Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар


СПОРТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАНЫМАЛ



Pdf көрінісі
бет63/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600
2 дәріс, Ескерту, Ñàïàëû î?óëû?- áîëàøà?ÒÛ? êåï³ë³ ò?ðê³ñòàí îáëûñûíû?àäàìè ?ëåóåò, 113geo10
СПОРТ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАНЫМАЛ 
СПОРТШЫЛАРЫ
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ 
(грек-рим күресі)
Қазақ халқының кеңінен танымал болған 
спортшыларының бірі, грек-рим күресінен Олимпиада 
ойындарының жеңімпазы, балуан – Үшкемпіров 
Жақсылық. 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы 
Байзақ ауданы Тегістік ауылында дүниеге келген. 
Бапкерлері – Р.Ильматов, В.Псарев, В.Угренинов. Ол 
Семей мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік 
спорт жəне туризм академиясын бітірген. Қазақстан 
жəне халықаралық турнирлердің жеңімпазы. КСРО 
чемпионатының алтын, күміс жəне қола жүлдегері. 
КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы. 1980 
жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін, 1981 
жылы Əлем чемпионы атағын жеңіп алды. 1980 жылы 
Мəскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы 
болды. Қазақ КСР-сы Мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы, Республикалық 
кəсіподақтардың Ерікті дене шынықтыру, спорт одағы спорт мектебінің директоры 
қызметін атқарды. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Спорттағы 
жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.


572
СПОРТ
Серіков Шəміл – грек-рим күресінен Əлем жəне 
Олимпиада чемпионы болған қазақстандық балуан. Ол 
1956 жылы 5 наурызда Алматы қаласында дүниеге кел-
ген. 1979 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт жəне 
туризм академиясын бітірген. Жаттықтырушылары – 
А.Алдабергенов, Ж.Жарков. 
1978 жылы Украинадағы Запорожьеде, 1979 жылы 
Бухарестте өткен жарыста КСРО чемпионы атанды. 
1978 жылы Мексикадағы Мехико қаласында жəне 
1979 жылы АҚШ-тағы Сан-Диегода өткен жарыста 
Əлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ресейдің Мəскеу 
қаласындағы 1980 жылы өткен ХХІІ Олимпиада 
ойындарының алтын жүлдегері болды. Қазақстанның 
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 
1989 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет