8. Мәтіннің қасиеті.
Мәтін күрделі семантикалық құрылым болып мынадай сипаттарға ие: тұтастық, байланыстылық, эмотивтілік, креолизованность, прецендентность, саңылаулық (үзіліс). Сонымен қатар, мәтінде коммуникантттардың тілдік емес мінез-құлық іздері де байқалады. Мәтіннің бұл қасиетін толығырақ қарастырайық.
Сөйлеуші алдына белгілі бір мақсат қоя отырып, оны өте тиімді жолмен, жақсы әдіспен орындауға тырысады. Бұл үшін сөйлеуші анық сезіне бермейтін, тек көмескі ғана сезіне білетін жалпы тпкі ойды мәтінде жүзеге асыру қажет. Бірақ мұндай түпкі ой міндетті түрде болады және дәл осы түпкі ой мәтіннің маңызды қасиеті тұтастылықты қамтамасыз етеді.
Түпкі ой мәтінді толығымен қамтиды – басынан соңына дейін, оның құрылымдық қасиеттеріне өзінің әсерін тигізеді. Мағыналық байланыс сөйлемнің құрылымына еніп қана қоймайды және сонымен қатар сөйлемдерді өзара байланыстырады. Негізінде мәтіннің түпкі ойы және оның формаларының сәйкестігі жатқан сөйлемдердің орын тәртібінің ретінің мағыналық интеграция жүзеге асады. Бұл оның тұтастылығын білдіреді. Бұл тұтастық сөйлеудің объектісін сипаттауда және мәтіннің грамматикалық жағынан бірыңғайлығынде (көбінесе нарративті етістіктер формасында) көрініс табады.
Мәтіннің тұтастылығы – бұл ең алдымен, мағыналық құбылыс, тұтас мәтіннің сыртқы белгілерін, мәтіннің белгілі бір тілдік және сөйлеу шекараларын бөліп алуға болады. Көбінесе, бұлар мәтіннің басы және соңының белгілі бір формулалары ретінде танылады. Мәтіннің бастапқы сигналына тақырып (90), құжат түріне нұсқау (91), қаратпа сөздер (92) және т.б. этикеттік фразалар жатады.
(90) «Дубровский»
(91) «Сенім хат»
(92) «Ханымдар мен мырзалар!»
Мәтіннің аяқталғандық сигналдары – бұлар түрлі тілдік формулалар (93), автордың қолтаңбасы (айталық, сенімхаттың соңында) немесе финалдың метамәтіндік нұсқаулар (94).
(93) «Көңіл бөлгендіріңіз үшін рахмет»
(94) «Жалғасы бар», «Фильмнің соңы»
Психолингвистика ғылымына жүгінсек, егер мәтіннің көптеген элементтері зиян келместей түрде көлемін кішірейту қысқарту мүмкін болса, ол мәтін тұтас болып табылады. Мәтіннің тұтастылығы оны неғұрлым сығымдаған сайын да сақталуы тиіс. Егер мәтінді әр қысқартқан сайын өзінің «мағыналық тепе-теңдігін» сақтап, тек маргинальды, кездейсоқ элементтер жоғалып кетесе, онда бұл мәтін тұтас болып есептеледі (Мәтінді сығымдау жайында айтқан кезде, ереже бойынша сыналушылардың қатысуымен жасалған психолингвистикалық эксперимент негізінде жасау тиіс).
Мәтіннің тұтастылығы оның салыстырмалы сипаттамасы болып табылады – оқырман оны қаншылақты тұтас деп есептеуіне байланысты. Егер оқырман қандай да бір мәтінді тұтас де таныса, онда ол мәтін тұтас.
Тұтас емес мәтінге мысал ретінде «Айбатты солдат Швейктің басынан кешкендері» деп аталатын Гашектің романының басты кейіпкерінің ұсынған есеп-жұмбағы бола алады (95). Онда мәлімет жетіспейтіні анық. Бірақ оның қолданыс контекстін білгенде ғана (басты кейіпкердің нақұрыстықтың симулляциясы) біз автор өз алдына қойған мқсаттына жетті деп шешім қабылдай аламыз.
(95) Мен де сіздерге бір есеп-жұмбақ жасырғым келеді. Төрт қабатты үй тұр, әрбір қабатта 8 етерзелі, шатырда екі терезелі бөлме бар және екі мұржа, әрбір қабатта екі пәтер жалдаушы бар. Ал енді жолдастар, швейцардың қаншыншы жылы әжесі қайтыс болғанын айтыңыздар?
Мәтіннің маңызды категориясы байланыстылық болып табылады. Егер мәтін жалпы автордың түпкі ойы шеңберінде мағынасы жағынан бір-біріне байланысты сөйлемдердің аяқталған бірізділігін құрайтын болса, онда бұл мәтін байланысты болып табылады.
Байланыстылық (немесе когезия) екі типті болып келеді: формальды (немесе эксплицитная) және семантикалық. Формальды байланыстылық – бұл тілде көрінетін байланыстылық; ол мәтіннің үстіңгі (поверхностной структуре) құрылымында элементтер байланыстылығының бар болуымен негізделген. Эксплицитті байланыстылық типтеріне қайталамалар (96), грамматикалық категориялар бойынша сөйлемдердің қиысуы (97), есімдіктер арқылы байланысу (98), бұрынғы сөздерді синонимімен (99), антонимімен және т.б. алмастыру.
(96) Қазақстан – үлкен мемлекет. Қазақстанда 15 миллион адам тұрады.
(97) Бөлмеге бір кісі кірді. Кірген адам боп-боз болып кеткен.
(98) Кішкене қыз-бала отыр. Ол кітап оқып отыр.
(99) Кеше маған досым келіп кетті. Жолдасым кеткен кейін, мен ұйқыға кірістім.
Формалық байланыстылықты қарастыру барысында элементтер жақындығының семантикалық интерпретациясының проблемалары туындайды. Сондай-ақ кейбір сөйлемдерді (100) қабылдауда белгілі бір мәтіннен тыс мәліметті білетіндер үшін ғана ол байланысты болып келеді (101).
(100) Наполеон соғыста жеңіліс тапты. Бірақ Қасиетті Елена аралының тұтқыны берілмеді.
(101) Наполеон Қасиетті Елена аралына жер аударылған болатын.
Мәтіннің мағыналық (немесе имплицитті) байланыстылығы – бұл қатар орналасқан фразалардың жалпы мағынасы негізіндегі байланыстылық. Ол байланыстылықтың сыртқы құралдарының көмегінсіз-ақ жүзеге асады. Мұндай байланыстылық қайта орнатылуының себептері суреттеліп отырған объектілердің бір кеңістікте қатар орналасуына (102), реципиентте дұрыс логикалық ойлануына (103), жалпы ортақ пресуппозиция – сөйлеу объектісі жайындағы біліміне байланысты (104).
(102) Ол көзілдірік киді. Көзі бұрынғысынан жақсы анық көре бастады.
(103) – Мен де Гавайға ала кетесің бе?
- Мен не миллионермін бе?
(104) – Сіз корольдік құтқару қоғамының жалаушасын сатып алмайсыз ба?
- Мен әдетте сіңліммен демалысты Бирмингемде өткіземін.
Фразалар арасындағы мұндай байланыстылық тек қана лингвистикалық құралдар арқылы бейнеленбейді, сондай-ақ бұл жерде мәдениет, технология облысынан мәліметтерді, тұтас заттар әлемі және адамдар қарым-қатынас әлемі бойынша білімдерін қатыстыру қажет.
Психолингвистикада мәтін автордың жеке ассоциацияна (105) негізделген байланыстылық реконструкциясы зерттеушінің мәтін мағынасы жөніндегі гипотезасы негізінде айтылуы мүмкін емес, психолингвисттен санасында мәтін іске қосылып, мәтін проекциясына айналатын реципиентке көңіл бөлу талап етіледі.
(105) Менің құдығымдағы шелектің айналасына шырмауық оратылып өсіпті.
Көршімнен су алып ішемін.
Бір-бірімен байланысы жоқ мәтіндердің болуының өзі (көбінесе, «абсурд театрына» тән) бір жағынан, мәтін құрастыру барысында бұзылмауы тиіс ережелер жайында, екінші жағынан, мұндай ауытқулар ерекше мәнге ие болып, мәтін түзу барысында өзіндік мақсат болуы мүмкін. Мәтіндегі байланыстылықтың бұзылуы (106) жеке адамның психикалық және когнитивті процестер дезорганизациясы жайын білдіреді (көбінесе, шизофрения жайында).
(106) Әйел жер жыртты.
Ат аяғын сындырып алды.
Өгіз аэропланда ұшып бара жатыр.
Мен қытықтаудан қорықпаймын.
Шет тілін меңгерту үшін тұтастылық және байланыстылық жайындағы білімді мәтін категориялары ретінде қолдану маңызды. Оқыту барысында «дұрыс құрылған» мәтінмен жұмыс істеу керек. Мәтін неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, соғұрлым ол қабылдауға көмектеседі.
Фигуровскийдің байымдауынша: «Егер тақырып әлсіз белгіленген немесе жеткілікті дәрежеде дамытылмаса, онда оқыту мақсатында мәтіндерді қолданбаған жөн». Мазмұн бірлігі және тұйықтылығы мәтіннің құрылымына сәйкес келуі қажет, яғни мәтіннің белгілі бір бастауы, алдыңғы сөйлемдермен кейінгі сөйлемдердің (немесе компоненттердің) анық байланысы, сонымен қатар, құрмалас сөйлемнің компоненттерінің ара қатынасының мағына жағынан сәйкестігі және ең ақырында фабуланың аяқталуындағы барлық мәтіннің аяқталуының құрылымдық берілуі көрінуі. Сөйлеушілердіңмәтінді түсіндіру барысындағы қателері қысқартылған мәтін дефектілеріне байланысты тәуелді болып табылады.
Аяғында жоғарыда айтылып кеткендердің жинақталған бейнесін беріп отырмыз:
Мотив
Мәтін астары
Мәтін проекциясы
Қызмет
Әлем бейнесі
Продуциент
Реципиент
МӘТІН
Тілдесу
Түпкі ой
Тұтастылық
Басқа таңбалық жүйелер
Байланыстылық
Эмотивтілік
Сөз
Пікір айту
Мәтін астары
№ 7. Психолингвистикадағы эксперимент
Достарыңызбен бөлісу: |