Таным мәселесі.
Дүниетаным, таным, тілтаным.
Қазақ тіліндегі ұлттық танымды көрсететін тарихы терең тілдік бірліктер: мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері т.б.
(Дәріс мазмұны)
Өмір сүру салты, тұрмыс-тіршілігі, ырымдар, материалдық және рухани мұра – бұл халық өмірінің айнасы. Қазақтың дүниетанымдық ерекшелігі тілінен көрініс тауып, бүгінде тіл-таным-болмыс үштігі арқылы мәнін ашуға
мүмкіндік беріп отыр. Ата-бабадан қалыптасқан қазақ дүниетанымы қазақтың би-шешендерінің, халық даналарының, ақын-жырауларының ой ұшқырлығы мен сөз дәлдігі арқылы кеңейіп, дами түсті. Оған Майқы би, Аяз би, Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қазақ ойшылдарының тапқырлығы мен шығармашылығын айтуға болады. Шешендікте «таным-ой-тіл» ерекше үйлесілімдік тауып, шешендік ойлау жүйелі танымның, озық ойдың, тартымды тілдің, мәнді сөздің жиынтығын білдіреді. Шешеннің ойы дәл, әрі нақты болуы үшін тек сөз шеберлігі ғана емес, танымның да орны ерекше. Шешендікті қалыптастырып, реттейтін сөйлеушінің дүниетанымдық принциптері, оның танымдық талпынысы және жүзеге асырмақ идеяларының өзіндік орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |