Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет87/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

4. Лакундар

Пихолингвистикада мәдени бағыт шеңберінде мәдениетаралық коммуникация проблемасы қарастырылады. Мәдениетаралық коммуникация – бұл әртүрлі халықтардың өзара бір-бірімен тілдесуі, қарым-қатынас жасауы.

Белгілі бір мәдениеттегі реципиенттің басқа мәдениет шеңберінде жасалған мәтінді түсіну проблемасы мәдениетаралық коммуникацияның аспектілерінің бірі болып табылады. Мұндай мәтіндер олар үшін бөтен мәдени мәтіндер болып табылады. Бөтен мәдени мәтіндер басқа мәдениетке жататын реципиенттер мағынаның бір бөлігін жоғалтпай түсінікті болуы мүмкін еместігімен сипатталады. Бөтен мәдениеттегі реципиенттерге мәтіннің кейбір фрагменттерін түсінуде қиындық туғызатын лингвомәдени қауымның ұлттық спецификасының базалық элементтері лакундар деп аталады. «Лакундар» (gap) түсінігінің басқа атаулары да кездеседі: сөйлеу модельдеріндегі кездейсоқ бос орындар (пробелы) (random holes in patterns); мәтіндегі қараңғы орындар; этноэйдема; «эквивалентсіз лексика» ұғымына жақын.

Тілдік лакундар қатарына лексикалық (айталық, кейбір орыс тіліндегі сөздерді (5) суреттеу арқылы ғана аударуға болады); грамматикалық (ағылшын тілінде белгілілік артикль көптік жалғауындағы зат есіммен тіркескенде индейцтердің тайпасының атын білдіре алады (6)); стилистикалық (мысал ретінде ағылшын тіліндегі пассивті (ырықсыз) етіс стилистикалық тұрғыдан нейтральді болса, оры тілінде бұл етіс түрі кітаби стильге тән болуын айтуға болады).

(5) погорелец =person whose property was destroyed by fire

(6)the Greecrs = индейцы племени ручья

Ресей психлингвистикасында сөйлеудегі ұлттық-спецификалық ерекшеліктер қатарына төмендегілер кіреді: кідірісті толтыру әдістері, қарсындағы тыңдаушыға сөзді дәл жеткізу қажеттілігі барысында жіктеу (разложения) (7), тілдесу актілеріндегі этикет сипаты, тілдік қарым-қатынастағы рөлдік ерекшеліктер және тіпті мәтіндік стереотиптер номенклатурасы. Бұлар сөйлеу лакундары деп беріледі. Мысалы, афгаистан тұрғындарында сөйлесуші адамнан денсаулығы жайында үш рет сұрау (8-10) дәстүрге айналған, ал қытайда тамақ ішіп болғаннан соң адамнан шаршаған жоқсыз ба деп сұрау орын алған (11) және т.б

(7) «Фортуна» - Федор, Ольга, Роман, Тимофей, Ульяна, Николай, Александр – «Фортуна».


(8)

Hub-astied?

Как хорошо?

(9)

Chetur-astied?

Как здоровье?

(10)

Sihati shumo hub?

Как самочувствие?

(11)

Lei-bu-lei?

Устали – не – устали?

Лакундардың негізгі белгілері ретінде мыналады санауға болады: түсініксіздік, әдеттен тыс (экзотикалық), бөтендік (чуждость).

Сөздің ұлттық-спецификалық мәнін ашу процесі Ресей психолингвистикасында лакундарды толықтыру деп аталады. Лакундарды толықтыру әдістерінің қатарына төмендегілер жатады: түсіндіру (толкование), морфологиялық жолмен аудару, сөзбе-сөз аудару, детальді түсініктеме (көбінесе, сілтеме және ескертулерді). Лакундарды компенсациялаудың келесі тәсілдер ерекшеленеді: салыстыру, жалпы атауға ауыстыру (роман атауы тілдік тұрғыдан дәл аударылмауы мүмкін (12), бірақ жалпылама (13) және басқа мәдениет иелеріне түсініктілеу).


(12)

«Игра в джин»

«The Gin Game»

(13)

«Игра в карты»

Мағынаның бір бөлігі жойылуына байланысты, кейбір зерттеушілер тіпті мәтін арқылы бөтен мәдениетті түсіну мүмкін емес едп тұжырымдайды. Алайда бұл асыра сілтеу екені анық. Шын мәнінде, түсінудің толықтығы деңгейі мәдениеттер арасындағы мәдени дистанцияның арақашықтығына байланысты, сонымен қатар, реципиенттердің білім-тәжіриебесіне, олардың қажеттілігне және мәтінді қабылдау мақсаттарына тәуелді. Мтәінді қабылдау барысында бөтен мәдениет иесі – реципиент өзінің мәдениетіндегі бейнелер және түсініктер бойынша интерпретация жасайды.

Ескере кететін жай, әлемдегі миграцияның ұлғаюына байланысты көпмәдениеттілік (policlturality) және мозаилылық (мозаичность) көп орын ала бастады. Мысалы, американдық мәдениетте түрлі мәдениеттің интеграция процесі түсінілетін «балқытылған қазан» (melting pot) түсінігі бар. Осылайша, қоғамның қалыпты дамуының шарты түрлі мәдениеттің түрлі көріністеріне шыдамдылықпен қарау принципі () болып табылады. Басқаша айтқанда, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі әлемді көрудің түрлі әдістерінің барлығын ғана емес, сонымен қатар, контакті жасаушы мәдениеттердің ұлттық-спецификалық айырмашылықтарын жою қажеттілігі жайында алға тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет