Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет68/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600
2 дәріс, Ескерту, Ñàïàëû î?óëû?- áîëàøà?ÒÛ? êåï³ë³ ò?ðê³ñòàí îáëûñûíû?àäàìè ?ëåóåò, 113geo10
СПОРТ
АРТАЕВ БАҚТИЯР
(бокс)
БАҚЫТ СƏРСЕКБАЕВ
(бокс)
Боксшы Артаев Бақтияр 1983 жылы 14 наурызда Та-
раз қаласында дүниеге келген. 2004 жылдан бокстан 
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бапкері – 
Н.Ақұрпеков. Қазақстандық жəне халықаралық жары-
старда бірнеше дүркін жеңімпаз болды. 2002 жылғы 
Азия чемпионатының (Филиппин) жəне 2006 жылғы 
Азия ойындарының (Катар) күміс жүлделерін иелен-
ген. 2005 жылы Қытайда жəне 2007 жылы Америкада 
өткен Əлем чемпионаттарында екі рет қола жүлдені 
жеңіп алған. Грекияның Афины қаласында 2004 жылы 
өткен олимпиадалық ойындардың жеңімпазы жəне 
олимпиадалық ойындардың ең үздік боксшысына 
берілетін Баркер кубогінің иегері болды. І дəрежелі 
«Барыс» орденімен марапатталған.
Бақыт Сəрсекбаев – 69 килограмм салмақтағы бок-
стан ХХІХ жазғы Бейжің олимпиадалық ойындарының 
чемпионы. Ол 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облы-
сында туылған. Бокспен 12 жасынан бастап Өзбекстанда 
тұрған кезінен айналысқан.
2004 жылы Өзбекстаннан ата қонысына көшiп кел-
ген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзiне 
тең келер боксшы жоқ екенiн дəлелдеп бердi. Бейжің 
Олимпиадасы ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. 
Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан 
етiп ұтты. Одан кейін молдовалық боксшыны да тізе 
бүктірді. Ширек финалда Сəрсекбаев өзiнiң ежелгi 
қарсыласы өзбекстандық Дилшод Махмудовты жеңдi. 
Жартылай финалда кездескен кəрiс боксшысы да 
Бақыттың басымдығын мойындады. Ақтық айқаста 
бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос 
Суарестi ойнап жүрiп ұтты.


581
СПОРТ
ИЛЬЯ ИЛЬИН
(ауыр атлетика)
Бақыттың бұған дейiн де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi. 
Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт 2007 жылы Чикагода өткен Əлем 
бiрiншiлiгiнде бесiншi орынға табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген 
Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол 
жалғыз алтынның иесi де осы Бақыт Сəрсекбаев еді.
Бақыт Сəрсекбаев – Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, І дəрежелі «Барыс» 
орденінің иегері.
Ильин Илья Александрович – жастар арасында екі 
дүркін Əлем чемпионы, ересектер арасында екі дүркін 
Əлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы. Ол 1988 
жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге 
келген. 1996 жылы 8 жасында облыстық арнайы бала-
лар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтер 
мектебіне ауыр атлетика бөліміне қабылданады. Оны 
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бапкер Пак 
Вилорий Викторович жаттықтырады.
Илья 1997 жылы 9 жасында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан 
Республикасының жеңімпазы атанды. 2001 жылы 13 жасында ауыр атлетикадан 
«Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болып, Қазақстан ауыр 
атлетикасының тарихындағы ең жас спорт шебері ретінде танылды. 2003 жылдан бастап 
халықаралық жарыстарға қатыса жүріп, Илья жастар арасында екі дүркін Əлем чемпио-
ны болды. Ол 2005 жылы Дохада (Катар) өткен ересектер арасындағы Əлем чемпиона-
тында 85 кг салмақ дəрежесінде бірінші орын алады. Келесі жылы Санто-Домингода 
өткен Əлем чемпионатында 94 кг салмақ дəрежесінде өз жетістігін қайталайды. Осы-
лайша екі рет əлемдік рекорд жасайды. Дəл осындай балғын шағында дүние жүзінің 
теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз 
техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. 
Дүниежүзілік спорт ареналарында жүлделі нəтижелерге қол жеткізгені үшін 2005 
жылы мемлекеттік «Құрмет» орденіне лайықталынған болатын. Ал оның ең ірі жеңісі 
– Қытай елінің Пекин қаласында өткен ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарындағы алтын 
жүлдесі. Ол 94 кг салмақта алтын медальді жеңіп алып, небары 20 жасында олимпиа-
да чемпионы атанды. Осы жетістігі үшін мемлекеттік І дəрежелі «Барыс» орденіне ие 
болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет