Штатив (4 - сурет) Фотометрлік бас орнатылатын штатив, штативтің табағы (35) орнатылған діңгек (38) бар. Оған кигізілген муфта (44) бар. Муфта «Фотометрлік басары (сабы) кіріп тұрады да, (43) винтпен бекітіледі. Екінші діңгеккке (30) осветительдің (27) кронштейні кигізіледі. Негізгі діңгекке (38) орнатылған (37) үстелше бар. Ол кремальерлік винтпен жоғары төмен қозғалады. Үстелшенің тесіктері құралдың объективтерімен центрленген. Үстелшенің астына жазық айна (34) орнатылған. Айна осветительден келген жарықты зерттелетін затқа жіберіп тұрады.