Қазақ халқының қолданбалы көркем өнері және ұлттық өрнектері



Дата26.12.2019
өлшемі29,01 Kb.
#55060
түріРеферат
Байланысты:
Реферат 3

РЕФЕРАТ

Тобы:


Тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы көркем өнері және ұлттық өрнектері

Тексерген:

Орындаған:

Орал 2019 ж.



Қазақ халқының қолданбалы көркем өнері және ұлттық өрнектері
Әр халықтың өнерінде бояу түсі әр қалай бағаланады. Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ түс көбірек қолданылады. “Ақ” түс– шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Сол сияқты қазақтардың ұғымында басқа бояу түстерінің де орны айрықша. Мысалы, “көк” – аспанның, аспанға табынудың, “қызыл”- оттың, “сары” – айырылысудың, “қара” – жердің, “жасыл” – көктемнің, жастықтың, символы. Бұдан, түр-түс ою-өрнек өнеріңде күрделі рол атқаратын, ондағы ойды бейнелеу арқылы болмыс пен шындықты көрсетуде өзіндік шешім табатынын байқаймыз.

Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыш аты, тіке сызықты нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғысырлар бойы мұра болып келе жатқан мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме-дәл түсіруге ұмтылған .

Салт-дәстүр– әр ұлттың, халықтыңдіні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-құлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Сән және қолданбалы өнер – сән өнерінің бір саласы, тұрмысқа қажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары – металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды.

Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.

Қазақтардың үй бұйымдары толықтай сипатталған Сібір темір жолына іргелес аудандарды экономикалық тексеру бойынша Комиссия мағлұматы: қойлардың, ешкілердің мезгілдік қырықтығы, тұрмыс заттарын дайындау мезгілдік қырықтыққа сәйкес жүннің әртүрлі сорттарының (жабағы жүн, күзем жүн), киіз өндірісінің циклінің (сабау, тебу), тұрмыстық қызметтегі әртүрлі бұйымдардың терминдерімен толықты.

Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі.

Мүйіз ою – мүйіз тәрізді өрнектелгендіктен мүйіз аталуы сөзсіз. Түскиіздің шетіне көбнесе қолтықшасына өрнектеледі. Жерге төселетін текеметке ұдайы осы ою салынып қолтық деп аталады. Мұнысы, хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып дем алыңыз деген қонақжайлық белгісі. Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою-қайраттылықтың ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады.

Тау оюы – қолөнер бұйымдарының жиектеріне салынады, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы. Қариялардың деп бата беруіде тектен тек емес.

Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататынын мынадын байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-бірлікті, елдің ынтымақты болуын меңзейді.

Тасбақа оюы – мәңгіліктің символы. Бейіт басындағы сынтастар көбнесе тасбақа бейнесіндегі тасқа қашап орнатылады. Бұл ою батырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқанына салынатын болған.

Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге байланысты оюлар. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеугешыққаннанкейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеде қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының “отырса опақ, тұрса сопақ” болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа ретте күйеуге ұзатылған қыздан “құсмұрын” бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.

Итқұйрық – иттің құйрығы тәрізді ою. Бұл өрнек ауыларалық белгісі (символы). Кебеже, қоржын бетіне, тақыр кілемге салынады.

Түйетабан оюы – алыс сапар нышаны (символы). Көштегі түйе жабуына, жібек жол сауда заманында саудагерлердің шапанына салынған.

Қазақ халқының қолөнер шебері ою-өрнек өнерінде нағыз сынға түседі, яғни қолөнер шеберінің таразысы – ою-өрнек өнері.
Қазіргі заман талабына сай сәндік қолданбалы өнер саласында ою-өрнектің алатын орны мен маңызы ерекше. Көркемдік өнер заттары мен бұйымдарының барлығы ою-өрнекпен әшекейленіп, өзінің сәндік, көркемдік мағынасына, түріне, сипатына ие бола алады.

Өсiмдiк тектес ою-өрнектерінде көне жергiлiктi дәстүрлерi жоқ. Оның басты-басты әуендерi қатарында лотостың түйiндерi мен гүлдерi шырмауық өсiмдiктерiнiң өрмесi, гүл тiзбегi үш салалы жапырақтар түрiнде болды. Кейбiр ою-өрнек әуендерi, мәселен лотос Ежелгi Шығыс өнерiнiң ықпалынан туған.

Символдық ою-өрнектiң негiзгi табиғат күштерi мен аспан шырақтарына сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-ұйқыш сызық үлгiсiндегi фигуралар күннiң эмблемасы болды; бұйра толқындар сарыны бұрама ирек түрiндегi қисық сызық белгiлерiмен, S-тәрiздес фигуралармен берiлдi.

Қазақтың ою-өрнек өнерiнде кездесетiн әртүрлi саздағы (мотивтегi) элементтер көп ғасырлар бойы сұрыпталудан өтiп, әр шебердiң өзiнше өзгерiс ендiрудiң арқасында бiр түрден екiншi түрге ауысып отырған. Ою жасаушылардың шығармашылық еңбегiнiң арқасында зооморфты саз өсiмдiктер тектес сазға, геометриялық саздағы элементтер – зооморфты, немесе өсiмдiктер тектес сазға т.с.с. ауысып отырған. Бұл жағдай қазақ ою-өрнек өнерiнде бiрнеше элементтермен-ақ шахматтағыдай мыңдаған түрлi композициялық варианттарды жасауға болатындығының дәлелi.

Қазақ оюларының өрiсi кең, болашағы мол. Ою-өрнектердi шеберлердiң шығармашылық жұмыстарынан, тоқыма бұйымдардан, киiм жиынтықтарынан және т.б. кездестiруге болады. Қазақтың ою-өрнек өнерiн ғылыми негiзде зерттеу iсiмен мамандар көптен берi шұғылданып келедi. Елiмiздiң этнограф-тарихшылары мен өнер зерттеушiлерi дайындаған еңбектерiнде ою-өрнектiң түрлерi, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректер жинады. Тарихи мұраларды қарастыру нәтижесiнде қазақ оюларының негiзiн құрайтын 200-ден астам ою-элементтерiнiң атаулары анықталған. Көп жағдайда ою элементтерiнiң аты материалдық дүниедегi жан-жануарлардың дене мүсiндерiне қарай, өсiмдiктердiң сабақтары мен жапырақтарының сыртқы бейнелерiне қарай немесе геометриялық фигуралардың жаратылу ерекшелiктерiне қарай аталып келген. Тiптi, олардың арасында аңыз ертегiлерде айтылып жүрген аждаћалардың бейнесiнен бастап бүгiнгi күнгi космосты игеру тақырыбына дейiнгi атаулар мен элементтер де кездеседi.

Сонымен қатар қазақтың ою-өрнек элементтерiнiң керемет икемдiлiк ерекшелiгi де бар. Бiр композицияның iшiнде әртүрлi саздағы бiрнеше элементтер бiр-бiрiмен тұтаса бiрiгiп, бiр бүтiн аяқталған ою композициясын құрайды. Мұндай жағдайда ою сүйегi бiр түстi бояумен боялады да, оюдың элементтерiн бiр-бiрiнен жақсы анықтау үшiн фонды түрлi-түстi бояумен бояйды.


Халық арасында шеберлер ою-өрнекпен сәулетті ғимараттар мен киім-кешектерді, қару-жарақты, т.б. толып жатқан тұрмыста тұтынатын бұйымдарды мәнерлеп, әшекейлеп отырған. Халық шеберлері өрнек үлгілерін негізінен адамды қоршаған табиғат аясынан алады. Өте ерте замандарда халық ұғымында жер жалпақ, әрі дөңгелек деген түсінік болған. Өйткені, мидай жазық далаға шығып айналаға көз салсақ, дөңгеленген көкжиек сызығын ғана көреміз. Көне кезден келе жатқан наным-сенім бойынша: «Жер бейне бір таба нан тәрізді жазық әрі дөңгелек. Ол алып көк өгіздің мүйізінде орналасқан. Өгіз жерді бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырса, жер сілкінеді. Көк өгіз алып балықтың жотасында орналасқан, балық толқынданған теңізде болады»,- деп есептеген.

Жел – стихия, яғни боран, дауыл шақыратындай дүлей күш. Жел ағаштың жапырағын ұшырады, яғни адам өміріне қауіп төнеді. Міне, қолөнер туындыларында жапырақ элементінен тұратын өрнектің көп кездесетін себебі сол. Жапырақ – өмірдің нышаны. Қобыз, асатаяқ т.б. саз аспаптарында сылдырмақ ретінде ілінетін жапырақ және бір-біріне түйістіріп отырған қос кептердің бейнесіне ұқсас салпыншақтар жиі кездеседі. Әсіресе мұндай салпыншақтар ертеректе бақсылар тұтынған аспаптарда көп қолданылған.

Бөрік, тақия тәрізді бас киімдер жердің үлгісіне ұқсас дөңгелек етіп жасалады. Әдетте ол төрт қиықтан құралады. Төрт қиықты біріктірген төрт тігіс әлемнің төрт тарабына бағытталған көк теректің төрт бұтағының нышаны. Бөріктің ернеуі жер болса, оның шошақ төбесі – көк төбе, шашағы немесе үкісі – көктерек, яғни аңыздағы алып бәйтеректі меңзейді. Сол сияқты қазақтың киіз үйі, оған қадаған байрақ т.б. да толып жатқан мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Қазақ ұғымында қағылған қазық, ат байлаған мама ағаш, ұстын, тіреу тәрізді шаншылған тік заттардың барлығы көк теректің символы болып саналады. Қазақтың қасиетті саз аспабы қобыздың өзі аталған әлем бейнесі іспеттес. Егер қобыздың аржасы мен шанағын бөліп алып қарасақ – көк өгіздің басы тәрізді, ал шанағы жұмыр жер болса, мойыны мен басы – көк терек. Басындағы салпыншақтары көк жапырақ пен көк кептерлер. Олай болса, жапырақ – тірі адамдар да, көк кептерлер – әруақтар [5]. Қазақ халқының қолданбалы өнерінөнерінің көбісі табиғатпен тығыз байланыста болды. Олар жазу, сызу болмаған уақытта өздерінің көрген-білгендерін осы өрнектер арқылы жеткізіп отырған.

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім – кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнектің алар орны үлкен. Ол ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып дамып келе жатқан бірден бір өнер. Әр шебер бұл өнерді өз үлгісінде, әртүрлі дамытқан, өзі жасаған оюға өзі атау берген, оның астарына өзінше терең ұғым сыйғызған, сондықтан ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын сол шеберден артық ешкім білмейді. Әйтсе де, бүгінгі біздер ою тілін түсінуге тырысып, өнерге жақын болуымыз керек. Ата-бабадан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз қажет.



Әйелдердің қолын «білезік» сәндендіреді, оларды бір-бірден немесе екі қолына қос-қостан, кей кезде бір қолға екі білезік тағатын болған. Білезіктер тұтас және құрамалы болып келеді. Құрама дегеніміз: шарнир тәсілімен қосылған екі-үш бөліктен тұратын – «топсалы білезік» немесе қақпақшалар арқылы қосылған – «қақпақ білезік». Қимасында дөңгелек, текше болып келетін «жұмыр білезіктер» салмақты да көрнекті болып келеді, олардың орталық бөліктері жұмыр, ал ұштары кейде жыланбас тәрізді етіп жасалады. Жиекке орнатылған тастар жылжымалы етіп жалғастырылған «тасты білезік» аса көркем көрінеді. Білезіктерді жасаудағы күрделілік пен өзіндік ой сол бұйымда шебердің аты жазылып қалғандығымен ерекшеленеді. Онда араб әрпі, қазақ тілі қолданылады. ШҚО, Тарбағатай ауданынан түскен сапфирмен әшекейленген екі білезік тартымды өрнегімен көзге түседі. Бұл әшекейлер ХІХ ғасырдың ортасына жатады, сол уақытта қалған заттардың басым көпшілігі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған. Бұйымдарды жасаудың стилі, техникасы қазақ зергерлерінің ХІХ ғасырдың басы мен ортасында әшекейлер жасау үшін техникалық құралдардың үлкен арсеналдарын жоғары көркем талғаммен пайдаланғандығын байқатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет