Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын мерекелеудің ТҰжырымдамасы кіріспе



Дата03.04.2018
өлшемі96,48 Kb.
#40074




ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН

МЕРЕКЕЛЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кіріспе
Қазақ хандығының алғаш мемлекет болып қалыптасуы XV ғасырдың екінші бөлігінде, шыңғыс әулетінің бұтағы Орыс-ханнан тарайтын Керей мен Жәнібектің 1465 жылы Сарыарқа территориясынан Шу-Талас өзені аралығындағы ауданда орналасқан Моғолстан ханы Есенбұғаның иелігіндегі жерге көшіп келуімен басталды. Бұл жерде қысқа мерзім ішінде болашақ хандықтың қазығы қағылып, қазақ тайпаларының ірі саяси бірлестігі пайда болды.

Қазақ хандығының құрылуына Евразия құрлығында болған күрделі ішкі геосаяси, этникалық және әлеуметтік-экономикалық үрдістердің салдары әсер етіп, оның құрылу уақыты өзге түркі тілдес мемлекеттердің құрылуымен (Қазан, Қырым, Астрахан, Сібір хандықтары мен Ноғай ордасы) сәйкес келді. Осыған байланысты XV ғасыр Евразияның ішкі этносаяси тарихынындағы өзгеріске көп ұшыраған кезең болып саналады. Жетісудың батысына Керей мен Жәнібек хандардың көшуінің арқасында және жаңа хандықтың құрылуына сәйкес түркі тілдес оңтүстік-шығыс көшпенділердің саяси нығаюының нәтижесінде қазақ халқының қалыптасу үрдісі аяқталды.

Қазақстан тарихына қатысты екі ғасырға жуық зерттелген деректер негізінде Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей хан мен оның немере інісі Жәнібек хан болатын. Осы уақыттан бастап қазақ хандары тек қана «шыңғыс ұрпақтары» әулетінен сайланатын болды. 1468 жылы Әбілқайыр ханның өлімінен кейін Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының жер көлемін біршама ұлғайта түскен еді. Осы сәттен бастап Қазақ хандығы құрлықта дербес мемлекет ретінде саналды.

XV ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың ортасына дейін қазақ мемлекетінің негізгі сыртқы саясатының басты бағыты материалды-экономикалық негіз бен өзінің қауіпсіздігін хандықтың жер көлемін ұлғайта түсу арқылы іске асырып отырды. Жетісу аймағы және туыстық қатынастағы барлық қазақ хан-сұлтандары билеп отырған аумақтағы тілі мен діні бір көшпелі тайпаларды өзінің қол астына кіргізе отырып, хандықтың жер көлемін ұлғайтып келген еді.

Осыған байланысты Қазақ хандығының саяси өмірі үш ғасыр бойы оңтүстік, кейінірек оңтүстік-шығыс және батыстағы көршілерімен шұрайлы жерлер, сауда жолдары үшін үздіксіз соғысып келді. Керей мен Жәнібек хандардың мұрагерлері XVI – XVII ғасырдың басындағы Қасым хан (1509-1521), Хақназар (1551-1580), Тәуекел (1583-1598), Есім (1598-1614, 1627-1628) жүргізген алғыр және сындарлы саясаттарының арқасында қазақ мемлекетінің құрамына XVII ғасырдың бірінші жартысында Сырдария өзенінің орта ағысындағы сауда және қолөнері дамыған қалалар кіріп, қасиетті Түркістан қаласы хандықтың астанасы болды. XVIIІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ хандары Жетісу мен Шығыс Қазақстан территориясының біраз бөлігін жаулап алған ойрат мемлекетімен кескілескен ұрыстар жүргізді. Үздіксіз болған соғыстар кезінде қазақтардың бас ханы Тәуке (1680-1718), Әбілқайыр хан (1718-1748) және Абылай хандар (1771-1781) жаулап алынған жерлерді толықтай қайтарып, өз елінің тәуелсіздігін сақтап қала алды.

XVIIІ ғасырдың екінші жартысында қазақ хандарының билігі Маңғыстау түбегіне дейін жетіп, Қазақ мемлекетінің территориясы Ертістен Жайыққа дейінгі және Каспий теңізінің барлық батыс жағалауын қамтыды.

Қазақ мемлекеті көптеген қазақ тайпаларының саяси, экономикалық және рухани бірігуін, олардың бірыңғай этникалық тұтастығын, қазақтардың мәдени өмірінің жан-жақты үйлесуін қалыптастырды. Үш ғасырдың ішінде қазақ жерінде көшпенді мемлекеттің түпнұсқасы орнығып, қоршаған ортаға бейімделген, өзіндік саяси бейнелемесі (хандар мен сұлтандардың мөрі) бар, орталық және жергілікті билік институттарын белгілеуді демократиялық жолмен сайлап, рухани өмірлерін дамытып, қалыптастырған болатын.

Өзіндік мемлекеті болған қазақ халқының ауызша тарихында ежелгі халық ауыз әдебиеті, бейнелеу өнері мен дәстүрлі музыка мәдениеті қалыптасып, ел тарихында мәңгі өшпес мұра болып қалды.

Бүгінгі таңда қазақ халқының далалық мемлекетінің тарихын жан-жақты зерттеу мен дәріптеу Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың алдындағы бейнесін айқындап, этномәдени сәйкестілік пен жас ұрпақтың ұлтжандылығын қалыптастырып, жалпы ұлттық бірігу мен гүлденуі ары қарай үдемелі қозғалыс болып табылады.


  1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Қазақ хандығының құрылуына 550-жыл толғандығын мерекелеу маңызды 3 негізден тұрады.



Отан сүйгіштік – бұл кез-келген мемлекеттің ең мықты өзекті тұжырымдылық негізі саналады. Осы отан сүйгіштік халықтың өз отанына деген сүйіспеншілдігін арттырып, елдің бірыңғай, табысты және гүлденуіне апаратын жалғыз жол болып табылады. 550 жыл бұрын қазақ елінің еркімен құрылған қуатты Қазақ хандығы көптеген ауыр, тұрақсыз және жауласқан заманға қарамай өзінің территориясын бекітіп, оны нығайтқаны бізге тамаша үлгі болып, мықты және шынайы сенім арқылы, болашақта мемлекеттің дамуына үлес қосатын үрдіс болмақ.

Медиялық – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын мерекелеуді заманауи ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық ортаның дамыған заманында кең медиялық және ақпараттық қолдау арқылы өткізілуі тиіс. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын мерекелеу сәтінде медиялық және ақпараттық вакуум қолдануға болмайды, себебі бұл соңында Қазақстан тарихына және Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушісіне қатысты көпшіліктің көзқарасын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мақсатты түрде кең көлемді, сапалы және толыққанды Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын мерекелейтін, Қазақ мемлекетінің құрылуы жайлы тарихи ғылыми-танымал бағдарламаларды жетекші орталық телеарналардан көрсету, Қазақ хандығының жаңадан құрылу барысындағы тарихи сәттерді, мемлекеттің дамуымен нығаюын деректі фильмдер арқылы ғылыми-танымдық бағдарламаларды жүзеге асыру қажет.

Ғылыми – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын мерекелеуде Қазақ мемлекетінің іргетасының қалауына байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеуді күшейту керек. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейтудің ішінде: отандық мамандардың ғылыми қауымдастық институтын құру: тарихшылар, этнографтар, филологтар, тіл мамандарын, шығыстанушылар, археологтар, мұражай зерттеушілерді қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихының тұжырымдамасын талқылау мәселесін; Қазақ хандығының тарихы бойынша сериялы карталарды дайындау, саяхатшылар мен кәсіби тарихшылардың XV – XX ғасырлар аралығында Қазақ мемлекетіне қатысты тарихи деректердің барлығын мұқият қарап, толыққанды зерттеу. Қазақ хандығын зерттеп жүрген отандық мамандарды Батыс Европа, Ресей, Түркия, Қытай, Мысыр, Өзбекстан мемлекетеріндегі ғылыми-зерттеу орталықтарына, мемлекеттік мұрағаттарына аталмыш тақырып бойынша ақпараттар мен деректерді жинастыруға іссапарға жіберу, қазақ мемлекетінің құрылу тарихына байланысты халықаралық деңгейде конференциялар ұйымдастыру, яғни жиынға Италия, Ресей, Түркия, АҚШ, Қытай, Венгрия, Австрия мемлекеттерінен тарихшыларларды, шығыстанушылар мен тіл мамандарын арнайы шақыру. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты зерттелген, жүйеленген мәліметтер бойынша және ақпараттық, иконографиялық материалдар негізінде халықаралық деңгейде көрме ұйымдастыру.


  1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА 550 ЖЫЛ ТОЛҒАНДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУДІҢ ИДЕОЛОГЕМАСЫ

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын мерекелеу үшін келесі негізгі идеологемалар қолданылады:



ТӘУЕЛСІЗДІК. 550 жыл бұрын Қазақ хандығының негізі қаланып, қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігі мен еркіндігі абсолютті түрде жарияланды.

МЕМЛЕКЕТТІЛІК. Қазақ халқы 550 жыл бұрын Қазақ мемлекеттілігін құрды және оны жариялады. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы Қазақ мемлекетілігімен ғасырлар бойы жоғары рухани, мәдени және еркін тығыз байланыста болып келді.

МҰРА. Мәдени мұраға бай және жоғары өнегелік дәстүр ежелден Қазақстан халқына қозғалмас темірқазық болып, 21 ғасырдағы Қазақстан Республикасының жан-жақты дамуына өз әсерін тигізетіні анық.

ӨРКЕНДЕУ. Қазақстан алғашында дамудың дұрыс бағытын таңдап, тарихтағы қиын сындарға қарамай, бүгінгі таңда халықтың әл-ауқаты жақсартып, дамудың жаңа үлгісін таңдаған сара жолмен жүріп келеді.


  1. МЕРЕКЕЛЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТЕРІ

Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толғандығын мерекелеудің басты мақсаты болып тарихта басынан аласапыран заманды бастан кешіріп, аймақтың күрделі жағдайына қарамастан тәуелсіздіктің биік туын көтеріп, 1465 жылы қазақ хандығының негізін қалаған қазақ халқына лайықты құрмет көрсетіп, қаһармандығына бас иію.



Мерекелеудің негізгі міндеттері:

  • Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын жалпыға жариялау;

  • Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту және базалық құндылықты қоғаммен үйлестіру, соның негізінде – тәуелсіздік, мемлекеттлік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімділікті қамтамасыз ету;

  • Өз халқының өткен тарихына, ерлігі мен дәстүріне, өз елінің мұрасына құрметпен қарау;

  • Қазақстандық ұлтжандылықты нығайту, Қазақ мемлекеттілігіне 550 жыл толуына орай жағымды бейнелерді құру және дәріптеу;

  • Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді түсіндіру, елдің стратегиялық құжаттарын анықтау;

  • Жаңа мемлекеттің құрымына атсалысу, елдің тағдырына және болашақ ұрпақ азаматтарына бірлесіп жауапты болу, әрдайым мақтаныш сезімін қалыптастыру;

  • Елдің барлық азаматтарын мерекелік іс-шараны жүргізуге және белсенді атсалысуға қатыстыру.




  1. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ


Дайындық кезең. Аталмыш кезеңде Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуын мерекелеуді орталық дәрежеде және кешенді тәжірибелік-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, оған сәйкес нормативті-құқықтық құжаттар бекітілуі қажет.

Негізгі кезең. Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына және оның басқада көріністерінің тарихи мағынасын ашу және мерекелік шараларды айрықша түрде өткізу.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған басты шара Жамбыл облысында өтетін болады. Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550-жылдығын насихаттау бойынша «Алтай – Дунай» экспедициясын, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында «Ұлытау – ұлт ұясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу, «Таңбалы» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы Визит-орталығы құрылысын салу, «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы Визит-орталығы құрылысы аумағында тас қою шаралары негізгі оқиғалардың бірі болады.

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және жаңғырту мақсатында Тараз қаласында «Қазақ хандығына 550 жыл» паркін және монументін ашу, «Көне Тараз» жобасын жүзеге асыру (ескерткіштерге археологиялық зерттеулер, консервация және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу, жер телімдерін алу), Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қайта жаңғырту және консервациялау жұмыстарын жүргізу, Қарағанды облысында Алаша, Жошы Хан кесенелерін қайта жаңғырту, Ақтөбе облысында Әбілхайыр хан жерленген орында «Хан моласы» мемориальды кешенін салу тәрізді шаралар жүргізіледі.

Орта білім беру мекемелерінде Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған сынып сағаттары, шығармалар байқауы, тақырыптық кездесулер, шығармашылық байқаулар, спорт сайыстары т.б. ұйымдастырылады.

2015 жылдың 3-ші тоқсанында отандық және шетелдік ғалымдардың, оның ішінде тарихшы, шығыстанушы, лингвисттердің және т.б. қатысуымен Қазақ хандығының құрылуы тарихына арналған бірқатар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Сонымен қатар, мерейтой аясында республикалық және облыстық ақындар айтысы, музейлер мен кітапханаларда көрмелер, Қазақ хандығының көрнекті тарихи тұлғалары туралы республикалық және облыстық театрларда театрландырылған қойылымдар, «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы, «Қыпшақтар – тарих және мәдениет», «Ел ұраны – Ұлытау» атты фольклорлық фестивальдар өткізіледі.

«Қазақфильм» киностудиясы «Қазақ елі» тарихи-драмалық 20-сериялы телесериалын, «Қазақ Хандығына 550 жыл» деректі фильмдерін, «Қазақ елі» көпсериялы анимациялық фильмдерін шығаруды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, мерейтой барысында ұлттық спорт түрлері ұйымдастырлады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы үшін «Қазақстан барысы» қазақша күрестен халықаралық турнирі өтеді. Жыл бойы республика бойынша көпшілік спорт ойындары, турнирлер, сайыстар және т.б. ұйымдастырлады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған мерейтойлық монеталар шығарады.

Жоғарыда аталған іс-шаралар еліміздің барлық аумағын қамтиды. Мерекені барлық тұрғындар сезіну керек. Әр қазақстандық бұл іс-шараға өзінің бар ынта-жігерімен қатысуы қажет.

Мерейтой аясында республикалық және жергілікті БАҚ-тар өтетін шараларға белсенді ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.


  1. МЕРЕКЕНІҢ СЫРТҚЫ АТРИБУТТАРЫ

Мерекенің логотипінде Қазақ хандығының құрылуына сай сол уақыттағы элементтер мен рәміздердің болуы міндетті.

Сыртқы эскиздерді рәсімдеуде Қазақ хандығының тарихи дамуы кезіндегі және оның заманауи мұрагері – бейбіт, гүлденген, дамыған бірыңғай Қазақстан Республикасының арасындағы жоғарғы рухани байланыстар көрсетілуі қажет.

Мерекенің түстеріне қатысты гаммасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсіне сай: бейбітшілікті білдіретін аспан түстес көгілдір түс және алтын жалатылған Күннің жарық бейнесіне сәйкес болуы тиіс.




  1. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР


Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуын мерекелеуге арналған аталмыш тұжырымдаманың қорытындысы бойынша Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық тарихы бар екендігі жарияланып, елдегі әрбір азаматтың патриоттық көңіл-күйін көтеріліп, азаматтар өздерінің өткен тарихына деген қызығулықтарын арттырып, қоғамды рухани-мәдени және идеялық тұрғыда нығайтумен қатар қазақстандықтардың мемлекеттілік пен тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауына, жаңа белестерді бағындыруына жол ашады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет