18. Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері
Шалдың өзінше біршама көңіл бөлген тақырыптары бар. Ол-адам өмірі, өмірдің мәні, фәни мен бақи , дін мәселесі.
Адам өмірін жас кезеңдеріне байланысты суреттеу- түрік халықтаоы поэзиясында Хожа-Ахмет Яссауи заманыныһан бері келе жатқан әдіс. Шал да бұл тақырыпқа бірнеше өлең жазған, олардың көпшілігі ақынның қартайған, бойынан қуат кетіп, ауру болып ұзақ күнді төсекте жатып өткізген кездерінде туғанға ұқсайды. Бұл шығармалардың характерлері әр алуан. Кейбіреулері: «Елу-елдің жасы, жетпіс-оттың басы, сексен-шоқтың қасы»,-деген сияқты бірер шумақ тақпақты сөздер де, кейбіреулері адамның туғанынан өлгеніне дейінгі өмір жолын тұтас қамтитын ұзақ өлең.
Ақынның ерекше қызыға қарап, көзі жасаурай жырлайтыны-қайғысыз, қамсыз, бұ дүниенің күйкі, күйбең тірлігінен аулақ сәби шақ.
«Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірі берген несіптемін,
Алты жаста қайыңның тозыңдаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозаңдаймын,
Он жасымда сүт емген қозыңдаймын.
Сегізде бала болып ойнап едім.
Тоғызда тайлы суға бойлап едім»
«Он бес деген жасым ай,
Жарға ойнаған лақтай..»
Бұдан соң тұрған белдер-бозбалалық, жігіттік дәурен, қазақтың халық өлеідерінде дәріптелетін қайтып келмес жиырма бес, жігіт ағасының жасы отыз, отыз бес.
«Жиырма деген жасым-ай,
Көлге біткен құрақтай
Отыз деген жасым-ай
Таудан аққан бұлақтай»
«Жиырмада құрып өттім жігіт салтын,
Ойламай ешнәрсенің алды-артын
Бар болса елде сұлу менікі деп
Болмапты ешнәрседен сонда парқым..»
Шал ақынның бала тәрбиесі тақырыбына жазған өлеңдері де маңызды. «баланы жастан» деген халық мәтелін қуаттай отырып, ақын баланы жақсылық жолында тәрбиелеуді, олардың жас шығындағы тілек талаптарын ескеруді керек қылады. Қыз бала мен ұл балалар арасындағы өзгешеліктерді де ескеріп, оларға жас ерекшеліктеріне сай тәрбие беруді ұсынады. 15 пен 20 жастың арасындағы қыз баланың мінез құлқын, талап тілегін өзінше тізбектейді.
Қыз он беске жеткенде кесте алады
Жаман менен жақсыны еске алады.
Жиырмаға жеткенде тәйке деген
Аюшаға жиған мадын төске алады.
Ақын бір топ өлеңдерінде адамның қартайған шағын бейнелейді. Кәрілік шақты өзінше сипаттап, адамды құтқармайтын, ешкімнің бет жүзіне, дәулет дәрежесіне қарамайтын ортық құбылыс ретінде суреттейді. Кәрілікті ол байға да, ханға да, жаманға да, жақсыға да бірдей мейірімсіз, қашса құтқармайтын, дауасыз дерт ретінде таныды. Сонда да қартайған бай мен кедей өмірі бірдей емес. Ақынның ойынша кәрілік, әсіресе, кедейлік пен ұштасса қауіптірек. Панасыз, қамқорсыз кәріліктің қатері осындай шындық бейнесінде жырланады.
Белгісі кәріліктің кетер күшің
Болмайды жастағыдай ешбір ісің
Кәрілік дауасыз дерт қонбайтын.
«Бір жаста, екі жаста бесіктемін
Бес жаста тәңірі берген несіптемін
Алты жаста қайыңның тозындаймын
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын
Он жасымда сүт емген қозыдаймын
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын....»
«Елу – ердің жасы екен
Алпыс- бір сұмдықтың басы екен
Жетпіс келді төбелеп
Кәрілікті жетелеп
Сексен келді бүйірден
Қалдырып кетті үйірден...»
«Он бесте тартып міндім аттың жалын
Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын
Бүркіттей тасқа түскен талап етіп
Сонымен біраз жүрдім ұзын сарын...»
«Алпыс жас- бұл бір қткен өмір сәні
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі
Қызығың жігіттікте көрген бір түс
Қайта атпас жігіттіктің алтын таңы»
Достарыңызбен бөлісу: |