«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет26/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Ш. ЕСЕНОВ, Қазақ КСР Мемлекеттік геологиялық өндіріс комитетінің төрағасы
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ
аңғыстау түбегі! Бұрын кім елеген, кім көрген бұл өңірдің байлығын. Тек совет адамдарының ерлік ісімен ол кешегі бейнесін мүлдем өзгертті. Жан баспаған жапан далаға бақытты өмір орнап,

жасампаз еңбек салтанат құрды. Міне, бүгін байтақ еліміз, Ұлы Отан тағы бір жаңа қуанышқа бөленді. Жер қойнауындағы «қара алтынның» қақпасы кеңінен ашылды. Отанға Маңғыстаудың тұңғыш мұнайы жөнелтілді. Маңғыстаулықтар барлаушылар, құрылысшылар, мұнай- шылар, алуан түрлі басқа мамандықтардың адамдары бүгін өздерінің игі күресінің жеңісін қуанышпен мерекелейді. Олар тамаша табыста- ры туралы партия мен үкіметке рапорт береді»

Қазақстан – пайдалы қазбалардың қоймасы. Оның қойнауында қара, түсті, сирек кездесетін металдардың, көмірдің құрылыс мате- риалдарының сарқылмас қоры бар. Мұнда агрономиялық рудалар мен химия шикізаты да аз емес. Жер қойнауының сырын аша білген барлаушылардың жемісті еңбегі нәтижесінде біздің республикамыз жетіжылдық жылдары еліміздің аса ірі мұнайлы-газды аудандарының біріне айналды. Әсіресе, барлаушылардың Оңтүстік Маңғыстаудағы

186 Шахмардан Есенов
табысы кімді болсын сүйсіндірерлік. 1961 жылы бұл жерден мұнай мен газға аса бай Өзен және Жетібай кендері ашылды.

КОКП Бағдарламасында еліміздің мұнай мен газ өнеркәсібін одан әрі өркендету карқыны белгіленді. 1980 жылға дейін мұнай өндіру көлемі 690-710 миллион тоннаға, ал газ өндіру 680-720 миллиард текше метрге жеткізіледі. Бұл міндетті абыроймен жүзеге асыру үшін мұнай мен газдың жақсы барланған мол қоры болуы керек. Қазақстан барлаушыларының бұл жөнінен қол жеткен табысы зор. Ол Оңтүстік Маңғыстау мұнай-газ ауданы.

Қолда бар геологиялық материалдарға сүйене отырып, Оңтүстік Маңғыстаудың мұнай байлығын игеру арқылы елімізге жылына 80-100 миллион тонна мұнай беруге болатынын атап айту керек.

Маңғыстау мұнай кенінің Татарстан мен Башқұртстандағы мұнай кендерінен елеулі артықшылықтары бар. Маңғыстау кенінде мұнай қоры көбірек, әрі оншама тереңде жатқан жоқ, және мұнайдың сапасы да жақсы. Бұл ауданнан мұнай мен газ өндірудің экономикалық тиім- ділігі күшті.

Маңғыстаудағы мұнай байлығын игеруге байланысты түбірлі міндеттерді шешу үшін мынадай басты мәселелерге ерекше назар аударылды. Біріншіден, қажетті көлемде тұрғын үй мен жөндеу- механикалық база салу керек болды. Өйткені Маңғыстау түбегіндегі кенді ашқан кезде шым үйлерден басқа ештеңе жоқ еді. Екіншіден, еңбекшілерге мәдени-тұрмыстық жағдай жасау ескерілді. Үшіншіден, мұнай мен газ өндіруді қамтамасыз ететін жұмыстардың көлемін тезірек ұлғайту қажет болды. Төртіншіден, терең скважиналарды бұрғылау техникасы мен технологиясын жақсарту көзделінді. Бесінші- ден, ауыз су мен өндіріске керекті су табу міндеті алға қойылды.

Міне, осы жұмыстардың бәрімен «Мангышлакнефтегазразведка» тресі шұғылданды. Геологиялық барлау жұмыстарының барлығына басшылықты жақсарту үшін бұл трест 1962 жылы Форт-Шевченко қаласынан Ералиев поселкесіне көшірілді. Су көздерін табу үшін мамандандырылған гидрогеологиялық экспедиция құрылды.

Соңғы төрт жылда шаруашылық әдіспен жүз мың шаршы метрге жуық тұрғын үй, орталық механикалық шеберхана, материалдық-тех- никалық база, екі транспорт конторының базасы, Ералиев поселке- сінде гидрогеологиялық экспедиция мен теңіз причалының базалары салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ объектілер де салынды.

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

187


Әрбір барлау поселкесінде магазиндер, асханалар, клубтар, мектептер және медициналық мекеме үйлері салынды...

Ашылған мұнай мен газ кенін өнеркәсіптік пайдалануға беруді әзірлеу және жаңа кендерді іздестіру ісінде барлауға арналған терең бұрғылаудың көлемін қауырт ұлғайту аса маңызды шаралардың бірі болды. 1961 жылы – 11 мың метр, 1962 жылы – 31 мың метр, 1963 жылы – 54,6 мың метр, 1964 жылы – 108 мың метр бұрғыланды. Ал биыл 129 мың метр бұрғылау көзделуде.

Терең бұрғылау көлемінің осыншама үнемі ұлғайып отыруын қамтамасыз ету үшін бұрғылау қондырғыларының паркі мықтап арт- тырылды. Оңтүстік Маңғыстауда 1961 жылы бұрғылау қондырғыла- рының сегіз ғана комплекті болса, ал биыл оның саны қырыққа жеткізілді. Жаңа техниканы өндіріске енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Тресің барлық бұрғылау қондырғылары қазірдің өзінде-ақ

«АКБ-3» автоматты бұрғылау кілттерімен жабдықталынған. Мұның өзі барлаушылардың еңбегін едәуір жеңілдетіп, төменге түсіру және көтеру операцияларын анағұрлым қысқартты, Осындай алуан ша- раларды жүзеге асыру нәтижесінде Оңтүстік Маңғыстауды тұтас алғанда терең бұрғылауда коммерциялық шапшаңдық жоспары 1964 жылы 123,3 процент болып орындалды. Скважинаны қазуда еңбек өнімділігі станок – ай есебімен 406 метрге жетті.

Оңтүстік Маңғыстау мұнай барлау ұйымдарын жұмысшы, инженер- техник кадрларымен нығайту жөнінде бірсыпыра жұмыстар істелінді. Егер «Мангышлакнефтегазразведка» тресінде 1961 жылы барлығы 6 бұрғылау бригадасы жұмыс істесе, ал қазір бұл тресте 26 бұрғылау бригадасы бар. «Актюбнефтеразведка», «Уральскнефтегазразведка» трестерінің, Оңтүстік Қазақстан геология басқармасының, Қазақстан мұнай бірлестігінің мұнай барлау ұйымдарынан Оңтүстік Маңғыстауға үнемі бұрғылау және мұнараларды монтаждау бригадалары, сондай- ақ «А-40» агрегаттары, «УКП-80» компрессорлары үздіксіз жіберіліп келді. Мұнай тыңын игеру жолындағы аса маңызды іске РКФСР мен Әзірбайжан КСР-інің мұнайшылары, барлаушылары үлкен көмек көрсетті. Олар Оңтүстік Маңғыстауда жұмыс істеу үшін ысылған, тәжірибесі мол жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлер.

Барланып ашылған және жаңадан ашылатын мұнайлы, газды кен- дердің құрылымын зерттеп, барған сайын ұлғайып отырған көлемі, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстары көлемінің үнемі арта беруі

188 Шахмардан Есенов
толып жатқан арнулы проблемалардың шебер шешілуін қажет етеді. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыруға жеке ғылыми-зерттеу институт- тары бөлген топтардың шамасы келмейді. Сондықтан Маңғыстаудың байлығын терең зерттеп, тезінен игеру үшін ғылыми-зерттеу жұмыс- тарын қазіргіден де күшейту қажет. Гурьев қаласында арнаулы институт ұйымдастыру туралы әлденше рет мәселе қойылды. Бұл инстититут мұнай мен газ өндіретін мамандар, геологтар, геофизик- тер дайындаған болар еді. Амал не, республикалық Мемлекеттік жос- парлау комиссиясы, Жоғары және орта арнау білім министрлігі бұл мәселе шешілуін ұзаққа созып келеді.

Жетібай кеніндегі мұнай қоры 1964 жылы бекітілген. Кенді пайда- лануға берудің өзіндік құнын тонна мұнай қорына шаққан Жетібай мен Өзен мұнай кені өнеркәсіптік категория бойынша 3,5 тиын болып отыр. Мұның Совет Одағындағы ең төменгі көрсеткіш екенін атап айту керек. Қазірдің өзінде Маңғыстауда жер қойнауынан жыл сайын

1,20 миллион тоннаға дейін мұнай өндіруге болады. Мұның өзі бұл Әзірбайжан КСР-інде қазір өндірілетін мұнай көлемімен парапар. Осы екі кеннің екеуінде де газдың қоры мол.

Маңғыстаудың мұнай байлығын игеруді тездету мақсатымен, 1964 жылғы май айында Өзен кені, барлық бұрғылау, скважиналарды байқау бригадаларымен, жабдықтармен, механикалық қызметтермен, тұрғын үй-тұрмыстық объектілермен және басқа өндірістік құралдармен қоса, Маңғыстау мұнай бірлестігіне берілді. Өзен кенінен мұнай бұлағы ағуда. Міне, бұған жер қойнауын барлаушылар үлкен еңбек сіңірді. Ал 1965 жылдың аяғында Маңғыстау мұнай бірлестігіне Жетібай кені берілетін болады.

Алайда, Маңғыстау мұнай бірлестігі әлі де толық қуатымен жұ- мыс істей алмай отырғанын атап айту керек. Құрылыс жұмыстары өте кешеуілдетіліп жүргізілуде, іске қосылатын бірталай маңызды объектілерді салу жұмысының қарқыны нашар. Осының бәрі 1965 жылдың бірінші жарты жылдығының жоспары орындалмауына әкеліп соқтырды.

Мұнайды тасымалдау және оны қайта өңдеу сияқты аса маңызды мәселелер әлі күнге шешілген жоқ. Табиғаттың керемет байлығын халық игілігіне жарату үшін мұнайды қайта өңдеу жөніндегі жаңа өнеркәсіптік комплекстерді экономикалық жағынан тиімді орналастырудың үлкен маңызы бар. Мұнайды қайта өңдеудің екінші

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

189


процестері полимерлік материалдар, пластикалық масса, синтетикалық смола өндіруді қамтамасыз ететінін ұмытуға болмайды. Ал бұл өнімдер неғұрлым көп өндірілсе, республикамыздың халық шаруашылығын алға бастыруға, еңбекшілердің тұтыну қажеттерін өтеуге елеулі үлес қосатыны сөзсіз. Маңғыстау мұнайынан аса маңызды өнім – қоймалжың қышқыл мен жоғары сапалы спирт алуға болатынын атап айту керек. Осыған қарамастан, республиканың Мемлекеттік жоспар- лау комиссиясы мұнайды қайта өңдеу кәсіпорнын Маңғыстаудың өзінде орналастырудың қажеті жоқ, оны басқа аудандарға тасымал- дау керек деп есептейді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Маңғыстау мұнайы жоғары сапалы болғанымен, онда парафин көп кездеседі. Ал, бұл мұнайды алыс жерге тасымалдауға қиындық туғызады. Демек, мұнайдан парафинді бөліп тастайтын қондырғыны жергілікті жердің өзінде салуға тез кірісу қажет.

Істелген жұмыстар, қол жеткен табыс аз емес. Ал алдағы бесжылдықта барлаушылар алдында бұрынғыдан да зор міндеттер тұр. Геологиялық іздестіру және барлау жұмыстарының қарқынын онан әрі күшейту көзделініп отыр. Алдағы бесжылдықта көлемі

3 мың, бір миллион метр терең бұрғылау жұмыстары орындалуға тиіс. Сондай-ақ геофизикалық жұмыстар көлемі де қауырт ұлғаяды.

Соңғы жылдары Маңғыстау түбегінде жер асты суын іздестіру, барлау жұмыстары қызу жүргізілді. Осының нәтижесінде Өзеннің солтүстік жағында 70 километр жерден жақсы сапалы ауыз суы табылды. Бұдан Өзен поселкесіне су құбыры тартылды. Техникалық мақсаттарға арналған су да табылып отыр.

«Қара алтынның» қоймасы – Маңғыстаудың болашағы зор. Оны игеру, оның байлығын халық игілігіне, ел қажетіне жарату – бүгінгі таңдағы аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл іске Қазақстан барлаушы- лары да өз үлесін қоса береді».

190 Шахмардан Есенов
Ш. Есенов, академик АН Казахской ССР, депутат Верховного Совета Казахской ССР
С. Курманов, главный геолог ПГО «Казгеофизика», доктор геолого-минералогических наук


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет