Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет61/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600
2 дәріс, Ескерту, Ñàïàëû î?óëû?- áîëàøà?ÒÛ? êåï³ë³ ò?ðê³ñòàí îáëûñûíû?àäàìè ?ëåóåò, 113geo10
ҚАЖЫМҰҚАН БАЛУАН
(1871 – 1948)
Қажымұқан Мұңайтпасов – əлемдік аренаға шыққан қазақтың тұңғыш балуаны
дүние жүзінің бірнеше дүркін чемпионы.
Қажымұқан он төрт жасында саудагер байға жалшы болыпты. Бірде бай оны 
атшанамен шөп алып кел деп жұмсапты. Қыс мезгілі екен. Қайтар жолда қар жауып, 
аты шананы тарта алмай зорығып өліпті. Қажымұқан ойланбастан атты шөптің үстіне 
лақтырып тастап, шананы атымен бірге өзі сүйреп алып келіпті. 


568
СПОРТ
Қажымұқан күрес өнерін өзінің туысы Ержақ 
балуаннан үйренеді. Кейін Санкт-Петербургтегі 
атақты Лебедевтің балуандар мектебінде əбден 
шыңдалып толысады. Осы кезде даңқы жер жарған 
Иван Поддубныймен достасады. Алекс Аберг, Збышко 
Цыганевич, Иван Шемякин сияқты орыс, поляк жəне 
Қара Ахмет, Мұстафа атты түрік балуандарын жеңіп, 
аты əлемге əйгілі болады. Жапон балуаны Саракаки 
Жиндофуды «джию-джитсу» күресі əдісімен жығады. 
1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қажымұқан туған 
елі – Қазақстанға оралады. Ел-жұртты аралап əр түрлі 
ойын көрсетеді. Үстіне 20-30 адам отырғызылған 
арбаны тісімен сүйрейді. Іші адамға толы бір жарым 
БҰЛАНБАЙ ЖАЙЛАУЫ
(1747 – 1845)
Зайсан өңірінде сұлу Сауыр тауының бір сайы «Бұланбай жайлауы» деп аталады. 
Сарқырап аққан тау өзенінің сол жақ биік жарқабағында тайқазандай қара тас бар. Бұл 
тасты Бұланбай биік дөңге шығарып, өзіне мəңгілік ескерткіш етіп кеткен. Балуанның 
алыптығын ат көтере алмағандықтан, оны барар жеріне түйеге мінгізіп апаратын 
болыпты.
Балуан туралы ел аузында мынадай бір əңгіме бар. Бұланбайдың отызға тақаған шағы 
екен. Ол арғы беттен жайлауға қарай түскен бес қытайды көреді. Олар «біз бұл елден 
алым-салық жиғалы келдік» деп қағаздарын көрсетеді. «Кетіңдер бұл жерден» дегенге 
көнбеген қытайларды Бұланбай қамшымен бір-бір салып, терең құздан лақтырып 
жібереді. Қытай елі əскер шығарып, бүкіл елді қырамыз деп ескертеді. Сонда Бұланбай 
өз еркімен беріліп, түрмеге түсіпті.
Бір күні Қытай императоры зəулім сарайдың алдындағы арыстанның тас мүсінін 
көтерген адамның тілегін орындаймын деп жар салыпты. Күшін сынауға келгендер 
мүсінді орнынан қозғалта да алмапты. Сонда бір уəзір: «Бұл тасты түрмеде жатқан 
қазақтың балуаны көтеруі мүмкін», – дейді.
тонна машинаны үстінен жүргізіп өткізеді. Кеудесіне кесек тасты қойғызып, балғамен 
ұрғызады. Темір жол рельстерін мойнына салып, галстукша иеді.
Қажымұқан Ұлы Отан соғысы жылдарында қартайғанына қарамастан, осындай 
ойындар өткізіп, жиған ақшасына ұшақ жасатқан. Оған ұшқыш Б.Шалабаев 
отырып, талай ерліктер көрсеткен. Қазір Шымкент облысының Темірлан ауылында 
Қажымұқанның мұражайы бар.


569
СПОРТ
Императордың бұйрығымен Бұланбайды тас 
арыстанға алып келеді. Ол: «Маған бір ай мұрсат 
етіңіздер. Алдымен қойдың етін беріңіздер. Сонан соң 
екі қолымды иығыма дейін қайыс арқанмен шандып 
байласаңыздар, мен тасты көтеремін», – деп жауап 
қайырыпты. Бұланбайдың тілегі орындалады. Дүйім 
елдің алдында ол арыстанның тас мүсінін қос қолдап 
кеудесіне қойып, іле-шала басынан асыра көтеріпті. 
Күшіне разы болған қытай императоры Бұланбайды 
сый-сияпатпен еліне қайтарған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет