Бекіту сұрақтары
1.Қ. Жұбановтың қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелеріне арналған еңбектері. 2.Ғалымның қазақ тілінің фонетика саласын дамытуға қосқан үлесі.
3.Қ.Жұбановтың қазақ орфографиясын және әліпбиін өзгертуге байланысты ұсыныстары.
4. Құдайберген Жұбанов – латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы мен орфографиясын жүйелеген аса ірі фонетист ғалым.
5.Қ.Жұбановтың емле ережелерін жүйелеу жағына көңіл аударуы.
6. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімінің грамматикасы, фонологиясы, лексикологиясы жайында айтқан тұжырым- толғамдары.
Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
11. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
12. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
13. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б
Тақырыбы-9. Қазақ орфографиясы және көрнекті ғалым Сәрсен Аманжолов
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. «Жаңа алфавит және қазақ әдеби тілінің орфографиясы» (орыс алфавиті негізінде) еңбегінің мәні 2. Сәрсен Аманжоловтың терминология мәселесі жайындағы пікірлері. 3. Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы», «Жаңа алфавиттің принциптері туралы» еңбектері.
Дәріс тезисі
1. Сәрсен Аманжолов – қазақ жазуының орыс графикасына негізделуін алғашқылардың бірі болып қызу қуаттап, «Жаңа алфавит және қазақ әдеби тілінің орфографиясы (орыс алфавиті негізінде)» деген еңбегінде әліпбидің алғашқы жобасын жасаған. Қазіргі қолданылып жүрген қазақ алфавиті мен қазақ орфографиясының негізгі принциптері 1940 жылы қараша айында өткен Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Ү сессиясында ғалым Сәрсен Аманжолов жасаған жоба негізінде қабылданған.
Күні бүгін қолданылып, қазақ тілі орфографиясында негізгі дәстүрге айналып отырған морфологиялық принцип те Сәрсен Аманжолов көтерген тың мәселелердің бірі болатын. Бұл принцип 1938 жылға дейін жазу тәжірибемізден жүйелі орын ала алмай келген еді. Түбір сөздерді жазудағы морфологиялық принцип сөйлеу, жазу мәдениетімізді бірізділендірді. Сөйтіп, тілімізге техникаға, ғылымның түрлі салаларына байланысты орыс тілі арқылы енген термин және интернационалдық сөздердің түбірін сақтап жазуға негіз болды. Сонымен бірге, мұның өзі біріккен сөздердің құрамындағы компоненттерді де (мысалы, қарақат, бірқазан, қонақасы) түбірін сақтап, дұрыс жазуымызға жағдай жасады. Сондай-ақ, соңғы кезге дейін естілуінше жазылып, біріккен сөздер тобында қаралып келген көптеген тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фразалардың) құрамындағы сөздер бір-бірінен бөлініп, дұрыс жазылуына да морфологиялық принцип басты себеп болды.
Жаңа алфавиттің құрамында 41 әріп болды. Бұл алфавитте орыс әріптері түгел сақталып, қазақ тіліне тән 8 әріп қосылады. Кейбір тілшілер, жазушылар жаңа сөздіккке щ, ц, ч, я, ю, ь, ъ әріптерінің алынуына қарсы болды. Бірақ Сәрсен Аманжолов бұл әріптерді алып тастау орыс тілінен еніп жатқан мыңдаған сөздердің берекесін қашырып, мағынасын бұзатындығын әбден сенерліктей, көңілге қонымды етіп дәлелдеп берді.
Сәрсен Аманжолов орфографиялық, екі тілді және түсіндірме сөздіктер жасау ісіне де зор көңіл бөлді. 1940 жылы үкімет бекіткен жаңа алфавит пен орфографиялық ережелер жинағына негіздей отырып, С.Аманжолов 1941 жылы өзінің көпшілікқолды орфографиялық сөздігін шығарады. Бұл сөздік орыс алфавиті негізінде қабылданған жаңа алфавитіміз бен орфографиялық ережелерді қазақ оқырмандарының жедел игеріп алуына, қазақ әдеби тілі жазу нормасының жақсарып, жетіле түсуіне айтарлықтай жәрдем етті.
2. Сәрсен Аманжоловтың қазақ тілі ғылымында үнемі атсалысқан проблемаларының бірі – терминология мәселесі. 1934 жылы терминология жөнінде жазған мақаласынан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін қазақ тілінің терминология мәселесіне үнемі араласып отырды. Сәрсен Аманжолов аударма туралы мәселені терминология саласымен тығыз байланысты деп қарады. Өйткені химия, геометрия сияқты пәндерге термин сөздердің жиі кездесетінін ескерді. Ал көркем шығармалардың аудармасы ұғымды болуы керек деген көзқараста болады. Сәрсен Аманжолов 1959 жылы аударма мен терминология жайында көлемді мақала жазып, нақты фактілермен география, адам анатомиясы мен физиологиясы, ботаника пәндерін және ауыл шаруашылығына байланысты әдебиетті аударуда терминдерді қолданудағы жетістіктер мен кемшіліктер туралы кеңінен баяндайды. Бұл мақалада көркем әдебиет аудармасы туралы да сөз қозғалады.
Ол тіл біліміне байланысты көптеген ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, солардың ішінде, «Жаңа әліппенің кейбір дыбыстарын өзгерту, емле мен терминдерді дұрыстау туралы», «Әліппе мен емледегі жаңалықтар жобасы», «Емле айтысындағы түйінді мәселе», «Емле, әліппені өзгерту, дұрыстау жөніндегі жоба», «Усовершенствованный казахкий алфавит», «Қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы», «Основные положения транскрипции географических названий Казахстане», «Жаңа алфавиттің принциптері туралы», «Қазақ тіліндегі ғылыми терминология мен аударма мәселесі туралы» т.б. еңбектері емле түзу мәселесіне арналғаны анық.
тапсырмалар. 1. С.Аманжоловтың лексикография саласына арналған
еңбектерімен танысып, конспект жазыңыз. 2. Ғалымның термин жасауға байланысты көзқарастары байынша ақпарат жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |