Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет79/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

ДАЛА ДАНАЛАРЫ
598
ҚАЗАҚТЫҢ «ҮШ БƏЙТЕРЕГІ»
Сəкен Сейфуллин
(1894 – 1938)
Сəкен Сейфуллин
Ақмола уезі Нілді болысы, 
бірінші ауылда (қазіргі Қарағанды облысы Ақадыр 
ауданында) өмірге келді. Əкесі Сейфолла домбырашы, 
шешен əрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі-кеш 
Сəкенге аңыз-əңгіме, ертегілер айтып берген. Əке-
шешесінің ықпалымен жас Сəкен көп нəрсені біліп, 
болашаққа үмітін арттыра түсті.
Сонымен қатар Сарыарқаның сайын даласы
Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының əсем 
көріністері Сəкен шығармашылығының дамуына əсер 
етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын-қаламгер ретінде 
жұртшылық жүрегіне жол тапты. Қазақ əдебиетінің 
барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін, 
адамның өмірдегі орнын кеңінен суреттей білді.
С. Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы 
өлеңдер жинағы (1914) халық өмірі мен тұрмысын 
кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, төңкеріс шындықтары, өмір-тұрмыс сырлары 
«Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген. Роман нақтылы дерек, тарихи дəлдік, 
көркемдік ізденістер арқылы берілген.
Оның «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Көкшетау» (1929) 
атты өлеңдер жинағы жəне т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.
Қазақ халқы «Үш бəйтерек» деп атап кеткен Сəкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, 
Бейімбет Майлин қазақ əдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды 
драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан 
даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс-əрекеттері, өмірге деген 
құштарлықтары, болашаққа үміт-сенімдері кеңінен танылады. «Үш бəйтерек» 
ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік 
белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен
жанрлық қырларымен, көркемдік əлемімен байытты.
Қазақ əдебиетінің «Үш бəйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегіне 
жол тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет