Қазақ мемлекеттік қыздар


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ



бет3/10
Дата15.11.2016
өлшемі3,55 Mb.
#1784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ
Әкімбаева Ж.Ж. - ғылыми қызметкер (Алматы қаласы)
Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы - әрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр. Бұл- қажеттілік, өйткені өмір талабы осыны қажет етеді.

Адам өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани құндылықтар, және қызығушылықтармен келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен топтарда қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін реттейтін талаптарға бағынады.

Ал әрбір адам қалыптасып, дамып тұлға, дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік жүйенің мәдени мұралары мен құндылықтарын игеруде өзіне тән жолдары мен сатылардан өтеді.

Әлеуметтендіру үрдісі әлеуметтіктен тыс қалған адамды тәрбие арқылы әлеуметтендіріп, сол қоғамға сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп, өзгеріске ұшырайды.

“Әлеуметтендіру” сөзі “әлеуметттік” сөзімен төркіндес яғни (латынша “socіalіs”) әлеуметтік, қоғамдық деген ұғымдарды білдіреді. Әлеуметтену - индивиттің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі /1/.

Ал ғалым Т.Қалдыбаеваның пайымдауынша “әлеументтендіру” ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің мәні- адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас жасау деп тұжырымдайды /2/.

Т.Парсонс анықтамасы бойынша әлеуметтендіру дегеніміз – индивиттердің жалпыға бірдей нормаларды бойына сіңіруі арқылы әлеуметтік жүйемен үйлесуі /3/.

Н.Смелзердің пікірінше адам алғаш өмірге келгеннен бастап әлеметтендіру барысында тұлғаны қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің бағдарларын меңгереді дейді /2/.

Ғалымдардың әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай келіп, әлеуметтендіру немесе әлеуметтік даму бұл өмірге келген барлық адамның қоғамдық өмірге араласып, әрекет етуі үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін әртүрлі білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі іскерліктер мен өз ұлтының мәдениетін меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіру үрдісі. Игерген іскерлік-дағдылар мен құндылықтар негізінде әлеуметтік ортамен яғни қоғамдық өмірмен қарым-қатынасқа түсе отырып өмірдегі өз орнына, роліне ие болып, индивидтің тұлғаға немесе дербес адамға айналу жолы деп тұжырымдауға болады.

Балалар құқы Конвенциясында (1989) балаларды туылғаннан әлеуметтендіру, әртүрлі әлеуметтік ортаға бейімделу мен жаңа қарым-қатынастардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін нышандардың пайда болуы кезеңі немесе алғашқы сатысы деп қарастырады /4/.

Елімізде жүргізілген соңғы статистикалық зерттеу қорытындыларының көрсеткіштері бойынша тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны (мың адамға шаққанда ) қалада 134,1 пайызды , ауылдық жерлерде 13,4 пайызды құраған /5/. Аталған мәліметтер көрсеткендей балалардың балабақшаға қамтылмауы мектепке дейінгі кезеңде міндетті мектепалды даярлық топтары мен сыныптарына барғанға дейін /6 жас/ отбасы алғашы әлеуметтік ортасы болып, әлеуметтендіру үрдісі тек отбасында жүзеге асуда. Осы мәселеге орай мынандай сұрақтар туындайды: отбасындағы тәрбиенің күнгейі мен көлеңкесі қандай, отбасында тәрбиеленген барлық балалар өз дәрежесінде жан-жақты (ақыл-ой, дене) дами ма, оған ата-ананың білімі жете ме?

Ал мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психикалық поцестерін қалыптастыру, дамытумен қатар жан-жақты тәрбие беру көзделеді. Бағдарланған мақсат-міндеттерді шешуде мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі бағыттағы тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарда жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ “Балбөбек” бағдарламасы, “Сорос - Қазақстан” қорының “Тәй-тәй” бағдарламасы, ТРИЗ педагогикасы, Р.Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы және т.б. жалпы дамыту бағыттары мен бағдарламалары.

“Балбөбек” бағдарламасында мектепке дейінгі кезеңде жүргізілуге тиісті білім беру мазмұны тарихи-тәжірибелік зерттеу нәтижесінде ұлттық педагогикаға негізделе құрылған /6/.

Бағдарлама мазмұны “Отбасы”, “Балабақша”, “Ойыншықтар”, “Жыл мезгілдері”, “Қазақстан-Республикам менің”, “Жануарлар дүниесі” атты тақырыптар негізінде 2-ден 7 жасқа дейін кешенді тәсілмен іске асырылады. Бағдарламада кешенді тәсіл арқылы әр топқа белгіленген апталық жүктемені азайта отырып, балаларды өз бетінше шығармашылықпен әрекет етуге баулиды. Бірізділік принципін сақтай отырып аптаның бір күні тәрбиенің бір саласына беріліп, қалған тәрбие алғашқысымен сабақтастырыла жүргізіледі. Экономикалық, экологиялық тәрбиенің алғашқы қарапайым негізерімен қатар, имандылық-инабаттылық тәрбиесі де бір бөлім болып берілген. Бағдаламаның негізгі мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру.

“Балбөбек” бағдарламасында әлеуметтік тәрбие тікелей мақсат етіп қойылып, жеке тарау болмағынымен әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны көрініс тауып, өз міндеттерін шешкен. Балаларды әртүрлі әлеуметтік ортада әрекет ете білуге үйретуге, әлеуметтік құндылықтарды топтан топқа күрделендіріп, қарым-қатынас арқылы мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға негізделе құрылған. Әр жас топтарында әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны төмендегідей болып келген.

Сәбилердің бірінші және екінші тобындағы балалардың әлеуметтік дағдылары: туыстық қарым-қатынастарды, өзінің толық атын-жөнін, ата-анасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, музыка жетекшісінің атын білу, ересектердің әлеуметтік ролін ажырата білу; өзге адамдардың эмоциялық көңіл-күйін, жағдайын түсіне және сезіне білу, оған өзінің қатынасын байқата білу, қарапайым тапсырмаларды орындауда бір-біріне бөгет жасамау дағдысы.

Естиярлар тобындағы балаларға әлеуметтік дағдылар: топ ішінде өзін дұрыс ұстай білу, қоғамдық орындарда, көшеде белгіленген мәдени мінез-құлық ережелерін сақтай білу, үлкендерге, өз құрбыларына ілтипатты болу, ескертусіз сәлемдесу мен қоштасу, тәрбиеші мен күтушінің аты-жөнін атап қатынас жасау, өзінің талап-тілегін сыпайылықпен білдіу, көрсеткен көмегі үшін рақмет айту, үлкендердің сөзіне араласпау және оны бөлмеу, келіспегені мен қабыл алмағанын әдепті түрде білдіру, өзінің, ата-анасының аты-жөнін, жасын, үйінің мекен-жайын, туыстық қарым - қатынас пен отбасының құрамын білу, адамгершілік қатынас ережелері (шындық, адалдақ, қамқорлық, тілектестік) дағдысы, ілтипат көрсету (көмектесу, қолқабыс етуге дайын болу, жол беру) дағдысы, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен, таныс емес балалармен тілектестік қарым-қатынаста болу дағдылары.

Ересектер және мектепалды даярлық тобы балаларын әлеуметтік дағдылар: өзінің атын, жасын, ата-анасының және басқа да отбасы мүшелерінің атын білу, өзіне жасалған қамқорлықты сезіне білу, балабақшада және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, үлкендердің ескертуінсіз-ақ тәртіп сақтау, адамдарға қамқорлық ілтипат көрсету, өзгенің күйінішін, қиналған сәтін байқап, аңғару, жәрдемдесу, әлсіздік көрсеткендерді қорғау, өз жолдастарының іс-әрекетін бақылап, оған әділ баға беру, әділ талап қойып, ол талабының дұрыстығын дәлелдей білу, бірлесіп ойнау, еңбек ету, оны адамгершілік қатынастар бағытында жүзеге асыру, алға қойған мақсатқа жетуде жауапкершілік пен тұрақтылықты меңгеру дағдысы деп қарастырған .

“Тәй-тәй” бағдарламасы баланы жан-жақты жетілдіруге, дербестікке талпындыруға, өзіндік дамуына жағдай туғызып, кез-келген жағдайлардан дербес әрекет етіп, ой қорытып, өзін бетінше қадам жасауға үйретуге бағдарланған. Бағдарламада ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, дамытушы орта арқылы, баланы дамыту көзделген.

Р.Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы баланы ақыл-ой, интелектуалдық дамытудан бұрын олардың жаны мен тәнінің үйлесімді дамуы, рухани дамуын алға қояды. Баланың 7 жасына дейін есі мен ойлауына күш түсіруге қарсы шығады. Бала айнала қоршаған өмірді талдап-талқылау жолымен емес өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы танып біледі , өмірді танып-білуді баланың рухани және ақыл-ойының әбден толысқан кезінде өз еркімен, өз ықтияры болған кезде іске асыруды тиімді деп тауып, баланың еркін өсуіне айнала қоршаған адамдар мен үлкендер тарапынан жақсы көру мен сүйіспеншіліктің болуын басты шарт етіп алады /7/.

Вольдорф педагогикасы баланың іс-әрекеті мен еңбек нәтижелерін бағалауды қажетсіз деп тауып, бұл ұстанымдарын былай түсіндіреді. Бағалаудың бала дамуында жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі де тұстары бар, өйткені бағалау баланың табиғи дамуына кері әсер етеді, жетістіктерге жету үшін балалар өз мүмкіншіліктеріне қарамастан талапқа бағына отырып, іс-әрекеттерді орындау барысында өз еңбегінен рухани ләззат гөрі, әуреге, іштей және сыртай күйзеліске түседі, бұндай еңбек нәтижесі балаға ешқандай қуаныш әкелмейді. Ал біржақты нәтижесін ғана ойлау, әркеттің мәнін жойып немесе көмескілендіреді деп ой қорытады. Қорыта айтқанда бұл педагогиканың көздеген мақсаты баланы- жақсы көре отырып, жағымды ортада, жақсылық пен ізгілікке тәрбиелеу.

ТРИЗ педагогикасы бағытындағы бағдарламада балалардың жас күнінен дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, ақыл-ой күші мен интелектуалдық қажетсінулерін дамыту бағытында құрылған.

Бұл бағдарламаларды саралаудан шығатын қорытынды бағдарламалардың әр қайсысының өзіндік бағыт-бағдарымен, алға қойған мақсат-міндетеріне қарамастан барлығын тоғыстыратын негізгі мақсат - баланы тұлға немесе дербес адамға жеткізудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздеуі мен сол ізденістерін ғылыми негіздеп тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарды жасауында.

Ғалымдар атап көрсеткендей адамның қалыптасып дамуының айқындаушы немесе жауапты, адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын мектепеке дейінгі шақта балалардың әлеуметтік білімдері жинақталып, қалыптасады. Ал осы кішкентай адамның қалыптасып, дамуы шартты түрде өмір сүріп отырған ортасы мен үлкендерге байланысты екені даусыз. Сол себептен бала мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру ең бірінші шарт. Ал баланы әрекетке келтіретін күш - қажетсіну. Бұл баланың өзінді “Менінің”, өзіндік көзқарасы мен танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі мектепке дейінгі баланың барлығында жоғары дамып, әр кезде көрініс береді, ал осы қажеттілік өз дәрежесінде қанағаттанбаудан көмескіленіп, немесе жойылып жатады.

Психологтардың пайымдауынша қажеттілік-құмарлық-ниет-ұмтылыс-қызығу-көзқарас-наным жүйесінің қалыптасуы адамның бағыт-бағдарының қалыптасуы, тұлғалыққа жеткізу жолы іспеттес екен.

Демек мекетепке дейінгі баланы әлеуметендіру –мектепке дейінгі педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.


ӘДЕБЕИЕТТЕР

  1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 1-том “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы Алматы, 1998

  2. Білім социологиясы Т.Қалдыбаева Алматы 1997

  3. Қазақстан мектебі// 2000 №7

  4. Социально-педагогическая поддержка детства

  5. Народное образование 2002

  6. Социальный мониторинг, 2003г.

  7. 6. “Балбөбек” бағдарламасы Алматы, “Шартарап”, 2002 ж.

  8. Л.А.Парамонова, Е.Ю.Протасова Дошкольное и начальное образование за рубежом М., 2001

  9. М.И. Еникеева, О.Л. Кочетков Общая, социальная и юридическая психология Краткий энциклопедический словарь М., Издательство “Юридическая литература” 1997

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру мәселесі қарастырылады.
РЕЗЮМЕ

В статье говорится о социализации детей дошкольного возраста.




ЭТНОПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Балабаева А.И. – п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ),

Төлтаева Д.А. – тәрбиеші (Сырдарья ауданы, №6 «Ботагөз» санаториялық балалар бақшасы)


Әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге талпынған кез-келген елдің, ұлттың өз мақсатына жету жолындағы басты қаруы – ұлттық рухани құндылықтарды негізге ала отырып, әрбір жеке тұлғаның білім алуын қамтамасыз ету. Сол себептен де Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Қазақстандағы білім жүйесінің ұлттық ерекешеліктерін ескере отырып, әлемдік стандартқа сәйкестендіру қағидасы шығармашылықпен жұмыс істеуді бүгінгі күннің негізгі міндеттеріне айналдырып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп көрсетілген.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің үлгісін құра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті.

Қазіргі кезеңде егеменді еліміздің ертеңі - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу екені айқын.

Тұлғаның шығармашылық әрекетін қалыптастыру - өте күрделі үдеріс. Сондықтан оны баланың жас кезінен бастаған дұрыс. Мұнда мектепалды даярлықтың маңызы зор.Мектепалды балалардың шығармашылық әрекеттерін қалыптастыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мектепалды балалардың шығармашылық әрекетін этнопедагогика материалдары негізінде қалыптастырудың маңызы ерекше. Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш, өзінің ұлттық салт-дәстүрін құрмет ететін ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.

Ұрпақ тәрбиесінде этнопедагогика материалдары баланы шығармашылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Этнопедагогика материалдарын мектепалды дайындығының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану және этнопедагогика материалдары негізінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық еңбектерде зерттелген.

Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиедегі ең басты бағыт: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек».

Этнопедагогикалық білім беру – этнопедагогика материалдарын мектепке дейінгі балалардың меңгеруі, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас жүйсі мен нәтижесі болып табылады.

Мектепалды балаларды шығармашылыққа тәрбиелелуде этнопедагогикалық білім берудің мақсаты ұлттық сана-сезімді, өз халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне біртұтас көзқарас қалыптастыруға тиіс.

Шығармашылық қабілет барлық адамдарда бірдей емес. Өзінің еңбегіне, қандай қиын болса да, шығармашылықпен қарайтын адамдарды жиі кездестіруге болады. Шығармашылықтың іске асу жағдайы көп ретте материалдық, моральдік, танымдық факторларға байланысты. Жеке тұлға шығармашылықта толығынан көрінеді. Шығармашылық іс-әрекет – бұл өзінің жеке тұлғалық қасиетін тереңірек, жаңа қырынан көрсете білу. Бұрын да шығармашылық іс-әрекеттер аспектілерін психологиялық тұрғыдан қарастыру басым болса, бүгінгі таңда шығармашылықтың философиялық-әлеуметтік теориясын жасауға баса мән беріліп отыр.

Даму бар жерде шығармашылық та бар. Іс-әрекет тіршілік етудің, әлеуметтік белсенділікті көрсетудің амалы. Шын мәнінде таным субъектінің объектіге қарым-қатынасы, бірақ ол шығармашылық мүмкіншілікті кең көлемде көрсете алмайды. Тек еңбек әрекеті ғана адамның шығармашылық мүмкіншілігінің ауқымын толық аша алады. Еңбек өмірлік кажеттілікке айналғанда ғана адам болып қалыптасады, еңбек шығармашылық сипатқа ие болады. Бұдан біз табиғатында шығармашылықтың әлеуметтік мәнін көреміз, ол жеке бастың жан дүниесімен шектелмейді, оның нәтижесі практика жүзінде қолданылады.

Шығармашылықта материалдық және рухани үдерістердің диалектикасы орын алады, ол танымдық және практикалық іс-әрекетті қамтиды. Шығармашылықтың әлеуметтік жағын қарастыра отырып, сонымен бірге жеке бастың қасиеттері мен дарынын, рухани-психологиялық ахуалын, оның біліктілігін естен шығармаған жөн. Шығармашылық үрдістің, ішкі механизмін тереңірек меңгеру, адамның шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге көмектеседі.

Белгілі философ Ә.Нысанбаев адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған. Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық саналады. Шын мәнінде, өзіне сеніп тапсырылған техниканың еңбек операцияларын, өндіріс технологиясын ұдайы жетілдіріп отыру ісіне барынша ат салыспау мүмкін емес. Бұдан шығатын қорытынды адамның субъект ретінде қалыптасуына кедергі болатын қайшылықтардан арылудың құралы, оның толық және сенімді ақпарат алып тұруы болып табылады. Сонда ғана бұл ақпараттар адамның өзінің шығармашылық қуатын оятуға, сөйтіп тұлға ретінде қалыптасуына, сонымен бірге өзінің жаңаша жұмыс істеуіне мүдделілігін арттыруға бағыттайды. Өйткені, осы аталғандар адамның өзін-өзі танытуға ұмтылысымен сипатталады.

Ғалымның пікіріне қосыла отырып, мектепалды балаларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іс-әрекет түрлерін үйлестіре жүргізгенде ғана мүмкін болады деп санаймыз. Өйткені, біріншіден, мектепалды бала үшін еңбек шығармашылығы ойында, еңбекте, оқудағы іс-әрекет үстінде көрінеді. Осы әрекеттердің қайсысын болса да мектепалды бала аса жауапкершілікпен орындайды. Екіншіден, мектепалды баласының өз еңбегіне қанағаттану сезімі оның сабақтағы материалды меңгеруіне байланысты болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етуге талаптанады. Оған мектепалды балаларының өз шығармашылығымен еркін тақырыпқа құрастырған ертегілерінен, мәтін мазмұнына сәйкес қиялы бойынша салған суреттерінен, өткен тақырыпқа ұқсас өлең, тақпақ айтып беруінен, логикалық тапсырмаларды орындауынан, анаграмма, ребус құрастыруларынан, мақал-мәтел, жаңылтпаш айтып беруінен, жұмбақтарды шешуден көруге болады.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада этнопедагогика материалдары негізінде мектепалды балаларының шығармашылық әрекетін қалыптастыру мәселесі сөз етіледі.

РЕЗЮМЕ

В статье говорится о формировании творческой деятельности детей предшкольного возраста на основе материалов этнопедагогики.




КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІ ТӘЖІРИБЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТҰҒЫРДЫҢ МӘНІ
Жиенбаева С.Н. – п.ғ.д., профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республиксының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырландырудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұғырға көшу/1/. 12 білім беру жағдайында әлемдік деңгейдегі белгіленген білім беру міндеттерін нәтиже ретінде көру мүмкіндігі туындайды. 12 жылдық білім беру проблемалыры орталығы дайындағын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты білім берудің мазмұнын жобалау және белгілеу тәсілдерінің жаңа үлгісін ұсынады. Бұрын мемлекеттік стандарттар берілетін материалдың көлемін мен құрылымынның нормаларын белгілеген болса, жаңа стандарт жобасында білім берудің нәтижелері норма ретінде бекітілген. Ең басты нәтиже құзыреттілік болып отыр.

Осыған орай Қазақстан Рсепубликасының 12 жылдық жалпы білім берудің бастауыш білім беру сатысында баланың жеке тұлғасын дамыту және қалыптастыруда жаңа тұрғымен қарап, білім, біліктерін өмір жағдайларында қолдана алатын қабілеттерін, негізгі құзыреттіліктерді: проблеманың шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік қалыптастырып дамыту көзделіп отыр. Бастауыш білім әр оқушының жеке ерекшелігін ескерген білім беру нәтижелері түрінде құзыреттіліктер кешенін игеруге бағдарланған. Кіші мектеп жасындағы балалардың бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала отырып, білім беру траекториясын барынша даралау мақсатында еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру тұлғаға бағдарлы негізде жүреді.

Құзыреттілік тұғыры бойынша білім беру прагматикалық сипатта болады және мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оны ретке келтіре алуы; өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі.

Бұл үшін «құзырет» және «құзыреттілік» деген ұғымдардың мән-мағынасын ашып алуды жөн көрдік. «Құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдарын, тұлғаның құрылуында феномен ретінде құзыреттілікке ие болудың мәнін және табиғатын түсінуде А.М.Аронов, Дж.Равен, А.Н.Тубельский, Б.И.Хасан және т.б. пайымдауларының мәні зор. Соның ішінде А.М.Аронов құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы деп қарастыруды ұсынады, құзыреттіліктің іс-әрекеттік негізі қазіргі білімдік және болашақтағы практикалық әрекетті байланыстырады. Ғалымның ойын жалғастырушы .Г.Б. Голуб құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар іс-әрекеті жатыр, «іс-әрекет ойлау әрекетінің бөлігі», ал құзыреттілік «бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-әрекеті» деп ерекше атап өткен. Бұл құзыреттілікті іс-әрекеттік категориясы деп түсінуге мүмкіндік береді. Автордың пікірінше, ол субъективтенген, яғни жеке іс-әрекет тәжірибесінен өткен, субъективті тәжірибеге айналады. Сонымен, құзыреттілік– оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, біліктілігін, дағдыны және әрекеттің барлық тәсілдерін меңгеруі, білім берудің нәтижесі.

Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетінің нәтижелігін, негізгі, пәндік құзыреттерін белгілеу негізінде еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесін қалыптастырудың мақсатын, мазмұнын таңдау, ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге негіз болады. Құзыреттілікті іс-әрекет категориясы ретінде түсіну үшін іс-әрекеттің ойлау әрекетінің бөлігі екендігін баса айтудың мәні бар: субъектінің білімі, біліктілігі және бірте-бірте автоматты дағдысы, оны типтік және типтік емес, сырттан реттелетін немесе еркін жағдайларда қолданылады, ойлау үдерісінен өтеді, яғни рефлекцияланады. Ғалымның ойынша, құзыреттілік негіздер тұлғадан абстрактілі ойлауды, өзіндік рефлекцияны, өзін-өзі бағалауды, сыни ойлауды, яғни интеллектуалды дамуды талап етеді. Сол сияқты түрлі типтегі автономдық, рефлексивті іс-әрекеттерді қажет етеді.

К.Ж.Аганина құзыретті болашақ маман дайындауға қатысты «өзінің ішкі және сыртқы ресурсын іс-әрекетінде табысқа жетуде іске асыра алуы» деген/265/. Көптеген әдебиеттерде құзырет – нақты пәнге қатысты белгілі бір іс-әрекеттің жиынтығын меңгеруі, білім беру нәтижесі деп берілген. Сондықтан кші мектеп жасындағы балалар «Технология» пәнінде еңбек іс-әрекетінің амалдарын игере отырып, сол әрекеттен тәжірибе жинақтауы кез келген жағдайдан шыға білуге мүмкіндік береді.

Сонымен, құзыреттілік баланың еңбек іс-әрекетіндегі субъективті тәжірибесін белсенді қолдана алуы өзіндік негізгі құзыреттіліктерін дамытуға жағдай жасайды. Негізгі құзыреттіліктер – өмірдегі мәселелер мен жағдайларды шешуде іс-әрекеттің сапалы, табысты өтуін қамтамасыз ететін жеке тәжірибеге енген білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі. Сондықтан осы тұрғыда кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Бірақ білім беру жүйесінің қай сатысында, қандай жағдайларда негізгі құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі зерттелмеген. Дей тұрғанмен, кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі құзыреттіліктер іс-әрекетте, соның бірі – еңбек іс-әрекетінде қалыптасады.

Негізгі құзыреттіліктер бала тұлғасының даму ерекшеліктерімен, жеке тәжірибесімен табиғи байланысты біліктіліктердің сандық жиынтығы. Баланың еңбек іс-әрекетіндегі сандық өзгерістер сапалық өзгерістердің болуына ықпал етеді. Еңбек іс-әрекетіндегі негізгі құзыреттіліктердің сандық өзгерісінің белгісі бастамашылдық сапасының дамуымен көрінуі мүмкін. Дж.Равеннің пікірінше, бастамашылқты бір жағынан құқыреттіліктің бар екендігін көрсетеді, екінші жағынан нақты жағдаяттарда құзыреттіліктердің сипаты туралы түсінік береді. Бастамашылдық еңбек іс-әрекетінде баланың қызығушылығын, белсенділігін, субъекті ретінде көрінуін, тәжірибесінің қалыптасқандығын көрсетеді. Ғалымның зерттеуіне сүйене отырып, бастамашылдығына негізделген ішкі түрткі баланың еңбек іс-әрекетінің мақсатқа бағытталуын, ішкі әлеуетін жинақтап сыртқы ресурстарға белсенді пайдалануда құзыреттіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар еңбек іс-әрекетіндегі ішкі түрткі баланың бастамашылдығын таңдамалы, меңгерген әрекеті мен түсініктерінің негізінде тәжірибесі бірегей болуына ықпал етеді.

Құзыреттіліктің екінші көрсеткіші рефлексияның болуы. В.В.Давыдов,Э.А.Дудареваның зерттеулерінде рефлекция тек адамға тән қабілеттілік бола тұра, өзінің ойын, эмоциональдық көңіл-күйін, өзінің әрекеті мен қатынасын арнайы қарастыруға және практикада жаңадан жасауға мүмкіндік береді. Ендігі бір еңбектерде рефлекция іс-әрекеттің ішкі жоспары ретінде пайда болып, әрекеттегі бастамашылдық, жаңа ақпарат іздеуде, қажеттілігін қанағаттандыруда, өзінің жетістігін бағалауда «субъектінің талдау және өзінің іс-әрекетінің мақсаттарын, шарттарын және тәсілдерін, заттың жағдаятпен арақатынасын белгілеу қабілетінен көрініс табады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі негізгі құзыреттілігі қалыптасуындағы сапалы өзгерісі рефлексивтіліктің дамуымен тығыз байланысты болып, өзінің әрекетін, жетістігі мен болашағын саналай алады.

Еңбек іс-әрекетінде ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру үшін балалар қойған мақсатына қарай ақпарат көздерімен әрекет етеді, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі. Қалай жасау керектігіне білім ғана емес, біліктілік қажет. Осы тұста А.Н.Тубельскийдің ойын келтірсек, «негізгі құзыреттіліктің мәні әмбебап біліктілікте, оларды әмбебап танымдық, әмбебап коммуникативтік, әмбебап іс-әрекеттік деп шартты түрде бөлуге болады». Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесі біліктілігінің деңгейіне байланысты.

А.В.Тихоненко өзінің зерттеуінде «баланың жастан жасқа өтуінде құзыреттік ие болатын және жүзеге асыратын мазмұны, заттарға, әрекеттерге, оның нәтижелеріне қатынасы, мінез-құлық амаладары өзгеріп отырады, бірақ негізгі құзыреттіліктің түрлері сол күйінде қалады.» деген. Жоғарыдағы зерттеулерге сүйене отырып, еңбек іс-әрекетіндегі негізгі құзыреттіліктердің түрлерін: әлеуметтік, коммуникативтік, ақпараттық, іс-әрекеттік деп бөліп көрсеттік. Біздің ойымызша, кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетінде әлеуметтік, ақпараттық, проблеманы шешу, коммуникативтік, іс-әрекеттік, танымдық құзырттіліктерінің бастапқы жиынтығы бір уақытта дамытылады деп ойлаймыз. .

Проблеманы шешу, танымдық құзыреттілікпен тығыз байланысты. Проблеманы шешу құзыреттілігі кіші мектеп жасындағы балаларда өздігімен алған ақпаратын мәселені шешуде қолдана білу біліктілігі, өздігімен білім, біліктілікті меңгеруі. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың проблеманы шешу құзыреттілігі қалыптастыруда шығармашылық еңбек, жобалау әрекеттері ұйымдастырылады. Мұндағы ақпарат көздері ересектердіің тәжірибесі, кітаптар, өзіндік жеке тәжірибесі, құрбыларының тәжірибесіне сүйенеді. Осы жастағы балалар табиғатынан әрекетшіл, білуге құштар, зерттеушілік белсенділік, бастамашылдық тән. Зерттеушілік бастамашылдық жаңа ақпаратқа, жаңа әсерлер мен білімге, еңбек іс-әрекетіндегі жаңа нәтижеге дегене қажетттілік. Зерттеу мақсаттарын өздігінен қойып, оны шешудің жаңа тәсілдерін және құралдарын іздестіреді. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі проблеманы шешу құзерттілігі мынандай мазмұнды болуы тиіс:

1. Проблеманы қоя білуі:

– еңбек іс-әрекетіндегі проблеманы анықтау алуы;

– педагог ұсынған проблеманы шешуге қызығушылығының болуы;;

– қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады:

2. Мақсат қоюы және іс-әрекетті жоспарлай алуы:

– еңбек іс-әрекетінің ретінмен орындауды логикалық түрде белгілейді;

– орындау мерзімін анықтайды.

3. Технологияларды қолдануы:

– еңбекті іске асыру нұсқауын құрастыралды;

4. Ақпаратты, еңбек ресурстарын жоспарлауы:

– еңбек іс-әрекетін орындауға ресурстарын атайды.

5. Еңбек іс-әрекетін және өнімді бағалауы.

Қоғам ақпараттық технология дәуіріне кіргендіктен түрлі ақпарат көздерін қолдану біліктілігін, оған сыни көзқараспен қарау дағдысы, қажет ақпаратты таңдау біліктілігін талап етеді. Ақапарттық құзыреттілік кіші мектеп жасындағы балалардың қажеттілігіне және мүмкіндік әлеуетіне байланысты қалыптастыру көзделеді. Қазіргі Е.В.Огородников, О.М.Чубарянның зерттеулерінде ақпараттық құзыреттілікті компьютерді, интернетті меңгеру деп қарастырады. Бұл үшін зерттеушілік әрекетпен ұштастырылып ақпаратты интернеттен ала алады. Компьютерде сызбалар және құрастырулар жасайды, дамытушы тапсырмалар орындайды. Кіші мектеп жасындағы балалардың ақпараттық құзыреттілігі еңбек іс-әрекетіндегі танымдық, білуге құштарлығын, оқуға деген қажеттілігін қанағаттандырады.

Сондықтан өздігімен түрлі ақпара көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі, оның оқу үлгерімі жақсарып, тез қабылдау, сұраққа жауап беру және оқытушының тапсырмасын орындау жылдамдығы артады, өздігімен ойлап айтуға, «технология» пәнінің мәнін түсініп пікірін айтады. Сонымен еңбек іс-әрекетіндегі ақпараттық құзыреттіліктің мазмұны мынадай болуы тиіс:

1.Ақпараттық ізденісті жоспарлау:

– еңбек іс-әрекетіне қажетті білім көздерінен белгілі мен белгісізді бөлуі;


  • мүмкіндігіне қарай білім көздерін пайдалан білу біліктілігі;

2. Алғашқы ақпарат алу:

– адамнан ақпарат ала алу біліктілігі;

– білім алу көздеріне сүйене білу біліктілігі;

3. Ақпаратты алғашқы өңдеу:

– ақпаратты жүйелеу алуы;

– алынған ақпаратты баяндай алуы;

4. Ақпаратты өңдеуі:

– ақпараттың жеткіліксіздігін, түсініксіздігін ескертуі;

– ақпаратты негіздей алуы.


  • алған білімдерін іс жүзінде пайдалан білу біліктілігі. Еңбек іс-әрекетінде ақпаратты пайдалануда дербестікке, бастамашылдыққа, қажетті ақпаратты таңдай білуге қабілетті болып, тәжірибесінің қалыптасуына негіз болады. Адамдардың қарым-қатынасынан тұлғалық сапалары дамып қоймайды, жалпы адамзаттық тәжірибелерді, құндылықтарды, білім және іс-әрекет амалдарын меңгеріп, осы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, коммуникативтік құзыреттілік – баланың коммуникативтік біліктілігі. Осы тұрғыда қарағанда кіші мектеп жасындағы балалар еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастырда коммуникативті құзырттілігі мынандай мазмұнда болады:

1. Жазбаша қатынас:

– құрастыратынын, дайындайтын бұйымның сызбасын, үлгісін құру;

– жасаған бұйымына сипаттама жазу.

2. Көпшілік алдында сөз сөйлеуі:

– сөйлейтін сөзі жоспарлауы;

– көпшілік алдында сөйлеу регламентін сақтауы;



  1. Сұхбаттасуы:

– балалардың еңбек іс-әрекетін алдын ала келісуі,

– өзінің көзқарасын бідіру, қажет болса, оны қорғау, диалогты бастау,

– сұрақ қою, өзінің жағдайын қажеттілігін, талаптарын түсіндіре алуы,

– қарым-қатынас стилін таңдауы.

4. Нәтижелі топтық қатынас:


  • еңбек етуге эмоциональдық ықыластылық,

  • басқалардың еңбектегі көңіл-күйін сезіне білуі, жолдасының әрекетіне зейін қоюы ;

– еңбек іс-әрекетінде басқа балаларды таниды, оның пікірімен санасады, мінез-құлқын көреді, балалардың арасындағы түрлі мәселелерді тез шеше алады;

  • бірлескен еңбек іс-әрекетінде баланың, бастамашылдығы, ұйымдастырушылық қабілет байқалады. Еңбек іс-әрекетінеде қарым-қатынас нормаларын, ережерін меңгереді. Бірте-бірте басқа балалардың қызығуын ескеретін, көмектесуге дайындығын қамтамасыз ететін субъективті қатынасы көрінеді. Қарым-қатынас құралдарын орнымен қолдана отырып, тіл арқылы білімдері мен тәжірибелерін алмасады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар еңбек іс-әрекетінде коммуникативті құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы зор.

Кіші мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуы әлеуметтендіру, әлеуметтік тәжірибе, әлеуметтік белсенділік ұғымдарымен тығыз байланысты. Баланың адамзаттың қатынас әлеміне, мәдениетіне енуі, оның дамуының негізгі көзі болып саналады. В.Н.Мясищев « тұлғаның бастапқы негіздемесе, индивидтің әлеммен мол байланысу байлығында» деген. Баланың ішкі мәнді этникалық инстациясы, этикалық ережелері, қоршаған әлем және адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы түсінігінің, тәжірибесінің қалыптасуы еңбек іс-әрекетіне жүзеге асады. аланың әлеуметтенуін оның әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру, яғни әлеуметтенуі мен даралануының өзара байланысы. Оның нәтижесінде еңбек іс-әрекетінде өзін-өзі жүзеге асыратын біліктіліктерге жетеді.

– еңбек іс-әрекетінде құрдастарымен, адамдармен қатынасты орнату және қолдап отыру;

– өзінің және басқаның еңбек іс-әрекетіндегі түрткісін түсіну;

– еңбек құндылығын түсіну және құндылық қатнас жасау біліктілігі;

– өзінің және басқаның еңбектегі тәжірибесін пайдалан білу;

– еңбек іс-әрекетін нәтижесін болжау, басқару және реттеп отыру;

– еңбекке және еңбек нәтижелеріне қатынасы;

– еңбек іс-әрекетіндегі келіспеушіліктерді болдырмау және оны орнымен шешу біліктілігі.

Кіші мектеп жасындағы балалар өзінің еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде дамуы мен жетілуде сензитивті болғандықтан бастапқы іс-әрекеттік құзыреттілігі дамиды. Баланың еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесі әлеуметтік белсенділігі, автономдылығы (тәуелсіздігі), жауапкершілігі, еркін әрекеттенуіне байланысты. Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі әрекеттік құзыреттілігі баланың ересекке тәуелсіз болуына, дербестікке өзін-өзі реттеуге құқығы берілген жағдайда жүзеге асады. Бірақ қазіргі балаларда өздігімен шешім қабылдауға, еңбек әрекеттерін орындауға, еңбек әрекетінің нәтижесін алдын ала болжауға сенімі жетпейді, ересектерден күтеді.

Мұның өзі балаланың еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесінің жетіспеушілігінен, олардың өмірлік тәжірибесіне сенбеушіліктен болады. Ересектер тарапынан кейбір жағдаяттарға тиісті баланың тәжірибесі жоқ деген шектеулері сол жағдайдағы тәжірибені иегруін тежейді. Тәуелсіздік, дербестік, жауапкершілік сапаларын еңбек іс-әрекетінде қалыптастыруда балалардың түрткілерінің, әрекет ету стилін, орындау қарқынын есеп алу қажет. Ересектер мен балалар оқудың нәтижесін түрліше деңгейде түсінеді. Бала еңбек іс-әрекетінде қол жеткен нәтижесін едәуір деп есептесе, ересек оны жеткілікті түрде бағаламайды. Мысалы: қағаздан жасалған сыйлығына мән бермеуі кездеседі. Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі тәуелсіздігі, жауапкершігі әрекет тәсілдерін, операциялардың орындалу бірізділігін, кездескен қиынщылықтарды жеңу амалдары туралы білімін, біліктілігін тәжірибесін қажет етеді. Сонымен еңбек іс-әрекетіндегі іс-әрекеттік құзыреттілік мынандай мазмұнға ие болады:

– еңбек іс-әрекетінің мақсат қоя білуі, қажетті құралдарды таңдауы, әрекеттің бірізділігін құру біліктілігі;

– еңбек нәтижесін болжау, кездесетін қиыншылықтардың алдын алу біліктілігі;

– қойылған мақсатқа сәйкес нәтижені талдау және бағалау;

– өзгелермен, сыныппен бірге, өздігімен еңбек ете алуы;

– өзінің және өзгелердің еңбектегі әрекетін бағалауы және түзетуі.

Сонымен, проблеманы шешу құзыреттілігі кіші мектеп жасындағы балаларда өздігімен алған ақпаратын мәселені шешуде қолдана білу біліктілігі, өздігімен білім, біліктілікті меңгеруі. Коммуникативтік құзыреттілік – баланың еңбек және еңбек құралдары, қоршаған әлем туралы білімі, бірлескен еңбекте тіл табысуы, өзара келісу біліктілігі. Ақпараттық құзыреттілігі – ақпарат көздерін қолдану біліктілігі. Еңбек іс-әрекеті құзыреті – технология пәнінен білім алу құзыретіне ие болуы, кіші мектеп жасындағы балалардың технология аймағындағы білімі және тәжірибесі. Білім берудегі соңғы нәтиже пәндік білім алу құзыреті және ақпаратттық құзеттілік, проблеманы шешу құзыреттілігі, коммуникативтік құзыреттіліктер жиынтығы, оған жетуде тәжірибенің ықпалы жоғары.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі мемлекеттік білім беру бағдарламасы. Астана 2010.

2 Зинина С.М. Роль педагога-психолога в развитии коммуникативной компетенции детей дошкольного возраста// Актуальные проблемы психологии образования: Материалы научно-практической конференции 3-4 ноября 1999 г. – Н.Новгородский гуманитарный центр, 1999. – С. 35–37.

3 Аганина К.Ж Теоритические основы подготовки учителей интегрированых предметов// Матералы Республиканской научно-практической конференции, посвещенной 80-летию доктора педагогических наук, профессор Н.Д.Хмель. –Алматы: 2008. – С 74–82.

4 Джадрина М.Ж. Вопросы повышения качества школьного образования.// Материалы международной научно-практической конференции: «Среднее образование в ХХІ веке: состояние и перспективы развития». – Астана. 2002.– 159 с.

5 Равен Дж Педагогическое тестирование: проблемы, заблуждения, перспективы. // Школьные технологии. – 1999. – № 1-2. – С.178–207.

6 Дударева Э.А. Психолого-педагогический мониторинг воспитания рефлексии младших школьников: 13.00.01– общая педагогика, история педагогики и образования, автореф. дисс.... канд. пед. наук. – Екатеринбург, 2003. – 26 с.

7 Тубельский А.Н. Детско-взрослые сообщества как субъект компетентностного содержания обрования.// Материалы конференции. www/conf/ krasu

8 Тихоненко А.В. Компететностный подход к формированию общечеловеческих понятий у учителец и учащихся начальной школы: 13.00.01– общая педагогика, история педагогики и образования, автореф. дисс… док. пед. наук. – Тамбов, 2002. – 42 с.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруда құзыреттілік тұғырдың мәні қарастырылады.

РЕЗЮМЕ

В статье говорится о значении компетентного подхода при формировании опыта трудовой деятельности учащихся начальных классов.




МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жиенбаева С.Н.- п.ғ.д., профессор;

Абдурахманова М.– магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым-қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.

Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н. Журавльев, Н.Ф. Талызина, Р.К. Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты болады. Осылайша ересек топтағы балалардыңпсихологиялық ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру мүмкіндігін анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:

«құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;

– құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;

құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы;

құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады.

Психология ғылымының «кәсіби маңызды сапа» немесе «іскерлік және тұлғалық сапа», сонымен қатар белгілі үш таған: білім, білік, дағды ретінде де түсіндіріледі. Елімізде 2000 жылдың басында «құзыреттілікке бағдарланған білім беру мен дамыту» тұжырымдамасы ресімделіп, бұл жұмыстың көптеген қолдаушылары мен келісімге келмейтін қарсыластары да пайда бола бастады. Осы тұжырымдамаға қатысты пікірталас әлі күнге дейін басылмай, таласты пікірлердің тууына себепкер болуда. Сондықтан бүгінгі еліміздің білім жүйесінде әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жалпы ұлттық деңгейдегі жаңа мазмұнмен қамтамасыз етуде құзыреттілік тұғырының маңызы зор. «Құзыреттілік» ұғымы дәстүрлі педагогикалық зерттеулерде кәсіби құзыреттілік немесе маман құзырлылығы ұғымдарымен қатар қолданылып келді. Ал, қазіргі зерттеу жұмыстарында «құзыреттілік» тек маман біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік, мәселені шешу, коммуникативтік құзыреттіліктері зерттеу пәніне айналуда. «Құзыреттілік» ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін жетік білетіндерге немесе үлкен адамдарға ғана қолданылатын мінездеме емес, сонымен қатар студенттерге, мектеп оқушыларына, тіпті мектепке дейінгі жастағы балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады. Сол себепті мынадай қорытындылар шығаруға болады: құзыреттіліктің жас ерекшелігі шегін анықтауда қиындықтар туындайды. Қазіргі зерттеушілер маман ретінде, құзыреттілікті мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып жасындағы балалардың маңызды мәселесі ретінде қарастыруда. Қазіргі таңда құзыреттілікті тұлғаның күрделі мәденижиынтық іс-әрекеті түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады.

Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру нәтижесі ретінде мемлекеттік міндетті білім беру стандарт бойынша денсаулық сақтау, таным, қарым-қатынас, әлеуметтік және шығармашылық құзыреттілік деп белгіленген. Соның ішінде танымдық құзыреттілік қоршаған ортамен таныстыру, математикалық түсініктерін қалыптастыру, сенсорлық тәрбие беру негізінде қалыптасатындығы негізге алынған. Біз соның ішінде танымдық құзыреттіліктің мәнін ашуды жөн көрдік.

Таным, ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үрдіс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным – заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады. Психологиялық сөздікте таным Педагогикалық сөздікте таным – әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.

Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Г.Нұрышева танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі деп анықтама берген. Ғалымның таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады, сондықтан танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп те есептеуге болады деген құнды пікірімен де келісуге болады. Бейнелеудің философиялық теориясы тұрғысынан алғанда танымның үш түрі: сезімдік, логикалық және прагматикалық жағынан ерекшеленеді. Сонымен, ересек топтағы балалардыңтанымын дамытуда сезімдік, логикалық және практикалық түрі ұйымдастырылуы шарт деп санаймыз. Таным теориясында танымның маңызды жақтары ретінде бейнелену көрінеді. Мұнда бейнеленудің бірнеше деңгейлері ерекшеленген:

- өлі табиғатта бейнеленуі;

- тірі табиғатта бейнеленуі;

- әлеуметтік деңгейдегі бейнеленуі;

- жеке санамен сезінуі;

- қоғамдық санамен сезінуі. Біздің мәселемізді талдау үшін жеке деңгейдегі бейнеленуі маңызды болып табылады. Сонда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзерттілігі – қоршаған орта туралы білімі, , сенсорлық мәдениті, оларды қолдану біліктілігі, дағдысы және тәжірибесінің жиынтығы.. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігі зерттелуі күрделі мәселе болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Білім туралы. Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. -Алматы: Литера, 2007. ~96б.

  2. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы.

3. Тубельский А.Н. Детско-взрослые сообщества как субъект компетентностного содержания обрования.// Материалы конференции. www/conf/ krasu

4. Рыжков М.В. Ключевые компетенции: возможности применения. // Стандарты и мониторинг в образовании. – 1999, – № 4. –С. 21–22.

5. Зинина С.М. Роль педагога-психолога в развитии коммуникативной компетенции детей дошкольного возраста// Актуальные проблемы психологии образования: Материалы научно-практической конференции 3-4 ноября 1999 г. – Н.Новгородский гуманитарный центр, 1999. – С. 35–37.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері айтылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются вопросы формирования познавательной компетентности детей дошкольного возраста.




МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Жиенбаева С.Н.- п.ғ.д., профессор;

Омарова М.– магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында, 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген. Бұл межелі міндет мектепке дейінгі ұйымке дейінгі кезеңнен басталып, жаңа бағыттары қарастырылуда.

Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі білім жаңа мазмұнмен байытылып, мектепке дейінгі ұйымке дейігі баланың қабілеттерін дамыту, оның бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру міндетін шешуге бағытталған. Қазіргі әлемдік өркениетте экономикалық жағдайға сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайда түйінді құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігі айқындалып отыр.

«Балапан» бағдарламасында «Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі ұйымдардың тапшылығын азайту жөнінде 2009 жылдың аяғында қабылданған шаралар балалардың қамту көрсеткішін 37-ден 38,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді: республикада қосымша 17 155 орынға арналған 404 мектепке дейінгі ұйымке дейінгі ұйым қосымша іске қосылды». Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету 2015 жылға қарай МЖБС-ның жетекші білім салаларына сəйкес 5 оқу бағдарламасын жаңарту жоспарлануда. Əрбір оқу бағдарламасы үшін оқу-əдістемелік кешендер əзірленеді (жыл сайын 5 бірліктен, барлығы 25).» делінген.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда тұлғаны дамытуға, оның әлеуетін анықтауға, дербестігін қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі сабақ жүйесінің орнына ізгіліктік философия, психология және педагогиканың идеяларын біріктірген тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі келуде. Аталған жүйе адамды субъект, өз өмірін жасаушы қалыптастыруға мүмкіндік береді; балаларды белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық және т.б.) жауапкершілікпен жүзеге асыруға үйретеді. Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Шығармашылық мәселесі адамзатты ежелден – ақ толғандырып келген және қазіргі күнге дейін түбіне жеткен жоқ. Берілген сұрақтың философиялық шешімі шығармашылықты жаңа дүниенің туындысы деп қарастырып, шығармашылық акттың мәнін түсіндіргісі келеді.

Тұлғаның іс-әрекетіндегі шығармашылық теориялық таным деңгейінде, ойлаудың жоғары сатысында іске асатындығы В.Бердяев, М.М.Бахтин, Э.Г.Юдин, А.Спиркин, М.Попани, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Г.Нұрышева т.б. ғалымдардың еңбектерінде, адамның ақиқат өмірдегі өзін-өзі тануға ұмтылуы, өздігінен ізденуінен туындайтын жаңа тұлғалық сапаларының көрінуі деп тұжырымдалған. Оның ішінде В.Бердяев адамның шығармашылық дамуы іс-әрекет арқылы өзін-өзі тануы, өзін-өзі жетілдіру тұрғысынан түсіндіреді. А.Г.Спиркин шығармашылықты келесі түрде анықтайды «...... бұл практикалық және ойлау қызметі, керемет әрі қайталанбас құндылықтар жасау, жаңа фактілерді, қасиеттерді, заңдылықтарды, сондай-ақ зерттеу әдістерін анықтау осы қызметтің нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда мынаны атап өту қажет: мәдениет тарихи жағынан алғанда жаңа болып келсе, жаңалық обективті әрі әлеуметтік жақтан маңызды болғаны, ал егер ол автор үшін ғана жаңа болса, жаңалық субъективті әрі қоғамдық маңызға ие болмағаны». Автор бұл анықтамада шығармашылық процестің объективтілігін бөліп көрсетеді. Біз шығармашылық, адамның процесс барысында қоғамдық маңызы бар жаңаны танитын, ашатын, ойлап табатын, жасап шығаратын қызметі деген жалпыға танымал көзқарасты қолдаймыз. Шығармашылықтың мәні жаңаны, озатты, ілгерішілдікті көре білу деп анықтама бергенді қолдамаймыз. Біздің ойымызша жаңаны көру, іздестіруге түркі болады, ал шығармашылық әрекет жаңаны жасауды көздестіреді. Шығармашылық негізінде өнімді қызмет деген ұғыммен келісе отырып, сонымен қатар біз кез-келген шығармашылық процесс өзіне қайта құру әрекетін де кірістіреді, әр жасампаздығының өзіндік ерекшелігі болды деп есептейміз.

Қабілеттің табиғаты мен шығу тегі туралы екі түрлі көзқарас белгілі: олардың бірі (Р. Декарт, Г.В.Лейбництен басталады) қабілеттіліктің туғаннан пайда болатынын сипаттап, бұл ақылдың қасиеті деп түсіндіреді. Басқасы (Дж.Локк және оның ізбасарлары) өз өмірінің сыртқы шарттарына тәуелділігі туралы тезистен шығады. Біз ғалымдардың пікірінен қабілетті дамытуда іс -әрекет пен тәрбие беруде шешуші рөлді тану қажет деп есептейміз, бірақ олардың табиғи негіздерін бағаламауға болмайды, ересек топтағы балалардың қабілетін дамытуға байланысты педагогикалық іс- әрекетте баланың және оның дарындылығының табиғи ерекшеліктерінің өзіндік даралығына сүйену керек. Әрбір ересек топтағы балалардың мүмкіндігін тиімді қолдану педагогтар мен ата-аналардың өзекті практикалық есебі.

Шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың маңызды шарты ересек топтағы балалардың өздерінің мотивациясының болуы керек. бұл олардың әдістемелік, психологиялық және әдістік білім, ересек топтағы балалардың адамзат мәселелеріне қызығушылығының бағытталуымен танысуынан келіп шығады. Осы негізде ересек топтағы балалардың белгілі бір дәрежедегі санының оқу сабағы мен сабақтан тыс уақытта педагогикалық іс-әрекетке қатыстырылуы болып табылады. Осыған орай, біз шығармашылық еңбек әрекетінің мәнін интегративті шебер әрекет (А.М. Новиков) деген түсінікпен байланыстырдық. «Бәрін істей алу дегеніміз не? Бұл қажеттіліктері итермелейтін адамның өз бетімен жағдаятта бағдарланатынын, оны тани білетінін (сонымен қатар қажетті жаңа білімдер алып), объективті заңдар мен жағдайларға сәйкес әрекеттің мақсатын дұрыс анықтай алатынын, қалыптасқан жағдайға, мақсатқа сай нақты әрекет құралдары мен тәсілдерін анықтай алатынын, еңбек ету барысында оларды жетілдіріп, түпкі мақсатына қол жеткізе алатынын білдіреді. Шынында, біз бұл жерде іс-әрекеттің жалпы, тұтас, психологиялық сызбасын келтіріп отырмыз. Барлық аталған компоненттер бірлігінен тұратын осындай іс-әрекетті шартты түрде біріккен (интегративті) деп атайық.

А.Я.Понамарев айтуынша, шығармашылық тетігінің белгілі бір өзара әсерлесу фазалары бар дамытушы өзара әсерлесу. Іс - әрекеттің екіжақты нәтижесімен анықталатын интуитивті механизм шығармашылық негізі болып табылады. Іс-әрекеттің бір бөлігі қойылған саналы мақсатқа сәйкес келе отырып, тура өнім деп аталады, ал екіншісі мақсатқа сәйкес келмей және саналы ойдан бөлек алынғандықтан, қосымша өнім деп аталады. Оны шығармашылық іс -әрекеттің интуитивті деп аталады. Интуитивті шешімнің ерекшеліктері сезімдік бейне, қабылдау тұтастығы және санадан тыс нәтижені алу болып табылады.

ТМД елдеріндегі психолог және педагогтар дошкольника (Б.В. Асафьев, Л.А. Венгер, Н.А. Ветлугина, Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, Д.Б. Кабалевский, Н.Н. Поддьяков, Б.М. Теплов және т.б.) шығармашылықты баланың тұлғалық сапасы, әрбір баланың қабілетін дамытуға бағытталған табиғи іс-әрекеті, өзіндік құндылығы ретінде қарастырды.

Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі білім беру теориясы мен практикасында түрлі көркем әрекетінде баланың шығармашылығын дамыту тәжірибесі жинақталған. Дегенмен, жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартында өнімді және көркем іс-әрекеттер нәтижесі шығармашылық құзыреттілік деп таңдалған. Зерттеулер бойынша шығармашылық құзыреттілік тек студенттерге тән білім нәтижесі, тіпті мектеп жасындағы оқушылардың білім беру нәтижесі ретінде қарастырыл зерттеулер жоқтың қасы. Сондықтан бұл білім беру нәтижесі мектепке дейінгі балалар үшін ауыр салмақты нәтижесі тәрізді деп тұжырымдаймыз.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы. Астана. 2007

2 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.Астана 2010

3 Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен өамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы. Астана 2010.

4. Доналдсон М. Мыслительная деятельность детей / Доналдсон М М. - Педагогика, 1985.

 5.  Поддьяков Н.Н. К проблеме умственного развития ребенка // Научное творчество Л.С.Выготского и современная психология. Тезисы докладов Всесоюзной конференции. М., 1981. С. 128-130.

6. Поддьяков Н.Н. Творчество и саморазвитие детей дошкольного возраста: Концептуальный аспект. Волгоград, 1995.

7. Уродовских Г.В. Активизация процесса формирования творчества у дошкольников в конструктивной деятельности // Особенности обучения и воспитания детей дошкольного возраста. М., 1987.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары айтылады.
РЕЗЮМЕ
В статье раскрываются пути развития творческих способностей детей дошкольного возраста.


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жаспанова Т.Қ. – аға оқытушысы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден-бір жолы ол – өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогикасы негізінде эстетикалық тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған.

Халықтық педагогикадағы қазақтың салт-дәстүрлері жеке басты көркемдік рухани дамытуда эстетикалық тәрбиенің атқарар қызметі өте маңызды. Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерді пайдалану проблемасын шешу қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңдерінде жүргізілген. Соңғы жылдары бұл проблеманы шешу эстетикалық тәрбиеге де тиісті болып отыр.

Қазақ этнопедагогиксының қайнар бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Бастауыш сынып оқушыларын жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манері, дене қимылы, т.б. А.С.Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек /1/.

Қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлар - арақ ішу, темекі, анаша. шегу бұл эстетикалық талғамның төмендігі, яғни эстетикалық тәрбиенің өз дәрежесінде еместігін көрсетеді.

Эстетикалық тәрбие мәдениетке бастайды, онсыз қоғам дамымайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім беру Заңы», «Эстетикалық тәрбие беру тұжырымдамасында» көрсетілгендей төменгі сынып оқушыларына эстеиткалық тәрбие мен көркем білім беру аса маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі.

Балаларды халықтық педагогика арқылы эстетикалық тәрбиелеу ісі мектептегі тәрбие жұмысының барлық саласында, бейнелеу өнері, музыка пәндерінде шешіледі және бұл жалпы педагогикалық міндет болып табылады.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйлесімдік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды. Халықтық тәрбие тарихи даму үрдісіндегі тірі дене болып табылады. Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштерде мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген.

Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.

Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, әдемі, ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек.

Бастауыш сынып оқушысының түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.

Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімімен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.

Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Ұлы Абай өнерді тән азығы және жан азығы деп екіге бөлген. Осындай көркем өнерді жан азығына балауы, яғни көңіл-күйге, сезімге қатты әсер етеді.

Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов үлкен өнер иесі болғаны анық. Онын қабылдауынша, нақтылы өңірде өсіп-жетілген халықтың ұлттық болмысына өзін қоршаған аймақ пен өлкенің табиғат жаратылысының бітімі тікелей әсер етеді.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар:

1. Эстетикалық қабылдауды - табиғаттағы, өнердегі қоршаған өмірдегі әсемдікті қабылдауды дамыту;


  1. Эстетикалық талғамды, әсемдікті бағалай білуді, шын әсем нәрсені эстетикалық емес нәрседен ажырата білуді тәрбиелеу;

  2. Өнерде өзін шама-шарқынша көрсете білуге, қоршаған өмірге
    эстетиканы сіңіре білуге тәрбиелеу.

Егер эстетика педагогиканы әсемдіктің мәнін және оның көрініс беру заңдылықтарын түсінумен қаруландыратын болса, ал педагогика адамның осы әсемдікке деген көзқарасын қалыптастыру туралы мәселені шешеді, эстетикалық тәрбиенің нақты міндеттерін алға қояды, оқу-тәрбие жұмысының барысында ол міндеттерді шешудің жолдарын белгілейді.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс - әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс - әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс - әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өңдіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұнын өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым -қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан - жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

Кең ой - өрістілік сөйлеу іс - әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл -ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс - әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құкықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс - әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т.б.

Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан - жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.

Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс - әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс - әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өмер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, онын көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзкарасты тәрбиелеу, тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл - ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу - адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез қылықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай - ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс - әрекеттен және мұраттарға жету жолындғы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс -әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ьнтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі -эстетикалық сезімі және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады. Ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру –эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүйу, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өпері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы оте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға - көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін кабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс - әрекеті мүмкіндік береді.



Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды ездігінен ілтипатты өқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек.

Эстетиткалық тәрбиенің маңызды міндеті- өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін ашу керек. Эстетикалық тәрбиенің ыегізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор ндеялық тәрбиелік роль атқарады Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді. Олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер жане әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әртүрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия, кескіндемеде - жанр баталия, пейзаж, мүсінде- бюстт.б.) енгізіледі.

Сонымен өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың кұралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Әдемілікті сезуде эстетикалық көзқарасты қарастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол түтынушы, сұлулық ты жасаушы, адамдар бақыты үшін шығармашылық қызмет кер. Сондықтан өзінің күшін қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгсріс жасау үшін жүмсау керек.

Жемісті еңбектен қанағатануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.



Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың қозғаушы күші дем беруші ретінде пайдалану үшім балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу кажет.

Бақылау және балалармен әңгіме олардың әр қайсысы өте әсем зат жасағысы келетіні көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса да қуанады. Мүндай жағдайда мұғалім оқушы лар жұмыстар ына көрме үйымдастырып олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.

Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыс тығына сыртқы, кейде үстірт белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібімен іс-әрекеті, қоғам дық өмір және өнер ықпалымен қалыптасады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.

  2. Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.

  3. Әбілова 3, Қалиева Қ. «Этнопедагогика» Алматыб 1999

  4. Ғаббасов С. «Халық педагогикасының негіздері» Алматы, 1995

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогикасы негізінде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье раскрываются особенности народной педагогики в эстетическом воспитании учащихся начальных классов.




ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
Жумашева Т.С. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Бүгінгі таңда егеменді еліміз өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Білім беру жүйесіндегі болып жатқан реформа жаңа ұлттық модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие процесінің педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; … оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу” делінген. Соңғы жылдары практикаға жаңа идея, жаңа тұжырымдама мен жаңа технологияларды енгізу қарқынды жүзеге асырылуда.

Оқыту технологиясы – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Барлық берілген анықтамалардан біз «технология – tehno – өнер, шеберлік және logos – ғылым, заң, бір сөзбен айтқанда технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін көреміз.

Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Педагогикалық технология ғылым мен тәжірибенің арасынан аралық орын алады. Осы мәселені зерттеушілердің бірі Н.Ф.Талызина: «Ғылым мен тәжірибенің арасында айрықша ғылым болуы тиіс, ол арқылы ұстанымдар, әдістер дүниеге келіп, олардың қолданылу жүйесі анықталуы керек» - деп жазды. Оқыту технологиясы оқыту теориясын бейнелейді және оқытудың технологиялық деңгейін көрсететін стратегиясы мен тактикасы болып табылады.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақты сан алуан жаңа педагогикалық технологияларымен таныстырмайынша олардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технология негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру проблемасы білім беру жүйесі талаптарының бірі болып табылады. Оқушылардың танымдық әрекетін арттыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқытудың жаңа технологияларының өсіп келе жатқан жас ұрпақтың танымдық әрекетін қалыптастыруға мүмкіндігі зор. Оқушылардың танымдық әрекетін педагогикалық колледждерде қалыптастырудың маңызы ерекше. Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық әрекетін дамыту мәселесі бірқатар ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нысанасына айналған.

Жеке тұлға тәрбиесінде таным әрекетінің маңызы туралы ой-пікірдің қалыптасуына Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев секілді қазақ халқының ағартушы-ғалымдарының қосқан үлесі әлі күнге дейін үлкен маңызын жойған емес. Танымды қалыптастыру мәселесін философиялық тұрғыдан В.Г.Афанасьев, В.В.Журавлев, П.Алексеев, М.Федосов, А.Спиркин, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Д.Кішібеков, О.Сегізбаев, Ә.Тұрғынбаев, т.б. жан-жақты зерттеген. Философиялық тұрғыдан: “Таным – ойдың бiлмеуден бiлуге қарай дәл емес, бiлуден неғұрлым толық дәл бiлуге қарай ұмтылатын ой-өрiсiнiң күрделi үрдiсi”,- деген анықтама берілген.

Белгілі философ Д.Кішібеков: “Таным дегеніміз – сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеялды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі”, - деп таным ұғымын жан-жақты қарастырған. Яғни, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Оқушылардың танымдық процесін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық әрекетін қалыптастыруды психологиялық тұрғыда Б.М.Теплов, А.Н.Леонтьев, Н.С.Лейтес, Л.С.Выготский, А.М.Матюшкин, Я.А.Пономарев, П.М.Якобсон, В.С.Мухина, А.Б.Бакушинский, А.Ковалев, В.Мясищев, Д.Узнадзе, С.Рубинштейн, А.Люблинская, В.А.Крутецский, П.Иванов, М.Матюхина, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Т.Сабыров, зерттеген еңбектері ғылыми-әдістемелік негізге алынды. Таным туралы ғалымдардың түрлі пікірлерін саралай келе: таным адамның рухани баюы деген қорытынды жасауға болады.

Педагогикалық тұрғыдан қазақстандық ғалымдар: Қ.Аймағамбетова, Г.Е.Алимухамбетова, А.Х.Аренова, А.Е.Әбілқасымова, А.Байтұрсынов, А.А.Бейсенбаева, М.Дулатов, А.Н.Ильясова, Ж.А.Қараев, Р.Қоянбаев, Н.Н.Хан, Р.Г.Лемберг, Б.И.Муканова, Ә.Муханбетжанова, С.Рахметова, А.К.Рысбаева, Р.К.Төлеубекова, С.Ұзақбаева, Н.Д.Хмель және т.б. зерттеп, тұжырым жасаған. Оқушылардың танымдық әрекетін қалыптатыру туралы Ресей ғалымдары Н.К.Крупская, Ж.Д.Ушинский, А.С.Макаренко еңбектерінде зерттелінсе, Республика көлемінде жалпы оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мәселелерінің ғылыми-теориялық және әдістемелік негізін жасаған педагог-ғалымдар К.К.Құнанбаева, А.Сейтешов, Қ.Акишев, Н.Адамқұлов, Р.Ахияраев, К.Ж.Қожахметова, С.Ұзақбаева, Болатбаев т.б атауға болады.

Педагогика және психология ғылымдарында “педагогикалық технология”, “білім беру технологиясы”, “оқыту технологиясы”, “тұлғаны дамыту технологиясы” және т.б. ұғымдар кеңінен қолданылуда. Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту оның оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру міндетттерін шешуге септігін тигізеді. Кез-келген педагогикалық технология оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағыттылуы тиіс.

Мектеп практикасына қазіргі педагогикалық технологияларды енгізуді өз зерттеу жұмыстарының нысана етіп алған ғалымдар С.К.Исламгулова, Ж.Кобдикова, М.М.Жанпеисова т.б. бірақ дегенмен де мұғалімдердің жаппай тәжірибесінде қазіргі педагогикалық технологияларды таңдау мен қолдануда елеулі қиындықтарға кездеседі. Педагогикалық колледже білім беру мәселесін қарастыруда жаңа педагогикалық технология негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мәселесіне өз дәрежесінде көңіл бөлінбей келетінін ескерсек, бүгінгі күннің кезек күттірмес көкейтесті мәселелердің бірі ретінде педагогикалық колледж оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру болып табылады.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Жанпейсова М.Модульдік оқыту техникасы. Алматы, 1998

  2. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиясы. Алматы, 1996

  3. Кукушин В.Педагогические технологии. Москва, 2000

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруда педагогикалық технологиялардың мәні қарастырылады.
РЕЗЮМЕ

В статье говорится о значениях педагогических технологий в формировании учебно-познавательной деятельности учащихся.




ВОСПИТАНИЕ ПАТРИОТИЗМА ЧЕРЕЗ КРАЕВЕДЕНИЕ
Жубандыкова А.М. – к.п.н. (г. Алматы, ҚазгосженПУ)
Сегодня образование является одним из важнейших социальных институтов общества. Находясь в диалектическом взаимодействии с остальными его сферами образование оказывает огромное влияние на равитие государства.

В условиях вхождения Казахстана в мировое пространство система образования ставит новые требования к ее содержанию. Одной из важнейших задач системы образования является воспитание чувства патриотизма подрастающего поколения.

Патриотическое воспитание начинается с познания ценности Отечества. Для того, чтобы патриотизм стал нормой нашего общества, необходимо воспитание строить на примерах истории, культуры, географии родного края.

Одним из важнейших средств, связывающих обучение и воспитание с жизнью, является краеведение. Краеведение рождает чувства патриотизма — глубокой любви к Родине.

Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев подчеркивал: «Перед человечеством сегодня стоит три глобальных задачи: это — защита мира, защита духовности и защита природы. Все они главные условия нашего дальнейшего существования. Каждая из них не полна одна без другой. От этих трёх начал зависит обеспечение грядущего не только Казахстана, но и всего мира».

Концепция образования Республики Казахстан ставит одну из основных задач: «Изучать родной край, как часть всемирной географии, заложить таким образом, объективную основу патриотизма и любви к родной местности и неразрывной связи с интернационализмом и широким взглядом на мир, чувство гордости к успехам родного края и сострадания к его проблемам».

Изучение родного края является важнейшим фактором формирования системы общечеловеческих ценностей: сохранение природы родного края и здоровья его населения, бережного отношения к ресурсам, уважение к памяти предков, национальным традициям, семейному укладу жизни и т.д.

Краеведение — научная дисциплина, облагораживающая предмет своего изучения единственно своим изучением. Краеведение дает возможность познания края, оно способствует развитию мышления, воспитанию личности и формированию чувства патриотизма.

Краеведение принадлежит к типу комплексных наук, соединяя в себе сведения природоведческие, исторические, искусствоведческие, по истории литературы, науки и т.д

Краеведение как народное знание о своих родных местах, зародилось в глубокой древности. Об этом еще в 1924 году писал академик С.Ольденбург: «Люди интересовались местностью, где они жили, её природою, населением, историей, одним словом, самыми разными сторонами жизни».

Однако как наука со своим предметом изучения, собственными методами, возникла сравнительно недавно.

На первом этапе сведения краеведческого характера передавались поколениями из уст в уста, а затем получили отражение в летописях, в различных государственных документах. В это время краеведческие сведения были описательного характера, повествовали о событиях, природе и жизни местности.

Второй этап был ознаменован первыми работами по изучению и описанию различных областей страны. В это время были сделаны первые попытки комплексного описания и изучения края.

Научный этап ознаменовался становлением краеведения как науки о своем крае. Краеведческие исследования вели многие университеты, отделения и филиалы научных обществ. Возникают так же два направления в краеведении: научное и школьное.

Период советского развития краеведения характеризуется всеобщим признанием и широким размахом. Краеведение было включено в школьную программу и становится важным фактором воспитания учащихся.

Говоря о краеведении, чаще всего понимают его как краеведение географическое, в задачу которого входит всестороннее, синтезированное изучение края. Известный ученый А.С.Барков говорил, что «Краеведение есть комплекс научных дисциплин, различных по содержанию и частным методам исследования, но ведущих в своей совокупности к научному и всестороннему познанию края».

Огромную роль в воспитании патриотизма детей играет природоведческое краеведение. Ведь именно природоведческое краеведение формирует у детей положительное отношение к природе, создаёт условия для включения их в природоохранную деятельность.

Воспитание патриотизма через краеведение - это многогранный и сложный процесс, который расширяет кругозор и развивает познавательные интересы детей, приобщает к творческой деятельности, формирует практические и интеллектуальные умения, помогает в выборе профессий. Изучение родного края дает возможность привлечь учащихся к поисково-исследовательской и экспедиционной работе.

Краеведческая работа полезна не только для детей, но и для самого педагога. Занимаясь краеведческой работой с детьми, он обогащается знаниями, улучшается и его педагогическое мастерство; он знакомится ближе с населением, с родителями своих учеников, изучает работу местных организаций и предприятий, тем самым повышается его роль в хозяйственном и культурном строительстве родного города, района, села, аула.

Краеведение для педагога - верный путь к научной исследовательской деятельности, подготовке учащихся к написанию научных проектов, участию в районных, областных и республиканских конкурсах.

В процессе краеведческой работы дети самостоятельно усваивают учебный материал и приобретают навыки, необходимые в жизни, готовятся к практической деятельности и расширяют общеобразовательные знания. Небольшая исследовательская работа детей под руководством педагога, повышает качество знаний, расширяет кругозор, развивает творческие способности, формирует их мировоззрение.

В воспитании духовных основ патриотизма педагог должен помнить важное методологическое требование - комплексность в краеведческой работе, которая помогает детям развивать наблюдение, мышление, научную любознательность, повышать интеллект и культурный уровень личности, расширять кругозор, эрудицию, воспитывать в себе любовь к родному краю, а через него - к Родине.


ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада өсіп келе жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде өлкетанудың педагогикалық мүмкіндіктері туралы айтылады.


РЕЗЮМЕ

В статье говорится о патриотическом воспитании подрастающего поколения через краеведение.




ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жаздықбаева М.Б. - , п.ғ.к.; Айнақбаев Б.- оқытушы (Түркістан қ., ХҚТУ)
Бүгінгінің бәрі өткендегімен тығыз байланыста, өйткені жаңаны өткен ғасырлардағы белгілі мұраларды меңгеру арқылы ғана жасауға болады. Әрбір жаңа ұрпақ өзінің қызмет-әрекетін қоғамның белгілі жағдайларына, материалдық, рухани шарттарына байланысты бастайды.

Біз осы орайда зерттеу проблемамызға байланысты ең алдымен
дәстүрдің жалпы мәнін, сонымен бірге соның ішінде мораль мен
адамгершілік аясындағы дәстүрдің мәнін ашып көрсетуді жөн деп
санаймыз /1,5б./.

Дәстүр ұғымы көп мағыналы және оған ғылымда әртүрлі анықтамалар берілген. Біріншісі, бір-бірінен азды-көпті айырмашылығы бар, бір қатарда орналасқан (әдет-ғұрып, ритуал, мереке, т. б.) қоғамдық жағдайлардың ерекшеліктерін, олардың жалпы белгілерінің сипатын көрсетеді; екіншісі, "дәстүр" ұғымының әдет-ғұрып, ритуалға қарағанда тәуелсіз мазмұнда қолданылуы және сол қатарда тәртіптің пайда болуымен бағаланады (әскери дәстүр); үшіншісі, "дәстүр", "әдет-ғұрып", "салт", "ритуал", "мереке" ұғымдарының барлығын синонимдерге жатқызады. Аталған ұғымдардың синоним екендіктерін бірқатар түсініктемелерден байқау қиын емес. Егер Қазақ совет энциклопедиясында: "дәстүр дегеніміз - ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі" делінсе, философиялық сөздікте: "дәстүр ( жапсыру, жалғастыру) - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б., қоғамда,ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойысақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері"-деп,тұжырымдалады /2, 25б./.

Келесі бірлерінде "Дәстүр - әдетке сіңген салт, ғұрып, мирас" "Салт - ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр" , "Әдет-ғұрып, мереке - дәстүрдің көрнекі сезімдік көрінісі" —деген мағынада анықталады.

Зерттеуші Е.П.Попов болса дәстүрге әртүрлі әрекет формасы -арқылы анықтама беруге талпынады. Оның пайымдауынша, дәстүр - сананың спецификалық жағдайы . И.П.Петров дәстүр -"тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған мінез-құлық нормасы, ой мен әрекет бейнесі белгілеген үлкен қоғамдық қүндылық және ол өскелең ұрпаққа тапсырылуы қажет" дегенді айтады .

Д.М.Угринович "әдет-ғұрып - ұрпаққа дәстүрлі формада мәдениетті табыс ету" деп, әдет-ғұрып пен дәстүрдің байланысын білдіреді, бұдан әдет-ғұрып негізіне белгілі символ, "сезім формалары" түрінде жеңілдетілген дәстүрдің орналасқандығын байқауға болады. Ғалым пікірінше, адам өмірі мен тұрмысына енген үйреншікті іс-әрекет дәстүрге айналмақ .

Көбінесе "дәстүр", "әдет-ғұрып" ұғымымен бірлікте, байланыста түсіндіріледі, мәселен, кейбір сөздіктерде дәстүр тұрақтылығымен ерекшеленетін, өткендерден мұралыққа қалдырылған мінез-құлық формаларын көпшіліктің күш салуымен өзгеріссіз сақтауға бағытталған әдет-ғұрып түрі (немесе формасы) деп те беріледі . Олай болса, "әдет-ғұрып" пен "дәстүр" ұғымдарының жігін ажыратып көрелік. Әдет-ғұрып ұғымы туралы сөздіктерге жүгінсек, оның мәнінің "дәстүрден" көп айырмашылығы жоқ сияқты /3, 19б./.

Түсіндірме сөздікте: "әдет-ғұрып" - дәстүрге айналған, жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық тәртіп, салт-сана , философиялық сөздікте: "әдет-ғұрып - адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталанып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары" деген анықтама берілген. Анығын айтсақ, "дәстүр" мен "әдет-ғұрып" мән жағынан бірдей. Және кейбір ғалымдар екеуінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе, көптеген зерттеушілер "әдет-ғұрып" пен "дәстүр" арасында ескеруге тұрарлық айырмашылықтың барлығына терминді семан-тикалық және этимолоғиялық жағынан қарастыру арқылы назар аударады.

Кейбір зерттеушілер әдет, әдет-ғұрып, дәстүр арасындағы жікті ашпастан, оларды - "қоғам өмірінде қалыптасқандарды жүзеге асыру тәсілі, формалары" ретінде айқындайды. Ожегов С.И. сөздігінде "әдет-ғұрып - қоғамдық мінез-құлық ережелерінің дәстүрлі белгіленген тәртіп бойынша құрылуы" — делінсе, философиялық сөздікте: "әдет-ғұрып — белгілі ситуациялардағы адам мінез-құлқының қайталанатын әдетті дағдылары" саналады . Бұл анықтамалар әдет-ғұрыпты мінез-кұлық ережесі (әдеті) деп қарап, оны дәстүрмен шатастырмау қажеттігін ескертеді.

Жоғарыда аталған еңбектер мен анықтамаларды тірек ете отырып, біз дәстүр түсінігіне былайша шартты түрде өз анықтамамызды береміз. Дәстүр дегеніміз - өзініц өміршеңдігімен, тұрақтылыгымен біршама сипатталатын және қогамның бір тобынан екіншісіне ауысып отыратын мәдениеттің өткендегі элементі. Олай дейтініміз, дәстүр ғана адамзаттың әлеуметтік-тарихи тіршілігіндегі тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жинақтайды. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі шоғырланған. Дәстүр қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды, даналықты бейнелейді. Жаңа ұрпақ осы ата-баба тәжірибесінен өздеріне қажетті құндылықтарды таба алады. Әрине, мәдениет құндылықтары бүғінге өту барысында өзгеріске түспей қоймайды, олар тіршіліктің жаңа шарттарына бейімделеді /2, 30б./.

Дәстүр ұғымы әртүрлі бағытта ұлттық-демографиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық құбылыс ретінде ғылым талабына сай барлық зерттеу салаларында қолданылатындықтан, оған берілген жіктемелер де жок, емес.

Мәселен, Д.К.Зелинин дәстүрді; аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп жіктесе Е.В.Белоусова оны жалпы әлеуметтік-саяси, діни, экономикалық; халықтық-ұлттық, отбасы­лық, ұжымдық; мемлекеттік-патриотизмдік, еңбектік, ерліктік сипатта жүйелейді. Дәстүр көрініс сферасына байланысты -мектептік, еңбектік, кәсіптік; қоғамдық өмір саласына орай -ерліктік, тарихи; қоғамдық және өнеркәсіптік процестерді басқарау стиліне байланысты — саяси, ұлттық, ұлттық өнердегі дәстүр, моральдағы дәстүр, діни дәстүр, өнердегі дәстүр деп те ажыратылады .

В.Д.Плахов дәстүрді "өлі" және "тірі" деп бөледі. "Өлі" дәстүрлер тіршілік жағдайларына байланысты белсенділік танытпайды, "тірі" дәстүрлердің өзі әрекетті және әрекетсіз деп бөлінеді; ал әрекетті дәстүрлерғе:

- қоғамдық қатынас субъектісіне байланысты — халықтық, топтық, этностық, отбасылық;



-әрекет сферасы мен сипатына байланысты — еңбектік, өндірістік, әскери; - әлеуметтік процестік қатынасқа байланысты - алғы шептік, реакционистік; қоғамдық қатынас түрлеріне байланысты экономикалық, аяси, эстетикалық, діни дәстүрлер жатады.

С.Х.Темурова болса өзбек халқының тарихи даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің тәжірибесін талдай отырып, оларды сипатына қарай прогрессивті дәстүрлер және кертарша — діни дәстүрлер деп екі топқа бөліп қарастырады. Дәстүрлердің бірінші тобын формасына қарай салтанатты-мерекелік және күнделікті дәстүрлер деп екіге бөледі және мазмұнына қарай бүл топты тағы үш түрге ажыратады .

С.И.Бешимов дәстүрлерді жергілікті отбасы (ауылдық, колхоздық, райондық, аудандық), ұлттық және жалпы адами деп қарастырса, К.Д .Дроздов оларды: революциялық, еңбек, отбасы-тұрмыстық және қоғамның рухани өмірі саласындағы (ғылым, адамгершілік, көркемдік, діни) дәстүрлерге бөледі. А.И.Мусурмановтың пікірінше, дәстүрді үш топқа (прогрессивті, ұлттық және кертартпа) бөліп қарастырған жөн.

Дәстүрлер — тарихи категория. Әрбір халықтың басқа халықтардың дәстүрлеріне ұқсамайтын өзіндік дәстүрлері бар. Олар халық өмірін көркейтеді және ұлт мәдениетін жетіддіреді. Дәстүрлерді халық аялап сақтайды және өндеп, толықтырып отырады. Оларды сақтауға қоғамның экономикалық жағдайы және мәдени деңгейі ықпал етеді. Әрбір жаңа ұрпақ өткендегі ұрпақ тәжірибесін ішінара дәстүрлер арқылы пайдаланады. Тәрбие деген, шындығына келсек, өткендегі ұрпақ тәжірибесін кіші ұрпаққа беру, жеткізу процесі болып саналады. Сондықтан дәстүрлер ұрпақ тәрбиесінде үлкен роль атқарады.

Дәстүрлердің жалпыламалық проблемалары философия мен тарих ғылымында жеткілікті зерттелген /3, 41б./.

Н.С.Сәрсенбаев дәстүрді үш топқа бөліп қарастырган. Біріншіден, дәстүрге толық бекіген, ата-бабадан мұра болып қалған жалпылама әдет-ғұрып пен тұрмыс формасын жатқызады. Осы мағынада дәстүр ұғымын ол әдет-ғұрып ұғымына жақындатқан. Өйткені, дәстүр көптеген әдет-ғұрып, жол-жоралғылардан тұрады. Екіншіден, дәстүрлерге жалпылама түрдегі көпіпілікке мәлім әдет-ғұрыптардың, ритуалдардың белгілі бір бөлігі жатқызылады. Үшіншіден, дәстүр ұғымы құлашын кең сермеген идеялық, шығармашылық бағыттағы қоғамдық сананың әртүрлі формасында - ғылымда, әдебиетте, өнерде, саясатта және т.б. салада із қалдырған зерделі адамдардың есімдермен тікелей байланыстырылып түсіндіріледі.

Мораль мен қоғамның рухани өмірі саласындағы дәстүрлер әрекеті бірқатар ғалымдардың зерттеулерінде мазмұндалады. В.И.Новиков дәстүрлерді саяси, философиялық,діни,адамгершілікдәстүрлері, сонымен қатар әдебиет пен өнер дәстүрлерідепқарастырады .

Ф.Султанованың пікірінше, дәстүрдің негізін қажеттілік (сұраныс) құрайды. Ол дәстүрдің қарапайым тұрмыстық және күрделі дәстүрлері мен адамгершілікті мінез-құлықтағы әдеттің жалпы белгісі болып саналады. Дәстүрлердегі қажеттілік әрекетті жүзеге асыру формасында және тәсілдерінде көрінеді. Адамгершілік дәстүрі моральдық дамуды жоғары деңгейге көтеріп қана қоймай, адамның адамгершілік бостандығын бекітеді. Адамгершілік дәстүрі — тарихи даму барысында қалыптасқан және дәстүрге айналған мінез-құлық нормалары, ережелері.

Кейбір зерттеушілер адамгершілік дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және бүгінгі күнде өзгеріссіз, біршама мерзімге өңделген түрде қызмет жасайтын мораль элементі (норма, мінез-құлық, қарым-қатынас, т.б.) тұрғысында қарастырады.

А. С. Макаренко адамгершілік немесе моральдық-этикалық дәстүрлерге мораль аясында қызмет ететін және моральдық қатынасты бейнелейтін дәстүрлерді жатқызады.



А,Г.Власкиннің көзқарасы бойынша: "адамгершілік дәстүрлері деген - өткендегі қоғамнан, топтардан алынған, бір ғасырдан екіншіге ауысып отырған мораль элементтері (норма, мінез-құлық, қатынас) және ол бүгінде өзгеріссіз, жетілдірілген түрде ұзақ мерзімде жүзеге асады".

А.М.Леоновтың көзқарасы бойынша: "моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз - адамгершілік қарым-қатынас мазмұнына айналған, мораль саласында әрекет етуші, ұрпақтан ұрпаққа берілетш, жалпы қабылданған, тұрақты моральдық ережелер".

Біз зерттеу барысында сонымен бірге моральдық-этикалық дәстүрлерге жан-жақты анықтама беру үшін оны әр қырынан қарастырдық.



"Адамгершілік " пен "моральдық-этикалық " дәстүрлер ұғымдарына берілген анықтамалармен келісе отырып, олардан кездестірген мораль элементінің жалпы негізі, сонымен бірге өзіндік белгілері (барлық дәстүрге тән өміршендік, қоғамға бекігендік, тұрақтылық, қайталанушылық, т.б.) түсінігіне өзіміздің көзқарасымызды білдіреміз.

I Бұл ретте біріншіден, "адамгершілік дәстүрлері", "моральдық-этикалық дәстүрлер", "әдеп дәстүрлер" ұғымдарымен шектелеміз. Оларда "адамгершілік - адамдардың практика жүзіндегі өзара қарым-қатынасы және олардың адамгершілік объектісіне қатынасы" немесе "адамгершілік қоғамдық көзқарастан қолдау табатын, қоғамдық бағалаумен бақыланатын қоғамның жалпылай қабылдаған нормасы" делінген.

"Мораль — адам мінез-құлқын реттеуші нормалардың жиынтығы"; "этика - ғылым, оның зерттеу объектісі -мораль, оның табиғатының мәні, құрылымы, функциялары, шығу тегі мен дамуы"/2, 38б./.

Мораль адамгершілік нормалары мен ережелеріне себеп болатын жалпыға ортақ принциптер негізінде қалыптасады. Міне, осы кезеңнен бастап адамзат тарихында этика моральдың теориясына айналады, өйткені этикалық ақиқат бейнесін ұтымды құрал арқылы этикалық тұрғыда теориялау және бірізділікте орындау адамгершілік тәжірибені дәріптеумен және жалпыға ортақ принциптерін іздестірумен байланысты.

Әдеп дәстүрлер - әрбір жеке түлғаның адамгершілігін қалыптастыруды қарастырған практикалық көзқарас қана емес, адамгершілік тәрбиесінің бастауы ретінде дәстүрлердің қалыптасуы мен даму процесін теориялық түрғыда ой елегінен өткізу.

Екіншіден, біз әдеп дәстүрлерді, "адамгершілік қатынасы тәжірибесіне ендірілген моральдық сана" деген түсінікті тірек ете отырып, адамгершілік қатынастың мазмұны болган моральдық ұйғарым ретінде қарастырамыз.

Моральдық сана - адамныц санасында адамгершілік принциптерінің бейнеленуі, яени адамдар арасындаеы өзара қарым-қатынасты және қоғамға қатынасты реттейтін мінез-құлық нормасы. Моральдық сана қоғамның дамуына және жеке бастың жинақтаған мінез-құлық тәжірибесіне байланысты қалыптасып, адамгершілік ұғымдары мен ой қорытындыларының формасы түрінде көрінеді. Моральдық сананың қалыптасуы жеке бас тарапынан моральдық категорияларды меңгеру ғана емес, ол жеке бас бойында көрініс беретін моральдық принциптерге деген көзқарасты қалыптастыру және осы принциптерді өзінің мінез-құлқына енгізуге ұмтылыс болып табылады. Осы жағдайда моральдық ұғымдар моральдық сенімге айналады да, моральдық мінез-құлық мотиві пайда болады.

Моральдық сана мен моральдық сенім адамгершілікке тәрбиелеу процесінде қалыптасады. Моральдық сананың қалыптасуына баланың отбасындағы тәрбиесі, өзіндік санасы, дүниетанымы, ұжымның көзқарасы әсер етеді. Белгілі қылықтарды моральдық бағалау арқылы, қоғамдық пікір нәтижесінде моральдық әдетті, моральдық сезімді, демек, моральдық сананы дамытудың негізгі мәйегін дайындайды.

Адамгершілік ұғымдары (категориялар) — жеке бастың басқа адамдарға және қоғамға қатынасындағы моральдық қарым-қатынастың мәнді жақтарын бейнелейтін ұғым. Моральдық категориялардан моральдық сана көрінеді. Маңызды моралъдық

категорияларға: ізгілік, борыш, шыншылдық, абырой, ұждан, жауапкершілік жатады. Моральдық ұғым мазмұны мінез-құлықты бағалаумен және оның мотивімен байланысты. Адамгершілік қатынас моделі моральдық нормалардан көрініс табады, олар ең алдымен қоғамның мінез-құлыққа міндеттеген шешімін қабылдайды, қоғамның сұранысына қарай адамгершілік қатынасты жоспарлайды. Норма адамгершілік қатынастың мазмұнын анықтай отырып, оларды жүзеге асырудың амал-жолдарын қарастырады.



" Әдеп норма - адамдардың ұқсас мінез-қылықтарын ортақ ережелер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік қағидаларының формасы". "Моральдық норма (лат.норма - ереже, үлгі) - адамгершілік талаптарының қарапайым формасының бірі, ол екі түрлі жағдайда кездеседі — бірі моральдық қатынас элементі ретінде, екіншісі моральдық сана формасы ретінде".

Осы этикалық немесе моральдық нормалар қоғамдық көзқарас нәтижесінде туындап, адам мінез-құлқында бекиді де, ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр, әдет-ғұрып, әдет арқылы беріледі. Мұндағы дәстүр адам өмірін ұйымдастырып қана қоймайды, оны белгілі бір тәртіпке бағындырады, қоғам қабылдаған және қолдау беретін жазылмаған заң түріндегі адамгершілік талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.



Әдеп норма - тәжірибеде қалыптасқан, бекіген ережелерді білдіретін ұғым. Олар қоғамдық көзқарасты айқындайтын әрекеттердегі белгілі элементтерді сұрыптаудан пайда болады.

Әдеп норма — ол жеке бастың мінез-құлқын бағыттап қана қоймай, оны бағалауға және бақылауға мүмкіндік беретін қоғамға қажетті мінез-құлық үлгісі.

Осы нормаларды қарапайым қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін және адамдарға құрмет сезімін туындату үшін сақтау қажет деуге болады. Нормаларға: "кісі өлтірме", "ұрлама", "өтірік айтпа", "берген сөзінде тұр", "жалқау болма", "жазықсызға жала жаппа", "тәртіпті бол", "әдепті бол", "басқаларға сыйлы бол" және т.б. адамгершілік талаптар жатады. Адамгершілік нормалары адам үшін маңызды қоғамдық және жеке бастың салаларды, мәселен, еңбек ұжымы, отбасы, қоғамдық ортадағы мінез-құлықты, ер адам мен әйел адам, ата-ана мен балалар арасындағы қатынасты және т.б реттеп отырады. Олар жеке басты түрлі жағымсыз жағдайлардан, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтан сақтайды, қоғамды келеңсіз құбылыстардан қорғайды.

Белгіленген нормалар сана аясына жатады. " әдеп дәстүрлер" мен "адамгершілік дәстүрлер" түсініктері өзара байланысты және оларға түрлі әдебиеттерде әрқилыанықтама берілгенімен, бұлардың мағынасы бір екенін байқаймыз. Осыған байланысты, қазіргі жағдайда дәстүрлерді жай сипаттаумен шектелмей, олардың әрекеттегі сақталу процесін теориялық тұрғыда ой елегінен өткізіп, мораль аясында дәстүрді жаңартудағы механизмді айқындау қажет/2. 56б./.

Әдеп дәстүрлерді практикалық норма түрінде қарастыра отырып, біз педагогикалық мақсаттарды жүзеге асыру, жеке тұлғаның дамуын белсендендіру үшін әртүрлі типті нормаларды пайдалану қажеттігіне назар аударамыз. Бүл нормалардың көмегімен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеті бағытталып отырылады.

Г.А.Балл нормалардың мынадай типтерін қарастырады: а) нормалар — стандарттар (нақты әлеуметтік бағытты ұстанатын, субъектіге қойылатын талаптарды белгілейді); ә) нормалар — идеалдар (перспективалық мақсаттарды көрсету); б) дербес прогрессивті нормалар (жаңа талаптарды айқындайды) .

Моральдық белгілерді немесе практикалық нормаларды бәрінен бұрын дербес прогрестегі нормаларға және нормаларға — стандарттарға жатқызуға болады.

Әдеп дәстүрлерді сипаттауды мазмұндық тұрғыда және дәстүрлердің әлеуметтік-психологиялық механизмдерінің жұмыс істеу тәсілдерін айқындау тұрғысында қарастыру керек.
ӘДЕБИЕТТЕР

1.Дүйсембінова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің ғылыми-педагогикалық негіздері. Пед.ғыл. док. дисс. автореф., Алматы, 2000, 43 б.

2.Магауова А.С. Подготовка будущего учителя к использованию прогрессивных традиции народной педагогики в учебно-воспитательном процессе общеобразовательной школы. Дис. канд.пед.наук, Алматы, 1995, 157 с.

3.Бахтиярова Г. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану. Пед.гыл. канд. дис.,Алматы, 1995, 151 б.
ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру мазмұны туралы айтылады.


РЕЗЮМЕ

В статье говорится о содержании формирования профессиональной подготовки учащихся начальных классов на основе казахских обычаев.




«ДҮНИЕТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Идрисова Ж.И. – биол.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлаудың сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, ... білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». – деп атап көрсетілген.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек, еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, жан-жақты азаматты тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан Республикасының халқына жолдауындағы алтыншы міндетте – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарасты пайдалану, инновациялық экспериментті дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болтындай деңгейге көтерілуі болып табылады» - деген.

Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын даярлау – бүгінгі күн талабы. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде ерекше назар аударып отыруы оқыту мазмұнына жаңа бағыт әкеледі. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алды. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А.Амонашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф.Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі. С.Н.Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. П.М.Эрдниевтің «Ірі блокпен оқыту» технологиясы, Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин, П.В.Давыдовтың «Дамыта отырып оқыту» технологиясы. Бұл еңбектер 1980 жылдан бері оқу үрдісінде қолданумен бірге әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Керісінше, заман талабына сай қайта түрленіп, жаңданып, жарқырай түскенің тәжірибе көрсетіп отыр. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңгерумен қатар, тұлғаны дамытуға бағытталған әдістерді білім беру үрдісіне енгізе отрып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде.

Ал Қазақстандық Ж.Қараев, Ш.Таубаева, М.Жанпейісова, К.Ж.Бұзаубақова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдаланып отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Мұнда, негізінен, оқытуды ізгілендіруге негізделеді: ол оқытудың жеке тұлғаға бағдарлануын, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақталуының үрдісі мен нәтижесін, оның әлеуметтік тұрақтылығы мен қорғалуының құралы қызметтерін қамтамасыз етеді.

Республикамыздың бастауыш мектептерінде жаңа педагогикалық

технологиялар бүгінде құбылыс қана емес, сонымен бірге оның дамуының, негізгі себебі, көзі болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушының дүниетанымын қалыптастыру, елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім дүниетанымның кәусар бұлағы. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып тұрақтанады.

Бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні негізінен үш блокты: «Адам», «Табиғат», «Қоғам» объектілерін бірлестіретін пән болып табылады. Яғни «Өмір әліппесі» болып саналған «Дүниетану» пәнінің мақсаты – оқушыларды «Адам-қоғам-табиғат», олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы баланың өз орнын ұғынуына көмек, негізгі және орта мектептерде оқылатын жаратылыстану пәндерінің негізін қалап, келешекте сол пәнді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау.

Олай дейтініміз, дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымына көмегін тигізетін сезім мүшесі сыртқы дүниені қабылдайды. Дүниені тұтас бірлікте сезініп, қабылдау нәтижесінде оның санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.

Қазақтың ойшыл ағартушыларының қайсысын алсақ та, олар табиғатқа еліктемей, оның сырын ашып, еліне, халқына танытуға талпынбай қойған емес. Табиғат әрқашанда өзінің ерекшелігі, сұлулығы, құпиялығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл-күйге әсер етеді. Сондықтан ойшыл ағартушыларымыздың бірі табиғат тамашасын өлеңмен жеткізсе, енді бірі сөзбен өрнектеген. Қазақстан ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов,М.Дулатұлы т.б. Олар табиғатты, қоғамды, адамды жан-жақты зерттеген. Адам құбылысының жақсы жақтарын халыққа, жастарға үлгі етіп, қолайсыз жақтарынан жастарды сақтандырған.

Бұрын бастауыш сыныптарда материалдар қоршаған дүниеден берілген, яғни дүниетану материалдары бастауыштың бірінші сыныбында «Айналаман таныстыру», екінші сыныбында «Табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Дүниетану» пәні республиканың барлық бастауыш сыныптарына ендіріліп отыр. Дүниетану – оқу жоспарындағы жаңа пән, «Адам», «Қоғам», «Табиғат» блоктарын біріктіреді. Бүгінгі заман талабы, қоршаған ортамызда, табиғатта болып жатқан табиғи құбылыстар, олардың адам өміріне зияны мен пайдасын ажырата алуы үшін бастауыш сынып оқушыларымен «Дүниетану» сабақтарын дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Ал, сабақтың өз дәрежесінде өтуі үшін мұғалім көп ізденіп, барынша оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатындай жұмыстарды ұйымдастыруы керек. Қазіргі кезде мектеп өмірінде қолданып жүрген 50-ден аса жаңа технологиялардың түрлері бар. Мұғалім жаңа технологиялардың тиімді пайдаланып, дүниетану сабағында көптеп қолдану арқылы оқушыларды сабаққа ынталандырып, қызығушылықтарын оятады, әрі түсінікті меңгертеді. Ал екінші жағынан өзінің ұстаздық шеберлігін көрсетеді. Мұғалім сабақта жаңа технологияларды тиімді қолданса: бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болар еді.

Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өз-өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаз қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерінде пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.

Жаңашыл мұғалімдер практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді енгізіп отыр. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын - өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Мұғалім жаңа педагогикалық технологияны біріншіден – оқып үйренеді, екіншіден – меңгереді, үшіншіден – жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде колданады, төртіншіден – оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Яғни, бұрынғы кезде мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы «субъект-объект» бағытында болса, қазіргі кезде оқушы тұлғасын дамыту қарым-қатынасында «субъект-субъект», «тұлға-тұлға» бағытын ұстану керек. Өйткені, қазіргі оқушы дүниетанымдық қабілеті жоғары; дарынды, өнертапқыш; ізденімпаз; талапты, өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.

Осындай қасиеттерді оқушының бойында қалыптастыратын қазіргі мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы тиіс: педагогикалық өзгерістерге тез төселе алатын; педагогикалық үрдісте жұмыс істей алатын; жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен тез тіл табыса алатын; білімді, шебер, іскер болуы тиіс.

Ал жүйелі білім беру мен оқушыны жан-жақты дамытуда инновациялық технологиялардың бүгінгі таңдағы ролі өте жоғары.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

«Педагогикалық инновация» (жаңаны енгізу) ұғымына педагогикалық сөздікте мынандай анықтама беріледі:

1)тұтас білім беру жүйесінің және оның екелеген бөліктерінің,

компоненттерінің сипатын жақсартатын тұрақты элементтерді (жаңашылдықты) білім беру ортасына енгізудегі мақсатты бағытталған

өзгерістер;

2)жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларды және т.с.с.) меңгеру процесі;

3)ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды білім беру процесіне енгізу және оларды шығармашылықпен ой елегінен өткізу.

Инновация (латын сөзі in-b, novis-жаңа) жаңа, жаңарту дегенді білдіреді.

Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немеребай Нұрахметов. Ол былай дейді: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет». Өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1) Жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); 2) Модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан); 3) Жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Ал кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі. 1) Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналасу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

2) Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған тіл мен әдебиетті оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

3) Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Инновацияның негізін құраушы ұғымдардың қазақша аудармасы Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары ғылыми- зерттеу институты

әдіскері Қ.Құдайбергенова жасады:

Инновация – жаңарту;

Нововедение – енген жаңалық;

Новое – жаңа;

Новшество – жаңалық;

Инновационный процес – жаңарту үрдісі.

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған. Бірақ, «инновация» терминін анықтауда барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтық жоқ десе болғандай.

Инновациялық үрдістің негізгі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларыдың мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқыту формасын,

әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқасын қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгіменен құруға мүмкіндік береді.

Бастауыш мектепте – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы

баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру,

тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Дүниетану сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы біз оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономокасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғм, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география, физика пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем- қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.

«Дүниетану» пәнін оқытуда инновациялық технологияның мұмкіндіктерін дұрыс пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Шебер ұстаз жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін бірден байқап, өз сабағында жүйелі қолданып отырады. Бұл әрекеттер арқылы оқушыларды да, өзін де сабақта жалықтырмай керісінше ынталандыра түседі.

Қорыта келгенде, біз дүниетану сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың дүниетанымының қалыптасуына, олардың ой-өрісінің дамуына , шығармашылық жұмыстармен айналасуына, білім сапасын арттыруға, өздерінің өй-пікірлерін жеткізе білетіндей жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Бұл арқылы біз оқушылардың өз бетінше іс атқаруын қамтамасыз етеміз деп ойлаймыз. Инновациялық технологияларды тиімді, әрі дұрыс қолданса, «Дүниетану» сабағының сапасын арттыруға болатынына толық көзіміз жетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім дамыту тұжырымдамасы. /Егемен Қазақстан, 13 қаңтар, 2007.

2. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. / Егемен Қазақстан, 1 наурыз, 2011.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы./ Егемен Қазақстан, 15 тамыз, 2007.

4. Бұзаубақова К.Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. – Алматы: Жазушы, 2006.

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада дүниетануды оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың сапасын арттырудың жолдары мен мүмкіндіктері айтылады.
РЕЗЮМЕ

В этом статье пути и возможности совершенствование качества уроков познания мира в начальных классов на процессе использования инновационных технологий.



САМОСТОЯТЕЛЬНАЯ РАБОТА СТУДЕНТА В СИСТЕМЕ КРЕДИТНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ ПО ПРЕДМЕТУ «ОСНОВЫ ПЕДИАТРИИ И ГИГИЕНЫ ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА»
Исламкулова И.Б., к.б.н., доцент – (г.Алматы, КазгосженПУ)
Самостоятельная работа студентов (СРС) является одним из наиболее важных условий подготовки современных специалистов в системе кредитных технологий ­­Самостоятельная работа студентов - это многообраз­ные виды индивидуальной и кол­лективной деятельности студентов, осуществляемые под руководством, но без непосредственного участия преподавателя. Это - особая форма обучения по заданиям преподава­теля, выполнение которых требует активной мыслительной деятель­ности. Поэтому необходимо, чтобы студент овладел навыками самостоятельной, творческой работы, освоил основные методы исследовательской деятельности в области выбранной профессии. Особое значение при организации самостоятельной работы при кредитной системе обучения имеет мотивация студентов к самостоятельному обучению. /1/

Самоподготовка способствует формированию высокой культуры умственного труда, приобрете­нию приемов и навыков самостоя­тельной работы, умений разумно расходовать и распределять свое время, накапливать и усваивать не­обходимую для успешного обучения и профессионального становления информацию. Она развивает у сту­дентов такие качества, как органи­зованность, дисциплинированность, инициативность, воля, вырабатыва­ет мыслительные умения и навыки, учит самостоятельному мышлению, позволяет сформировать свой соб­ственный стиль работы, наиболее полно соответствующий личным склонностям и познавательным на­выкам студента. /2/

Проблематика тем самостоятельных работ дана в соответствии с программным содержанием курса и требованиями государственного образовательного стандарта. Следует отметить, что уровень и сложность заданий на самостоятельную работу студентов зависит от курса обучения студентов, что определяет целевую направленность СРС. /3/ Формы выполнения СРС:



  • написание реферата;

  • презентация;

  • составление тестовых за­даний;

—рецензия на реферат, презен­тацию, тестовые задания;

  • составление кроссвордов.

Так, на 3-4 курсах самостоятельная работа студентов ставит целью расширение и закрепление знаний и умений, получаемых на лекциях и семинарах.

Так, например, при рассмотрении темы «Адаптация детей к дошкольным учреждениям», мы предлагаем подготовить реферат, целью которого является изучение понятия адаптационного синдрома у детей, формирование представлений о физиологической, напряженной и патологической адаптации, умение выделять этапы адаптации, степень адаптации, знать о возможном влиянии адаптационного синдрома на состояние здоровья ребенка.

Задание сопровождается рекомендациями по выполнению данной работы следующего содержания.

1.Обратить внимание на то, что при поступлении ребенка в детское учреждение происходит резкая смена привычной среды обитания на особую микросреду – детское учреждение.

2.Раскрыть значение термина «адаптация», подчеркнуть универсальность этого явления. Выяснить роль функциональной системы организма в развитии адаптации, в том числе и социальной.

3.Необходимо подчеркнуть разницу между физиологической, напряженной и патологической адаптацией, понимать, что болезнь – это типичное проявление патологической адаптации.

4. Комплексное рассмотрение всех проявлений адаптации позволило выделить основные этапы привыкания к новым условиям среды, в том числе и детским учреждениям.

5.Подробно остановиться на трех этапах адаптации ребенка к детским учреждениям с описанием нарушений поведения ребенка, его взаимоотношений с взрослыми и детьми, речевой активности. Указать интервалы продолжительности каждого периода.

6.По особенностям течения первых двух периодов адаптации ребенка к детскому учреждению выделяют легкую, средней тяжести и тяжелую адаптацию. Следует привести полное описание степеней адаптации.

7.В заключении необходимо отметить актуальность знаний о характере течения адаптационного процесса у ребенка в условиях детского учреждения.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет