Таным мәселесінің философия, психология ғылымындағы және тіл біліміндегі орнын көрсетіп, сызбаны толтырыңыз.
Таным мәселесіне қатысты ұсынылған сызбаны толтырту арқылы, студенттердің таным жайындағы білім деңгейі анықталды.
№2 ТАПСЫРМА. Төмендегі мақал-мәтелдердің танымдық мәнін анықтап, түсіндіріңіз.
Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда! Ат арыды, тон тозды. Тау тауға қосылмайды, адам адамға қосылады. Жомарт ер жоқтығын білмейді, жүйрік ат тоқтығын білмейді. Үлкен бастар, кіші қостар. Біреу екеу болмас, екеу үшеу болмас. Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді. Ақымақты үйрету –өлгенді тірілту. Жүздің көркі –сақАл сөздің көркі мақал. Оқу түбі – тоқу. Өнер алды – қызыл тіл. Тіл қылыштан өткір. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар. Аузы жаман елді былғар, аяғы жаман төрді былғар. Ит тойған жерін іздейді, ер туған жерін іздейді. Жүк ауырын нар көтереді, қаза ауырын ер көтереді. Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді. Бітімі жаман қамысты су ішінен өрт шалар, туысы жаман жігітті түйе үстінен ит қабар. Халқы жаманның биі азады, қатыны жаманның үйі азады. Жақсы жүрген жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады. Жорға жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінен құл болады.
Бұл тапсырманы орындау барысында студенттер өздерінің ой ұшқырлықтарын дәлелдеп, берілген мақал-мәтелдерді мағыналық-танымдық тұрғыда талдап шықты. Мысалдарды талдау арқылы студенттердің танымдық білімін анықтау жүзеге асты. А.Байтұрсынұлы оқу құралына арқау еткен, қазақтың тұрмыс-тіршілігінен, өмір сүру салтынан, әдет-ғұрпынан, ұлттық қасиеттерінен хабар беретін мақал-мәтелдердің танымдық сипатын ашу арқылы студенттердің ой жүйріктігі, танымдық білімі, сөз мәдениеті анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |