Жекелік және топтық мотивация Жекелік: Ашығу мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан құтылу т.б. үшін қажетті мотивациялар. Топтық: Ұрпақ өсіру, отбасылық, әулеттік, ұлттық, мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік қарастыру, өзі тәуелді топтың (отбасы, әулет, ұлт, мемлекет) тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар. - 1) Табысқа жету және сәтсiздiктен қашу мотивi. Табысқа жету мотивiн ұстанған адамдар өз iс-әрекетi алдына нәтижесi сөзсiз табысқа әкелетiн iс-әрекет түрлерiн, әдiс-тәсiлдерiн таңдап алып, оған жетуге белсендi атсалысады. Оларға өз iсiне бар күш-жiгерiн жұмсау, қойған мақсатына бар зейiнiн шоғырландыру тән болып келедi.
- Сәтсiздiктен қашу мотивi басым адамдарда, iс-әрекет-тегi негiзгi мақсат табысқа жету емес, сәтсiздiктен қашу болып табылады. Олардың бар күш жiгерi осы мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенiмсiздiк, сынға ұшы-рау, сәтсiздiк қорқынышы нәтижесiнде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сәтсiздiкке ұшырау қаупiн үнемi сезiнгендiктен iс-әрекетке деген ықыласы төмендейдi.
|