Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет27/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

Ақтамберді Сарыұлы
Ақтамберді Сарыұлы (1675 – 1768) – жырау, қолбасшы, дипломат. Ол Оңтүстік 
Қазақстан облысы Қаратау маңында дүниеге келген. 17 жасынан əскери жорықтарға 
қатысып, парасаттылығымен, батырлығымен көзге түседі. «Күмбір-күмбір кісінетіп», 
«Уа, қарт Бөгембай», «Ей, азаматтар, шоралар» «От орны отаудай» т.б. толғаулары 
қазақ əдебиетінің алтын қорына енген. Ақтамбердінің бір топ толғауларында 
(«Жеңіме жамау түскенін», «Атадан тудым жалқы боп», «Жасымда көрген қорлығым») 
жалғыздық, жетімдік мехнаттары көрініс берсе, кейбір өлеңдерінде («Жауға шаптым 
ту байлап», «Салпаң да салпаң жортармын», «Көк көгершін, көгершін») батырдың 
өмірлік мақсат-мұраты аңғарылады. Ақтамберді өзі өмір сүрген дəуір шындығын, 
əлеуметтік теңсіздік көріністерін «Жағалбай деген ел болар», «Жел, жел есер, жел 
есер», «Түйе мойнын тұз кесер», «Ағайының көп болса», «Мал басы өскен адамның» 
т.б. толғауларында шынайы бейнелейді. Ақтамберді толғаулары мен жырлары 
С.Мұқановтың «Қазақтың XVIII – XIX ғасырдағы əдебиетінің тарихынан очерктер» 
кітабына, «Ертедегі əдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV – XVIII ғасырдағы қазақ 
поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енген.
Тəтіқара
Тəтіқара (1705 – 1780) – ақын, жырау. Ол қазіргі Қостанай облысы Урицкий 
ауданында дүниеге келген. Көп уақыт Абылай ханның кеңесшісі ретінде хан сарайында 
тұрған. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, 
олардың ерлік істерін мадақтап, жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген 
толғаулар шығарған. Əсіресе, 1756 жылғы Цин басқыншылары мен Абылай сарбаздары 
арасында болған ұрысты сипаттайтын жалынды жырлары Тəтіқара есімін халыққа 


532
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
кеңінен танытты («Қамыстың басы майда, түбі сайда», «Кебеже қарын, кең құрсақ», 
т.б.). Тəтіқара кейде ханға қарсы шығып, Абылайдың осал жақтарын сынап, бетіне 
басқан. «Кеше тоқыраулы судың бойында» атты толғауында: «Ат құйрығын күзеңдер, 
Аллалап атқа мініңдер, Ханталау қылып алыңдар», – деп халықты күреске шақырған. 
Жасы ұлғая келе жағдайы ауырлап, жоқшылық көреді. Алайда ақын қиыншылыққа 
мойымаған. Бұған көңілін сұрай келген билерге айтқан «Ассалаумағалейкум, жайсаңдар 
мен қасқалар» дейтін жыры толық дəлел. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет