ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ГЕНДЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕР
Жиенбаева С.Н. - п.ғ.д., профессор;
Каримова Р.Е. – магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазіргі кездегі мемлекетімізде болып жатқан қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сай гендерлік тәрбие беру мәселесі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан Қазақстанда 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселелері бойынша кеңес ашылған. 1998 жылы ол ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер мәселесін қарайтын ұлттық комиссия болып қайта құрылды, соған сәйкес кеңестің қызмет аясы кеңейіп, өкілеттілігі артты. Қазіргі таңда бұл ұйым Президент жанындағы Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия деп аталады. Ұлттық комиссия Пекин платформасының талаптарын ескере отырып, алғаш рет ҚР әйелдер жағдайын жақсартуға арналған ұлттық бағдарлама дайындады. Ол Үкімет қаулысымен бекітіліп, барлық мемлекеттік органдарға таратылды. Ұлттық бағдарламаның басты негіздерінің бірі (жоспар) әйелдердің саяси өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ІҮ әйелдер форумында жоспарлаған тапсырмасына байланысты, 2005 жылдың 29 қарашасында бекітілді. Қазақстан Республикасы 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат болып саналады. Стратегия үлкен әрі маңызды 9 бөлімнен тұрады. Қабылданған стратегияның басты мақсаты елімізде әйелдер мен еркектердің өмірдің барлық саласында тең дәрежелі болуына бағытталған. Үкімет басқару органдарындағы әйелдер санын 30 пайызға көбейту, соған сәйкес саясаткер-әйелдерді дайындау, қабылданатын құқықтық заңнамаларға гендерлік сараптамалар жасау, балалар мен жастарға, жалпы Қазақстан халқына гендерлік мәселелер туралы ағартушылық жұмыстар жүргізуіне мән берілген.
"Gender" сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек,әйел) дегенді білдіреді.
Ген - тұқым, генетика - тұқымның өнуі мен ағзаның өзгерісін зерттейтін ғылым. Ал гендерлік дегеніміз заңды табиғи оң үрдісті қалай болғанда да өзінің көздеген саясатына жығатын кесерлі ұйым. Ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ,олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. Жыныс ерлер мен әйелдер арасындағы биологиялық сипаттағы айырмашылықты білдірсе, гендер олардың арасындағы әлеуметтік ерекшеліктерді қарастырады.
Гендер – адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын негіздейтін жеке тұлғаның базалық сипаттамаларының бірі. Гендердің құрылымы төрт жақты: биологиялық жынысымен, гендерлік стереотипімен, гендерлік нормамен және гендерлік ұқсастығымен толықтырылады. Ер мен әйелдің физиологиялық ерекшеліктері, тән-тұрпатының әр түрлілігі, т.б. биологиялық сипаттамасы болып табылады. Гендер әлеуметтік жағынан қиюласқан, яғни, тұлғаның әлеуметтік қасиетін анықтайды. Гендерлік қатынастардың жаңа парадигмасының пайда болуы, ерлер мен әйелдердің тең мүмкіншіліктерін туғызу − жаңа демократиялық Қазақстанның қалыптасуының жарқын көрінісі. Осыған орай гендерлік сана мен гендерлік қатынастардың жаңа үлгісін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Жалпы халықаралық гендерлік тәжірибе мен стратегияларды зерттеу негізінде гендер ұғымы жеке даралықтан әлеуметтікмәдени және саяси категорияға айналды. Қазақстанның халықаралық тәжірибеге қосқан үлесі, Гендерлік саясат тұжырымдамасы мен Гендерлік теңдікті дамыту стратегиясы негізінде гендерлік саясаттың ұлттық үлгісі жасалды. Стратегия- мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың, мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.
“Әйел этикасының” пайдасына феминистік сын еркек және әйел санасының өзінің адамгершілік ерекшеліктерінің айырмашылықтарын қарау патриархатты, маскулиндік ұстаным тұрғысынан жүзеге асты, яғни еркектік мәдениет пен оның иерархиялы қатары кез келген этикалық және эстетикалық құндылықтардың әмбебап өлшемі болып табылатын деректерді есептейді. Әрине, дәстүрлі мәдениет парадигмаларды және матрицаларды пайдаланған жағдайда қандай да бір аз-көпті объективті бағалар мен әйел санасының адамгершілік ерекшеліктерінің анықтамаларын күту қиын. Бақытымызға қарай, 70-90-жж. көптеген елдерде болған сол немесе басқа құбылыстарға деген қоғамдық тәсілдерді демократияландыру мен плюрализм бір жақтылықты жеңу үшін жағдай жасады.
Әйелдің осы шығармашылық қызметін қайта бағалауға үлкен үлес қосқан “әйел жұмысын” (қолданбалы өнер) субмәдениет ретінде анықтаған ағымдағы феминизм өкілдері болды. Феминизм, феминология, мәдениеттегі гендерлік аспект туралы айта отырып, бұл тақырыпты ғылыми жағынан ой елегінен өткізу әлі өз дамуының бастамасында ғана екенін мойындау керек. Сондықтан бұрынғы айтылған идеялар, көзқарастар мен бағалар еш уақытта абсолюттендіруге не жоққа шығаруға болмайды. Тіпті “еркек” және “әйел” ұғымдары - өте қозғалмалы ұғымдар, олар сол не басқа мәдениеттің маңызды айырмашылықтары болып қана қоймай, сонымен бірге тарихтың барысына сәйкес эвалюцияландырылды.
Әдебиетте “әйел мәселесімен” байланысты тақырыптар Ресейде бұрын, ХҮІІІ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында көтерілген. Жазушы әйелдер Е. Ган, М. Жукова, М. Вовчок, О. Шапир, В. Микуличті, Күміс ғасырдың жазушыларын, 20-ж. жұмыс істеген А. Коллонтай, Е. Бакунинаны, т.б. айтпай кетуге болмайды. Елена Ган әуел бастан еркекке бағынышты әйелдің қайғылы тағдыры туралы айта отырып, томаға тұйық әйел өмірінен шығудың жолы “қайырымды күйеу” табу деп біледі.
Сөз болған тұжырымдарға байланысты теоретик-ерлердің философиялық жігері батыс мәдениетінің қайта жасалуына әйелдер ғана емес, еркектер де ынталы екенін көрсетті. Дүниені ер адам тұрғысынан біржақты қабылдау, үстемдік пен билікке бағытталған жеке адамның еркектік типі, әйел мен оның тағдырын еркек мүддесі тұрғысынан ғана түсіну – осының бәрі еркектердің өз тағдырына да кері әсер етті. Теоретик-ерлер мәселеге гендерлік тұрғысынан қарап мәдениетте әйелдің де, еркектің де үнін қамтитындай қорытынды ойға келді. Нәтижесінде, әйел санасының жаңа толқыны қалыптасты: зерттеуші әйелдер еркектердің психоанализ, неомарксизм, постмодернизм тәрізді теориялық жаңалықтарына сүйенді.
Мұндай үлкен өзгерісті күтпеген мәдени орта үшін, бұл жағдай көп нәрсеге үміт артатын ірі құбылыс деп таңылды. Зерттеуші әйелдер постклассикалық әдісті қолданумен бірге, ерлер мәдениетін, ерлердің сынын тереңдете түсті. Гендер теоретиктерінің көптеген өкілдері қалыптасты: Сара Кофман, Люси Иригарэй, Катрин Клеман, Элен Сиксу т.б. Олардың еңбектерінде әйелдік “Мен” мәселесі, әйел санасының ерекшелігі талданды.
Міне, осындай тарихи жағдайлардан кейін, ақыры «гендер» идеясы «әйелдердің» зерттеу еңбектерінде айқын көрініс тауып, нәтижесінде «гендер» теориясына ұласты. 60-70-жж. феминизм академиялық мәртебеге ие болды. Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде ғылыми орталықтар ашылып, университеттерде феминистік курстар енгізілді. Мәдениеттегі гендерлік теңсіздіктің жағдайын жөндеп, тарихи шындықты қалпына келтіру үшін тарихты, әлеуметтануды, лингвистиканы, философияны әйелдер ұстанымы (“позиционизм”) тұрғысынан қайта қарастыру міндеті қойылды.
Ең алдымен, әйелдер тарихқа мүлдем жаңаша қарауды ұсынды: ұлы шайқастар мен жеке ұлы тұлғалардың тарихқа қатысты емес, күнделікті өмірдің де күнделікті оқиғалар мен өмірбаяндарында әйел тағдыры сырт көзге елеусіз болғанымен, бірақ олардың ойларының орындалуына терең тарихи мән беруге талаптанды. “Әйелдер тарихы”, “Ана”, “Балалық шақ тарихы”, “Сексуалдылық тарихы”, “Әйелдер екінші дүние жүзілік соғыста” деген еңбектер жарық көрді.
Зерттеуші әйелдер әлеуметтану ғылымын толығымен қайта жазу керек деп шешті. Бұл ғылым үнемі бір жақты болды, тек ер адамдардың өміріне бағытталды. Ал әйел үнемі көлеңкеде қалып қойды. Сондықтанда әйелдер бұл ғылымның ұстанымдары мен постулаттары өзгеру керек деген пікірлер айтты.
Ол үшін мәселені ең алдымен отбасынан бастауын ұйғарды. Отбасының ішкі өмірін, ұрпақаралық қатынасты, сексуалдық тәжірибені беруді, ата-ана болудың жаңа нысандарын, отбасы типтерін өзгерту, билікті, мәртебені және жеке меншікті беру сияқты мәселелерді зерттеу қажет болды. Әйелдер дәстүрден тыс оқулықтарды шығарды: “Әлеуметтану” Дж.Л. Томпсон, Дж. Пристли; “Ерекше әлеуметтенуге кіріспе” Р. Коллинз. Бұдан басқа әйелдің әлеуметтік өмірінің барлық жақтары сипатталған еңбектер де шықты: “Әйелдер компьютерде”, “Кеңселік бикештер”, “Әйел бизнесі” және т.б.
Әйел зерттеулері лингвистика саласына да енді, тіл ең дәл барометр екендігін анықтап, гендерлік теңсіздіктің көрсеткіші ретінде алынды. Әйелдер аузына қақпақ болған маскулиндік жүйеге байланысты, әйелдерге өздерінің ерекше дүниетанымдарын толығымен жеткізу қиынға түсті. Осындай пікірлерден кейін, фрейдтік бағыттағы қазіргі постмодернистердің бірі Жак Лакан өте әділдікпен “әйел тіршілік етпейді” деп айтты. Тілді қайта құру қажет делінді, ал бұл әйел зерттеушілерінің алдында тұрған күрделі міндет болды.
Мысалы, ағылшын тілінде адам (man) деген сөз, “еркек” деген мағынаны білдіреді. Тіл әлемді игерудің тәжірибесі бола отырып, еркек логикасын бойына сіңіреді. Мысалы, сияқты теоретик, профессор (профессорша – профессордың әйелі, ал әйел профессордың күйеуі қалай аталуы керек?) орыс тіліндегі қызметтің нақты типі туралы сөздердің (әйел тегі) жоқ. Феминист әйелдер тілді еркектік ой талдауынан босату үшін тілді өзгертуді, түсіндірме сөздіктер жасауды ұсынады.
ХІХ ғ. аяғында жазушы әйелдер эмансипацияның қажеттігі, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық құқыққа қол жеткізуі туралы жаза бастады. В. Микулич оқырманның алдында орасан зор қызығушылығын 80-90-жж. контексінде кең түрде білім алу ретінде де, кәсіби білім ретінде әйел мәселесін шешуге болатынын айтады. Мәдениеттегі әйел үні ХХ ғ. бастап қана айқын шыға бастады. Осы ғасырдың бас кезінде қазақ тілінде үзбей шығып тұрған “Айқап” журналы қазақ халқының әлеуметтік, саяси өмірінен хабардар етіп, қазақ бұқарасын мәдениетке, білім мен өнерге шақырған басылым еді. Осы журнал беттерінде жарияланған Сақыпжамал Тілеубайқызының “Қазақ қыздарының аталарына”, “Ұзақ күткен үмітім һәм бас адамдарға бір-екі сөз” атты арнайы мақаласы мен “Қыз батасы” атты өлеңі, Күләйім Өтегенқызының “Қазақ қыздарына”, Мәриям Сейдалинованың “Зарлау” және “Тұр қазақ!” атты өлеңдері арқылы қазақ даласына келген кеңестік жаңа заманның жаңа өмір мен жаңа мәдениетке деген қазақ қыздарының ішкі сұранысын, өзіндік ойын байқауға болады. Кеңестік жаңа заманның алғашқы қарлығаштарына айналған, қаламгерлікті қайраткерлікпен ұштастыра білген қазақ қыздары Нәзипа Құлжанова, Нағима Арықова, Сара Есова, Шолпан Иманбаева, Алма Оразбаевалардың суырылып алға шығуы қазақ әйелдері арасынан мемлекет билейтін, бұқараға бағыт сілтейтін белсенділердің тез арада тәрбиеленіп шыққандығын көрсетеді.
Елді социалистік негізде қайта құру дәуірінде қазақ әйелдерінің қоғамдық белсенділігі күшейе түсті. Қазақ әйелдері саналы түрде коммунистік партияның мүшелігіне өте бастады. “Әйел теңдігі” журналында (1926 №10-11) басылған мақаладан әйелдерден сайланған өкілдер жөнінде үзінді келтіруге болады: “Өкілдер ауылдың шаруашылық ыңғайына қарай сайланады. Қатысушылар кедей, орта шаруадан шыққан әйелдер. Жас мөлшері 25 пен 45-тің арасы. Саны 20-30-дан аспауы керек”. Қаламгерлігімен де, педагогикаға қосқан өзіндік үлесімен де Нәзипа Құлжанова ерекшелене түседі.
Гендерлік мәселе бойынша қазіргі кездегі Қазақстандық зерттеушілерді атап кетейік: Б.Х. Хасанов, Г.Г. Соловьева, С. Шакирова, М.А. Өскембаева, Н. Шеденова, К.А. Тохтыбаева, Б. Қылышбаева. Оларды алғашқы феминистік қозғалыстың либералды, марксистік, радикалды бағытына қосу қиын. Республикада жаңа қазақстандық философияның қалыптасуына байланысты ерекше гендерлік тәсілдер қалыптасуда. Бұл философия марксистік философиядан бас тарта отырып, руханилықтың артықшылығына және қазақтың дәстүрлі мәдениетіне тән ақыл мен жүректің, ой мен ожданның бөлінбес бірлігіне сүйенеді.
Гендер теориясы бірнеше негізгі ұстанымдардан тұрады.
Тұтастық ұстанымы. Бұл - феминизм мен әйел мәселесі және әйел жағдайына байланысты ғана емес, әйел мен еркек құқығын тең дәрежеде қарайтын жаңа радикалды көзқарас туралы ұстаным. Гендер қарама-қарсы жынысқа деген екі өрістің және сексуалдық бағытының болу қажеттігін ұсынады.
Сонымен бірге, тұтастық ұстанымы әйелдің мәні мен еркектің мәні деген мәселені бөле-жарып қарастырудың қажеттілігі жоқ деп есептейді. Әңгіме адам мәні туралы болуы керек, ал әйел және еркек бір-бірін толықтырып және бір-бірімен тығыз байланысып, осы мәнді құрайды. Мұның алғышарты ретінде шығыстың дәстүрлі дүниетанымына тән ғарыштық бірлікті алуға болады. Дүние негізінде қарама-қайшы бастаманың өзара әрекетімен жүзеге асатын біртұтас субстанция жатыр. Біртұтастылық дербес қарама-қайшылықтарды “құрастырудың” нәтижесінде пайда болмайды. Біртұтастылық алғашқы болып есептеледі, ал қарама-қайшылықтар содан шығып, соған қайтып оралады: бұл жерде біртұтастылықтың айырмашылығы туралы айту керек.
Феминдік пен маскулиндіктің қатынасы, жақсы-жаман, төмен-жоғары деген ұғымы шкаладағы бағаға жатпайды. Айырмашылық қандай да бір жақтың сапалы зиянын, еркекті әйелді төмендете отырып асқақтату немесе керісінше екенін білдірмейді. Бұл айырмашылық иерархиясыз, селекциясыз, артықшылықсыз болады. Қарама-қайшылықтардың өзара әрекеті тұтастықтың нығаюын қамтамасыз етеді. Олардың айырмашылығы шамамен, салыстырмалы түрде, тұтастығы-шынайы. Сондықтан, бір жақтың көтерілуі (адамзат тарихында-маскулиндік) тек әйелдің немесе, еркектің жеңілумен болмайды, сонымен бірге тұтас адамзат мәніне зиян әкеледі де ғарыштық бүкіл тұтастықтың принципі бұзылады. “Бір жартысы зиян шеккенде, сөзсіз басқасы да жапа шегеді. Бір жартыны - әйелді төмендету, басқа жартыны - еркекті де қорлатпай қоймайды” (Григорьева Г.)
Келесі маңызды ұстаным. - конструктивизм ұстанымы. Әйел мен еркектің айырмашылығы басқа жағдайлар сияқты, адам мен оның тарихына қатысты таза биологиялық мәні болмайды. Биология – тек қана алғы шарт, бірақ ол жыныстың әлеуметтік, мәдени-тарихи конструкциясында жүзеге асады.
Мәдени дәстүр ұстанымы. Бұл ұстаным феминдік пен маскулиндік нақты тарихи қатынастың бар екенін дәлелдейді. Түркі дүниетанымы үшін әйел-еркек ара қатынасы түсінігі символдық мәнге ие. Түркі мәдениетін қазіргі зерттеушілер біртұтас мәтін түрінде көрсетеді, оны оқитын семантикалық кілті күрделі мәдени-идеологиялық кешен “құт”- жан, өмір, ұрықтандыратын күш, байлық, бақыт, жетістік деген мағынаны білдіреді. Мәдениеттің барлық феномендері - үй, киім, азық-түлік, адамдардың өзара қатынасы жай мағынада емес, “құтқа” қатыстырып анықталатын символикалық мәнде де болады.
“Құттың” негізі – еркек пен әйелдің өзара әрекеті болып табылады. “Дәстүрлі қоғамның назары ұрықтану мен туудың құпиясына жақын болған”. Өмірдің сакральды дерегі ғарыштық орталықпен сәйкес келеді, онда сүтті көл, “құт” қоймасы бар.
. Соңғы он жылдықта халықаралық гендерлік саясат қалыптасты, әйелдер құқығы мен гендерлік теңдік бойынша халықаралық стандарттар жасалды, өкілеттік халықаралық форумдар өткізілді. Ең маңызды құжаттың бірі - Қазақстан 1998 ж. енген әйелге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы.
Феминизм - әйелдерді қатал әлеуметтік құрылыстан сөзсіз азат етуді насихаттайтын және әйелдің қоғамдағы мәртебесін биологиялық факторға байланыссыз әлеуметтік оқиғалардың нәтижесі ретінде қарастыратын ағым. Әйелдердің өмірдің барлық саласында еркектермен тең құқықта болу үшін қозғалысы.
Андрогония екі түбірден тұратын грек сөзі: андро – “еркек” дегенді білдірсе, гин – “әйел” дегенді білдіреді. Гректер андрогония сөзімен бір организмде гермофродит әйел мен еркек белгілерінің болуын түсіндіреді. Қазіргі кезде андрогония сөзі, негізінен Сандра Бемнің жұмысында физиологиялық және анатомиялық сипаттардан гөрі, психоәлеуметтік жағын көрсетуде қолданылады. Ол екі индивидте маскулиндік және феминдік мінездің болуын білдіреді. Сандра Бем екі жыныстың андрогиндік индивидтері оларға күш түсіргенде “маскулиндік” тәуелсіздікті және сонымен қатар, “феминдік” қамқорлықты паш етеді. Андрогиниядан айырмашылығы, бір жыныстың түріне жататын индивидтерде қарама-қайшы типке тән сапалары толық емес болды. Андрогинді индивидтер нақты жағдайға байланысты, қандай да бір реакцияға сәйкес феминистік те, маскулиндік те сапамен көріне алады. Бұл нәтижелер, андрогиния адамға көбінесе әрекет бостандығын беретінін айтады. Зерттеуші Е.П. Ильин қыздар мен ұлдардың, әйелдер мен ерлер рөлдерін қабылдауды түсінуі ретінде жыныстық идентификацияны талдай отырып, бұл үрдісті психологиялық жыныстың қалыптасуымен теңестіреді.
Кейінгі кездерде ғалымдар адамның жынысынан, яғни биологиялық жынысынан гөрі жыныс иесінің әлеуметтік қызметін сөз етуге бет алды. Бұл ретте белгілі бір мәдениет аясында ер адаммен әйелге тән(еркектік, әйелдік) қалыптасқан тілде көрініс беретін мінез-құлық (стереотип) ерекшеліктерін біліп,түюдің мәні зор.
Гендер әйел мен ердің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы(отбасы, саясат, мәдениет, білім беру т.б.) орнымен рөлін анықтайды. Жалпы халықаралық гендерлік тәжірибе мен стратегияларды зерттеу негізінде гендер ұғымы жеке даралықтан әлеуметтікмәдени және саяси категорияға айналды. Қазақстанның халықаралық тәжірибеге қосқан үлесі Гендерлік саясат тұжырымдамасы мен Гендерлік теңдікті дамыту стратегиясы негізінде гендерлік саясаттың ұлттық үлгісі жасалды.
Еркектік бастама бұрынғы ғасырларда ақылды, білімге құмарлықты, батылдықты, пайданы білуді, табандылықты, қайсарлықты, өзін-өзі құрбандыққа шалуды дамытты. Ол болмыстың материалдық жағынан белсенді болып келеді. Әйел бастамасы – бұл ақ пейілді, шыдамды, ар-ұятты, әсерге бой алдырғыш, жанашыр, адамгершіл, өзін-өзі құрбандыққа шалғыш. Демек, рухани мағынада белсенді.
Бүгінгі күні тең құқылы болуына талпыну көптеген әйелдерді еркек сапаларын көбінесе жаманын көшіруге алып келеді: жаугершілік (әскери өнерді үйрену), теріс қылықтар (шылым шегу, арақ ішу, былапыт сөйлеу, нашақорлық), қаталдық рационализм; өз бойындағы әйелдік сапаларды: жұмсақтық, ақ пейілдік, жақынына көмектесуге дайын болу, әсемдікке талпыну, шыдамдылық бір сөзбен айтқанда – руханилықты жоғалту. Өткен ғасырда-ақ физиолог Рудольфи былай деп ескерткен: “Әйел еркекпен салыстырғанда нәзіктеу, жұмсақтау, қозғалмалы, ожданды болу керек. Жаман тәрбиеленсе, ол әйел фурияға айналады және барлық жағынан еркектен асып түседі”.
Сонымен, барлық уақыттарда әйелдің өнердегі орны мен көркемдік әрекет қабілеттілігі түрлі ұстанымдар мен көзқарастар тұрғысынан талқыланып, сыналады. Адамзаттың екі жынысына да еркек пен әйел психологиясы ұғымдарын бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін нақты жалпы белгілер тән.
ӘДЕБИЕТТЕР
Аубакирова Н.И. Что такое гендер? //ОНС, 1996, №6.
Григорьева Г. Женская ипостась мира// Феминизм. Восток. Запад. Россия- Москва, 1993.
Шаханова Н.Ж. Семантико-семиотический анализ традиционной культуры казахов. -Алматы, 1999.
Антология теории гендера.- Минск, 2000.
Здравомыслева Е.А., Темкина А.А. Исследование женщин и гендерные исследования на Западе и России// ОНС, 1996, №6.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қоғамдағы әйелдерге қатысты гендерлік мәселелер қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается гендерные вопросы касающийся женщин в обществе.
SUMMARY
In article is considered the questions of gender concerning women in a society.
СУЩНОСТЬ ПОНЯТИЯ «ИНФОРМАЦИОННАЯ КОМПЕТЕНТНОСТЬ» В ШКОЛЬНОМ ОБРАЗОВАНИИ
Искакова А.Т.- к.п.н., и.о. доцент (г.Алматы, КазгосженПУ); Жунусова А.Ж.
(Северо-Казахстанский государственный университет им. М.Козыбаева)
Парадигма современного образования заключается в овладении каждым учащимся совокупностью компетентностей как результатов образования с учетом особенностей личности.
В педагогической науке и практике понятиями-категориями «компетентность» и «компетенция» стали оперировать лишь в конце 90-х годов XX века. Именно этим можно объяснить тот разнобой в толковании дефиниций, который встречается в научно-педагогической литературе и в диссертационных исследованиях.
Дж.Равен под компетентностью понимает явление, которое состоит из большого числа компонентов, многие из которых относительно независимы друг от друга, некоторые компоненты относятся скорее к когнитивной сфере, а другие – к эмоциональной, эти компоненты могут заменять друг друга в качестве составляющих эффективного поведения /1/.
Согласно мнению Байденко В.И., компетентность – это интегрированная характеристика качеств личности, результат подготовки выпускника для выполнения деятельности в определенных областях (компетенциях) /2/.
Зимняя И.А. считает, что компетентность – это сложное личностное образование, включающее и интеллектуальные, и эмоциональные, и нравственные составляющие;
- основывающаяся на знаниях интеллектуально и личностно-обусловленная социально-профессиональная жизнедеятельность человека /3/.
В рамках школьного образования необходимо и достаточно формирование следующих компетентностей обучающихся: личностная; когнитивная; социальная; функциональная; креативная; информационная /4/.
В энциклопедическом словаре «Наука и образование» дано определение понятия «Информационно–технологическая компетенция».
Информационно – технологическая компетенция предполагает умение ориентироваться, самостоятельно искать, анализировать, производить отбор, преобразовывать, сохранять, интерпретировать и осуществлять перенос информации и знаний при помощи реальных технических объектов и информационных технологий /5/ .
Понятие же «информационная компетентность» достаточно широкое и определяемое неоднозначно на современном этапе развития педагогики (В.Л.Акуленко, М.Г.Дзугоева, О.Б.Зайцева, А.Л.Семёнов, Н.Ю.Таирова, О.М.Толстых).
Аспект
|
I уровень
|
II уровень
|
III уровень
|
Планирование
Информационного
поиска
|
-делит информацию на известную и неизвестную
-указывает, какой информацией для решения поставленной задачи из представленного списка обладает, а какой нет
-выделяет из представленной информации ту, которая необходима при решении поставленной задачи
|
-называет, какая информация (о чем) требуется для решения поставленной задачи
|
-планирует информационный поиск в соответствии с поставленной задачей деятельности (в ходе которой необходимо использовать искомую информацию)
-самостоятельно и аргументировано принимает решение о завершении информационного поиска (оценивает полученную информацию с точки зрения достаточности для решения задачи).
|
|
- пользуется справочником, энциклопедией, ориентируется в книге по содержанию, а на сайте по ссылкам
|
- пользуется карточным и электронным каталогом, поисковыми системами Интернет
- пользуется библиографическими изданиями, списками публикаций в периодических изданиях
|
|
|
- указывает, в каких типах источниках следует искать заданную информацию
- дает характеристику источника в соответствии с задачей информационного поиска
|
- указывает те вопросы, ответы на которые необходимо получить для решения поставленной задачи из разных по типу источников
- обосновывает использование источников информации того или иного типа, исходя из цели деятельности
|
Согласно, исследованиям учёных понятие «информационная компетентность» трактуется как:
- сложное индивидуально-психологическое образование на основе интеграции теоретических знаний, практических умений в области инновационных технологий и определённого набора личностных качеств (О.Б.Зайцева);
- новая грамотность, в состав которой входят умения активной самостоятельной обработки информации человеком, принятие принципиально новых решений в непредвиденных ситуациях с использованием технологических средств (А.Л.Семёнов). /6/ .
Согласно выделенным аспектам, как видно из таблицы 1, по завершении каждого уровня образования учащийся должен демонстрировать владение указанным минимальным набором видов деятельности, составляющих введенные компетенции. Основным направлением информатизации образовательного процесса выступает использование
Таблица 1 – Уровни овладения компетенциями.
-проводит наблюдение \эксперимент по плану в соответствии с поставленной задачей
-получает информацию от человека, задавая вопросы
-извлекает информацию из источников, содержащих художественные образы
|
- самостоятельно проводит наблюдение \ эксперимент, планируя его цель и ход в соответствии с задачей информационного поиска
- самостоятельно планирует и реализует сбор информации посредством опроса (в т.ч. экспертного интервью)
- проводит мониторинг СМИ по плану в соответствии с поставленной задачей
- извлекает информацию по заданному вопросу из статистического источника, исторического источника, источника, содержащего художественный образ
|
-самостоятельно проводит мониторинг СМИ, планируя его цель и ход в соответствии с задачей информационного поиска
-самостоятельно планирует и осуществляет извлечение информации из статистического источника, исторического источника, источника, содержащего художественный текст
|
-извлекает и систематизирует информацию по двум и более заданным основаниям
(источник: 1-2 простых по составу источников, содержащих избыточную информацию)
|
- самостоятельно формулирует основания, исходя из характера полученного задания, ранжирует их и извлекает искомую информацию
- указывает на обнаруженные противоречия
(источник: два и более сложных источников, содержащих прямую и косвенную информацию по двум и более темам, в которых одна информация дополняет другую или содержится противоречивая информация)
|
- извлекает информацию по самостоятельно сформулированным основаниям, исходя из собственного понимания целей выполняемой работы (источник: два и более сложных источников, содержащих прямую и косвенную информацию по двум и более темам, при этом одна информация противопоставлена другой или пересекается с другой)
|
-систематизирует извлеченную информацию в рамках простой (по 1 признаку) заданной структуры
|
- систематизирует извлеченную информацию в рамках сложной (по 2 и более признакам) заданной структуры
- самостоятельно задает простую структуру для первичной систематизации информации по одной теме
|
- систематизирует извлеченную информацию в рамках самостоятельно избранной сложной структуры
- обосновывает структуру для первичной обработки информации целью, для которой используется информация
|
-переводит простую (односоставную) информацию из графического представления или формализованного (символьного) представления в текстовое и наоборот
|
- переводит сложную по составу (многоаспектную) информацию из графического представления или формализованного (символьного) представления в текстовое и наоборот
|
|
-точно излагает полученную информацию
|
- излагает полученную информацию в контексте решаемой задачи
|
|
- указывает на недостаточность информации или свое непонимание информации
|
- реализует предложенный способ проверки достоверности информации
|
- самостоятельно указывает на информацию, нуждающуюся в проверке, и применяет способ проверки достоверности информации
|
- находит вывод и аргументы в предложенном источнике информации
|
-делает вывод или соглашается с выводом на основе полученной информации и приводит несколько аргументов или данных для его подтверждения
|
- делает вывод на основе критического анализа разных точек зрения или сопоставления первичной и вторичной информации, подтверждает вывод собственной аргументацией или самостоятельно полученными
|
-воспроизводит объяснение, оценку, аргументацию
-детализирует или обобщает предложенную информацию в соответствии с заданием
-классифицирует по заданным основаниям
-выделяет признаки понятия, объекта, явления, делит их на главные и второстепенные
- находит соответствия и несоответствия
|
-самостоятельно предлагает основания для классификации в соответствии с задачей и классифицирует
- подводит понятие под более общую категорию, самостоятельно дает определение понятия
- выделяет признаки по заданным критериям (основаниям)
-проверяет предположение (гипотезу)
- сопоставляет объекты и явления по заданным критериям и делает вывод о сходствах и различиях
- выявляет причинно-следственные связи, имея полное описании «ситуации до» и «ситуации после»
|
- приводит объяснение или оценку ситуации, явления или процесса с заданной точки зрения
-проводит сравнительный анализ в соответствии с поставленной целью, самостоятельно определяет критерии для анализа и делает вывод
- отбирает алгоритм из числа известных по заданному критерию для применения в конкретной ситуации
| Необходимо отметить, что информационная грамотность учащихсяначальной школы является основой, начальным уровнем формирования информационной компетентности и включает совокупность знаний, умений, навыков, поведенческих качеств учащегося, позволяющих эффективно находить, оценивать, использовать информацию для успешного включения в разнообразные виды деятельности и отношений. Поэтому суть информационной компетентности младших школьников на современном этапе развития образования очевидна, т.к. она позволяет сформировать образованную, компетентную, конкурентоспособную и творческую личность, способную жить в динамично развивающемся мире и соответствовать требованиям современного казахстанского общества.
ЛИТЕРАТУРА
1 Cкворцов Л.В. Россия: проблема духовности и информационная культура // Культурология ХХ век. - М.: Академия, - 2000. – 368 с.
Байденко В.И. Компетентностный подход к проектированию ГОС ВПО
(методологические и методические вопросы).- М.,2005.- С.17-21.
Зимняя И.А. Ключевые компетентности как результативно-целевая основа
компетентностного подхода в образовании. – М.,2004.-С 14-18.
Тарасова Н. Г. Уроки с компьютерной поддержкой. // Начальная школа. - № 5. - 2003. – С. 57-60.
Энциклопедический словарь «Образование и наука»/ под ред. ТуйембаеваЖ.К. – Алматы, 2008. – 448 с.
Тришина С.В. Информационная компетентность как педагогическая категория // Интернет-журнал «Эйдос». - 2005. - 10 сентября. http://www.eidos.ru/journal/2005/0910-11.htm.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада мектептің білім беру ісіндегі ақпараттық құзіреттілік туралы сөз етіледі.
РЕЗЮМЕ
В данной статье говорится об информационной компетентности в школьном образовании
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кішібаева Д. Ж. - п.ғ.к., доцент; Божбанбаева З.Ж. - аға оқытушы;
Оспанов С.- магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін, олардың жекелеген сапаларын дамыту қажет деп білеміз. Оның ішінде: зердесін, эмоция мен сезімдерін, өзіне деген сенімділігін, өзін жақсы көруді, дүниеге көзқарасын, дербестігін, ынтасын дамыту. Педагог-психологтардың (оның ішінде Л.С.Выготскийдің) еңбектеріне талдау жасаудың негізінде ақыл-ойдың дамуының екі жолын атап көрсетуге болады. Оның біріншісі, қол жеткен даму - онда оқушы тапсырманы өз күшімен орындайды. Екіншісі, ең жақын даму аймағы - педагог тапсырманы күрделендіріп, мәселені шешуге бағыттайды. Бұл жолдың екеуінің де өзіндік орны ерекшеліктері бар. Біріншісі, оқушының талпынысынан, ұмтылысынан, ішкі мотивінен туындаса, екіншісі, сыртқы мотив арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мынадай жолдары белгілі: әңгімелесу, топ серуенге шығу, тәжірибелік жұмыстар, техникалық құралдарды пайдалану, танымдық есептер құрастыру және оны шешу, сөз жұмбақтар, ребустар, метограммаларды құрастыру және шешу, практикалық жұмыстар жүргізу. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланыстағы мақал-мәтелдерді оқушының шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың төмендегідей жолы бар:
- тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу;
- оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету;
- көрініске қарап мақал-мәтел айту;
- табиғатқа сай мақал-мәтел құрастыру;
- суреттерге қарап мақал-мәтел айту.
Осының нәтижесінде оқушының сөз саралауы, ізденімпаздығы, тапқырлығы, нақты ой болжауы - тіл байлығы артады
Зерттеу жұмысы барысында пәнаралық байланыс оқу материалдары негізінде түзілетін (немесе түзетін) білімдер мен іскерліктерді, педагогикалық-ғылыми зерттеу материалдары (В.А.Бухвалов, А.Т.Рыбкин және т.б.) және оқу бағдарламалары негізінде айқындалды (оқу пәні бағдарлама 1-4 сыныптар үшін).
Мысалы, 1-сыныпта оқушылардың меңгеру тиіс пәнаралық оқу іскерліктері (немесе оны жалпы оқу іскерліктері деп те қарастырады)
- сабақ тақырыбын және кітаптағы тапсырма нөмірін таңдау;
- минутына 40 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;
- минутына 4-5 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;
- ережелер көмегімен терминді есте сақтау;
- мәтіндегі сұрақтарға жауап табу;
- ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толық-тыру;
- дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;
- табиғи денені және құбылысты бақылау;
- шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;
- ұйымдасқан және үнемді жұмысты ұйымдастыру;
- өзінің жұмысына бақылауды орнату;
- сабақтың жоспары бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін талдау.
Ал енді 2-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері
- минутына 60-70 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;
- минутына 6-8 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;
- терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;
- мәтіндегі бастыны бөліп алу;
- ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толықтыру, құрастыру;
- дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;
- табиғи денені және құбылысты бақылау;
- тапсырманы орындау үшін ережені таңдау;
- шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;
- денелер, материалдар мен суреттердің композициясын құрастыру;
- жұмыстағы пайдаланған әр түрлі материалдардың қасиеттерін есепке алу;
- әр түрлі құралдарды тапсырма мазмұнына сәйкес пайдалану;
- критерилер бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін бағалау.
Сондықтан 3-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері мыналардан тұрады:
- минутына 70-80 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;
- минутына 10-12 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;
- терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;
- мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;
- ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;
- құбылыстар мен оқиғалар үшін себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;
- тапсырманы орындау үшін ережені біргелікте әрекет ету;
- жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жүзеге асыру;
- шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;
- зерделеуі қажет сабақ тақырыптары сұрақтарын құрастыру.
Соңында 4-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері:
- минутына 90-100 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;
- минутына 13-15 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;
- ережелер көмегімен терминді және мәтінді есте сақтау;
- мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;
- ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;
- заңдылықтарды, дәлелдемелерді, жалғанға шығаруларды анық-тау;
- тапсырманы орындау үшін ереже алгоритмін біргелікте құрастыру;
- шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;
- өзбетінше жұмысты орындау, олардың нәтижелерін талдау және бағалау.
Жоғарыда берілген пәнаралық оқу іскерліктері - қазіргі уақытта жас мұғалімдер үшін оқу-тәрбие процесінің нәтижесінде ескеретін іс-әрекеттер.
Оқу іскерліктері, біріншіден, оқыту мазмұнын құраушы элементтің бірі болып табылады; екіншіден, оқушының шығармашылық іс-әрекетінің негізі ретінде қарастырылады.
Сондықтан да оқыту процесін ұйымдастыруда басшылыққа алатын құжаттардағы, бағдарламалық материалдардағы қарастырылған іскерліктерді талап етілген деңгейде меңгермеу кейінгі оқу жылында оқушылардың үлгермеушлігіне негіз болады. Ал, пәнаралық байланыс тұрғысынан оқу іскерліктерін меңгермеу оқушының шығармашыл тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді деп білеміз.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін оқу материалдарының дамытушы құрылымы айқындалуы тиіс. Оқу материалдарының дамытушы құрылымы – бұл ұғымдар арасындағы өзара байланысты міндетті бөлумен қарапайымнан күрделіге ретті мазмұндалуы. Сабақта жаңа оқу материалдарын оқып-үйренуде оқушылар ғылыми немесе мәдени зерттеу үрдісінде ертеректе зерделенген ұғымдар қалай жаңа білімдер мен таным әдістері шығарылғанын көретіндей етіп тұрғызу қажет. Кез келген жүйенің даму үрдісі – бұл оның пайдалы функциясының артуы. Ғылыми білімдердің дамуы – бұл теория мен әдістердің функциональдық тиімділігінің жоғарылау үрдісі. Үрдістер диалектика заңдылықтары негізінде жүзеге асырылады:
Сондай-ақ мұғалім оқушылардың пәнаралық байланыс оқу іскерліктерінің даму деңгейін анықтаумен, оқушыларда қажетті дамымаған пәнаралық іскерліктерді дамыту үшін сабақ конспектілерінде педагогикалық тапсырмалар көлемін реттеуі тиіс.
Пәнаралық байланыстың атқаратын функцияларын анықтау жөнінде көптеген зерттеулерді айтуға болады. Мәселен, О. Мұсабеков пәнаралық байланыстың функцияларын оқыту процесіне ықпалы бойынша айқындайды:
1 Ойын дамытуға ықпал етеді;
2 Берік білім алуға көмектеседі;
3 Оқыту үрдісін жеделдетеді;
4 Дербестігін және танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді;
5 Мұғалім жұмысының әдістемесін жақсартады.
Зерттеуші мұғалімдердің пәнаралық байланысты пайдалану мақсаттарын айқындаған
1 Оқушыларды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді.
2 Білімнің сапасын арттырады.
3 Танымын, оқу іс-әрекетін белсенділендіреді.
4 Танымдық қызығушылығын қалыптастырады.
5 Оқушылардың ойын дамытады.
6 Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін дамытады.
7 Ес пен ойлауды дамытады.
8 Қисынмен ойлауды дамытады.
9 Тапқырлығын дамытады.
10 Оқыту үрдісін жеделдетеді.
11 Білімін практикада қолданады.
12 Шығармашылығын дамытады.
13 Зейінін дамытады.
14 Оқығанын пысықтайды.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. Объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту процесінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері ретінде қарастырылады. Пәнаралық байланыстардың практикалық жүзеге асырылуының негізгі бағыттары: оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде, оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда, жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді жазуда, оқу орындарының түріне байланысты әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде орындалады.
ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. -Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1998. -245 б.
2. Кішібаева Д. Пәнаралық байланыстың мақсаты - оқушылардың білім сапасын арттырып, оқу іс-әрекетінде белсенділік таныту. Ұлытау - Жезқазған - көне өркениет пен Ә.Х.Марғұланның ғылыми-зерттеу аймағы Республикалық "3-Марғұлан оқулары" материалдарының жинағы) - Жезқазған, 2004. -167-170 бб./
3. Педагогические основы профессионального обучения учащихся общеобразовательных школ с учетом требований ускорения научно-технического прогресса: методические рек. /ред. - сост. Е. А. Рыкова. - М.: АПН СССР, 1988. - 85 с.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В данной статье раскрываются пути совершенствования межпредметной связи.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
Кішібаева Д.Ж. - п.ғ.к., доцент; Оспанов С.- 2-курс магистранты
Оқыту - бұл оқушының оқуын өз бетінше педагогикалық мақсатты түрде ұйымдастыру. К.Д.Ушинский бойынша: "Мұғалімнің басты міндеті оқушының білім алуын өз бетінше білім алуға айналдыру".
1 Оқытушының оқушының оқуын ұйымдастыру әдісінде, құралдарында, мазмұнында оқу-тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың нақтылығы.
2 Оқыту технологиясының қажетті элементі бір логикамен байланысты жеке сабақтардың барлық тізбегін құру және соңғы нәтижелердің қысқаша сипаттамасы енетін тақырыптық жоспарлау болып табылады.
3 Оқушының оқу- танымдық жұмысының әрбір кезеңінде бақылау ұйымдастыру.
4 Оқушының шығармашылық іс-әрекетін жоғарылату, тек қана білетін оқушыға ғана емес, жұмыс істей алатын оқушыға да бағыт беру.
5 Оқыту әдістері мен формаларының әр түрлі болуы, жеке құралдар мен формаларын әмбебап болдырмау.
Білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиіс:
- дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
- қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;
- сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;
- оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;
- біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.
Сонымен, технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық әдебиеттерде және атақты отандық педагогтардың іс-тәжірибелерінде технология негізгі үш түрге бөлінеді:
1 Техникалық.
2 Экономикалық.
3 Гуманитарлық.
Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық педагогикалық және психологиялық болып бөлінеді. Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы.
Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адаммен ортаның өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындалау (Г.К.Селевко). В.А. Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.
Педагогикалық технология нақты технологиялық процестерде жүзеге асырылады. Оқыту ой тұжырымдамасында технологиялық процесске, нақты тақырыпты оқыту тәсілдері мен формалараның жүйелелігі жатады және де әр түрлі есептер шығару кезінде дағдыларды өндіру мақсатындағы сарамандық міндет бірдей оқыту технологиясының көмегімен шешіледі.
Оқыту (тәрбиелеу) технологиясының тұтастығы оның үш құрамдас бөлігімен қамтамасыз етіледі:
- ұйымдастыру формасымен;
- дидактикалық процеспен;
- мұғалім (немесе оқыту техникалық құралдарымен) маманмен.
Педагогикалық технологияның тақырыбы болып мұғаліммен оқушының әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдары, олар оның құрастырылған, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы ұйымдастырылады.
Педагогикалық технологияның міндеттеріне мыналар жатады:
- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;
- мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;
- технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;
- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;
- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.
Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.
Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалық экспериментті жоққа шығарып, оны алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.
Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология оқушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсына-ды, яғни бұл оқу танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.
Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті – мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:
- мақсат білімділіктің болжамы және оқушылардың оқу бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау;
- жалпы тұлғаның дамуы.
Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі – бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігі.
Тұтастық қағидасы болашақ кез-келген педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігін, өзара іс қимылына қол жеткізу қажеттілігін көрсетеді. Педагогикалық жүйенің (ПЖ) бір элементіне өзгеріс енгізу үшін, басқа да элементтерді қайта құруға тура келеді. Мысалы, оқу мақсаттарын өзгерте отырып, бірақ оның мазмұнын және оқу процесін сол қалпында қалдырсақ, деформацияланған педагогикалық жүйеге тап боламыз. Тәжірибе көрсеткендей, олар өміршең болмайды. Бірақ әлемде жалпы "педагогикалық технология" деген не және оның ішінде жеке оқу "технологиясы" туралы түсініктемелер қалыптасып келеді (3-кесте)
Отандық педагогикадағы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді.
Технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық қызметтің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажет. Әлеуметтік тұрғыда бұл белгі, технологияның басқа белгілері – оның жалпылық сипатымен байланысты .
Педагогикалық технология жөніндегі қатаң түсініктің басты белгілері болып мыналар табылады:
- мақсаттың диагностикалық сипаттамасы;
- педагогикалық процестің өндірушілігі (оның ішінде оқытудың мақсатына және оқытушы мен оқушы іс-әрекетінің (қызметінің) сипатына сай этаптардың жасалуы).
- педагогикалық нәтижелердің өндірушілігі.
Қазіргі таңда көптеген жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алынуда (ақпараттық, проблемалық, дамыта оқыту, т.б.).
- технологияның кез келген оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында қайта жаңғыртылуы.
Қазіргі педагогикалық технологиялар келесідей негізгі сапаға ие болуы қажет: құрылымға; технологиялық критерилерге; тұжырымдылыққа; жүйелілікке; басқарушылыққа; нәтиже бойынша тиімді және шығын бойынша оңтайлы, өндірушілікке.
Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді.
Бастауыш сыныпта тәжірибе барысында басқа да педагогикалық технологияларды пайдалану балалардың белсенділігін, шығармашы-лық қабілеттерін дамытуға негіз қалайтынын анықтадық. Олар: "ойды синтездеу", "шынжыр" (тізбек), "матрица" және т.б.
Педагогикалық еңбектерде дәстүрлі сабақты: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы. Сабақты дидактикалық міндеттеріне сәйкес: кіріспе сабақ; жаңа сабақты өту; білімді бекіту сабағы; жинақтау сабағы; есепті-бақылау, аралас сабақ; диспут, КВН сабақтары деп ажыратады. Қазіргі таңда оқушылардың өз бетінше жұмысын жандандыру және шығармашылықпен іс-әрекет жасауын қамтамасыз ету үшін сабақтың дәстүрлі емес формаларын кеңінен оқыту процесінде қолдануда.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика, -1989.
2. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. - N3. - 3-8 бб.
3. Кларин М. В. Технология обучения: идеал и реальность. - Рига, Эксперимент, 1999. -180 с.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада педагогикалық технологиялардың мәні туралы айтылады.
РЕЗЮМЕ
В данной статье раскрываются сущность и содежание педагогических технологий.
Достарыңызбен бөлісу: |