Қазақ халқының материалдық мәдениеті



бет3/6
Дата20.02.2023
өлшемі3,39 Mb.
#169496
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
материалдық мәдениет

Бөрік
Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты
Кимешек
Суреттерде: Кимешек күндігімен - 1,2 ; Кимешектің әртүрлі үлгілері - 3-14,16; Дина Нұрпейісованың кімешегі - 15;
Сәукеле әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісіде күрделісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлер киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін.
Сәукеле
Жекей тымақ — жаз бен күзде киетін әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі тымақты айтады. Жекей — сәнді деген сөз. Жекей тымақты дүрия, шағи сияқты жібек маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түріп, кейде алдыңғы бір жақ құлағын алға келтіре әнтек шекеге салып киетін
Тымақ
Қазақ халқының мәдени мұрасы
Аяқ киімдер:
Байпақ
Мәсі
Кебіс
Байпақ
Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Қыста киетіп байпақтық киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі .табанын бөлек салып ұлт арып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілген шуда жіптіп айдаланады. Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады.
Мәсі
Аяқ киімнің бір түрі , оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіснеластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлт айы жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтарылады.
2.Қазақтың музыкалық аспаптары
Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра-ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп. «Домбыра» атауының шығуы жайлы таластар көп. Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшалайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі асап үнді халықтарында «тампура» деп аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет