3. Семантикалық дифференциал әдісі
Семантикалық дифференциал әдісі (грек сөзінен semantic differential, semantikos – білдіруші, differenta - әртүрлілік) психолингвистика және экспериментальды психосемантиканың әдістеріне жатады. Ол субъективті семантикалық кеңістіктерді құру үшін қызмет етеді және шкалалау әдісіне қатысты болып келеді. Соңғысы (шкалалау) психологияда белгілі бір объектіге деген қарым-қатынасты бағалау үшін сандық көрсеткіштерді алу мақсатында қолданылады. Объекті ретінде физикалық та және әлеуметтік процестер де ұсынылады. Ал психолингвистикада зерттеу объектісі ретінде сөз жұмсалады. Психолингвистикадағы семантикалық дифференциал – бұл сөздің мағынасын әрбір полюсінде антонимдік сын есімдер жұбының градациясы бар екіполюстік шкаланың көмегімен сандық (бірмезгілде сапалық) индекстілеу әдісі.
Бұл методиканың көмегімен эксперимент жүргізу процедурасының мәні мынада: сыналушыларға сөз беріледі және олар сол сөз жайындағы түсінігіне сәйкес келетін санды белгілеулері тиіс. Әрбір шкалада +3-тен -3-ке дейінгі градация немесе жай 7 бөлшек берілген (32).
(32)
1
|
хороший
|
2
|
скорее хороший, чем нейтральный
|
3
|
скорее нейтральный, чем хороший
|
4
|
нейтральный
|
5
|
скорее нейтральный, чем плохой
|
6
|
скорее плохой, чем нейтральный
|
7
|
плохой
|
Ең алғаш болып осы процедураны ұсынған Ч.Осгуд ең әр түрлі түсініктегі сөздер класы бойынша (мысалы: от, ана, боран, қуаныш және т.б.) сыналушылардан түсінік бағалауларын алудан бастайды. Ол бұл сөздердің қаншалықты жақсы және жаман, күшті және әлсіз, үлкен және кішкене және т.б. екені бойынша бағалауды ұсынды. Эксперимент нәтижелерінің математикалық өңдемесі кейбір бағалау шкалалары бойынша бір-біріне сәйкес келіп отыр. Сондай-ақ, сәйкес келген шкалала үш топқа топтастырылуы мүмкін. Олар Ч.Осгуд мынадай атау берген факторлар болып табылады: бағалау, күш және белсенділік. Әрбір фактор өз ішіне төрт антонимдік сын есімдер жұбынан тұратын төрт белгіні енгізеді (33). Семантикалық дифференциал методикасы бойынша эксперимент жүргізу үшін бланкісі мынадай түрде берілуі мүмкін (сол жақтағы бағансыз):
(33)
Факторлар аты
|
|
+3
|
+2
|
+1
|
0
|
-1
|
-2
|
-3
|
|
Бағалау
|
көңілді
|
|
|
|
|
|
|
|
көңілсіз
|
жақсы
|
|
|
|
|
|
|
|
жаман
|
тола
|
|
|
|
|
|
|
|
бос
|
жарық
|
|
|
|
|
|
|
|
қараңғы
|
Күш
|
ұзын
|
|
|
|
|
|
|
|
қысқа
|
үлкен
|
|
|
|
|
|
|
|
кішкентай
|
күшті
|
|
|
|
|
|
|
|
әлсіз
|
күрделі
|
|
|
|
|
|
|
|
қарапайым
|
Белсенділікке бағдарланған
|
жаңа
|
|
|
|
|
|
|
|
ескі
|
жылы
|
|
|
|
|
|
|
|
суық
|
жылдам
|
|
|
|
|
|
|
|
баяу
|
активті
|
|
|
|
|
|
|
|
пассивті
|
Егер біз сыналушылардан, айталық, әке және ана ұғымдарын бағалауды сұрансақ, онда әке ана секілді жақсы болуы мүмкін, бірақ ол анадан күштірек болады, ал ана – «жылырақ». Бұл ұғымдар семантикалық кеңістіктің әрбір нүктесінде орналасуы мүмкін. Әрбір сыналушы өзінің жеке тәжірибесін есепке алатыны сөзсіз. Алайда сыналушылардың көп санында орташа есеппен берілген сөздегі құбылыстың қоғамдық орныққан бағасы алынады. Бағалаудағы айырмашылықтар сөздің семантикалық дифференциясын көрсетеді. Қандай да бір тілдік объектіге берілген балдардың жалпы саны шығарылады (жинақталады), бірақ мағынасы бөлшектік шаманы білдіреді, өйткені сөздің қандай да бір шкаласындағы қойылған жалпы бал мөлшері сыналушылардың санына бөлінеді (34-36).
(34) ана = күшті (-2,-3,-1,-2,-3,-2,-2,-3) = 18 : 8 = - 2,25
(35) ана = жаңа (-3,-3,-1,0,+2,-3,-3,-3) = -14 : 8 = -1,75
(36) ана = жылы (+3,-3,-1,0,+2,-3,-3,-3) = 17: 8= +2,13
Экспериментатордың бағалауды сұрайтын сөздер үшін шкалалар атын өзі беретін семантикалық дифференциал методикасы түрлері бар. Бұл кезде белгілі бір ұғымдар класы үшін спецификалық факторлар пайда болуы мүмкін.
Семантикалық дифференциал методикасы массалық коммуникация теориясында жарнамалық істе кең қолднаысқа ие болған (синонимдер қатарынан ең «жақсы», «әсерлі» сөздер таңдау үшін). Сонымен қатар, семантикалық дифференциал әлеуметтік және жеке мәндердің анализімен бірге адамның қабылдауы мен мінез-қылығына байланысты зерттеулерде қолданылады. Оны психологияда, психиатрияда, психолингвистикада пайдаланылады (соның ішінде, кәсіби тұрғыдан таңдау арқылы жұмысқа қабылдауда – ресей компьютерлік систеасына «Кадр-профессоры»).
Лингвистика үшін бұл методика сөздің жаңа аспектілерін көрсетуімен қызықты болып отыр. Лингвисттер ертеректен сөздерді экспрессивті нейтралды (37) және экспрессивті мәнді (38) деп жіктейді. Алайда мағыналарды өлшеу бойынша эксперименттер барлық сөздердің белгілі бір дәрежеде экспрессивті мәнді екенін көрсетті, өйткені адам өзі кездескен барлық құбылыстарды бағалайды, сондықтан оның санасынан және тәжірибесінен «өткізілген» барлық сөздер осы бағалауға ұшырамай қоймайды.
(37) отец, глаза, есть, ударить
(38) папа, батя, очи, гляделки, жрать, врезать
Семантикалық дифференциал методикасы сөздің фонетикалық мағынасын зерттеу үшін де қолданбалы болып отыр. Ресей психолингвистикасында фоносемантика бойынша, көбінесе, сыналушылар дыбыстарға кез келген коннотативті мағына және түсті үстеп қояды. Айталық, «а» дыбысы көптеген орыстар үшін қызыл түсті білдіреді (красный сөзінде «а» дыбысының болуы тегін емес), «е» - жасыл (ол зеленый сөзінде бар), «и» - көк (ол синий сөзінде бар).
Ч.Осгуд өзінің әдісін ұсынды, оны синестезиямен негіздеді. Синестезия (грек тіл. sin – бірге, stasis – жағдай, күй) – бұл басқа модальдылықтың әсерінен бір модальдылықтың туындау сезімінде тұратын психологиялық феномен. Мысалы, музыкалық фразаға жауап ретінде түрлі түс бейнесін басынан өткеру болуы мүмкін (Скрябиннің түрлі түсті музыкасында, бірақ Чюрленистің емес).
Синестизия механизмі сөйлеу барысындағы метафоралық тіркестердің негізі болатыны мойындалған (39).
(39) бархатный голос, кислая физиономия, крепкое словца, мягкие сигареты, веселенький ситчик, темная личность, живая речь, черный юмор, светлый ум.
Физиология тілімен айтқанда, кроссмодальды өтуді қамтамасыз ететін синестезияның физиологиялық механизмі кейбір модальдылықтың стимуляциясы тек қана сананың өзіне арналған спецификалық зонасына ғана түспейді, сондай-ақ коллатералялар бойынша – басқа модальдылықтың өзі үшін спецификалық емес проекционналық зоналарына түседі. Бір модальдылық негізінде қабылдауда тұтас интермодальды образ құрастырылады. Басқаша айтқанда, мидың бір зонасына баруы тиіс сигналдар басқа зоналарға да барады. Синестезияны организм деңгейінде жлпы қорытуды қамтамасыз ететін тілге дейінгі категоризацияның әмбебап формасы ретінде қарастыруға болады.
Объектілерді шкалаларда берілген белгілер арқылы суреттеуден мағыналық инвариант болып табылатын факторлардың көмегімен объектілерді суреттеуге қарай өту объектілер жайындағы информацияның жоғалуымен байланысты. Басқаша айтқанда, эмоционалды мәнді бағалаулардың қатаң бұлжымайтын шкалаларға өтуі – бұл әрқашан тұрпайылық (огрубление). Фактордағы шкала мағынасынан тек қана факторға кіретін шкалалар барлық жиынтығына инвариантты информация ғана бейнеленеді.
Бұл инвариант коннатативті мағына негізінде жатқан эмоциональды тон немесе бейнелік сезімдер болып табылады. Психология тұрғысыан қарағанда коннотативті мағына – бұл қарым-қатынас және эмоциональды қарым-қатынас, жекелік мән және сезімдік ткань әлі де әлсіз дифференцияланған мағынаның генетикалық ерте формасы. Сондықтан семантикалық дифференциал методикасы мағынаны объекті жайындағы білім ретінде бағалауға емес, жеке мағынамен байланысты коннативті мағына ретінде бағалауға мүмкіндік береді.
Осыған орай, семантикалық дифференциал методикасын қолдану социологияда массалық сананың формасын зерттеудің құралына айналдырды. Мысалы, Сталин және Гитлер сөзі 50-жылдары американдықтар арасында шкалалау барыснда берілген шкала қатарында бірдей бағалауға ие болды. Демек, сыналушылардың санасында бұл екі сөз бір-біріне жақын екенін айтуға мүмкіндік берді.
Бұл методиканың кемшіліктері де бар. Көбінесе, бір шкаланың тура мағынасы және ауыспалы мағынасы да болады. мысалы, егер жоғары – төмен шкаласы бар болса, онда баған немесе саңырауқұлақ сөздері бұл шкалада тура мағынада бағаланады, ал ханшанемесекүнә сөздері метафоралық түсінік негізінде. Осыған орай шкаланың бір мағынасына сыналушы әр түрлі мағына үстеуі мүмкін. Бірдей бағалаудың арқасында түрлі мағына тұруы мүмкін.
Кемшіліктеріне қарамастан, семантикалық дифференциал методикасы психолингвистикада, психосемантикада, социологияда және экспериментальды эстетикада кең қолданысқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: |