Қазақ халқының материалдық мәдениеті



бет4/6
Дата20.02.2023
өлшемі3,39 Mb.
#169496
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
материалдық мәдениет

Шертер
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді.
Сылдырмақ
Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған.
Шаңқобыз
Шаңқобыз -қазақтың көне музыкалык аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден не күмістен жасалған. Шаңқобыз арасына бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы (тоны) тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына коңырау іліп алып та ойнайды.
Тұяқтас
Тұяқтас – қазақтың музыкалық аспабы. Бұл аспап өзгелерден қарапайым тұрпатымен ерекшеленеді.
Аспаптың өзіне ғана тән ерекше үні бар. Тұяқтас шығармалардың орындалу барысында аспап мал тұяғынан шыққан дыбысты нақты жеткізеді.
Асатаяқ
Асатаяқ - қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ жасалу тәсіліне қарай "күмбезде, "жалпақ басты", "ай басты", "жылан басты", "сопақша", "қалақша", т.б. болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі салдыр-гүлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет