8. Т-О-Т-Е моделі
Белгілі американдық психологтар Дж.Миллер, Е.Галантер және К.Прибрам «Мінез-қылық жоспары және құрылымы» деген кітапта (1960) былай деп жазды: «Адам өзінің ойын тіл арқылы жеткізбес бұрын, өзінің пікірінің программасын құрап алады, «бос ұяшықтары бар жалпы схема» (общую схему с пустыми ячейками) жасайды». Олар мұны жоспар деп атайды. «Бізде не айтпақ болғанымыз жайында анық алдын-ала болжау (предвосхищение) бар, - деп ескертеді олар, - және біздің қажетті сөздерді таңдауымыз біздің пікір айтуымыздың болып өткен элементтерінен гөрі одан да зор бір нәрсеге тәуелді болады. Бізде сөйлемнің жоспары бар және оны тұжырымдап бергенде, бізде не айтпақ болғанымыз жөнінде айқын түсінікке ие боламыз. Шамасы, біз айтпақшы болған қандай сөзді айқындағанға шейін, сөйлемнің жоспары анықталуы тиіс».
Басқаша айтқанда, олар сөйлеу әрекетін жоспарлау үрдісін қарастыра отырып, сөйлеуші өзі айтқысы келгені жайында біраз түсінігі болады және жоспарды жүзеге асыру үрдісінде ол оған жақындауға тырысады. (Бұл бихевиоризмде болмаған). Олардың пікірінше, жоспарды жүзеге асыру процесінде адам сынау (методом проб и ошибок) тәсілі бойынша әрекет етеді. Кейде жоспарға нәтиженің сәйкес келмеуі де кездеседі. Бірақ мұндай жағдайда кері байланыс механизмі (механизм обратной связи) іске қосылады және адам сынаудан операцияға, сынаудан нәтижеге қарай жоспарды жүзеге асыруға бет алады. Сондықтан да бұл модель ТОТЕ (test – operate – test – exit, яғни сынау – операция – сынау – нәтиже) деген атқа ие болды.
Бұл модель бойынша, адам сөйлеу әрекетін жасай отырып қате әрекет жасаған кезде кері байланысты іске асыра отырып, яғни өзін түзете және дұрыс сөйлей отырып, әрдайым өзінің сөйлеуін бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |