1509 жылыШайбаникөп әскерімен Жаныш сұлтан қыстап отырған Қараталға күтпеген жерден шабуыл жасап, қазақтарды шығынға ұшыратты. 1510 жылы Шайбани хан Қасымға қарсы тағы бір шапқыншылық жорық ұйымдастырды. Ол Сығанаққа келіп, Темір сұлтан мен інісі Ұбайдаллахты көп әскерімен Қасым ханның өзі жоқта Ұлытау маңындағы Ордасын шабуға аттандырады. Қасым ханның оған қарсы жіберген Мойынсыз-Хасан бастаған шағын жасақ Шайбани хан ұрпақтары әскерінің тас-талқанын шығарып, күйрете жеңді. Шайбани ханның жеңілісінен кейін Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым ханның билігіне өтті.