Қазақ халқының материалдық мәдениеті


Гиннеске кірген қазақ батырының тоны



бет2/6
Дата20.02.2023
өлшемі3,39 Mb.
#169496
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
материалдық мәдениет

Гиннеске кірген қазақ батырының тоны
Тарихи деректерге қарағанда, Қуандық батыр Алтай өңірінде 1727-1816 жылдар аралығында өмір сүрген. 1745-1746 жылдары моңғол батырын жекпе-жекте өлтіріп, басын кесіп алған.Аумалы-төкпелі нәубет заманда батырдың елін-жерін қорғау жолында көрсеткен ерлігіне дән риза болған 12 Абақ керей елі оның иығына осы оқалы тонды жауыпты. Қасиетті мұраны қазақтың қолынан өнер тамған 13 шебер әйел 90 күн ішінде тігіп шыққан екен. Оқалы тон бұғы маралының иленіп, өңделген 68 парша бөлек терісінен ойыстырылып тігіліпті. Оны қарағайдың қанық бояулы кері қызыл қабығымен бояп, екі өңірінің алдына құндыздан жорын ұсталыпты.
Бұл 300 жылдық тарихы бар қазақтың асыл тоны Қытайдың мемлекеттік 1-дәрежелі мәдени мұрасы ретінде Шынжаңның Буыршын аудандық мұражайында сақталулы тұрған, қазір Гиннесс рекордтар кітабына енген.
Бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай: 1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия. 2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей. 3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ. 4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара). 5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік. 6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.
Ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптен көмкереді.
Тақия
Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалы аң терісінен және жас төлдің- терісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді , етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да жермен тігеді . Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа , т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлан тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді . Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт, маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөрікті қазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет