Қазақ мемлекеттік


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ДӘМ» КОНЦЕПТІСІ



бет14/19
Дата11.01.2017
өлшемі3,75 Mb.
#6890
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ДӘМ» КОНЦЕПТІСІ
Қанабекова М.Қ.- аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Бүгінгі таңда қазіргі тіл білімінде соны ғылыми бағыттағы жаңа зерттеу жұмыстары белсенді сипат иеленіп отыр. Сондықтан лингвистика ғылымында когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, антрополингвистика, психолингвистика тәрізді бағыттардың қарқынды дамуы тіл мен сөйлеу фактілерін халықтың ұлттық рухани құндылықтарымен, дүниетанымы, ой әлемі және психикалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста алып қарауға мүмкіндік алды.

Тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің тиімді саласы – когнитивтік лингвистика. Оның маңызды ғылыми сала ретіндегі мән- маңызын белгілі ғалым, проф. Ж.А.Манкеева: «Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары өріс алып отыр», деп анықтайды (2,15).

Осымен байланысты әлемнің тілдік бейнесін түсінуге, зерделеуге жетелейтін, оның бір бөлшегі танылатын концепт ұғымы тілдің танымдық мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы ғылыми лингвистикалық категория ретінде қалыптасуда.

Лингвистикада концепт термині мен түсінігінің қалыптасуы тіл, сана және мәдениеттің өзара әсерлесуінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын, амал-тәсілдерін игерудегі жаңа қадам болды. Осыған орай лингвистика, когнитология, мәдениеттану, философияның өзара әсерлесуінің жаңа аспектілері пайда болып, соның нәтижесінде семантикалык зерттеулер тереңдей түсті.

Кең мағынада концепт - жалпы әлем туралы білім жүйесінің (әлемнің концептуалды бейнесінің) бір бөлшегі, үзіндісі, яғни индивидтің объективті шындық туралы өз танымындағы тірек ұғымдары.

В.А.Маслованың анықтауынша, концепт - эмоционалдық, экспрессивтік, бағалауыштық мәнге де ие болатын тілдік бірлік. Концептіге осы көрсетілген түсіндірулерден өзге анықтамалар да бар. Концепт — ментальді және психикалық ресурстарды түсіндіретін және адамдардың білімі мен тәжірибесін бейнелейтін термин.

Концепт - оперативті есте сақтау бірлігі, әлемнің адам психикасында көрініс табуы.

Концептілер — сөз және экстралингвистикалық шындықтың арасындағы дәнекерлер.



Ғалым концептіге қатысты түрлі анықтамаларының болуы оның өзге де когнитивті белгілерін айқындауға мүмкіндік беретіндігін айтады:

- сөз арқылы вербалданатын және өрістік құрылымы бар адамзат көзқарасындағы өз тәжірибесінің минималды бірлігі;

- білімді сақтаудың, өңдеудің, айтып жеткізудің негізгі бірліктері;

- концепт әлеуметтік жағдаятты, оның ассоциативті өрісі мен прагматикасын анықтайды;

- бұл - мәдениеттің негізгі ұяшығы /3/.

Сонымен, концепт деп - адамзаттың әлем бейнесі туралы жинақталған білім-түсініктерін беретін тірек ұғымдарды тануға болады.

Соңғы кезде концепт термині қазақ тіл білімі ғылымында да жиі қолданылып, зерттеу нысандарына айналуда. Бұл бағытта концептінің мән-мазмұны зерттеуші ғалымдар Ж.Манкеева, Н.Уәли, Г.Смағұлова, Г.Мұратова, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева, Қ.Жаманбаева, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, А.Ислам, Б.Ақбердиева, Б.Тілеубердиев, Ш.Ниятова, Ш.Елемесова, Г.Имашова, Ж.Жампейісова, Ф.Қожахметова т.б. еңбектерінде әр қырынан қарастырылып келеді.

Әлемнің тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын орны зор. Негізінен концептілер ретінде адамзат өмірінде маңызды рөл атқаратын тірек ұғымдар алынады. Яғни, шындық өмірдегі белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі көкейкесті мәні бар мәдени атаулар ғана концепт дәрежесінде танылады. «Тіл арқылы танылатын концептілер, жалпы алғанда, тілді тұтынушы халықтың дүниетаным көрсеткіші» /1,5/. Осындай халықтық таным көрсеткіші ретінде ас, тағамның дәмдік қасиетін білдірумен байланысты мәдени атаулар да тілдің когнитивтік құрылымында орнығып қалыптасқан.

Соның бір көрінісі – қазақ тіліндегі «дәм» мәдени концептісінің де танымдық ерекшелігі мен когнитивтік мәнін, семантикалық өрісін айқындау міндеті тұрады.

Ұлттың рухани мәдениетінің бір көрінісі ретінде проф. Ж.Манкеева: «Тілдің тарихи-лексикалық жүйесіндегі ұлттың мәдениеті, тұрмысының айнасы іспетті қабаттарының бірін тағам және тамақ атаулары құрайды» деп таниды /2,61/.



«Дәмді-дәмсіз» ұғымы, біріншіден, сындық, дәмдік қасиетті білдіреді. Сонымен қатар олар сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады, яғни адам баласы астың, тағамның дәмдік қасиеттерін вербалды әрекет арқылы сыртқа шығарады, өзгеге хабарлайды. «Дәм» концептісінде әр халықтың танымындағы өз әлемі, мәдени ерекшелігі, когнитивтік мәні болатындығы көрінеді.

Қазақ тіліндегі «дәм» концептісі – тақырыптық аясы кең, мазмұны терең, қамтитын мәселелері маңызды, концептуалды өрісі өте күрделі концептілер болып табылады.

Астың, тағамның дәмді-дәмсіздігі түрлі қасиеттеріне байланысты болады. Асқа, тағамға қатысты «дәмді» ұғымынан тәтті синонимі туындайды. Тәтті сөзі қазақ, орыс тілдерінде тағамға, асқа, тамаққа қатысты айтылғанымен, негізінен, шырын немесе қант қосылған тағам атауларына қатысты тілде көрініс табады. Мәселен, тәтті тамақ – дәмді тамақ, тәтті тағам – дәмді тағам деген тіркестер құрамындағы тәтті сөзінің тағам, тамақ сөздерімен тіркесімділігі дәмді сөзімен қатар жұмсалып, синоним ретінде екеуі де еркін қолданысқа түседі. Ал тәтті шырын мен дәмді шырын тіркестерін салыстыратын болсақ (немесе сладкий сок – вкусный сок) екеуінің сәл де болса мағына айырмашылығын байқауға болады. Яғни, қазақ ұғымында тәтті шырын тіркесіндегі тәтті сөзі дәмді шырын тіркесіндегі дәмді сөзімен мағыналық айырмашылыққа түсе алады. «Шырын» сөзі негізінен тәтті (сладкий) сөзімен нақты тіркес құрай отырып, мағыналық байланыс жасай алады. Дәмді сөзі негізінен пісірілген тамаққа қатысты қолданылады.

Алғашқы қарапайым жалпы түсініктер адам санасында, адам танымында қайта жаңғырып, бейнелік сипат ала отырып ауыспалы мәнге ие болады. Бұл жағдайда аталған сөздердің лексикалық мағынасына өзгеше мән үстей отырып экспрессивтік бояуы қалыңдай түседі. Көбінесе тілімізде тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер құрамына еніп, ол атаулардың образдылық сипаты айқын көрінеді. Мәселен, қазақ тілінде дәмді ас немесе дәмді тағам тіркесі астың, тағамның дәмдік қасиетіне, оның жоғарылығына қатысты қолданылса, дәмді сөз тіркесінде «дәмді» лексемасы денотаттық мағынасынан коннатативтік мәнге көшіп, танымдық мазмұны ашыла түседі. Яғни, сөз дерексіз ұғымы негізінен деректі атауларға ғана қатысты дәмді сөзімен тіркесіп келіп, «көңілге қонымды, мәнді әңгіме» мағынасында бейнелі жұмсалған. Қазақ және орыс тілдеріндегі «тәтті өмір» мен «сладкая жизнь» тіркестері құрамындағы тәтті – сладкий сөздері тура мағынасынан ауыспалы мәнге ие бола отырып, қызықты өмір, жайлы өмір ұғымын берген. Тағамның, астың, шырынның т.б. дәмін, дәмдік қасиетін білдіретін ұғым атауы ауыспалы мағынада бейнелік сипат алып, мағына ауқымдығын кеңейте отырып қолданысқа түскен. Сөйтіп, қазақ дүниетанымының ұлттық ерекшеліктерін, өзіндік қасиет-болмысын көрсететін мол ақпарат «дәм» концептісінің когнитивтік құрылымында сақталған.

«Дәм» концептісін қазақ халқы танымында өмір, өлім, тағдыр, құрметтеу, бұйырту т.б. микроконцептілерін құруға қатысатын тірек компонент ретінде танимыз. Мәселен, дүниенің тілдік көркем бейнесі дәм таусылу тіркесімен ментальді берілген. Мұндай қатынастағы тілдік белгілер ортақ лексика-семантикалық топ құрап, «өлім» концептісінің когнитивтік моделін құрайды. «Ас - адамның арқауы», дәм тату, дәм алу тілдік бірліктері «өмір» концептін құруға негіз болады. Яғни, «дәм» макроконцептісі «өмір - өлім» концептілерін құруға негіз болған. Ал дәмдес-тұздас болу, дәмдес болу, дәм-тұзы араласу бірліктері арқылы туындаған «сыйластық» концептісінің мәні ашылып, мазмұны толыға түседі, себебі, келген қонақты ассыз, дәмсіз жібермейтін, қонақжайлылық қасиетке ие халқымыз сыйластықты да аспен, дәммен өлшеген. Дәм-тұзы жараспау, дәм-тұзын аттау, дәмі кету, дәмін бұзу тәрізді тілдік құрылымдар осы сыйластықтың біткендігін білдіріп, келіспеушілік, опасыздық, шырқын бұзушылық, отаса алмаушылық мәніндегі «ұрыс-керіс» концептін құрайды. Сол себепті халық тілінде сыйластық - ұрыс-керіс оппозициялық қатынастағы тілдік бірліктердің дәммен байланыстылығы айқын көрінеді.

Қазақ дүниетанымында дәмді, тұзды қадір тұтып, қастерлеуден туындаған тілдік бірліктер тілімізде орын алған: «дәм жазса», «дәм бұйырса», «дәм-тұз айдаса».

Сонымен қатар «дәм» ұғымы «отбасы» концептін құруға да қатысады. Мәселен, бір-бірімен жақсы тіл табысып, тату-тәтті өмір сүріп, отасып жатқан ерлі-зайыптыларды «дәм-тұзы жарасты» деп атайды. Ал, керісінше, бір-бірімен тіл табыса алмаған жандарды, отбасын «дәм-тұзы жараспады» деп айту халық тілінде бар. Сол себепті дәм-тұзы жарасу –дәм-тұзы жараспау тілдік бірліктері «отбасы» концептісіне қатысты тіл табысу, қосылу - тіл табыспау, айырылысу оппозициялық қатынастағы ұғымдарды құрайды.

«Дәм» ұғымы халық танымында адам тағдырымен байланыстырылады. Соған қатысты тілімізде дәм айдады, дәм бұйырды, дәм-тұзы айдады тәрізді когнитивтік бірліктер қалыптасқан. Тіпті адам баласы бір нәрсеге ұрынып, тосын жағдайға тап болған кезде «дәм айдап барған ғой» деген тілдік бірліктері қолданысқа түседі. Ал, адамның жолы болмауға байланысты «дәм-тұздың қасиеті ұру» қарғыс мәніндегі дәм ату, дәм ұру тілдік бірліктері пайда болған. Мысалы: «Дәм ұрсын» деген қарғыс бары, татқан дәмге қас қылған адам оңбас» деген өсиет өлең бары есімде (С.Мұқанов). Қысқасы, дәмі жараспау немесе дәм-тұзы жараспау, дәм ату, дәм айдау т.б. тілдік бірліктері негізінде «тағдыр» микроконцептісінің когнитивтік құрылымы айқындалады.

Дәм-тұзын аттау Дәмдес-тұздас болу

Дәм-тұзы жараспау дәм-тұзы араласу

Дәм кету дәм-тұзын ақтау


Ұрыс-керіс сыйластық


Қарым- қатынас



Ас, тағам, тамақ Қарғыс

Дәм тату Дәм -тұз ұрсын

Дәм алу Дәм -тұзыма тапсырдым

Өлім Жамандық

дәмі таусылды Дәм татқан құдыққа түкірді

Тағдыр

Отбасы Бұйырту Жолы болмау

айырылысу қосылу

дәм бұйырды дәм ату

дәм тұзы дәм тұзы дәм айдады дәм ұру

жараспады жарасу дәм-тұз айдады

дәм жазса

Жоғарыда келтірілген фразеологиялық тіркестердегі берілген «дәм татқан құдыққа түкірді», «дәм-тұзы араласты», «дәм-тұзы жараспады», «дәм-тұзын ақтады», «дәм-тұзына тапсырды» сияқты тіркестердің мағыналық ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтелік:

Дәм татқан құдыққа түкірді. Жақсылыққа жамандық істеді, қайтып кірер есікті қатты серіпті (жапты), кесірлік жасады сияқты мағыналарымен түсіндіріледі.

Мысалы: Құсайынды көрген соң қу құйрық Шалпатай әңгімені ушықтырмай, бұл шіркіннің дәм татқан құдыққа түкіргеніне өкпелегендігін айтқан да, оны енді Құсайын араласқан соң, «тастадым» деген. (І.Жансүгіров).



Дәм -тұзы жараспады тіркесі - халық танымында бір-бірімен тату-тәтті тұра алмаған, бір-бірімен келіспеген, отаса алмаған адамдардың қарым-қатынасына қарай айтылатын тұрақты тіркес. Бұл тіркес құрамындағы «дәм» сөзі ас, тағам сияқты тура мағынасынан ауыспалы мәнге ауысқан. Осыған байланысты біздің тілімізде мынадай мақал орын алған:

Дәстүрі жараспағанның

дәм-тұзы жараспайды (Мақал)

Дәм-тұзына тапсыру, дәм-тұзына салу:

а) Дәм-тұздың қасиеті ұру мағынасында:

ә) «Дәм-тұзыма тапсырдым» дегеннен артық қазақ елінде қарғыс болмаған.

Дәм мен тұздың, астың, тағамның, нанның қасиетін жоғары қадірлеген қазақ үшін нан мен тұздан қастерлі тағам жоқ. Сондықтан да қазақ ұлтының ұғымында дәм-тұзды, нанды тастамауға, астамауға қатысты түрлі мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер баршылық.

Қорыта келгенде, «дәм» концептісі – халық танымында орныққан, көп қырлы этномәдени танымдық құрылымға ие тілдік көрсеткіш.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мұратова Г.Ә. Абайдың тілдік тұлғасы: дискурстық талдау мен концептуалды жүйесі: филол. ғыл. докт. ...автореф. –Алматы, 2009. 48

2. Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. –Алматы: Жібек жолы, 2008.- 353 б.



3. Маслова В.А. Языковая картина мира и культура / В.А.Маслова // Когнитивная лингвистика конца XX века. Материалы международной научной конференции (в трех частях).- 4.1. -Минск, 1997.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ тіліндегі «дәм» концептісінің танымдық мәні, когнитивтік ерекшеліктері қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается познавательная сущность и когнитивные особенности концепта «дәм» в казахском языке.

КОНЦЕПТ «ТРУД» В ЯЗЫКОВОМ СОЗНАНИИ НОСИТЕЛЕЙ КАЗАХСКОЙ И РУССКОЙ КУЛЬТУР
Нагиева А.Т.-преподаватель(г. Алматы, КазгосженПУ)
Когнитивизм – это направление в науке, объектом изучения которого является человеческий разум, мышление и те ментальные процессы состояния, связанные с ним. Это наука о знании и познании, о восприятии мира в процессе деятельности людей. При этом человек должен изучаться как система переработки информации, а поведение человека – описываться и объясняться в терминах его внутренних состояний.

Как известно, познание – процесс порождения и трансформации концептов (смыслов), именно поэтому концепт выступает ключевым понятием когнитивной лингвистики. Однако, несмотря на то, что понятие концепт можно считать утвердившимся, содержание этого понятия существенно варьируется в концепциях разных научных школ и отдельных ученых.

Принципиально важно то, что концепты представляют собой ментальные сущности. В каждом концепте сведены воедино принципиально важные для человека знания о мире и вместе с тем отброшены несущественные представления. Система концептов образуют картину мира (мировидение, мировосприятие), в которой отражается понимание человеком реальности, ее особый концептуальный «рисунок», на основе которого человек мыслит мир.

Термин концепт в лингвистике и старый и новый одновременно. Так, С.А.Аскольдов – Алексеев еще в 1928 году опубликовал статью «Концепт и слово», но до середины ХХ века понятие «концепт» не воспринималось как термин в научной литературе. Ученый определил концепт как мысленное образование, которое замещает в процессе мысли неопределенное множество предметов, действий, мыслительных функций одного и того же рода /1; с. 267/.

Лишь в 80-е годы снова возрастает интерес к понятию концепт. Концепт – термин, служащий объяснению ментальных или психических ресурсов нашего сознания и той информационной структуры, которая отражает знание и опыт человека. Следовательно, концепт определяется как «операционная единица мысли», единица коллективного знания, имеющая языковое выражение и отмеченная этнокультурной спецификой /2; с. 43, 52/.

Концепты идеальны и кодируются в сознании единицами универсального предметного кода. Концепт имеет «слоистое» строение, его слои являются результатом, «осадком» культурной жизни разных эпох. Центром концепта всегда выступает ценность, поскольку концепт отражает категориальные и ценностные характеристики знаний о некоторых фрагментах мира, то есть максимально абстрагированную идею культурного предмета, при этом в основе культуры находится именно ценностный принцип. В более широком смысле структуру концепта можно представить в виде круга, в центре которого лежит основное понятие – ядро концепта, а на периферии находится все то, что привнесено культурой, традициями, народным и личным опытом, различные лексемы, коннотации и ассоциации.

Традиционные единицы когнитивистики (фрейм, сценарий, слот и т.д.), обладая более четкой, нежели концепт, структурой, могут использоваться исследователями для моделирования концепта.

В рамках нашего исследования мы придерживаемся лингвокультурологического понимания концепта – исследование названных языковыми единицами концептов как элементов национальной лингвокультуры в их связи с национальными ценностями и национальными особенностями этой культуры (В.И. Карасик, С.Г. Воркачев, Г.Г. Слышкин, Г.В. Токарев) и полагаем, что концепт представляет собой динамическое явление, так как его содержание и взаимодействие с другими концептами зависит от изменений в культуре и, соответственно, от изменений в массовом сознании народа. Описывая идеологическую составляющую концепта «труд», по мысли исследователей, необходимо учитывать зависимость значений слов, вербализующих концепт, от языковой политики, влияние которой проявляется в контексте. Компонентный анализ концепта «труд» позволяет выявить идеологические добавки и наращения, а также характер деформации, которые претерпевает семантика слова в определенной социально-политический период.

Выделение основных аспектов идеологизации концепта «труд» осуществляется при помощи фреймовой структуры, поскольку важным категориальным признаком концепта является его структурированность, объединяющая в единый когнитивный образ языковые и неязыковые знания. При этом под фреймом понимается структура знаний о типизированном объекте или стереотипной ситуации, т.е. декларативный способ представления знаний, формулируемых в терминах описаний /3/.

Как известно, структура и содержание различных концептов выявляются через значения языковых единиц, репрезентирующих данный концепт, их словарные толкования, речевые контексты /4; с.26/. Концепт «труд» представляет собой фрейм, в структуре которого выделяются следующие составляющие: субъект (одушевленный инициатор действия); объект (объект, как правило, формально не выражен, поскольку глагол трудиться является безобъектным, однако позиция объекта становится очевидной по результатам труда); интенсификатор (количественные параметры); модификатор (изменяемость); локатив (пространственная ориентация); целепологание (цель); результат; инструмент (неодушевленный предмет или сила, с помощью которой производят действие).

Концепт «труд» репрезентируется в русском языке такими базовыми лексическими единицами, как труд, работа, а также их производными. Семантика базовых слов составляет ядро содержания концепта. Анализ семантики слов труд, работа был осуществлен по данным основных толковых словарей, также использовался «Новый объяснительный словарь синонимов русского языка» Ю.Д. Апресяна, О.Ю. Богуславского и др.

Слова труд, работа являются синонимами только в значении «деятельность вообще». Однако и в этом лексико-семантическом варианте (ЛСВ) их семантика не лишена различий. Так, различие проявляется в том, что «работами» могут называться объекты разного рода (книги, картины, спектакли), «трудами» обычно называют достаточно большие научные сочинения.

Интерпретация словарных статей, эксплицирующих отношение носителей русского языкового коллектива к концепту «труд», позволяет прийти к выводу, что труд у них ассоциируется со способом заработка на жизнь; с жизненными хлопотами, заботами и трудностями. Согласно лексикографическим примерам, жить своим трудом значит быть независимым. С работой в русском обществе соотносятся в первую очередь такие понятия, как оплата, место работы, наказание трудом, результат деятельности.

Сравнение определений концепта «труд» в толковых словарях с дефинициями этого концепта в энциклопедических источниках показывает, что в последних даны более объемные характеристики данному концепту. Здесь четко указаны составляющие понятия «труд»: человек как субъект труда, предметы и орудия труда, мотивация и цели выполняющего определенные функции человека. Труд в энциклопедических словарях выражен как концепт, включающий исключительно понятийную часть, в то время как в толковых словарях содержатся образный, понятийный и ценностный компоненты.

Социолингвокультурный концепт «труд» представляет собой сложное ментальное образование, в составе которого выделяются следующие компоненты: образный – человек (или другое живое существо), напряженно выполняющий необходимые для жизни действия, обычно физические; понятийный – целенаправленная деятельность, требующая умственного или физического напряжения, направленная на производство чего – либо или на достижение результата и противопоставляемая безделью, отдыху и игре; ценностный – положительная оценка желания и отрицательная оценка нежелания трудиться, положительная оценка умения и отрицательная оценка принудительного и безрезультатного труда.

Понятийный слой концепта «труд» легко восстанавливается из словарных определений ключевых слов, входящих в понятийное ядро данного концепта. Сравним эти дефиниции:

ТРУД – целесообразная деятельность человека, работа, требующая умственного и физического напряжения.

ДЕЛО – 1) Работа, занятие, то, чем кто-нибудь занят.

2) Деловая надобность, нужда. Заинтересованное, заботливое отношение (разг.).

3) Полезное занятие (разг.)

РАБОТА – 1) То, чем кто-нибудь занят, занятие, труд.

2) Производственные операции по созданию, сооружению, изготовлению, обработке чего-нибудь.

Анализ показал, что в казахском же языке концепт «труд» – «еңбек» репрезентируется базовыми лексическими единицами жұмыс, іс. При этом следует отметить, что лингвокультурные представления о труде организуются в казахском и русском языке по-разному. Сравним это на примере паремических выражений русского и казахского народов, поскольку пословицы и поговорки отражают национальное своеобразие, а также выявляют отношение народа к труду. Пословицы и поговорки с компонентом «труд» в русском языке представлены довольно широко. Их можно разделить на 3 группы:

1. Пословицы, в которых преобладает положительное отношение к труду: Без дела жить – только небо коптить; Кто рано встает – тому бог подает; Скучен день до вечера – коли делать нечего.

2. Пословицы с ироническим отношением к труду: Чтобы рыбку съесть, надо в воду лезть; Работы столько, что куры не клюют; От трудов праведных, не нажить палат каменных.

3. Пословицы с отрицательным отношением к труду: Двое пашут, а семеро руками машут; Заработали чирей, да болячку, да третий горб; Один рубит, семеро в кулаки трубят.

Однако пословицы и поговорки с компонентом «еңбек» в казахском языке подразделяются на 2 группы:

1. Пословицы, отражающие трудовую деятельность казахов и имеющие целью охарактеризовать земледельческий быт народа: Еңбек етпесен елге өкпелеме – егін екпесен жерге өкпелеме; Жаңбырмен жер көгерер – еңбекпен ер көгерер; Еңбек ер азығы – жауын жер азығы; Байлыктын атасы – еңбек, анасы – жер; Ексең егін, ішерсін тегін.

2. Пословицы, характеризующие человека (особое отношение к труду, его состояние, его нравственные качества): Адал еңбек аздырмас, арамдық бойды жаздырмас; Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер; Ердің атың еңбек шығарады.

Обобщая вышесказанное, следует отметить, что основные мысли национального сознания казахов и русских могут быть сведены к семи общим логемам:

- Труд присутствует в нашей жизни постоянно. Эта логема дает понять, что работа никогда не закончится, она может сменяться, но не прекращаться. Труд не просто является постоянным спутником человека, он заполняет почти все время. Были бы руки, а молотило дадут; Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер; Еңбексіз өмір – сөнген көмір.

- Труд требует усилий. Мысль об интенсивности труда переплетена с мыслью о его нескончаемости: процесс труда передается посредством глагола несовершенного вида. Лежа не работают; Лес сечь – не жалеть плеч; Жанбырмен жер көгерер, еңбекпен ер көгерер.

- Труд носит подневольный характер. Труд не доставляет человеку удовлетворения и не дает материального достатка, поскольку носит вынужденный характер. Мужик за спасибо семь лет работал.

- Труд имеет свои следствия, как положительные, так и отрицательные. В зависимости от характера труд может приносить либо улучшение быта, либо не нести никаких улучшений, а только болезни вследствие физического истощения. Где работано, там и густо, а в ленивом доме пусто. Адал еңбек елге жеткізер, арам еңбек елден кеткізер.

- Следует выработать отношение к труду. Непомерная затрата сил и прогнозирование отрицательных последствий отвращают человека от труда, подталкивают его к отказу от работы, однако не стоит забывать о ценности труда, его первоочередность перед бездельем. На дело не набивайся и от дела не отбивайся. Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей.

- Не все одинаково относятся к труду. Бездельники спокойно сосуществуют рядом с тружениками, но того, кто не сторониться трудовой деятельности, всегда можно узнать по его поведению. Двое пашут, а семеро руками машут; Ер еңбегімен озады, еріншек езілумен тозады.

- Отношение к труду выявляет положение и ценность человека в обществе. Поскольку подавляющее большинство людей трудятся, поэтому именно тот, кто способен заработать на жизнь своими силами, оказывается уважаемым членом общества. Без дела жить – только небо коптить. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.

На основе данных логем можно сделать вывод, что работа воспринималась как нечто подневольное, не приносящее радости или материального достатка, поэтому существовало много оправданий для избегания работы, хотя во все времена ценились трудолюбивые люди, так как труд – нравственная ценность. Следовательно, основные изменения в характеристиках концепта «труд» с Х1Х века по настоящее время сводятся к следующим: 1) нейтрализация этической мотивации труда для общества и выдвижение на первый план утилитарных мотивов трудиться для себя и своей семьи; 2) возрастание значимости интеллектуального труда; 3) нейтрализация гендерных различий в видах трудовой деятельности.

ЛИТЕРАТУРА
1. Аскольдов С.А. Концепт и слово // Русская словесность. От теории словесности к структуре текста. Антология. – М., 1997.

2. Воркачев С.Г. Счастье как лингвокультурный концепт. – М., 2004.

3. Филлмор Ч. Фреймы и семантика понимания // НЗЛ. – Вып. 23: Когнитивные аспекты языка. – М.: Прогресс, 1988. – С. 9-91.

4. Болдырев Н.Н. Концептуальное пространство когнитивной лингвистики // Вопросы когнитивной лингвистики. – 2004. – №1. С. 18-37.

5. Русские пословицы и поговорки /Сост. Берсеньева К.Г. – М.: ЗАО, Центрполиграф, 2005.

6. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: ҚАЗАҚпарат, 2004.

7. Гоннова Т.В. О концепте «труд» (на материале русских паремий) // Антропологическая лингвистика: проблемы изучения культурных концептов и гендера. Сб. науч.тр. – Волгоград: Колледж, 2003. – С. 37-43.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада «еңбек» концептісінің қазақ және орыс мәдениетін тұтынушыларының тілдік санасындағы репрезентациясы лингвистикалық-мәдениеттану қырынан анықталады.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена рассмотрению концепта «труд» в языковом сознании носителей казахской и русской культур.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет