ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ Майра Мұхамедқызы Майра Мұхамедқызы – опера əншісі. 1969 жылы 9 мамырда
Құлжада (Қытай) қазақ отбасында дүниеге келген. Əкесі
– музыкатанушы, композитор, ал анасы – Қытай Халық
Республикасының халық əншісі. Сондықтан болар, ата-анасы
қыздарының музыкалық талантын қолдап отырған. Майра
Қытай халық университетінің музыка бөлімін бітірді. 1994
жылы отбасымен бірге тарихи Отаны – Қазақстанға оралды.
Майра Виолетта, Джильда (Д. Верди, «Травиата», «Риголетта»)
партияларын орындай жүріп, Абай атындағы Опера жəне балет
театрында өз шығармашылығын шыңдай бастады. Əлемнің
түкпір-түкпірін шарлаған ол «Үлкен опера» француз театрының
сахнасында тамаша өнер көрсетті. Əмір Қарақұловтың
«Жылама» көркем фильмінде басты рөлді ойнады. 2000 жылы
Майра Мұхамедқызы «Тарлан» сыйлығының иегері атанды.
Роза Рымбаева Қазақстанның халық əртісі Роза Қуанышқызы
Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семейде
теміржолшы отбасында туған. Ол əрдайым əсем жəне
зор даусымен тыңдаушыларының сүйіспеншілігіне
бөленіп келеді. Жеңістің 30 жылдығына арналған
республикалық байқау да Роза «Əлия» əнімен зор
табысқа қол жеткізді. Осы əнімен ол эстрада əлеміне
жол ашты. 1976 – 1979 жылдары республикалық
«Гүлдер» эстрадалық ансамблінің, 1979 жылдан
«Қазақконцерт» бірлестігінің əншісі. Осы кезден
бастап Роза Рымбаеваның шығармашылық өрлеуі
басталады. Роза 1977 жылы «Өмір бойы əнмен
бірге» атты Бүкілəлемдік теледидар байқауында бас
жүлдеге ие болады. Осы жылы Роза тағы да екі «үлкен жүлдеге» – Болгарияда «Золотой
Орфей» мен Польшада «Сопот» жүлделеріне қол жеткізеді. 1979 жылы Стамбулда өткен
халықаралық байқаулардың иегері, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық
байқауының бас жүлдегері болады.
Роза Рымбаева 2000 жылы «Парасат» орденін иеленіп, «Эстрада жұлдызы»
номинациясы бойынша «Жыл адамы» атанды. 2004 жылы Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығын иеленді.