Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар


ЕРМАХАН САҒИҰЛЫ ИБРАИЫМОВ



Pdf көрінісі
бет67/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600
2 дәріс, Ескерту, Ñàïàëû î?óëû?- áîëàøà?ÒÛ? êåï³ë³ ò?ðê³ñòàí îáëûñûíû?àäàìè ?ëåóåò, 113geo10
ЕРМАХАН САҒИҰЛЫ ИБРАИЫМОВ 
(бокс)
ЖИРОВ ВАСИЛИЙ ВАЛЕРЬЕВИЧ 
(бокс)
Ибраиымов Ермахан Сағиұлы – қазақтың бокстан 
танымал спорт шебері. 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл 
облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында 
дүниеге келген. Бокспен шұғылдануды 1985 жылы Та-
раз қаласында бастады. Ермахан 1995 жəне 1999 жыл-
дары Азия чемпионы, 1995 жылы əскерилер арасындағы 
əлем чемпионы атанды. ХХVІ Олимпиадалық 
ойындардың қола жүлдесін иеленді. 1997 жəне 1998 
жылдары Əлем чемпионатының күміс жүлдегері, ХІІІ 
Азия ойындарының жеңімпазы, Əлем кубогінің қола 
жүлдегері. 1999 жылы Азия құрлығының ең үздік бок-
сшысы атанды. 2000 жылы Австралия астанасы Сид-
ней қаласындағы ХХVІІ Олимпиадалық ойындардың 
чемпионы болды. Атланта, Сидней қалаларында өткен 
олимпиадалық ойындарда Қазақстанның туын көтеріп 
шықты. ХХVІІ Олимпиадалық ойындардағы жеңісі 
үшін I дəрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. 2002 
жылдан бокстан Қазақстан құрама командасының бас 
жаттықтырушысы. 
Қазақстанның танымал спортшыларының бірі – 
Жиров Василий Валерьевич. Ол 1974 жылы 4 сəуірде 
Балқаш қаласында туылған. Бокспен 12 жасынан бастап 
жаттыға бастады. 1989 – 1991 жылдары жасөспірімдер 
арасындағы республиканың, 1990 жылы КСРО-ның 
чемпионы атанды. 1993 жылы Германияның Берлин 
қаласында өткен Дүние жүзі чемпионатында күміс, 


579
СПОРТ
САТТАРХАН БЕКЗАТ 
(бокс)
1995 жылы Венгрияның астанасы Будапештте қола 
жүлдені ұтып алды. 1994 жылы Жапонияның Хироси-
ма қаласындағы ХІІ Азия ойындарының қола жүлдегері 
атанды. Орталық Азия елдері 1-ойындарының, Азия 
құрлығының жəне 1996 жылы АҚШ-тың Атланта 
қаласында өткен ХХVІ Олимпиада ойындарының чем-
пионы атағын жеңіп алды. ХХVІ Олимпиада ойында-
рында ең үздік боксшыға берілетін В.Баркер кубогін 
иеленді. 1997 жылдан бастап толығымен кəсіпқой 
боксқа ауысты. Жиров ІВF версиясы бойынша 
кəсіпқойлар арасындағы əлем чемпионы (2000). «Пара-
сат» орденімен марапатталған.
Олимпиадалық ойындардың чемпионы атағын жеңіп 
алған спортшылардың бірі – Саттархан Бекзат. Ол 1980 
жылы 4 сəуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар 
ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келген. Бапкерлері 
– Н.Жұмабаев, В.Везирякин. Қазақстан біріншілігінің 
қола жүлдегері, Германия мен Финляндияда өткен жəне 
Қазақстандағы Ə.Нұрмақанов атындағы халықаралық 
турнирлердің жеңімпазы болды. Жастар арасында Азия 
біріншілігінің жүлдегері, Əлем біріншілігінің күміс 
жүлдегері. Қазақстан біріншілігінің, К.Əбдəлиев жəне 
С.Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирлердің 
жеңімпазы атанды. Азия чемпионатының, ІІІ Орталық 
Азия ойындарының жəне Венгриядағы халықаралық 
турнирдің, Испаниядағы, Чехиядағы халықаралық 
турнирлердің жеңімпазы, Мəскеудегі Гран-при 
кубогінің иегері болды. 2000 жылы Австралияда Сид-
ней қаласында өткен ХХVІІ Олимпиада ойындарының 
алтын жүлдегері атанды. І дəрежелі «Барыс» орденімен 
марапатталған. 2000 жылы 31 желтоқсанда Түркістан 
қаласында қаза болды.


580


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет