Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының


Таным теориясын оқыту арқылы қалыптасатын құзыреттіліктер



бет27/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

Таным теориясын оқыту арқылы қалыптасатын құзыреттіліктер


Қазақстандағы жоғары білім елдің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың


«Қазақстан – 2030» стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндет арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру,үздіксіз білім беру, реформалар процессіндегі үздіксіздігі, әлеуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті, тұрмыс салтынының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау , бейбітшілік ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлеуметтік және этикалық ынтымақтастық концепциялары негізінде құрылады. Мұнда теңдікке, әділдікке негізделген бейбітшілікті нығайтуға, басты назар аударылады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен дамуы үдерісінде «құзыреттілік» және «құзырет» (компетенция) ұғымдары қолданылып келеді. Мұндағы құзыреттілік ұғымы
«білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол шәкірттің шығармашылық іс- әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс- тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек, «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға студенттің хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандығына байланысты кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Студенттің құзыреттілігін қалыптастыру үшін оның психологиялық ерекшеліктерін де ескеру қажет. Тіл біліміндегі таным мәселесі жоғары оқу орнында «Когнитивтік лингвистика» пәнінің негізінде оқытылатындықтан,
таным теориясын оқытудың психологиялық негізі студенттің психологиялық қасиеттерін, қабылдау, ойлау, пайымдау қабілеттерін, жас ерекшеліктеріне қарай мінез-құлқын ескеруді қажет етеді. Оқытуда студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру арқылы оның тұлғалық қалыптасуына мән беріледі.
Осыған байланысты бүгінгі таңда тұлға – психологиядағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды. Қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік- экономикалық жақтарын жаңарту кезінде – жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан студент сөзіне мән берсек,
«студент» термині латын тілінен шыққан, аударғанда ынталы жұмыс істеуші, оқумен айналысушы деген мағынаны білдіреді. Студент белгілі жастағы адам ретінде және жеке тұлға ретінде сипатталады. Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік-психологиялық мәні бар кезең. Себебі «даму психологиясы әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әртүрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психоогиясы және геронтопсихология» [129;23]. Сондықтан да Ж.Аймауытов тіл заңдылығы мен адам жанының арасындағы байланысты: «Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды әртүрлі шығаратын болған. Алғашқы кездегі адамның қызметі, көбінесе жабайы қозғалыс, қозғалыс болғанда соқыр сезім билеген еріксіз қозғалыс болса керек»-[130;192]-деп, тілді адам дамуымен ұштастырады.
Студентті белгілі бір жас кезеңіндегі тұлға ретінде қарастырсақ, үш сипатын анықтауға болады:

  1. студенттің психологиялық қасиеттері (мінезі, темпераменті, қабілеттері), жеке тұлғаның күйлері, психологиялық әрекеттері. Оларға психикалық үдерістердің өтуі, психикалық күйлердің пайда болуы, психикалық түзілімдері.

  2. студент әлеуметтік, қоғамдық индивид ретінде оның белгілі әлеуметтік топқа, ұлтқа және т.б. жататындығымен тудырылатын қасиеттер.

  3. студенттің биологиялық ерекшелігі. Жүйке қызметінің типі, талдағыштардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, ырықсыз сезімдер, физикалық күш, дене бітімі, т.б. жатады.

Сонымен оқытуда тұлға қалыптастыру мақсатында студенттің барлық сипаттарын ескеру қажеттілігі туады.
Тіл біліміндегі таным теориясын меңгертудің психологиялық негізі педагогика категорияларымен ұштасып отырады. Олар: білім беру, тәрбие және оқыту.
Білім беру дегеніміз – білім алушыға ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге деген көзқарасын жетілдіру үдерісі. Ал
«оқыту – білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды меңгертуге, дүниетанымын
қалыптастыруға, ақыл-ойын және потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын өзара әрекет ету процесі»[131;16] -дегенді білдіреді.

  1. «Тәрбие – педагогикалық процесс жағдайында жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдау және ұйымдастыру»[131;16]. Студенттерге таным теориясын меңгерту барысында олардың психологиялық даярлық сатыларын да анықтап алу қажет. Себебі

«Бүгінгі студент – өзі өмір сүріп отырған мемлекеттің азаматы, өзі өкілі болып табылатын халықтың перзенті, белгілі бір ұлттың мүшесі, жолын жалғар мұрагері»[ 132;80]
Студенттің психологиялық даярлық сатыларын А.Ерментаева былай жіктейді: Психологиялық сауат; психологиялық құзірет; психологиялық мәдениет. Яғни, студенттің «психологиялық сауат меңгеру, психологиялық құзіретті дамыту мен психологиялық мәдениетті игеру деңгейлері» [133;103] жоғарылаған сайын студенттердің дербестігін, жауапкершілігін, бастамашылығын, белсенділігін бейнелейтін қасиеттері арта түседі. Студент

  • басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда, білімі неғұрлым жоғары, ізденімдік-шығармашық қабілеті дамыған тұлға ретінде сипатталады. Сондықтан Д.А.Жансерикова студент тұлғаның өзін-өзі өзектендірудің психологиялық былай сипаттамасын жіктейді:

  • «шындықты белсенді қабылдау, оған өзін-өзі бағыттау белсенділігі;

  • шығармашылық қабілетінің дамуы;

  • шындық тереңінен өмірді түсінуге қабілеттілігі;

  • барлық кезеңдерде әділетті мінез-құлық көрсету;

  • өзіне жауапкершілік ала білу қажілеттілігі;

  • қойған мақсаттарына жету үшін күш жұмсай білуі;

  • басқа адамның қарсылықтарын дер кезінде байқау іскерлігі, оны жеңе білуге ұмтылу қабілеттілігі;

  • өмірге ашық көзқараспен қарауға қабілетті болуы, оны объективтік көзқараспен бағалай білуі т.б.» [134;102]

И.А.Зимняя студенттік кезеңді «студенттік кез – адамның, жалпы тұлғаның қалыптасуының, сан алуан қызығушылықтардың көрінулерінің орталық кезеңі»[135;207]- деп сипаттап, студенттің жаңа құндылық бағдарларының, мотивтерін және даралық қасиеттерін дамытуға баса назар аударады. В.Т.Лисовскийдің пікірінше студенттерді төмендегідей сапалық топтарға бағыттау қажет:

    1. оқуға, ғылымға, мамандыққа;

    2. қоғамдық-саяси іс-әрекетке;

    3. мәдениетке;

    4. ұжымға бағытталуға тиіс. [136]

Б.Ә.Әмірова студенттерді оқытуда олардың психологиялық ерекшелігін дүниетанымымен байланыстыруға баса назар аударады. Өйткені студент білім мазмұнын түйсіктері мен зейінін аудару арқылы қабылдап, ой елегінен өткізіп, пайымдап, есте сақтап, қайта жаңғыртып, өзінше
тұжырымдау, талдау, өңдеу әрекеттері арқылы санасында аялық білімін қалыптастырады. Себебі «адам дүниені тануында, өз қажеттілігін өтеу мақсатымен қабылдайды, оны ой елегінен өткізіп ойланады. Бұл процесс қабылдаудың, ойлаудың немесе түсінудің жемісі ғана емес, адамның орта мен санасының арасындағы процестерді жүзеге асыруға бағытталған іс- әрекет нәтижесі. Ендеше, барлық таным процестері (түйсіну, қабылдау, ойлау, ес) танымдық іс-әрекеттер құрамындағы әрекет, әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылып отырады» [131;9]- деп түсіндіреді.
Сондықтан да Әмірова Б.Ә.: «Студенттерді оқыту – бұл олардың психикасына әсер ету және білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды қалыптастыруға бағытталатын мақсатты қызмет. Алайда соңғысы оқытудың нәтижесін білдірмейді. Оқыту барысында студенттердің дүниетанымдары кеңейеді, болашақ маманның тұлғасы дамып, қалыптаса түседі»[131;22]-деп, студентке маман ретінде қажетті сапаларды көрсетеді. Студентке білім беру барысында болашақ маман ретінде мынадай мәселелерді қамту қажеттілігі туады:

  • бірыңғай оқыту мен тәрбиелеу қабілеттілігі;

  • нақты дәрістік-педагогикалық білімі;

  • жоғары мәдениет пен құндылықты сезіну;

  • еркіндік пен жауапкершілік;

  • парасатты элитаға қатынасы.

Студенттік кезең адам баласының шығармашылық ізденісінің үздіксіз жетілуімен, ғылыми-ізденімдік қабілетінің қалыптасуымен, өмірге деген құлшынысының артуымен интеллектуалды және физикалық күштерінің қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Жоғары оқу орнында оқу жасөспірімдік кезеңнің екінші сатысы немесе ересек кезеңнің бірінші сатысында жүзеге асады. «Шығармашылық ойлауға оң әсер ететін тұлға белгілерінің ішінде келесі белгілерді атап көрсетуге болады: өз күшіне сенімділік, қуаныш сезімінің үстемдігі, тіпті ашудың нақты бір бөлігі, тәуекелге бейімділік, бір түрлі және қызық болып көрінуге деген қорқыныштың болмауы, қалжыңдай білу сезімінің жақсы жетілгені, ойлау қабілетінің байлығы жоғары сезімталдыққа ие, синтестези феноменін өткереді»[131;37]. Сондықтан студенттердің жалпы физиологиялық дамуы, өмірге деген қызығушылығы білім алу үдерісіне әсер етпей қоймайды. Оның алдын алу үшін студенттерге білім мазмұны бойынша бағыт-бағдар, әртүрлі ғылыми ізденістеріне кеңес беріп отыру қажет. Сонда бағыт беру арқылы студенттің өзіндік ізденісіне жол ашылады.
Студенттің тілін дамыту психологиямен тікелей байланысты. Себебі студенттердің тілін дамытудың психологиялық компоненттері:

      • коммуникативтік белсенділік;

      • коммуникативтік сенімділік;

      • коммуникативті көлем;

      • қарым-қатынастағы эмоционалды реактивтілік;

      • эмоционалды баяу .

Профессор Ф.Ш.Оразбаева: «... Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті шарт – ойлау, пайымдау. Адамның ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады; сөйлем арқылы бейнеленеді, көрініс табады» [22;43]-деп тіл мен ойлау сабақтастығын көрсетеді. Тіл – адамның санасын, ойын, қабілетін жетілдіретін, қиялын ұштайтын құрал болғандықтан, тіл арқылы студенттің аялық білімі, таным-түсінігі, сөздік қоры, тәжірибесі дамиды. Студент дүниені терең таныған сайын, оның сөздік қоры, тілдік бейнесі арта түседі. Ғалымдардың айтуынша: «Студент интеллектуалды ойлайтын және дербес, өз бетімен әрекет етуші субъект болғандықтан, оның тілдік қызметі үнемі дамудағы тілдік тәжірибенің ықпалында болады»[132;99].
Әрбір студенттің бейімделу үдерісі өзінше болады. Барлық ЖОО-да әдетте бірінші курс студенттерінің ЖОО жағдайларына бейімделуіне мүмкіндік туғызатын шаралар жүйесі арнайы жоспарланады. Студенттердің әр түрлі курстарда дамуының қандай да бір ерекшеліктері бар.
Бірінші курс жақындағы талапкерді ұжымдық өмірдің студенттік нысандарына қатыстыру міндеттерін шешеді. Бейімделу кезеңінен өту үшін шаралар ұйымдастырылады. Екінші курс – студенттердің ең қарқынды оқу қызметінің кезеңі. Екінші студенттерінің өміріне оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері енгізілген. Студенттер жалпы дайындықтан өтеді, олардың кең мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Негізінде берілген ортаға бейімделу үдерісі аяқталған.
Үшінші курс – мамандырудың басы, студенттердің кәсіби мүдделерін әрі қарай дамыту және тереңдету көрінісі ретінде ғылыми жұмысқа қызығушылықтың нығаюы. Мамандандырудағы табанды қажеттілік көбінесе жеке тұлғаның жан-жақты мүдделері саласының тарылуына әкеледі. Сондықтан да «А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері – таным теориясының негізі» тақырыбындағы оқыту бағдарламасы үшінші курс кезеңіндегі студенттерге ұсынылды.
Жалпы алғанда жоғары білімді болашақ маман ретінде студенттің жеке тұлғасы бірқатар бағыттарда дамиды. Әмірова Б.А. оларды былай жіктейді:

        • «идеялық сенушілік, кәсіби бағытталғандық нығаяды, қажетті қабілеттер дамиды;

        • психикалық процестер, күйлер, тәжірибе жетіледі,

«кәсібилендіріледі»;

        • кәсіби қызмет сәттілігі үшін парыз, жауапкершілік сезімі артады, студенттің даралығы бедерлі көрінеді;

        • студенттің жеке тұлғасының өзінің болашақ мамандығы саласында өзіне тартуы артады;

        • әлеуметтік және кәсіби тәжірибені қарқынды беру және керекті қасиеттерді қалыптастыру негізінде студенттің жалпы жетілгендігі және табандылығы өседі;

        • болашақ маман ретінде оған қажетті қасиеттерді, тәжірибені қалыптастыруда студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің меншікті үлесі артады;

        • кәсіби дербестілік және болашақ практикалық жұмысқа әзірлік нығаяды.

Студенттің жеке тұлғасының психологиялық дамуы – қарама- қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуінің, сыртқының ішкіге өтуінің, өздігінен қозғалуының, өзімен белсенді жұмыс істеуінің диалектикалық процесі»[131;54].
Сонымен таным теориясын оқытуда студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру арқылы мынадай дағдыларды қалыптастыруға болады:

  • білім мазмұнына терең үңілу дағдысы;

  • алған білімді талдап, сараптау дағдысы;

  • ойын қорытып, тұжырымдау дағдысы;

  • ойын дәл, анық жеткізе алу дағдысы;

  • меңгерген білім мазмұнын өмірде қолдана алу дағдысы;

  • өз бетінше іздену дағдысы;

  • ғылыми көзқарасын білдіру дағдысы.

Қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі таным теориясын меңгерту арқылы студенттердің:

    • Тілдік-танымдық;

    • Ғылыми-танымдық;

    • Кәсіби-танымдық;

    • Мәдени-танымдық;

    • Шығармашылық-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыруға болады.

Студент тіл арқылы өзін тану – өзгені тану – өзін таныту субъектілік құрылымдарын өн бойына сіңіріп, инттелектуалдық-танымдық құзыреттілігін дамытады.
Қорыта айтқанда, жоғары мектепте қазақ тіл біліміндегі таным теориясының қалыптасуын А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов зерттеулері негізінде меңгерту арқылы студенттердің білім мазмұнын түсіну, ұғу, қабылдау, пайымдау, талдау, тұжырымдау әрекеттерін жүйелі түрде жетілдіру үдерісінің сапасын арттыруға болады.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет