Қазақ хандығының 550 жылдық тақырыбына арналған
бейнелеу өнері түрлерінен суретшілердің және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Мәңгілік ел - мұратым» атты фотосуретшілердің облыстық байқауының
Е Р Е Ж Е С І
І. Жалпы ережесі
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы 2015 жылдың маусым-шілде айлары аралығында Қазақ хандығының 550 жылдық тақырыбына арналған бейнелеу өнері түрлерінен суретшілердің және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Мәңгілік ел-мұратым» атты фотосуретшілердің облыстық байқауын өткізеді.
ІІ. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
Халық арасында фото, қылқалам және қолөнер иелерінің шығармашылығын дамыту және қолдау;
Ұлттың рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру;
Болашағынан зор үміт күттіруші шығармашылық тұлғаларды анықтап, қолдау көрсету;
Өнер иелері арасында шығармашылық қарым-қатынас орнату.
ІІІ. Байқаудың номинациялары
Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:
Бейнелеу өнері (живопись)
Қолөнер түрлері
Фотосурет
ІҮ. Байқаудың шарттары мен талаптары
Бейнелеу өнері (живопись) номинация бойынша шарттар мен талаптар:
Қазақ хандығының 550 жылдық тақырыбы бойынша бейнелеу туындылар (живопись) қабылданады;
Номинацияға кәсіби суретшілер қатысады;
Жасалған туындылардың көлемі 90см х 60 см кем болмауы тиіс;
Әсем безендірілуі шарт (багет т.б.);
Орындау техникасы: майлы бояу, кенеп болуы тиіс;
Автордың аты-жөні, жұмыстың атауын көрсету қажет;
Үздік деп танылған бейнелеу өнер туындыларының авторлық құқығы сақталып, облыстық мұражайға тапсырылады.
Марапаттау
Ынталандыру сыйлықтары және І орын, ІІ орын, ІІІ орын
Қолөнер номинациясы бойынша :
Теріден жасалатын бұйымдар
Құрақ көрпе, текемет, сырмақ, гобелен (көлемі 90 см кем болмауы тиіс)
Зергерлік бұйымдар
Облыстың аудандары мен Тараз қаласын мекендейтін барлық ұлт өкілдері қатыса алады және қолөнер шеберлері әр түрі бойынша 2-3 адамнан аспауы тиіс.
Қатысушылардың жасы 16 - дан жоғары болуы тиіс.
Үздік деп танылған жұмыстар авторлық құқығы сақталып, облыстық мұражайға тапсырылады.
Марапаттау
Әр түрлері бойынша ынталандыру сыйлықтары және І орын, ІІ орын, ІІІ орын
Фотосуретшілер номинациясы бойынша шарттар мен талаптар:
«Мәңгілік ел - мұратым» тақырыбы бойынша фотосуреттер қабылданады;
Қатысушы А3 форматтан кем емес фотосуретті міндетті түрде жиектемеге салып өткізеді;
Қатысушылардың жасы 16 - дан жоғары болуы тиіс.
Үздік деп танылған жұмыстар авторлық құқығы сақталып, облыстық мұражайға тапсырылады.
Марапаттау
Ынталандыру сыйлықтары және І орын, ІІ орын, ІІІ орын
V. Барлық номинациялар бойынша бағалау критерийлері:
Тақырыпқа сәйкестігі
Көркемдік ерекшелігі
Шығармашылық жаңалығы
VІ. Ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады;
Жүлделі орындардың саны мен сыйлықтарды анықтайды;
Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды;
Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
VІІ. Құжаттарды қабылдау
Байқауға қатысу жөніндегі өтініштер 2015 жылдың тамыздың 1-не дейін қабылданады.
Қатысушылар 10х15см 2 фотосуреті мен жеке төлқұжатының көшірмесін, шығармашылық өмірбаянын ұйымдастыру комитетіне алдын ала тапсырады.
Мекен-жайы: 080000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 35 үй, 514 бөлме
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы. Байланыс телефоны: 8/7262/ 43-88-01; 43-88-18
Электрондық пошта: ocnt_taraz@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |