ДАЛА ДАНАЛАРЫ
586
Махмұт Кашқари
(XI ғасыр) –
аса көрнекті ғалым, филолог. Қарахандар
мемлекетінің билеушілері əулетінен шыққан. Қашқар қаласында алған білімін
Бұхар мен Нишапурда жалғастырған. Махмұт жас кезінен-ақ түркі тайпаларының
тіліне, əдебиетіне жəне этнографиясына үлкен
көңіл бөліп, қызыға зерттейді. Орта
Азия жерін қоныстанған түркі елдерін түгелдей аралап, олардың өмірі, салт-дəстүрі
туралы баға жетпес деректер жинайды. Осы лингвистикалық, тарихи, мəдени жəне
фольклорлық деректердің негізінде ортағасырлық түркілер өмірінің энциклопедиясы
болып саналатын үш томдық «Диуани лұғат ат-Түрк» («Түркі сөздерінің жинағы»)
атты еңбегін жазады. Бұл шығармада Қазақстан аймағы жəне түркі
тайпалары туралы
баға жетпес құнды деректер бар.
Махмұт Қашқари – алғашқы
түркілік əлем картасының ав-
торы. Дөңгелек əлем кар та-
сы
мұсылман карто гра фия-
сының жүйесінде елеу
лі
орын алады. Картаның
орта шеніне Қарахандар
астанасы – Баласағұн
қаласын орналастыруы
оның түркілер жеріне,
өзінің
мемлекетіне де-
ген сүйіспеншілігін
біл дірсе керек.
Достарыңызбен бөлісу: