Қазақ психологы С. М. Жақыповтың (1940-2014) мұрасын тарихи-психологиялық зерттеу


«Оқыту процесінде студенттердің танымдық іс-әрекетін басқару» (2002 )



бет2/3
Дата18.11.2022
өлшемі34,93 Kb.
#158796
1   2   3
Байланысты:
thesis134512
Жүсіп Баласағұни, Әдебиеттер, Дәрістер жиынтығы химфак, №4 лекция
«Оқыту процесінде студенттердің танымдық іс-әрекетін басқару» (2002 ) деген келесі бір кітабында оқыту процесіндегі студенттердің танымдық іс -әрекетінің қалыптасуы мен дамуының психологиялық механизмдері ашып көрсетеді [70]. Эксперименттік және эмпирикалық зерттеу негізінде студенттердің танымдық белсенділігін басқару тәсілдері мен құралдары, оқытудың тиімділігін арттыру мәселелері арнайы қарастырылған. Кітапта автор оқытуды ерекше жүйе ретінде қарастырды. Танымдық іс-әрекетін - ерекше психологиялық феномен, оның негізінде танымдық процестер қалыптасады, дамиды, жетіледі, әрі психикалық күй өзгереді. Психологияның зерттеу пәні мен нысанына сай: психикалық, яғни танымдық, эмоциялық-сезімдік, ерік-жігер процестерінің дамуынан, психикалық қасиеттері мен сапаларының, психикалық күйі-кейпінің, жағдайының және жаңа психикалық құрылымның қалыптасуынан құралады. Профессор С.М.Жақыпов бұл еңбегінде студент тұлғасының қалыптасу мәселесіне ерекше тоқталып, оны оқушының танымдық іс-әрекетімен ұштастыра көрсетті. Оқу үрдісінде оқытушыға да, оқушыға да «жеке адам» деп қарау міндетті түрде қажет. Оқытушының студенттер алдындағы беделі, оның өз пәнін жүргізу тәсілінің тиімділігі бағдарлау, оқу үрдісінің жалпы сәттілігін қамтамасыз етеді. С.М.Жақыповтың осы «макро» деңгейден «микро» деңгейге көшу жеке адамның іс-әрекет жүйесін анықтайды. Танымдық белсенділік – оқушылардың негізгі іс-әрекеті, күрделі құбылыс. Ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық процестің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т.б. сипатталады. Кітапта оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің әлеуметтік- психологиялық шарттары мен тетіктері зерттелінген. Оқыту процесінің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі оқытушы мен оқушының арасындағы бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекет екендігі негізделеді. Сондай-ақ бұл жұмыста белсенді оқыту әдістерінің де мазмұны толық ашылады.
Жалпы студенттердің оқу әрекетінің психологиясы, танымдық іс-әрекеті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыповтың ғылыми мектебінде ары қарай жалғасын табады. Ол зерттеулерде болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мен дамытудың механизмдері анықталады. Ғалымның жасаған зерттеу тұжырымдамалары оқытудың психологиялық құрылымын, теориялық-әдіснамалық негіздерін жете дәйектеп, бірегей ғылыми ұстанымды көрсетеді. С.М. Жақыпов – жоғары мектептің оқу процесіне жүйелі психологиялық талдау жасаған тұңғыш зерттеуші. Қысқасы, студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдірудің, жоғары білім беру тиімділігін арттырудың негізгі шарттары мен кешенді құралдары профессор С.М. Жақыповтың еңбектерінде негізделіп, жете тұжырымдалған. С.М. Жақыповтың теориялық-эксперименттік зерттеулерінде, іс-тәжірибесін таратуда бірлескен диалогтік-танымдық іс-әрекет оқу процесінің құрылымындағы жүйе ұйыстырушы фактор болатындығы, оқу әрекетінің, оқытудың тиімділігін анықтайтыны жан-жақты зерттеледі. С.М. Жақыповтың диссертацияларының мазмұны оның жоғарыда аталғандардан бөлек өзге жарияланымдарында өз көрінісін тапты [71-88].
С.М. Жақыпов Қазақстандағы педагогикалық психология саласының дамуына өлшеусіз үлкен үлес қосты. Бір кездері Қазақстанда психология саласында небәрі 2 ғылым докторы және бірнеше ғылым кандидаттары ғана болатын. Психология ғылымы саласында ғылыми зерттеу ісімен айналысқысы келетін жандар үшін ғылыми жетекшілік ететін адам табудың өзі мұң болды. Жоғары білікті психолог кадрларға деген тапшылық өте күшті білінді. Міне, осындай жағдайда С.М. Жақыповтың Алматыға ауысуы отандық психология ғылымы үшін үлкен бір жәрдем болды. Психология ғылымы бойынша диссертациялық кеңестер жұмыс істей бастады. Алайда психологиядан докторлардың саны әлі де мардымсыз еді. 1999 жылы 12 қаңтарда елімізде докторлық кеңестің болмауы себепті, егемен Қазақстанның алғашқы өкілі ретінде С.М. Жақыпов көрші Ресейдің РБА Психология институтында «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғайды. Бұл жұмыс бір мезгілде екі мамандық : 19.00.01.- жалпы психология және 19.00.07. - педагогикалық психология бойынша қорғалды. Соның арқасында Қазақстанда психология ғылымы бойынша докторлық диссертациялық кеңес ашуға мүмкіндік туды.
С.М. Жақыповтың қаламынан педагогикалық психология мәселелеріне қатысты қазақ және орыс тілінде бірнеше еңбектері жарық көрді [68-70; 89-90]. Солардың ішінен маңыздыларын атап өтсек: «Мектептегі психологиялық қызмет» (Н.К. Кажитаевамен бірлесіп, 1989), «Танымдық іс- әрекет психологиясы» (1992), «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» (2004), «Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық тесттер: оқу-әдістемелік құрал» (Ф. Бизақовамен бірлесіп, 2006), «Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы» (2008) және т.б. Бұлардың бәрі бүгінгі білі беру жүйесінде кең қолданылып жүр.
Отандық тарихи- психологиялық зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанда педагогикалық психологияның даму динамикасын көреміз [91; 114 б]. Оны төмендегі диаграммадан байқауға болады (1-диаграмманы қараңыз) :

1-диаграмма. Педагогикалық психология саласы бойынша диссертациялық жұмыстар саны (Қазақ ССР- Қазақстан)




Еліміздің педагогикалық психология саласының күрт дамуы Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін байқалады. Қазақстанда тәуелсіздік алғанға дейінгі кеңестік психологиялық ғылымы құрамында дамуы кезеңінде (1939-1991) педагогикалық психология саласы бойынша 21 адам ғана кандидаттық және екі адам докторлық диссертация қорғаған екен. Ал тәуелсіздік алған он бес жыл ішінде (1991-2006) ішінде бұл сала бойынша 57 диссертациялық жұмыстар қорғалды. Бұл жерде басты фактор ретінде саяси-тарихи жағдайды, яғни ғылым дамуындағы әлеуметтік детерминацияны мойындауымыз керек.
Егер Қазақстандағы педагогикалық психологияның Кеңес Одағы құрамында болған кезіндегі жоғары білікті психолог кадрларды даярлау көрсеткішіне көз салатын болсақ, келесі деректерді кездестіреміз ( 3- кестені қараңыз).

3- кесте - Педагогикалық психология саласы бойынша диссертациялық жұмыстар саны (Қазақ ССР)




Уақыт кезеңдері

Диссертациялар саны

докторлық

кандидаттық

барлығы

1936-1946
1947-1957
1958-1968
1969-1979
1980-1990



2



1
5
4
5
7






барлығы

2

22

24

Ал тек бір ғана С.М. Жақыповтың жетекшілігімен педагогикалық психология саласындаға қорғалған жұмыстардың санын алып қарастырсақ келесі фактілерді көреміз. (4- кестені қараңыз).

4- кесте - Педагогикалық психология саласы бойынша С.М. Жақыповтың жетекшілігімен қорғалған диссертациялық жұмыстар саны


Уақыт кезеңдері

Диссертациялар саны

докторлық

кандидаттық

барлығы

1999-2001
2002-2004
2005-2006
2008-2009


2


7
8
12
1






Барлығы

2

28

30

Демек, бір С.М. Жақыповтың өзі күллі кеңес заманындағы психолог кадрларды дайындау бойынша көрсеткіштен асып кетіп отыр (отыз адам).


Жалпы С.М. Жақыповтың жетекшілігімен қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялар туралы мәліметті зерттеу жұмысымыздың қосымшасынан білуге болады [қараңыз. Қосымша А ]. Егер қорғалған жұмыстарды ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасы шифры тұрғысынан қарастыратын болсақ, жалпы психология, тұлға психологиясы, психология тарихы және этнопсихология мамандықтары бойынша - 5 ғылым докторы, 18 ғылым кандидаты, әлеуметтік психология - екі адам ғылым докторы, педагогикалық психология бойынша екі ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты даярланыпты. Бұл деректер профессор С.М. Жақыповтың еліміздегі жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды даярлауға үлкен үлес қосқанын көрсетеді.
Еліміздің психология ғылымының институционалдық дамуындағы маңызды бір оқиға 2000-жылы орын алды. Сол жылдың 22 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Ғылыми Кеңесі бұрыңғы психология кафедрасын екі дербес кафедраға – «этникалық және педагогикалық психология» кафедрасы мен «жалпы психология» кафедрасына бөлу жөнінде қаулы қабылдайды. Сөйтіп университетте психология бойынша екі кафедра жұмыс істей бастады. 2000 жылдың 14 сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ректоры К. Нәрібаевтың №3-512 Бұйрығына сәйкес құрылған этникалық және педагогикалық психология кафедрасының меңгерушісі болып психология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыпов тағайындалады. Кафедраның ашылу кезінде оның құрамында 12 оқытушы жұмыс істеген еді. Қысқа мерзім ішінде аталмыш кафедраның сандық әрі сапалық тұрғыда биік деңгейге шығуы персоналдық-тұлғалық факторларға байланысты екендігіне көз жеткізуге болады. Кафедраның меңгерушісі ретінде профессор С.М. Жақыповтың ұйымдастырушылық қабілеті мен ғылыми беделі этнопсихология және педагогикалық психология кафедрасын философия және саясаттану факультетінде жетекші орынға шығарды.
Еліміздің психология сарапшыларының пікірінше, бұған дейін Қазақстандық психология ғылымы көп жылдар бойы лайықты көшбасшы болмауынан зардап шеккен екен. Енді, міне, С.М. Жақыповтың арқасында Қазақстан жоғары білікті психолог мамандарды даярлау мүмкіндігіне ие болды. Ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау магистратура, аспирантура, докторантура, тағылымнама (стажировка) және PhD докторантурасы формасында жүзеге асырылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің этникалық және педагогикалық психология кафедрасы бүкіл Қазақстан бойынша психология саласында қорғалатын докторлық және кандидаттық диссертацияларды талқылауды жүзеге асыратын және ғылыми дәрежесі бар кадрлар дайындайтын маңызды ғылыми орталыққа айналды. Болашақта еліміздегі психология кафедраларында ғылыми зерттеулер ісі қалай жолға қойылғаны және ғылыми-педагогикалық кадрлар қалай даярланғаны жайлы арнайы зерттеулер жүргізілуі қажет.
Профессор Жақыпов С.М. еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетейік. ҚР БжҒМ-нің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сараптама қорытындысы (2012 жылдың 12 сәуіріндегі №01/01-149 хат) бойынша оқу процесінде пайдалануға ұсынылған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет