2.2. Ассоциативті эксперименттің жауаптарының интерпретациясы. Ассоциативті эксперименттердің нәтижелерін интерпретациялаудың көптеген мүмкіндіктері бар. Ғылыми айтыстардың егжей-тегжейіне жетпей, олардың кейбірін қарастырып шығаыйқ.
Ассоциативті эксперименттің жауаптарының анализі барысында, ең алдымен, синтагмалық (7) және парадигмалық (8) ассоциациялар жіктеледі:
(7) аспан – көк, машина – айдау, шылым шегу – жаман
(8) стол – стул, әке – шеше
Синтагмалық асоциациялар деп сөз-стимулдың грамматикалық класынан реакцияларының грамматикалық класы ерекшеленетін ассоциацияларды айтамыз. Парадигмалық ассоциацияларда сөз-реакциялар сөз-стимулдың грамматикалық класымен бірдей болып келеді. Бұлар «минимальды контраст» принципіне бағынады, яғни сөз-стимулдар сөз-реакциялардардан семантикалық компоненттерінің құрылымы жағынан неғұрлым азырақ ерекшеленетін болса, сөз-реакциялардың ассоциативті процестегі актуализациясы мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бұл принцип неліктен ассоциация характері бойынша сөз-стимулдардың семантикалық құрамын қалпына келтіруге мүмкін екенін түсіндіреді: сөздерге берілген көптеген ассоциацияларда сөз-стимулдардың мағынасына ұқсас белгілердің қатары бар (9).
Тіл иесіне реакциялар бойынша стимулды табу оңай болуы мүмкін (9 бұл каникулдар)
(9) жазғы 11; жаз 10; демалыс 6; қысқа, жуырда, алақай 4; іссіздік (безделье), ауылда (в Простоквашино), басталды, мектеп
Парадигмалық ассоциациялар тілдік қатынасты, ал синтагмалық – сөйлеуді бейнелейді деп есептеледі.
Сонымен қатар, түрлік қатынас (10), стимулмен фонетикалық жағынан ұқсастыққа ие реакциялар (11), клишалық (12), және жеке (13) түрлері де жіктеледі:
(10) жануар – мысық, үстел – жиһаз
(11) дом – том, мышка – книжка
(12) шебер – он саусағын өнер тамған, гость- каменнный
(13) ер – мен міндеттімін (я должен)
Достарыңызбен бөлісу: |