Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет89/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019

6. Билингвизм

«Билингвизм» сөзі латынша «екеулік» мәнін білдіретін bi бөлігінен және lingua «тіл» деген ұғымды білдіретін шыққан. Билингвизм екі не бірнеше тілді меңгеру қабілеті ретінде анықталады. Билингв – минимум екі тілде сөйлей алатын адам. Сонымен қатар, көптілділік те (немесе мультилингвизм, полилингвизм) кездеседі. Олар екі түрде болады: ұлттық (белгілі бір әлеуметтік қоғамда бірнеш тілді қолдану) және индивидуальді (индивидумның бірнеше тілдің әрқайсысын қолдануы белгілі бір коммуникативтік ситуацияға сәйкес таңдалып алынуы).

Мысалы, Европада, Люксембургте негізгі жергілікті тіл – летцебургиш, ал ресми тілдер француз және неміс тілдері болып табылады. Белгияда үш мемлекеттік тіл – нидерландық, француз және неміс, Нидерландыда – ағылшын және неміс тілдері мемлекеттік тіл болып табылады. Бұл мемлекеттердің тұрғындары билингвисттер немесе полилингвисттер болып табылады. Кейде психолингвисткалық әдебиеттерде Я1 белгісі – бірінші тіл және Я2 белгісі – екінші тіл кездеседі. Дегенмен, хронологиялық екінші тіл бірінші тілді ығыстырып және тіпті ана тілге айналуы да мүмкін. Сондықтан кейде екітілді индивидтің тілдерінің бірі доминантты, яғни негізгі болып табылды деп айтылады.



Табиғи (тұрмыстық) және жасанды (оқу) билингвизм ажыратылады. Табиғи билингвизм сәйкесінше тілдік ортада (радио және телевидение кіретін) және кең тілдік практиканың арқасында пайда болады. Ал жасанды билингвизмде екінші тілді ерік-күш жұмсай отырып және арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып меңгеру қажет.

Екінші тілді меңгеру жүзеге асатын жас ерекшелігіне байланысты ерте және кеш билингвизм болып жіктеледі. Ерте билингвизм балалық шақтан бастап екітілді мәдениеттегі өмірмен шарттасқан. Ал кеш билингвизмде екінші тілді бір тілді меңгергеннен соң ересек жаста игеру жүзеге асады.

Орындалатын іс-әрекеттер санына байланысты билингвизм жіктеледі. Рецептивті (қабылдаушы) билингвизм адамның шет тілін шамамен түсінуді қанағат тұтумен сипатталады. Бұл кезде адамның өзі бұл тілде сөйлемейді және жазбайды. Репродуктивті блингвизм шет тілінің мәтіндерін қайта айтып беруге ғана мүмкіндік бермейді, сондай-ақ, билингвист оқыған және естігендерін еске түсере алады, елестете алады. Продуктивті билингвизмде билингвистке шет тілі мәтіндерін тек түсініп және елестетіп қана қоймайды және оны жасауға да мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, продуктивті билингвизмде адам басқа тілде еркін сөйлей және жаза алады.

Шет тілін меңгеру барысында мақсаттардың бірі рецептивті билингвизм болуы мүмкін (Кейбір адам үшін шет тіліндегі кітаптарды оқи алудың өзі жеткілікті. Бұл өлі тілдер үшін қолданылады). Бірақ шет тілін оқытудың мақсаты продуктивті билингвизм болып табылады.

Зерттеушілер ересектер тарапынан шет тілін меңгеру проблемасы ретінде мынаны атап көрсетеді: тілді толық көлемде игеру егер 12-14 жастан басталса ғана мүмкін болады. Ересектерге шет тілін меңгеру белгілі жағдайларға байланысты қиындау болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет