Қазақ хандары қасым хан



бет9/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,8 Kb.
#97557
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
14 Қазақ хандары

1627 жылы жоңғарлардың қазақ жеріне жиі-жиі жорық жасап, елдің мазасын алып, талан-таражға түсіруіне байланысты Есім хан жорық туын көтеріп, қалың қол жинап, қалмақтарға қарсы соғысқа аттанады. Мазасыз көршіге айналған, қазақ жерін ойрандаған қалмақтарды ойсырата жеңіп, Жоңғар тауынан асыра қуып, жеңіспен елге оралады. Есім жорықта жүренде Тұрсын хан барлық әскерін жинап, алытағы жауды емес, бауыры тұрған Түркістанды шабады. Есім ханның үй ішін, әйелін, жас балаларын тұтқындап, Ташкентке әкетеді. Бұл бүліктен хабар алған Есім хан соғысқа дайындалады. Екі ханның әскері Сайрам қамалының түбінде кездеседі. Жеңіліс тапқан Тұрсын Ташкентке шегінеді. Бағы тайған ханның нөкерлері Тұрсын ханды тұтқындап, Есім ханға тапсырады. Есім хан бүлікшіл бауыры Тұрсын ханның басын алады. Есім хан ме Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі. Шығыс Түркістандағы қатаған руы жазалаудан қашып, ұйғыр халқының арасына барып паналады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» атанды.


Жәңгір хан. Қазақтың хан тағына 1628-1652 жылдары Есім ханның баласы Жәңгір отырды. Халық оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады. Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса-көктеп кірді. Орта жүз бен Ұлы жүздің шекарасында тұратын қазақтарды қырғынға ұшыратып, мал-жанынан айырды. Жоңғарлардың бұл әрекетіне шыдамаған Жәңгір асығыс, көп қол жинауға үлгермей, 600 жауынгермен 50 мыңдық Жоңғар әскеріне қарсы шықты. Жер жағдайын шебер пайдаланып, ескі Жаркент қаласынан күншілік жердегі Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа берік бекінген Жәңгірдің санаулы сарбаздары Жоңғардың 50 мың әскеріне қасқайып қарсы тұрды. Аз қолды таптап өтпек болған дұшпан әскері 10 мың адамынан айырылды. Осы кезде жорыққа аттанарда жаушы арқылы айтқан Жәңгірдің сәлеміне құлақ асып, асығыс атқа қонған Алшын Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен Жоңғар әскерінің ту сыртынан шабуыл жасайды.


Тәуке хан. Жәңгір қайтыс болған соғ, хан тағына 1680-1715 жылдары оның ұлы Тәуке отырды. Тәуке хан тағына отырған соң, Қазақ хандығындағы асқынған ішкі феодалдық талас-тартысты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды. Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, феодалдар тобының басым көпшілігі – билерге арқа сүйеуге, сонымен қатар сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан оның астанасы болды. Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбе үш жүздің басын қосқан құрылтайын шақырып отырды. Тәуке хан көршілес жатқан қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпаларының едәуір бөлігін Қазақ хандығыынң құрамына қосып алды. Қырғыздардың олардың өз биі Қоқым Қарашор, ал қарақалпақтарды олардың Сасық биі арқылы басқарып, тізгінді өз қолына алды.
Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығғайтуға айқын мүдделігін танытты.
Қазақ хандығының тағына берік отырған Тәуке хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы – «Жеті жарғыны» дүниеге әкелді. Қазақша «жарғы» деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді. Бұл Қазақ хандығы заңдары қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелер негізінде жасалды.
«Жеті жарғы» бойынша жылына бір реті, күз айларында, белгіленген жерде қазақ елінің барлық ру-тайпа басшылары құрылтайға жиналуға тиіс болды. Қатысушылар қару асынып келген. Қарусыз келген адам кұрылтай кеңеске жіберілмеген, дауыс беру құқығынан айырылған.
13 жасқа толмаған балалар қылмыстық жауапқа тартылмаған. Жүкті әйелдер кісі өлтіргені үшін де жауапқа тартылмаған. Некеге отырудың шарты ретінде 13 жас белгіленді. Екінші шарт – болашақ жұбайлардың жеті атаға дейінгі туыстық қатынаста болмауы.


Абылай хан. Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы Абылай 1711 жылы дүниеге келген. Атасы – Түркістан қаласының билеушісі әскери жорықтарда ерекше көзге түсіп, алайда кейбір озбырлық әрекеттерінің нәтижесінде «қанішер» деген жағымсыз атқа ие болған. Абылайдың 13 жасында ауылын жау шауып, әке-шеше, туыстарынан айырылған бала, әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылған. Қашып жүргенде аты-жөнін жасырып, «Сабалақ» атанған Абылай әкесімен ағайындас Орта жүз ханы Әбілмәмбет сарайындағы ақсүйектерге келіп қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет