ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ Роза Бағланова Роза Тəжібайқызы Бағланова (01.01.1922 – 08.08.2011) –
халық сүйіспеншілігіне бөленген КСРО халық əртісі.
1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы
қаласында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық
институтында білім алған. 1941 – 1947 жылдары Өзбек
филармониясы əн-би ансамблінде жұмыс істеп, Ұлы Отан
соғысы жылдары ұрыс шебінде əн айтқан.
Розаның музыкаға деген құштарлығы балалық шағында
пайда болған. Небары 4 жасында ата-анасымен қонаққа
барған ол əн айтып, би билеп, көпшіліктің назарына түседі.
Осы кеште болған қонақтар «бұл кішкене де сүйкімді қыз
əншілік жолды таңдауы тиіс» деген ұйғарымға келген
екен.
Əншінің жіңішке де нəзік сопраносы тыңдаушыларын таңдандырып, оның бай
репертуары үнемі ең жоғары деңгейде орындалады. Роза Бағланова əлемнің көптеген
халықтарының əндерімен танымал, сол себепті гастрольдерде көрермендердің
махаббаты мен жылы ықыласына бөленуде. «Ах, Самара-городок» əні 1949 жылы
Бухаресте өткен Бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің ІІ фестивалінде лауреат
атануына жол ашты.
Ермек Бекмұхаммедұлы Серкебаев – КСРО халық
əртісі, КСРО жəне Қазақ Кеңестік Социалистік Рес-
публикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, опе ра
өнерінің ұстазы. Ермек Бекмұхаммедұлы 1926 жылы
4 шілдеде Петропавловск қаласында дүниеге кел ген.
Кішкентай кезінен өте əзілқой Ермекті жақындары
керемет жақсы көрген. Əжесі Мағышекер немересі десе
ішкен асын жерге қоятын. Анасы мен немере ағалары
Ғалымжан, Фазылжан Ермекті скрипкада, мандолин-
де, гармоньда ойнауға үйреткен. Кейінірек ол өзі білім
алып жүрген мектебінде «неаполитандық» оркестр
құрады. Ұлының құмарлығын байқаған əкесі оны
П.И. Чайковский атындағы Алматы музыка учи ли-
щесінің скрипка сыныбына береді. Ермектің үлкен му-
зыка əлеміне бағытталған өмір жолы осылай ашылған