалған мұсылмандық шарттары туралы түсіндіру.

  1. Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу,  имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа баулу, оқушылардың діни сауатын ашу.

Көрнекілігі: діни кітаптар, «Ислам және өркениет» газеті, имандылық туралы нақыл сөздер,Абай портреті,Мұқағали портреті, суреттер.

 Сабақтың түрі: Ашық  тәрбие сағаты                                                

 Тәрбие сағаттың құрылымы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)

  2. Мұғалім сөзі: Иманды болу - парызың.

  3. Имани жырлар.

  4. Хадистерден үзінді.

  5. Көрініс.

  6. Дін Ислам - діңгегім. Ауыл имамы

  7. Қорытынды.

Мұғалім: Дін – белгілі заңдылықтардың жүйесі, ол қоғамның әрбір мүшесі орындауға тиісті ережелерді қамтиды. Дінге бағынған адам өз қоғамының заңын жүзеге асыруға міндетті.Ислам діні – дүние жүзіне кең тараған дін. Бұл дінді тұтынатын адамды мұсылман деп атайды. Ислам дінінің негізін салушы – Мұхаммед пайғамбар.Бұл діннің қасиетті кітабы – «Құран». «Құран сөзі – Құдай сөзі» деп үйретеді мұсылман діні.

            «Құран» - мұсылман баласының қалай өмір сүру керектігі жазылған заң шарттарынан тұратын кітап, ол сонымен қатар араб әдеби тілінің жазба ескерткіші. Құранның сүрелерінде жетім-жесірге қиянат жасамауға, әлсіздерді жылатпауға, ізгі іс істеуге үндейді.

     -    Балалар, еске түсірейікші, біздің дініміз қай дін?(ислам)


  • Біз дініміз бойынша кімбіз?(мұсылман)

  • Ислам дінінің ең қасиетті кітабы қалай аталады?(Құран Кәрім)

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ислам – сену, Алла тағаланың

өсиетін және оның елшісі Мұхаммед пайғамбардың айтқандарының барлығын жүрегімен толық қабыл алу. Иманның атауы – жүрек. Имандылық иманнан пайда болады. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иман жүзді, инабатты келеді.

 

Жүргізуші - Бақдәулет:

                      Дін - ғылымның анасы,

                      Дін - ғылымның әкесі,

                      Ғылым - діннің баласы,

                      Дін - ғылымның көкесі.



Жүргізуші - Әсема: Мұсылман дінінің заңдылықтары шәриғат деп аталады. Шәриғат бойынша кез-келген мұсылман адам ілімді оқып білуге міндетті. Кімде-кім оқымаса, талаптанбаса ол Алла тағаланың әмірін орындамаған болып табылады.

 

 Икрам:    Алла ақиқат, Аллаға сенім етем,



                 Адалдық пен ақиқат серігі екен.

                 Адаспаймын, Аллама сеніп өтем,

                 Арамдыққа баспайтын жолы бөтен.

 

 Жанасбек: Я, Аллам, жаратушым, қорғаушым,



                   Өзің – өмір, өзің – қуат, қорғансың,

                   Іші өртенсін, дұшпандарым долдансын,

                   Достарым кеп, демесін қолға алсын.

 

Нұрасыл: Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

                    Өлмейтін, өшпейтін күнім білем,

                    Алла есімі – жүрегім жұдырықтай,

                    Жүрегімнің соққанын біліп жүрем.

 

Айгерім Б: Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

                Мұхаммедтің үмбеті мұсылманмын,

                Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

                Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.

 

 



 

Нұрсұлтан: Пайғамбарым қолдайды қысылған күн,

               Мұхаммедтің үмбеті  Мұсылманмын.

               Алсын тағалам, ант етем, ант етемін,

               Алла есімін кеудемнен ұшырған күн.

 

 Бақтияр: Бәрі рас айтқанының ақ Алланың,



                   Құм менен топырақтан жаралғанмын,

                   Құдайдың құлымын мен мұсылманмын,

                   Денемде түйірі жоқ арам қанның,

                   Ақиқатын аңсаймын ақ арманның.

    

 Жүргізуші - Бақдәулет: Дұрысты бұрыстан айырып, адамзатты қараңғылық түнегінен шығарып, адам баласының миы ойлап жетпейтін жоғары мінез-құлыққа тәрбиелеуді имандылық деп атаймыз. Иманды адам «Құран Кәрімді», Мұхаммед пайғамбарды, оның хадистерін мойындап, оны күнделікті іс-әрекетіндежүзеге асырады.



 Жүргізуші -Әсема: Хадис – Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы, «Құран кәрімнен» кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған.

Жүргізуші - Бақдәулет: Батыс жазушысы Бернард Шоудан «Сіздің ойыңызша дүниедегі ең таңданарлық оқиға қайсы?» деп сұрағанда , ол: «Жер бетінде бітіспес ұрыстар мен соғыстар, пікір таластар  болып жатса да, 1400 жылдан бері Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың Хадистерінің сол күйінде өзгермей қалуы мені қатты таң қалдырды» деген екен.

Жүргізуші – Әсема:  Хадистер сөйлейді.

 

Айгерім Т:Адамның рухын, жан дүниесін біліммен нұрландырып тәрбиелеуде Ислам дінінің орны айрықша. Атап айтқанда Мұхаммед Пайғамбардың 197-Хадисінде: «Алла сіздің сырт келбетіңіз бен нақты ісіңізге қарайды» делінген.



Мейірхан: Қысылғанда пендеге қорған болған бұл хадис,

                    Адасқанды әр уақыт ,тура жолға шақырған,

                    Іші толған насихат, мағынасын білгенге,

                    Құмарланып білуге,әрекет ет жасыңнан.



   

Бауыржан: Кімде-кім жүрегін иман үшін, тілін шындық үшін ұстаса, өзін салихалы тұтса, көп тыңдап, аз сөйлейтін болса, ол иманды адам, бақытты адам.

Адель: Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.

Сәуле: Аш адамға көмек беріңдер. Аурудан хал сұраңдар. Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріңдер.

Алтынай: Мұсылмандардың өзара алты хұқы бар: сәлем беру мен алу, шақырса бару, ақыл-кеңес сұраса айту, ауырса көңіл сұрау, өлсе жаназасына қатысу.

Нұрзия: Апатқа апаратын 7 түрлі күнадан аулақ болыңдар:Құдайдың құдіретіне шек келтіру, алдап-арбаумен шұғылдану, біреуді нақақ өлтіру, пайдакүнемдік, жетімнің ақысын жеу, күйеуіне адал әйелді сөгу, отан қорғау үшін болған соғыстан қашу.

Аяулым: Үш түрлі нәрсеге иманың кәміл болсын:садақа бергеннен ырысың ортаймайды; ақ, адал малың қолды болса, сабыр сақта; тіленшілікпен мал табуға кіріссең, тәңірдің сыйы бейшаралық болмақ.

Гауһар: Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе, сол адам тәңір алдында  да, адам алдында да иманды адам. Иманның жақсысы – сабырлы және кеңпейілді болу.

Ұлбала: Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел – анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.

Елнұр:Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.

 

Көрініс: «Ақылды адам Алласын таниды»

Әкесі мен баласы отырады. Әкесі баласына өнегелі әңгіме айтуда:

  • Балам,мені кәрілік жеңді.Саған бір ақыл айтайын. Әрқашан 5 атың мен 30 атыңа берік бол. Осы екі нәрсені ұмытпа! Есіңнен шығарма!бұл екеуі адам баласын жақсылыққа жетелейді, иманды да бақытты адам етеді.адамгершілікке бастайтын тура жол осы .

  • Баласы:

  • Әке,мен бұл айтқан сөзіңізді ешқашан есімнен шығармаймын.

Мұғалім сөзі:

Әңгіме барысында айтылып отырған 5 атты дегеніміз - 5 уақыт намаз, 30 атты -30 күн оразамыз. Айналып келгенде, Ұлы Жаратушы Алла Тағаланы, оның күллі мұсылманға парыз қылған 5 уақыт намаз бен 30 күн оразасын берік ұстансақ, адамгершілік қалпымыздан айнымаймыз дегім келеді. Демек, Алланы естен шығармау, ата-ананы құрметтеу – күллі мұсылманның міндеті.

Жүргізуші - Бақдәулет: Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған. Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.

Жүргізуші – Әсема: Елбасының 2050 стратегиясынан үзінді.

Н. Ә. Назарбаев: Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады. Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.

Саят: Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

             Рас сөз еш уақытта жалған болмас,

             Көп кітап келді Алладан оның төрті

             Алланы танытуға сөзі айрылмас.

 

Ақерке: Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,

Дініңді сен ардақтағын, құнтта!

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа!

 

Еділхан: Мұсылман болып бір беті,



Кәпір болып бір беті.

Өзгеріп кетті бүгінде,

Қазағымның келбеті.

Қайда кетіп барасың,

Мұхаммедтің үмбеті.

Орындалмай жатыр ғой,

Пайғамбардың сүннеті.

 

Ерзат: Қайда кеткен халқымның,



Құранға деген құрметі.

Жұртыма менің жұқпасын,

Күпірліктің індеті.

Мойынсыну Аллаға -

Мұсылманның міндеті.

Мұсылманды түбінде,

Мойындайды жер беті.

Жүргізуші - Бақдәулет: Дін Ислам - діңгегім. Ауыл имамы

 

Хормен: Дін – халықтың қорғаны,

                Қадірлейік  сондықтан,

                Алтынымызды қолдағы!

 

 Мұғалім: Адалдық, адамдық жол Құраннан басталады.Дінімізге адал  



                  болайық деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.                               



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет