ДАЛА ДАНАЛАРЫ
588
Уəлиханов Шоқан
Уəлиханов Шоқан
(шын аты – Мұхамедқанафия)
Шыңғысұлы (1835 – 1865) – ғалым, этнограф, ориенталист,
тарихшы, географ, фольклортанушы. Ол Құсмұрын
бекінісінде (қазіргі Қостанай облысы) дүниеге келген. 12
жасына дейін жеке меншік мектепте білім алады. Сонда
жүріп өлең, жыр, аңыз-əңгімелерді оқып үйренеді. Араб,
парсы, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгереді.
1847 жылдың күзінде кадет корпусына оқуға түседі.
Осында жүріп Оңтүстік Сібір, Байқал, Алтай, Орал, Еділ,
Каспийді зерттеген П.С. Палластың «Саяхаты», Орал,
Еділ, Каспий халықтарының тарихы мен этнографиясын
жазған П.И. Рычковтың күнделігі сияқты сирек
кездесетін көне қолжазбалармен танысады. 1853 жылы
кадет корпусын бітірген соң Сібір казак-орыс əскерлеріне
қызметке жіберіледі. 1854 жылы Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорт Шоқанның
ерекше қабілетін байқап, өзіне адъютант етіп алады. 1855 жылы К.К. Гутковскийдің
экспедициясымен Қапалда болып, қазақ ауыз əдебиетінің үлгілерін жинайды. 1856 жылы
Семенов Тянь-Шанскиймен кездеседі, ол болашақ Шығыс зерттеушісі – Шоқанға бағыт
беріп, оның ғылыми жұмыстарына ықпал жасайды. Осы жылы Шоқан 2 экспедицияға
қатысады. Ол қазақтың оңтүстік аймақтарымен тығыз байланыста болған Қоқан
хандығының экономикалық-саяси жəне əлеуметтік құрылысын жан-жақты зерттеп,
«Қоқан хандығы туралы жазба» атты белгілі еңбегін жазады. Ыстықкөлдің картасын
жасауға қатысады жəне осы сапарын «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай
империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар»
деген тарихи-этнографиялық шығармаларында суреттейді. Уəлихановтың ғылыми
қызметі Орыс география қоғамының назарын аударып, 1857 жылы 27 ақпанда қоғамға
мүшелікке алынады.
Уəлихановтың 1858 жылғы Қашқарияға сапары оның ғылыми қызметіндегі жаңа
кезең болды. ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы Геос қана болған
жат өлкеге сапар шегіп, ол жайлы
Достарыңызбен бөлісу: