Шағын жинақты бастауыш мектептегі өзіндік жұмыс, оның ТҮрлері және пәндерді оқытуда ұйымдастыру әдістемесі



бет1/4
Дата25.11.2022
өлшемі26 Kb.
#159757
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
шжм нұрсұлу


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
«Танымдық дербестікті қалыптастырудың негізгі жолы – білім алушылардың жүйелі оқу-танымдық іс-әрекеті, яғни сабақта дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс», - дейді М.И. Махмутова.
Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде білім алушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс, өйткені бастауыш мектеп жасы – тұлғаның қасиеттері қарқынды қалыптасатын кезең, баланың бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін ашуға, оның танымдық қабілеттерін, субъектілік тәжірибесін дамытуға негіз қаланады. [1]
Шағын жинақты мектептің ерекше қиындықтарына қарамастан, білім беру мазмұнын жаңарту талаптарына сәйкес осындай білім беру ұйымының мұғалімі білім алушыларға жеке және сараланған көзқарасты жүзеге асыру, білім алушылардың оқу іс-әрекетінің практикалық бағытын іске асыру, оларды педагогпен және сыныптастармен қарым-қатынасқа қосу қажет. Сынып-жиынтықтағы сабақтың ең маңызды ерекшелігі – білім алушылардың өзіндік жұмысын міндетті және жүйелі түрде жүргізу.
Қоршаған әлем құбылыстарын танудағы өзіндік дамуына, тіршілік ету үдерісінде туындайтын міндеттерді шешудің әртүрлі нұсқаларын өз бетінше таба білуне, алған білімдерін тәжірибеде қолдануына байланысты.
Бастауыш мектеп деңгейінде білім алушылардың өзіндік жұмысы материалды бекіту деңгейінде кеңінен қолданылады.Бұл ретте өзіндік жұмыс тапсырмаларында шығармашылық элементтері болуы үшін оларды саналы түрде орындалуға қол жеткізу маңызды. Бастауыш мектеп деңгейінде білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – балаларды ойлауға, талдауға, қорытуға, зерттеуге үйрету, сондықтан дәстүрлі әдістермен қатар өзіндік жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жұмыстың дәстүрлі емес әдістерін қолдануға болады.
Шағын жинақты мектепте бастауыш сынып білім алушыларына арналған сабақтарды кезеңдермен жоспарлау жүргізіледі. Демек, анықтау қажет:

  • сабақтың қай кезеңінде әр сыныптағы өзіндік жұмыс неғұрлым орынды;

  • бұл деңгейде білім алушылардан материалды меңгеруді қаншалықты талап етуге болады;

  • тапсырмалардың сипаты мен формалары қандай болуы тиіс;

  • бұл ретте білім алушылар қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін;

  • жұмыстың ұзақтығы қандай;

  • қандай әдісті таңдау керек.

Жаттығу сипатындағы тапсырмалар материалды қайталау және бекіту кезінде беріледі. Балалардың мектепте болған алғашқы күнінен бастап өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру қажет. Алдымен бұл тапсырмалар көлемі бойынша шағын болуы және ұқсастық сипатта болуы мүмкін, яғни білім алушыларға үлгі бойынша тапсырмаларды орындау ұсынылады, мысалы, түймелер сияқты көп шеңберді салыңыз, бұл санды цифрмен жазыңыз.
Тапсырмаларды бірте-бірте күрделендіреді және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар енгізіледі, яғни шығармашылық өзіндік жұмыс тапсырмаларының әртүрлі түрлері қолданылады.
Шағын жинақты мектепте барлық оқу үдерісінің тиімділігі өзіндік жұмыстың тиімділігіне байланысты. Сабақ түсіндіргеннен кейін білім алушылар өз бетінше жұмысқа кіріседі, ал мұғалім басқа сыныпта жұмыс істейді. Мұғалімнің өзіндік жұмысқа бақылау жасауға, жіберілген қателіктердің алдын алуға және уақытылы түзетуге мүмкіндігі жоқ, бұл тапсырмаларды жай орындауға және дұрыс емес дағдыларды қалыптастыруға әкеледі.
Шағын жинақты мектептегі өзіндік жұмыс мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыспен кезек жүргізіледі. Мұғалімнің тікелей қатысуымен жүргізілетін жұмысқа төменгі сыныптарда көп уақыт бөлінгені дұрыс, сондайақ оқытылатын не қайталанатын материалдың күрделілігі жоғары сыныптарда өткізу ұсынылады. Бір сыныптың өзіндік жұмысының ұзақтығы мұғалімнің басқа сыныпта жұмыс істеуіне қажетті уақытқа байланысты. Демек, бір сыныптағы өзіндік жұмыстың көлемі мұғалімнің басқа сыныппен жұмыс істеу мазмұнына байланысты.
Шағын жинақты мектепте тапсырмалардың негізгі көлемі мұғалімнің көмегінсіз орындалатындықтан, білім алушылардың нәтижелі қызметін ұйымдастыру үшін сабақтың жекелеген кезеңдерінде сараланған оқытуды жүзеге асыру қажет. Топтарға арналған тапсырмалар көлемі бойынша емес, конструкция түрімен ерекшеленеді, бұл тек оқу қызметіне деген қызығушылықты арттыруға ғана емес, сонымен қатар барлық білім алушылардың қызмет өнімділігінің деңгейін көтеруге ықпал етеді. Жеке оқыту түрі шағын жинақты мектептегі сабақтың негізгі ерекшелігі болып табылатын білім алушылардың өзіндік іс-әрекеті үшін үлкен мүмкіндік береді.
Біріктірілген сыныптарда шағын жинақты мектептегі білім алушылардың өзіндік жұмысы сабақ сайын жүргізіледі және сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізілуі мүмкін. Бір сабақтағы өзіндік жұмыстың саны регламенттелмеген. Бастауыш сыныптардағы білім алушылардың сабақтарындағы бағдарламалық материалмен өзіндік жұмыстың шекті рұқсат етілген ұзақтығы – 15-25 минуттан аспауы қажет.
Шағын жинақты мектептегі сабақ сынып-жиынтық үшін бір жалпы жоспар бойынша өткізіледі. Сондықтан оның құрылымына сабақтың кезеңдері емес, «мұғаліммен – өз бетімен», «өз бетімен – мұғаліммен» өту тән. Мұғалім оқу үдерісінің логикасын жақсы түсінуі керек, ол қай жерде қиындық туындайтынын алдын ала білуі, сабақтың қай кезеңінде жұмысқа қосылуы керектігін білуі қажет. Ол «ерекше педагогикалық назарда» болу керек кезеңді анықтай білуі керек.
Т. А. Федорова ұсынған сабақтағы өзіндік жұмыс уақытының шамаланған нормалары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет