Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Тілді меңгерудегі сындарлы (критикалық) кезең



бет33/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
4. Тілді меңгерудегі сындарлы (критикалық) кезең

Көптеген ғалымдардың ескертуінше, баланың тілді игеруі спонтанды, табиғи және оның (баланың) өзі жағынан күш-жігер жұмсамай-ақ жүзеге асады. Балаларда тіл мен сөйлеудің қалыптасуының мұндай ерекшеліктері орталық жүйке жүйесінің физиологиялық жетілу процесімен және бұл кезеңдегі оның белгілі бір икемділігімен (пластичностью) байланыстырады. Жоғарыда келтірілген фактілер тілді игеруді қамтамасыз ететін жүйенің қалыпты түрде дамуы дер кезінде сөйлеу сигналдарының стимуляциясын (ынталандыру, дем беру, себепші болу) талап ететінін көрсетеді. Мұндай стимуляцияның (мысалы, есту мүшесінің зақымдануы) жеткіліксіздігі сөйлеуді меңгеруді тежейді.

«Күш-жігерсіз» тіл игерілетін жас кезеңі сындарлы кезең деп аталады, өйткені тілдік тәжіребесі жоқ бала бұл кезеңнен тысқары тілді үйренуге қабілетсіз болады. Сындарлы кезеңнің созылмалылығы әр түрлі айтылып жүр: туылғаннан бастап және 3-11 жасқа шейін немесе екі жастан жыныстық жетілу кезеңіне дейін.

Бұл кезеңнің созылмалығын бағалаудың бір жолы – ерте жаста екінші тілді меңгеру барысында акценттің болу мүмкіндігі және көрінісін бақылау. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, 12-13 жасқа дейін акценттің болу мүмкіндігі прогрессивті түрде жоғарылайды. 12 жастан соң шет тілінің интонациясын имитациялау (еліктеу) қабілеті жойылады. Сондай-ақ айта кететін жай, тіл мен сөйлеудің қалыптаса бастауының негізгі көрсеткіштері динамикасы 12 жасқа дейін орын алады – индивидуальды артикуляция ерекшеліктері жойылады, антонимдерді дұрыс қолдана біледі, деректі, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық мағынаны білдіретін көп мағыналы сөздер мен идиомдарды түсінеді. Бұл жас кезеңді көбінесе кекештікпен байланысты тілдік дамудағы ауытқулар да бақыланады.

Көптеген ғалымдар Маугли-балалары егер 6-7 жастан аспаса қоғамға толыққанды адам ретінде орала алады деп есептейді. Психолингвистикада бұл жас ана тілін игеру мүмкіндігі үшін сындарлы (критикалық) деп есептеледі. Мұнда баланың адам қоғамынан тыс қалған кездегі жасы, бұл депривацияға (тілдесуден айрылу) алып келген уақыты, көптеген травмалар (физикалық, психологиялық, әлеуметтік) немесе ақыл-есі кем болуы маңызды болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет