Дұрыс жазу
|
Қате жазу
|
Кім
|
(14)
|
счастье
|
*щастье
|
Орыс тілін енді игеріп жатқан шетел азаматтары
|
(15)
|
МГУ им. М.В.Ломоносов
|
Университет «Ломоносов»
|
Орыс тілін үйреніп жүрген испан тілд студенттері
|
Морфологиялық қателер. Бұларға тіл бірліктерін тіркестіруде бұзылулар жатады (16).
(16) большая стол (сал. француз тілінде latable)
Лексикалық қателер – бұл сөзді дұрыс қолданбау. Бұл кезде қателер тілдік нормадағы және узустағы қателер деп іштей жіктеледі.
Синтаксистік қателер – сөз тіркесінде сөздер формасын қолданудағы ауытқушылық және сөйлем құрастырудағы бұрыс құрылуы.
Шет тілін меңгеру барысында индивидте ана тілін қолданудың дағдылары берік қалыптасқан және бұлар (дағдылар) жаңа дағылардың қалыптасуына үлкен әсер етеді. Адамда бұрыннан бар дағдыларды тасымалдау жүзеге асады. Бұның нәтижесі дұрыс (оң) болуы мүмкін, егер тілдік құбылыстар ұқсас болса (17), сондай-ақ бұрыс (теріс) та болуы мүмкін (18), егер тілдік құбылыстар айырмашылыққа ие болса. Теріс тасымалдау интерференция деген атқа ие. Дегенмен, интерференция көбінесе құбылыстардың ұқсас болуынан гөрі, түрлі болған кезде байқалады.
(17) Дайте, мне, пожалуйста, один кофе...
(18) Дайте, мне, пожалуйста, один кофе... и один булочек.
Ескере кеткен жай, екі тілдік жйенің контрастивті анализі негізінде қателерді жорамалдау қиын болады. Бұны былайша түсіндіріледі: қандай да бір грамматикалық құбылыстың функционалді мәнін, оның қолдану жиілігін және оның тұтас граматикалық жүйедегі орнын есепке алу қажет.
Қателерг коммуникатиті түрде қарастыру барысында сөйлеудің мағынасын түсінуге кедергі келтіретін және кедергі келтірмейтін қателер ажыратылады. Айталық, француздардағы [р] грассирование орыс тіл иелері үшін кедергі болып табылмайды, өйткені ол мағынаажыратушылық қызметі жоқ.
Шет тілін үйрету әдістемесінде кейбір нақты қатені ғана емес, негізінен, осындай қатенің негізінде жатқан орнатылған байланыс немесе заңдылықты түзету қажет. Басқаша айтқанда, тәжірибелі ұстаз шетел студентін тыңдап болғаннан соң оны мадақтайды, сосын бұзылған тілдік ережелерді өңдеу бойынша жаттығулар қатарын ұсынады.
Шет тілін қолдану процесінде қателерден қашу мүмкін емес. Тілдік қателерге контрастивті тұғыдан қарастыруда төмендегідей түрлері ажыратылады:
- тіларалық қателер (interlingual errors) ана тілінің меңгеріліп жатқан тілге әсерімен байланысты, тасымалдау құбылысы (transfer);
- тілішілік қателер (intralingual errors) тілді игеру процесінні ерекшеліктерін бейнелейді.
Тілішілік қателер «даму қателері» ретінде (developmental errors) шет тілін үйренуші өздері үшін жаңа тілді меңгеру мәселесін жеңілдету үшін төмендегі стратегиялар қатарын қолданады:
1) жоғарыгенерализация (overgeneralization) – кейбір ережелерді қолдану шекарасынан шығып кету;
2) кейбір ережелерді қолдану шектерін елемеу (ignorance of rule restrictions) – белгілі бір ережеге бағынбайтын тілдік материалға сол ережені қолдану;
3) ережені толық қолданбау (incomplete application of rules) – күрделі ережелердің орнына қарапайым ережелерді қолдану;
4) меңгеріп жатқан тілдегі тілдік құбылыстардың кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсінбей салдары ретінде меңгеріп жатқан тілдік құбылысқа (fals concepts hypothesis) қате болжам қалыптастыру.
Шет тілін үйренуші адам жаңа ережелерді қоданып қан қоймайды, сондай-ақ өз ана тілнде аналогтері жоқ мұндай ережелерді қолданудан қашады. Басқаша айтқанда, ол бір жүйеден басқа жүйеге пассивті «транслятор» ретінде көрінбейді, ол тілдікойлау (речемыслительную) белсенділік танытады.
Шет тілін меңгеру әдістерін анықтайтын адамдар арасындағы индивидуалді айырмашылықтар болады. Айталық, Бетти Ливердің бақылауы бойынша, үйренушілерді қабылдау каналына ие болуы бойынша жіктеледі (көру-қабылдаушы, есту-қабылдаушы, моторлы-қабылдау). Олар экстраверттер немесе интроверттер, сенсорлы немесе итуитивті, ойлау немесе сезімдік, бағалауыштық немесе қабылдауыштық. Өзінің жеке ерекшеліктеріне сәйкес олар оқу материалын меңгерудің қандай да бір әдісіне және тұтас шет тілді игеру стратегиясына бейім болады.
Достарыңызбен бөлісу: |