Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет5/55
Дата08.02.2023
өлшемі287,7 Kb.
#168039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Бекіту сұрақтары
1. «Диуани лұғат ат-түрк» - түркі тілдерінің грамматикасыналғаш жүйелеген еңбек.
2. Түркі тілдеріндегі сингармонизм заңдылығы.
Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
9. Қайдар Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. -Алматы, «Ана тiлi», 1998. - 304 б.
10. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
11. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
12. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
13. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. –А:«Балауса»,2000.-509 б
Тақырыбы-5. Ы. Алтынсарин – жазба әдеби тілдің негізін қалаушы
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған хаттары. 2. Ыбырайдың тіл тазалығы үшін күресі және тіл жөніндегі материалдары. 3. Ы. Алтынсариннің Н.И. Ильминскийге жазған хаттары.. Ыбырай Алтынсарин қазақ жазба әдебиетінің алғашқынұсқасын салуы
Дәріс тезисі
Орыс графикасының қазақ даласына алғаш танымал бола бастап, қолданысқа түсуіне көп ықпал еткен қазақтың тұңғыш педагогі Ы. Алтынсарин болды. «Қырғыз хрестоматиясының» алғы сөзінде автор «әлі күнге дейін қазақ балалары мен ересектері түсініп оқырлықтай таза қазақ тілінде жазылған бірде-бір кітап жоқ; орыс-қазақ мектептерінің оқушылары татар тіліндегі кітаптарды қолдануға мәжбүр болып жүр, татар тілінің араб-парсы cөздepінe лық толған кітаби тілі әрі түсініксіз, әрі мазмұны кілең діни сарындағы кітаптар болғандықтан, оларды оқытудың практикалық нәтижесі шықпайды, балаларға орысшадан-қазақшаға, қазақшадан-орысшаға аударып үйреткенде өте қолайсыз, тіпті мәнсіздіктен бас қатады»,- деп жазды. Ы. Алтынсарин араб алфавитінен ғана емес, жазба әдебиетте жөнді-жөнсіз қолданылып жүрген, бірақ көпшілікке түсініксіз араб, парсы сөздерін бет алды қолдана беруден құтылудың жолын іздеп, нәтижесінде орыс графикасын практика жүзінде пайдаланды. Оның мысалдары мен өлеңдері орыс графикасымен жарық көрді.
Қазақтың ауызша жасалып, дамып келе жатқан бай тілінің жоғары дәрежеде екендігін көрсету үшін Ы. Алтынсарин өз шығармаларын сол кездегі сөйлеу тілінде жазды. Ол қазақ тілін оқытуда ең басты нәpce ретінде графиканы қойған жоқ. Ол кезде графика туралы сөз қозғау әлі ерте болатын, сол кездің басты мәселесі - сөйлеу тілінің негізіндегі қазақ әдеби тілінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық саласына қызмет ете алатындығын, әсіресе оқу-ағарту ісінде де осы принципті басшылыққа алуға болатындығын дәлелдеу болатын. Осы тұpғыдан келгенде қазақ графикасының даму кезеңінде Ы. Алтынсаринның да өзіндік орны бар екенін бағамдауға болады.
Ы. Алтынсариннің Н.И. Ильминскийге жазған хаттары сол тұстағы өзге ресми хаттарға тән мәтіннің басында келетін ұзыннан-шұбақ жартылай арабша, жартылай қазақша арнау сөздерден аулақ. «Қадірден ағамыз Бәйекеге көп сәлем» деп бастайды да, бір-екі сөйлеммен амандықты қысқаша айтып, өзінің білдірейін деген мәселесіне бірден көшеді. Хат, негізінен сол тұстағы халықтың сөйлеу тілімен жазылған, сөйлем құрылысында, сөз қолдануда оны айқын байқауға болады. Алайда хат мәтінінен қазақ қауымы қолдаған көне жазба әдеби тіл дәстүрі де көрініп қалады. Аталған дәстүр емледе с, ж дыбыстарының орнына ш, й, дыбыстарын жазып жіберу, түбірге қосымша қосылғанда үндестік заңының сақталмауы сияқты жайттардан көрінеді. Сол сияқты ш орнына ч әрпін жазу, етістіктің шартты рай формасынан кейін лар, лер көптік жалғауын қосу, есімшенің ар, ер, жұрнақтарының ұр, үр түрінде келуі де дәстүрлі орфографияның заңдылықтары деуге болады. Хаттың лексикасы, негізінен, қазақтың байырғы сөздерінен тұрады. Қазіргі әдеби тіл нормасы тұрғысынан алып қарағанда, көнерген немесе жергілікті сөз қолданысқа тән бірен- саран сөздер бар.
2. Ыбырай Алтынсарин қазақ жазба әдебиетінің алғашқы нұсқасын салып берді деген ұғымды түсіну керек. Ы.Алтынсаринге дейін көркем жазба әдебиет болды ма деген тұрғыдан келгенде, біз оның шығармаларын қазақтың жазба көркем әдебиетінің алғашқы қарлығашы деп түсінеміз. Ыбырай Алтынсарин шығармашылық, педагогтік жұмысын ең алдымен ана тіліміздің тазалығын сақтау үшін күрестен бастады. Мұның өзі себепсіз емес еді. Ы. Алтынсаринге дейінгі қазақ тілінің «қоспалы» болғандығын, атап айтқанда, татар, араб, парсы сөздерімен шұбарланғандығы белгілі. Сол кезде баспа жүзінде шыққан қазақша материалдардың тілі туралы орыс ғалымдары да жазған болатын. Мысалы, Н. Ильминский: «қазақ жазбаларынан таза қазақша жазылған бір парақ қағаз, не бір хат таба алмайсың, өйткені араб -татар алфавиті қазақтың дыбыс жүйелерін, әсіресе дауысты дыбыстарын дәл бере алмайды». Ы.Алтынсарин жоғарыдағы аталған «қоспа» тілге әдебиетіміздің басы болып саналатын «Қазақ хрестоматиясын» жарыққа шығару арқылы қатты соққы берді. Бұл кітап-тіл тазалығын сақтаудағы салып берген сара жол, практикалық өнеге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет